«Астана – келешектің қаласы.
Оценка 4.9

«Астана – келешектің қаласы.

Оценка 4.9
Разработки уроков
doc
классное руководство
6 кл
16.01.2017
«Астана – келешектің қаласы.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Астана қаласының тарихымен, қалай бас қала болғанымен таныстыру, қала жөнінде мәліметтер беру Сабақтың көрнекілігі: Астана қаласыныңмәдени орьалығының тарихымен таныстыру (диск) Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру ІІ. Кіріспе сөз. Қала жөнінде жалпы мәліметтер беру ІІІ. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы ІҮ.АСТАНА – Қазақстан Республикасының елордасы Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялауАқмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау
Астана+.doc
1 қыркүйек  2008 жыл Сабақтың тақырыбы: «Астана – келешектің қаласы.                                              Астана – ғасыр қаласы.» Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Астана қаласының тарихымен, қалай бас қала                                         болғанымен таныстыру, қала жөнінде мәліметтер беру Сабақтың көрнекілігі: Астана қаласыныңмәдени орьалығының тарихымен таныстыру                                             (диск) Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру ІІ. Кіріспе сөз. Қала жөнінде жалпы мәліметтер беру ІІІ. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы ІҮ.АСТАНА – Қазақстан Республикасының елордасы Ү. «Астана – Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі» ҮІ. Топтастыру стратегиясы «Кім көп біледі?»                                        (пікірталас) ҮІІ. Қорытындылау.  ҮІІІ. Бағалау.   ІХ. Үйге тапсырма.         Астана қаласы жөнінде сөзжұмбақ пен ребус дайындап келу.                           ІІ. Қала жөнінде жалпы мәліметтер беру Құрылған жылы – 1832 ж. Теміржол бекетінің атауы – Астана станциясы. 1961 жылғы дейін – Акмола қаласы. 1961 жылдан 1992 жылға дейін – Целиноград қаласы. 1993 жылдан 1998 жылға дейін – Ақмола қаласы. 1997 жылғы 20 қазандағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласы Қазақстан  Республикасының астанасы болып жарияланды. 1998 жылғы 6 мамырдағы ҚР Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілді.                     ІІІ.     Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы "Қазақстан Республикасының астанасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң  1995 жылғы 15 қыркүйектегi Заң күшi бар Жарлығына, "Қазақстан Республикасының  астанасын көшiру туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 жылғы 6  шiлдедегi N 106 қаулысына сәйкес қаулы етемiн: 1. Ақмола қаласы 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының  астанасы болып жариялансын. 2. Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы ретiнде ресми тұсаукесерi  1998 жылғы 10 маусымда өткiзiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс  Басқармасы, Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру  жөнiндегi мемлекеттiк комиссия осы Жарлықтың орындалуын қамтамасыз ететiн болсын. 4. Осы Жарлық жарияланған сәтiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi Н.Назарбае ІҮ. Астана ­ Қазақстан Республикасының елордасы Астана (1998 жылдың 6 мамырына дейін ­ Ақмола) Қазақстан Республикасы Президентінің  1997 жылғы 20 қазандағы Жарлығымен және Қазақстан Республикасы Парламентінің  мақұлдауымен 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап Қазақстан Республикасының астанасы  болып жарияланды. Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы                   10 маусымда өткізілді. 1920 жылдан бастап Қазақстанның тұңғыш астанасы Орынбор қаласы (қазірде Ресей  Федерациясындағы) болды. 