Мектеп пен ата-аналардың жас жеткіншек бойында елжандылық, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудағы ынтымақтастығын нығайту мақсатында жүргізілетін жұмыстар мынадай бағыттарда болуы мүмкін:
Әкімшілік – ұйымдастыру жұмыстары
Психологиялық – педагогикалық кеңес беру жұмысы
Ақпараттық – әдістемелік жұмыс
Диагностикалық талдау
Бұқаралық – мәдени жұмыс
Әкімшілік – ұйымдастыру жұмыстары – мектептің және сыныптың ата-аналар комитетінің іс-әрекетін ұйымдастыру, ата-аналар қауымының өкілдерін мектептің жұмысшы ұйымдарына тарту:
Құқықтық тәрбие жөніндегі кеңес;
Салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі ұйым;
Аналар мектебі;
Аталар мектебі;
Қайырымдылық қоры.
Психологиялық – педагогикалық кеңес беру жұмысы – ата-аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балалардың әлеуметтік ортадағы мінез-құлқын біліуіне сай, оларға ағартушылық көмек көрсету:
Жеке кездесу;
Әңгімелер мен лекциялар;
Құқықтық лекторийлер;
Ата-аналарға арналған психологиялық жаднамалар.
Ақпараттық – әдістемелік жұмыс- ата-аналарға тәрбие мәлелері бойынша әдістемелік көмек беру, ақпарат құралдарында мектеп өмірі, отбасы тәрбиесі мәселелеріне байланысты мақалаларды жариялау, ата-аналар қауымына арналған ақпараттық және әдістемелік жаднамалар шығару;
Ата-аналарға арналған қабырға тақтасы;
Ата-аналар университеті;
Маман-дәрігерлермен, заңгерлермен кездесулер;
Балалардың сабақтарына қатысу;
Олимпиада, кештерге, апталықтарға қатысу;
Ата-аналардың ашық есік күніне қатысу.
Диагностикалық талдау жұмыстары ата-аналармен өзара іс-әрекеттің ең қызықты әрі жауапты бағыты. Сынып жетекшісі өз сыныбы оқушыларының ата-аналарын жан-жақты зерттеп, олардың педагогикалық білім дәрежелерін, отбасындағы қарым-қатынас деңгейін анықтау арқылы жыл бойы атқарылуға тиісті жұмысты тиімді жоспарлауға мүмкіндік береді. Диагностикалық зерттеулер:
Сыныпқа көмегі;
Өз баласына ықпалы;
Мұғаліммен қарым-қатынасы;
Ата-аналарды топтау,
Мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне көз-қарасы;
Бұқаралық мәдени жұмыс ата-аналарды сыныптың және мектептің дәстүрлі іс-шараларына мейлінше көбірек қатыстыруға бағытталуы қажет:
Мектептің кәсіптік бағдар беру жұмыстарына қатысу;
Өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын жүргізу;
Мектептің жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыруға қатысу;
Кітапхана қорын молайтуға, көрме ұйымдастыруға көмектесу;
Іс-шараларды ұйымдастыруға және оларды өткізуге материалдық көмек көрсету.
Ата-ананың міндеттері:
Баланың өміріне, оқуына, денсаулығына, рухани және дене күшінің нығаюына, адамгершілікті болып өсуіне жағдай жасайды.
5-6 жастан бастап баланы жалпы білім беретін мектепте орналастыруды анықтайды.
Пән мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен үнемі тығыз байланыста болады.
Баласы орта білім алғанға дейін оның мектептегі оқуын, сабаққа қатысуын, себепсіз сабақ қалдырмауын, мектеп формасының сақталуын қадағалайды.
Мектептің ішкі талаптары негізінде балалардың өмірінің қауіпсіздігі және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектепте ұялы телефон ұстауға, бағалы әшкейлерді тағуға қатаң тиым салынанды және осы аталған заттардың мектепте жоғалған жағдайда мектеп жауап бермейтінін қатерінде ұстау.
Санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес балалардың денсаулығын қадағалау мақсатында оқушыны екінші аяқ киіммен қамтамасыз ету.
Мұғалімнің, сынып жетекшісінің, мектеп басшысының талабымен мектепке келуге тиісті.
Мектеп жарғысының талабына және оның ішкі тәртібін орындауға көмектеседі.
Мемлекет пен мектеп алдында баланың рухани дамуына, моральдық бетпердесі мен тәртібіне, тіпті заң жүзіндегі қылмыстық әрекеттеріне дейін толық жауапкершілікті өз міндетіне алады.
Мектеп мүлкін бүдірсе, ғимаратқа нұқсан келтірсе, ата-анаға мектеп жарғысы мен ішкі ережеге сәйкес шара қолданылады.
Жоғарыдағы даналық сөзге сүйенсек, мұғалімдер балаларға үлкен адамдық бағыт беруі үшін тек ата-анамен бірігіп жұмыс істеу керек екенін ескерткен. Сондықтан, балаңыздың тамағының тоқтығы мен көңілінің көктігіне қарайтын, тек асыраушысы рөлінен шығып, ендігі жерде, сіздің алдыңызда балаңыздың білім алу жолындағы серіктесі болу міндеті тұр.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.