Қашықтықтан оқыту жағдайында тарих пәнінен жиынтық бағалау жұмысын өткізу ерекшелігі
Қайырлы күн, құрметті педагогтар! Тоқсан аяқталды, баллдар қойылды, барлығымыз күткен каникулда басталды. Соған қарамастан қашықтықтан оқыту жағдайында өткізілген жиынтық бағалау жұмыстарын тағы бір саралап көрсек қалай болады?
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің № 125,168,341 және 345 бұйрықтары негізінде ағымдық бақылау жүргізу үшін оңтайлы жағдай жасау мақсатында бөлім бойынша жиынтық жұмысы мен тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстары өткізілді.
БЖБ мен ТЖБ жұмыстары мектептің оқу жұмыс жоспарына сәйкес, сонымен қатар ҚР БжҒМ әдістемелік нұсқаулықтары есепке алынып өткізілді. Жиынтық бағалау жұмыстарының қашықтықтан өткізілуі, биылғы жиынтық бағалау жұмыстарын өткізудің ерекшелігі болып табылады.
Білім және Ғылым министрлігінің №125 бұйрығына сәйкес ағымдағы жылдың 15-18 қазан аралығында бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмысы және 28 қазан мен 3 қараша аралығында тоқсандық жиынтық бағалау жұмыстары өткізілді. Оқу жүктемесі аптасына 1 сағат оқытылатын пәндерден бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмыстары ғана өткізілді.
SWOT талдауды қолдана отырып, қашықтықтан оқыту жағдайында өткізілген жиынтық бағалаудың күшті, әлсіз, мүмкіндіктері мен қаупін атап көрсеткім келеді.
S-мықты жағы
1.Түрлі білім беру платформаларын қолдану (онлайн мектеп, күнделік, классрум, гугл форма, скайп, ZOOM және т.б.); 2.Оқушылардың жеке, өздіктерінен жұмыс жасау қабілеттері нығаяды; 3. Оқушыларға инфекция жұқтыру қаупі төнбейді. |
W- әлсіз жағы
1.Интернет жылдамдығының төмен болуы; 2.Мұғаліммен бетпе-бет кері байланыстың жеткіліксіз болуы; 3.БЖБ мен ТЖБ кезінде нұсқаулық өткізудің уақыт алуы |
О-мүмкіндіктері 1.Интернет болмаған жағдайда оқушылардың тапсырмалары мен өздік жұмыстарын қауіпсіздік шараларын сақтай отырып үйге әкелуге болатын еді немесе оқушы тапсырманы мүмкіндік болған жағдайда орындай алар еді, бірақ ол кеде оқушыға жиынтық тапсырманың қосалқы нұсқасы ұсынылар еді.
2.Жиынтық тапсырмаларды әзірлеу кезінде нұсқаулыққа уақыт жоғалтпас үшін, жұмысты орындау критерийлері нақтыланып берілді |
Т-қаупі 1.Академиялық адалдықтың болмауы (интернет желісін тапсырма жауаптарын көшіруде қолданулары); 2.Тапсырманы орындау кезінде уақыттың жеткіліксіз болуы (интернеттің қатып қалуы, платформаларда бір уақытта көп адамның отыруы салдарынан дұрыс жұмыс істемеуі, оқушылардың жазу немесе мәтінді компьютерде теру дағдыларының әлсіз болуы) |
Өкінішке орай, қазіргі кезде көптеген оқушыларда академиялық жауапкершілік пен академиялық адалдық нормалары қалыптастпаған. Сондықтан да, оқушылардың бойында қалыптасқан дағдылардың деңгейін объективті анықтауға мүмкіндік беретін шығармашылық тапсырмалар ұсындым.
ТЖБ тапсырмалары спецификацияға сәйкес әзірленді, себебі, бұл ҚР жұмыс жасайтын барлық мектептердің құрылымы мен мазмұнына қойылатын бірыңғай талаптар болып табылады.
Қашықтықтан оқыту аясында ТЖБ жұмысына модерация өткізілген жоқ.
Бөлім бойынша жиынтық бағалау жұмыстары 5-11 сыныптар үшін 5-6 оқу тапсырмаларынан көп болмады. 5-11 сыныптардағы БЖБ балдары 7 кем емес, 20-н артық болмады, ал ТЖБ балдары спецификацияға сәйкес әзірленді.
Жиынтық тапсырмалар шығармашылық сипатта болды, сондықтан да сәйкестендіру, дұрыс реттілікті тап, төрт сөйлем, фишбоун, SWOT талдау, иллюстарциямен жұмыс түрлерін қолдандым.
Жиынтық бағалау жұмыстарын өткізу кезінде мен онлайн мектеп платформасын, күнделік, ZOOM, гугл классрум, гугл формаларын қолдандым.
Осылардың ішінде онлайн мектеп платформасына жеке тоқталғым келеді. Себебі, бұл платформада әр мұғалім өз жиынтық тапсырмаларын құрастырумен қатар, республиканың басқа да мұғалімдері әзірлеген тапсырмаларын пайдалана алады. Сонымен бірге, оқушылар платформада орналастырылған тапсырмаларды сол жерде орындайды немесе дәптерге орындап, жүктей алады және оушылардың жіберген жауаптары бірден оңай тексеріліп, баллдары мен пайыздары автоматты түрде шығарылады.
Келесі гугл формасын БЖБ жұмысын өткізуге өте қолайлы деп санаймын, себебі, бұл қосымша арқылы бірнеше жауапты қажет ететін тапсырмалар мен бейне ресурстарды пайдалана отырып, ашық тапсырма орындау мүмкіндігі қарастырылған. Бұл формада оқушылардың жауаптарын автоматты түрде шығарып, толық анализ жасап береді. Соған қарап, мұғалім қай оқушының қандай оқу мақсатына жетуде қиналғанын көріп, түзету жолдарын жүзеге асыра алады.
ZOOM бейнеконференциясын да жиынтық бағалау жұмсын өткізуде өте шебер қолдануға болады. Бұл жерде мұғалім жиынтық бағалаудың 1 нұсқасын дайындап, экранға демонстрация жасайды, оқушылардың тапсырма орындау барысын бақылай алады, мұндай жағдайда әрине тапсырма жауаптарын көшіріп алу қаупі сейіліп, қорытынды объективті болады.
Келесі жиынтық бағалау жұмысын өткізу кезінде скайп қосымшасын да тиімді қолданамын деп отырмын, себебі тарих ауызша пән болғандықтан тілдік дағдылар өте маңызды болып табылады. Оқушылар тапсырма жауаптарын ауызша жазып, мұғалімге кез-келген мессенджер арқылы жібереді. Барлық жиынтық жұмыстардың электронды нұсқасы мұғалімде сақталады.
Бірінші тоқсанда өткізілген жиынтық бағалау жұмыстарын қорытындылай келе оның жақсы жақтары мен теріс және қаупі бар екенін айтқым келеді. Дегенмен, тәжірибені жетілдіріп, жиынтық бағалау форматын жақсартуға үлкен мүмкіндік берді.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.