1925 жылы Қазақстанның астанасы Қызылорда қаласына көшірілді. Түрксіб құрылысы астананы Алматыға көшіруде басты себеп болды. Бұл заң жүзінде  1927  жылғы 3 сәуірде, іс жүзінде 1929 жылы жүзеге асырылды.     Астананың аумағы 710,2 шаршы километр, тұрғындардың саны 2007 жылдың 1  маусымында – 584,8 мың адамды құрады. Астана халықаралық іскерлік және мәдени орталыққа айналып келеді. Қалада әкімшілік,  іскерлік, әлеуметтік­мәдени, ғылыми­білім беру және бизнес­орталықтардың, тұрғын үй  кешендерінің, алдыңғы қатарлы мемлекеттер астаналарының стандарттарына сай келетін  елордалық инфрақұрылым нысандарының құрылысы жанданып, бой көтерілуде. Әкімшілік  орталық аймағында ҚР Президентінің резиденциясы, ҚР Парламенті мен Үкіметінің  ғимраттары орналасқан. Елорданың іскерлік орталығында кеңселер мен компаниялар,  сауда орталықтары, мейманханалар, ал әлеуметтік­мәдени орталығында театрлар,  мұражайлар, демалыс орындары, спорт залдары, ойын­сауық орталықтары орналасады. Астанадағы терең әрі кең көлемді өзгерістер әлемдік ұйымдар назарынан тыс қалмады.  1999 жылдың шілде айында елордамыз ЮНЕСКО­ның «Әлем қаласы» сыйлығына ие  болды. 2003 жылы әлемдік «Moodys Investors Service» рейтингтік агенттігі қаламыздың  кредиттік рейтингісін Ва3 –тен (тұрақты) Ва1 –ге (оң) дейін, бірден екі деңгейге көтерді. Бүгінде елордамызды Мәскеу, Минск, Киев, Кишинев, Ташкент, Рига, Тбилиси, Баку,  Каир, Исламабад, Берлин, Будапешт, Варшава, Вильнюс, Анкара, Гданьск, (Польша), Ушак  (Түркия) , Бангкок (Таиланд), Сеул (Корей Республикасы), Амман (Иорданиялық Хашимит Корольдығы) секілді әлемнің жиырма қаласымен достық және бауырластық қарым­ қатынастар тығыз байланыстырады. 2000 жылдан бастап, Қазақстан елордасы Астана Мәскеу, Минск, Бішкек және тағы да  басқа ЕурАзЭҚтің ірі қалалары мүшелік ететін, әлеуметтік және іскерлік қатынас  саласында беделді ұйым болып табылатын Астаналар мен ірі қалалар халықаралық  Ассемблеясына (ХҚА) мүше болды.                        Ү. Астана – Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі Президенттің астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы ұсынысы халық  қалаулыларынан қолдау тапты. Елбасы өзінің ұстанымының өміршеңдігіне елдің көзін  жеткізді. Тарихи шешім қабылданды. Сөйтіп, 1994 жылы шілденің 6­сында «Қазақстан  Республикасының астанасын көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің  қаулысы жарияланды.  Президент Н.Назарбаев астананы көшіру туралы ұсынысты анық дерекке, нақты фактіге  сүйеніп айтқанына тоқтала кету керек. Әлемде астана орнын таңдаудың 52 өлшемі бар деп  саналатын болса, Қазақстан астанасының мәртебесін анықтаудың сол кезде 32 өлшемі  таңдап алынды. Ел астанасын асқаралы Алатаудан қасиетті Сарыарқа төсіне – Ақмолаға  көшіруге республиканың геосаяси жоспары, қауіпсіздік мәселесі, әлеуметтік­ экономикалық жағдайы, сейсмологиялық жайы, экологиялық сипаты, көлік және  инфрақұрылым, құрылыс кешені, т.б. өлшемдер басты себеп болды. Оның үстіне, сол  кездегі Ақмола қаласы Еуропа мен Азияның шектескен тұсында, Еуразия құрлығының бел  ортасында, яғни тоғыз жолдың торабында орналасқаны – бұл қаланың астанаға лайық  екеніне толықтай негіз болды.  Астананы бірден көшіру сол уақытта мүмкін де емес еді. Оған үлкен материалдық,  қаржылық және моральдық дайындықтар жан­жақты әрі жоспарлы түрде жүргізілді. Бұл  мәселе – саяси мәні зор, ұзақ мерзімге арналып, жүйелі жоспарланған қыруар жұмыстардың бастамасы ғана еді. Сондықтан да 1995 жылғы қыркүйектің 15­індегі Қазақстан  Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының астанасы туралы» Заң күші бар  Жарлығына сәйкес, «Республиканың Парламенті мен Үкіметі Ақмола қаласына  көшірілгенге дейін Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласы болып табылады» делінді. Аталған