Сынып: 3Б
Күні________________
Сабақтың тақырыбы: Ата-анамның туған күні
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру. Оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу. Жаңа тақырыпты меңгерту
Тәрбиелік: Оқушыларды достыққа, татулыққа және бір-біріне деген сүйіспеншілікке баулу. Отбасын сыйлап, қадірлеуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сөздік қорын байытып, өмірлік жағдаяттарда қолдануды дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Көрнекілік: оқулық, сөздік, суреттер
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ.
- мұғалімнің жаңа сөздерді түсіндіруі;
- оқушылар жаңа сөздерді кезекпен оқиды;
- жаңа сөздерден сөйлемдер құрау;
Сөздік
Туған күн – день рождение
Ана - мама
әке - папа
риза болып – были довольны
1-тапсырма.Мәтінді оқып, аударыңдар.
Менің отбасым кішкентай. Отбасымызда төрт адам бар. Олар: әкем, анам, ағам және мен. Әкем фирмада жұмыс істейді, ал анам – мұғалім. Ағам – студент. Мен үшінші сыныпта оқимын. Әкемнің туған күні – 14 шілде күні. Біз ағам екуіміз әкеме қолсағат сыйладық. Ал анамның туған күні – 1 қазанда, біз оған еттартқыш сыйладық. Екеуі де сыйлықтарына риза болып, қуанып қалды. Ата-анамның туған күніне туған-туыстар, жолдастар жиналады.
2-тапсырма.Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Сендер ата-аналарыңның туған күндерін білесіңдер ме?
2. Сендер оларға қандай сыйлық сыйлайсыңдар?
3-тапсырма. әке, ана деген сөздерді тәуелдеп, сөйлем құрастырыңдар.
4-тапсырма. Мақал-мәтелдер мен ырым, тыйым сөздерді түсініп оқып, дәптеріңе жазып ал.
1. Ана алдында – құрмет,
Ата алдында – қызмет.
2. Атасы жоқ – қас жетім,
Анасы жоқ – тас жетім.
3. Шешеге қарап қыз өсер,
Әкеге қарап ұл өсер.
4. Әкеден – ақыл, анадан мейір.
Балалы үй базар,
Баласыз үй қу мазар.
5. Жеті атасын білмеген,
Жетімдіктің белгісі.
IV. Сабақты қорытындылау:
V. Сабақты бекіту
1. Шешеге қарап қыз өсер,
Әкеге қарап ұл өсер – деген мақалды қалай түсінесіңдер?
VІ. Бағалау
V ІІ. Үйге тапсырма. Тәуелдік жалғауларың жаттау. Аға, іні сөздерін тәуелдеңдер.
Тексерілді ___________________
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.