Жарлық бойынша Президент резиденциясының орны ретінде Ақмола және Алматы қалалары белгіленді. Сонымен қатар, астананы көшірудің заңнамалық іс­шаралары  бекітілді. Мысалы, жоғарғы және мемлекеттік органдарды Ақмола қаласына орналастыру  жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік  комиссиясы және Ақмола қаласын абаттандыру жөніндегі бюджеттен тыс қаражатты  жинақтау мақсатында бюджеттен тыс «Жаңа астана» қоры құрылды. «Жаңа астана»  қорына қаржы тарту үшін, инвестиция ағынын бұру мақсатында мемлекет біршама  жеңілдік көздерін қарастыруы қажет еді. Елбасы мұндай батыл шешімді берік қолдады.  Соның нәтижесінде, сөзден іске көшкен Президент, Үкіметтің Ақмола қаласының  құрылысы мен инфрақұрылымын дамытуға қатысушы инвесторларға салық, кеден және  өзге де жеңілдіктер беру жөніндегі ұсыныстарды дайындауына заң жүзінде тапсырма берді.  Алматы қаласының дамуына еш кедергі келтірмей, инвестиция арқылы Ақмола қаласын  абаттандыру, тұрғын үйлер салу, жаңа гүлзарлар, субұрқақтар, ескерткіштер тұрғызу,  шағын сәулет өнерінің жандануына байланысты атқарылған мұндай шаралардың маңызы зор болды. Атап айтқанда, сол кездегі статистикалық деректерге сүйенсек, астана ауысқан  кезеңнен бастап, қаладағы инвестиция көлемі 634, 1 млрд теңгені құраған, ал оның жыл  сайынғы өсімі 15 пайыздан 50 пайызға дейінгі көрсеткішке жеткен.  Тәуелсіз еліміздің тарихында 1997 жыл ең бір бетбұрысты кезең ретінде қалады. Осы жылы еліміздің жаңа астанасы ресми түрде жарияланды, күллі әлемге паш етілді. Дүниені дүр  сілкінткен ғажайып күн болды. Елбасының 1997 жылғы қазанның 20­сындағы «Ақмола  қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы» Жарлығы шықты.  Осынау Жарлықтың 1­тармағында: «Ақмола қаласы 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап  Қазақстан Республикасының астанасы болып жариялансын» делінсе, 2­тармағында:  «Ақмола қаласының Қазақстан Республикасының астанасы ретінде ресми тұсаукесері 1998  жылғы 10 маусымда өткізілсін» деп жалпақ жұртқа жария етілді. Сол жылы, сол айда, сол  күні Президент Жарлығын Парламент мақұлдап, шешім шығарды. Ал 1997 жылдың  желтоқсанының 10­ында тәуелсіз Қазақстанның көк байрағы мен мемлекеттік рәміздері  Ақмола қаласына жеткізілді. Ұлы көштің қазақ тарихындағы орны тым ерекше. Біз, шын  мәнінде, елдігіміздің шынайы дәлелі ретінде, тәуелсіздігіміздің салтанат құрған тұсында өз  таңдауымызбен, Елбасының көреген саясатының арқасында, халықтың көпшілігінің  қолдауымен, Қазақстан астанасын жаңа қалаға ауыстырдық. Бұрынғы қалаларымыз –  Орынбор, Ташкент, Қызылорда және Алматының ел астанасы мәртебесіне ие болуының  тарихы КСРО­мен тығыз байланысты болды емес пе?! Тәуелсіз Қазақстанның жаңа  астанасы – Ақмола қаласын тұңғыш рет өзіміздің ұлттық, елдік мүдде тұрғысынан  айқындағанымыздың мән­маңызы қашанда зор бола бермек. Тіпті бүгіндегі өркениетті  елдер арасында да, ТМД елдері арасында да бұл таңдаудың дұрыстығына, мәңгіліктігіне  ешкім де шәк келтірмесе керек. Астананы көшіру идеясына әлемнің түкпір­түкпірінен  қоғам қайраткерлері, мемлекет басшылары, қалабасылары, әр ұлттың өкілдері қолдау  көрсетіп, бұл шешімнің әділ, дұрыс, көрегенділікпен қабылданғаны туралы сан мәрте жүрекжарды пікірлерін білдірді. Ол пікірлер баршамыздың көкейімізде сайрап тұрғаны  анық. Деректерге жүгінсек, 1997 жылғы желтоқсанның 27­сінде Түрік Республикасының  Президенті Сүлеймен Демирел, желтоқсанның 27­сінде Рим папасы Иоанн Павел ІІ, сол  күні ТМД­ның Атқарушы хатшысы Иван Коротченя құттықтау жеделхаттар жолдап,  Президентке достық, тілектестік пейілдерін білдірген.  1998 жылы, 10 маусымда астананың халықаралық тұсаукесері өтті. Ұлы бастама шындыққа айналды. Сарыарқа төсінде жаңа астана – Ақмола қаласы пайда болып, Қазақстан  картасынан елорда ретінде берік орын алды. Арада жеті жыл өткенде, 2005 жылы, 9  маусымдағы Астана күні қарсаңында Н.Назарбаевтың «Еуразия жүрегінде» кітабының  тұсаукесерінде сөйлеген сөзінде Мәскеу мэрі Юрий Лужков: «Астана – ұлттық мүдде  тұрғысынан да, геосаяси міндеттер тұрғысынан да, таза адами қарым­қатынастар  тұрғысынан да өзін­өзі толық ақтайтын өміршең идея. Ол идеяның авторы, оны жүзеге  асырушы басты тұлға Президент Назарбаевтың қиын да болса, қажетті осы шешімді  қабылдаған мемлекеттік даналығы бүгінде баршаны мойындатып отыр. Мұндай шешім оны  қабылдаған елдің қуатын көрсетеді. Мұндай шешім өзінің халқын оны орындатуға  жұмылдырған басшының қуатын көрсетеді» деп әділ бағасын берді.  1998 жылғы 6 мамыр. Осы күні жарық көрген күнделікті газеттерде, ақпараттық  агенттіктер мен теледидардың ақпараттық бағдарламаларындағы басты жаңалық –  Елбасының «Қазақстан Республикасының астанасы – Ақмола қаласын Қазақстан  Республикасының астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы» Жарлығы болды.  Сондай­ақ Президент Жарлығымен Астана қаласында «Сарыарқа» және «Алматы»  аудандары құрылды. Әрине, бұл атау алғашында құлаққа тосындау естілгенмен, келе­келе  қала халқы жылы қабылдады. Осы атаудың мәніне терең бойлап, мағынасын білген сайын  Астана атауы көпшіліктің қолдауына ие бола бастады. Халықтың құлағына сіңісті болғаны  сонша, астана төрінде дүниеге келген сәбилерге астана атауына байланыстырып, есім қоя  бастады.  Қала қарыштап өсіп, жаңа алып құрылыстар, сәулетті ғимараттар бой көтерді. Бірінен­бірі  өтеді. Мысалы, Президент резиденциясы, Президенттік мәдениет орталығы, «Интер­ континенталь» қонақүйі, Отан қорғаушылар монументі, Сенаттың жаңа ғимараты,  Конгресс­холл, т. б. сәулет орындары мен спорт сарайлары қалалықтар мен астана  қонақтарының мерейін тасытып, көзқуанышына айналды. 2000 жылы гольф­клуб, «Алатау» спорт сарайы, басқа да мәдени орталықтар салынды. Елбасының 2001 жылғы 19  наурыздағы Жарлығымен 2005 жылға дейінгі кезеңге арналған Астана қаласын әлеуметтік­ экономикалық дамытудың «Астананың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» мемлекеттік  бағдарламасы қабылданды. Соның негізінде Астана қаласын дамытудың бас жоспары  бекітілді, онда елордада әкімшілік, ғылым­білім, әлеуметтік­мәдени және іскерлік  орталықтар салу жоспарланды. Құрылыс кешеніне инвестиция тарту және қазіргі заманғы  озық технологиялар пайдалану жолымен нысандар салу үшін 2001 жылғы 29 маусымда  Мемлекет басшысының Жарлығымен «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағы  құрылды.  Енді Есіл өзенінің сол жағалауы игеріле бастады. Астана жаңа бағытта дамыды. Астана  гүлдене берді. Айталық, 2002 жылы «Астана – жаңа қала» АЭА­ның алғашқы нысаны –  бүгінде елорда символына айналып отырған «Астана­Бәйтерек» пайдалануға берілді.  Есілдің сол жағындағы Шұбар кентінде №17 жаңа мектеп ашылып, Л.Гумилев атындағы  Еуразия ұлттық университетінің «Студенттер үйі» ашылды. Ал 2003 жылы Есілдің сол  жағалауында Қорғаныс министрлігінің әкімшілік ғимараты берілді. 2004 жылы Елорданың  жаңа әкімшілік орталығында «ҚазМұнайГаз» және «ТрансТауэр» ғимараттарын бөліп  тұрған жаңа көпір, дөңгелек алаң, жасыл желекті демалыс орны, Ұлттық академиялық  кітапхана пайдалануға берілсе, Елбасы Ақордаға нық орнықты. Бұдан басқа Есілдің сол  жағалауындағы балаларға арналып салынған «Думан» ойын­сауық» кешені, «Қазақстан  картасы» этнопаркі, Саяси қуғын­сүргін құрбандарына арналған ескерткіш, т.б. қала қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналған. Сонымен қатар бүгінде Есілдің сол  жағалауындағы әкімшілік ғимараттары – Үкімет үйі, Парламент үйі, Министрліктер үйі,  т.б. осы заманғы сәулеткерлік талапқа сай тұрғызылған түрлі нысандар, тұрғын үйлер, кім­ кімді де баурап алады. Еріксіз сүйсінтеді. Жаныңызға жылу, көңіліңізге қуаныш ұялатады.  Көкейіңізге сенім орнығады. Қазақ Елінің осындай жетістігіне іштей шүкіршілік етесің.  Сондай табысты көру үшін – отты жанар, ойға тоқу үшін – биік зерде, жан­тәніңмен  мойындау үшін – үлкен жүрек керек­ау, тегінде! Отаныңды шексіз сүйген шат­пиғыл  қажет­ау!..  ...Арада сыныптай сырғып өте шыққан он жылда қаншама сән­салтанатты ғимараттар  салынды десеңізші! Астана 6 шілдеде өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтеді. Астана  қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетовтің айтуынша, осынау мерейтойға таяу және  алыс шетелден 10 мемлекет басшысы және 100 өңірлік өкілдер келмек. «Негізгі іс­шаралар  1­6 шілде аралығында өтеді. Мәселен, 5 шілдеде негізгі халықаралық іс­шаралар өткізілетін болса, 6 шілдеде «Қазақ елі» монументінің салтанатты ашылуы өтеді және бірқатар іс­ шаралар жүзеге асырылады, – деп мәлімдеді Иманғали Нұрғалиұлы үстіміздегі жылғы 19  мамырда Астананың мерейтойын өткізуге дайындық мәселесіне байланысты Үкіметте  өткен кеңесте, – Қала күніне орай 54 шақырым тас жолға асфальт төселіп, 2 көпір, 2 көлік  жолайырығы пайдалануға беріліп, 23 ірі нысандар құрылыс жұмыстары аяқталатын  болады». «Арық сөйлеп, семіз шық» дегендей, Астана қаласы әкімдігі елордамыздың төл  мерекесін осындай тамаша тартулармен қарсы алғалы отыр.  Осы орайда Елбасы айтқан мына бір сөзі есімде жатталып қалыпты: «Қазақ қонақжай  халық, қазақтың бір отбасы астанаға көшсе, ертең артынан туысы, бауыры іздеп барады.  Сөйтіп, астанада қазақ көпшілік болады әлі. Астанаға қолдары жетпейтін болады әлі».  Президент алдын ала білгендей­ақ айтыпты. Алдағыны күні бұрын дәл болжапты. Сөзімізге  дәлел келтірер болсақ, Ақмола астана болып жарияланған кезде халық саны 200 мыңнан  сәл ғана астам облыс орталығы еді. Астана болғаннан кейінгі жылдары, яғни 2000 жылы  халық саны 350 мыңға жеткен. Статистикалық мәліметтер 1997 жылдан 2002 жыл  аралығында Астана қаласы тұрғындарының саны 1,7 есе өскенін айғақтайды. Тағы бір  дерек, 2004 жылдың басында астаналықтар саны 510 мың адамға жетті. Астана қаласының  2005 жылдың бірінші жарты жылдығындағы әлеуметтік­экономикалық даму  көрсеткіштеріне жүгінсек, елорда халқының саны 538,3 мың адамды құраған. Ал енді 2007  жылғы желтоқсан айындағы жаңа деректер бойынша, Астана қаласында 700 мың адам  ресми тіркелген. Міне, осынау деректерге қарап отырып, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  сонау жылдары көрегенділікпен айтқан екен­ау деп таң­тамаша қаламын.  Бүгінде астанада тұру, қызмет атқару бір бақыт болса, Қазақстанның түкпір­түкпірінен  елордаға ағылып келіп, елорданы армансыз аралап, құтты қонақ болып кетуден асқан  мақтаныш, мәртебе жоқ екеніне күнде көзіміз жетіп жүр. Біз, астаналықтар, сол бір  ұланғайыр мақтанышымыз ұзағынан болғай деген игі тілектеміз!  Астананың гүлденуі, шын мәнінде, тәуелсіз Қазақстанның гүлденуі.  Астана – келешектің қаласы.  Астана – ғасыр қаласы. ҮІ. Топтастыру стратегиясы «Кім көп біледі?»                                        (пікірталас) ҮІІ. Қорытындылау  ҮІІІ. Бағалау   ІХ. Үйге тапсырма         Астана қаласы жөнінде сөзжұмбақ пен ребус дайындап келу.

«Астана – келешектің қаласы.

«Астана – келешектің қаласы.

«Астана – келешектің қаласы.

«Астана – келешектің қаласы.

«Астана – келешектің қаласы.

«Астана – келешектің қаласы.

«Астана – келешектің қаласы.

«Астана – келешектің қаласы.

«Астана – келешектің қаласы.

«Астана – келешектің қаласы.

«Астана – келешектің қаласы.

«Астана – келешектің қаласы.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.01.2017