Атадан қалған - асыл сөз
Оценка 5

Атадан қалған - асыл сөз

Оценка 5
Конкурсы
docx
воспитательная работа
2 кл
12.11.2018
Атадан қалған - асыл сөз
а) қазақтың сөз маржаны мақал - мәтелді оқыту, орынды пайдалана білуді үйрету; ә) оқушылардың сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін сөйлеуге баулу; б)«Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте» қағидасында тәрбиелеу. Көрнекілік құралдар: слайд, кітап көрмесі, нақыл сөздер, қосымша материалдар. Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз сіздермен «Тәл мәртебесі – ел мәртебесі» атты апталықтың екінші сыныптар арасында өтетін жоспарланған «Атадан қалған – асыл сөз» тақырыбында сайыс өткізгелі отырмыз.а) қазақтың сөз маржаны мақал - мәтелді оқыту, орынды пайдалана білуді үйрету; ә) оқушылардың сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін сөйлеуге баулу; б)«Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте» қағидасында тәрбиелеу. Көрнекілік құралдар: слайд, кітап көрмесі, нақыл сөздер, қосымша материалдар. Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз сіздермен «Тәл мәртебесі – ел мәртебесі» атты апталықтың екінші сыныптар арасында өтетін жоспарланған «Атадан қалған – асыл сөз» тақырыбында сайыс өткізгелі отырмыз.
апталық.docx
Тақырыбы : Атадан қалған – асыл сөз Мақсаты: а) қазақтың сөз маржаны мақал ­ мәтелді оқыту, орынды пайдалана білуді үйрету; ә) оқушылардың сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін сөйлеуге баулу; б)«Өзге тілдің бәрін біл, өз тілінді құрметте» қағидасында тәрбиелеу. Көрнекілік құралдар: слайд, кітап көрмесі, нақыл сөздер, қосымша материалдар. Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз сіздермен «Тәл мәртебесі – ел мәртебесі» атты апталықтың екінші сыныптар арасында өтетін  жоспарланған  «Атадан қалған – асыл сөз» тақырыбында сайыс өткізгелі отырмыз. Мақал ­ мәтелді білмейтін оқушы жоқ деп айтуға болады, өйткені мақал ­ мәтелді сендер мектепке келгелі бастап  үйренесіндер. Мақал мен мәтелдер ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі. Ол ғасырлар бойы халықтың ұқыпты  сақтап келген еңбек тәжірибесінің жиыны, ой пікірінің түйіні, аңсаған асыл арманының арнасы, өмір тіршілігінің  айнасы, атадан ­ балаға қалдырып келе жатқан тозбайтын, тот бастайтын, өмірлік өшпес мұрасы. «Өнер ­ алды қызыл тіл», «Сөз көркі ­ мақал» деген аталы сөздер бар. Мақалдың көмегімен айтайын деген ойынды ұнамды да, ұтымды  жеткізуге болады. Мақал ­ мәтелді көп біліп, көп қолданатын адамдардың тілдері шешен, ақылы көркем бола түседі. Олай болса, сайысымызды бастайық! Әділ ­ қазылар алқасымен таныстыру. 1. 2. 3. Алдарыңызда 5  топ отыр. 1 топ ­ 2 топ – 3 топ – 4 топ­ 5 топ­ І  кезең « Жүйрік болсаң, шауып көр» ІІ кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр» ІІІ кезең «Жеті жұрттың тілін біл»   ІV  кезең «Ойлы болсаң, озып көр» І кезең « Жүйрік болсаң, шауып көр»  Шарты: Берілген тақырыптарға 2 мақалдан құрау.  ЕРЛІК , БІЛІМ, ТІЛ ДОСТЫҚ, ДЕНСАУЛЫҚ Бұл кезең 5 ұпаймен бағаланады.  Әр дұрыс айтылған мақалға 5 ұпай беріледі. Жүргізуші : Ғылымның сырын ұғына, Шығыңдар білім шыңына Ұқыптылық пен зеректік Жеткізер сіздей өренді Білімнің нәрлі сырына  ІІ кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр» Шарты: Берілген мақал – мәтелдің жалғасын тап. Әр дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. №1 топ 1.Отан – қуат, отбасы.............. 2. Жылы ­ жылы сөйлесең,.............            3. Ұстазы талантты болса, шәкірті ......            4. Ертеңгі асты тастама, кешкі ............        5. Жаңбырменен жер көгереді, ........ 1. Отан – қуат, отбасы – шуақ 2. Жылы ­ жылы сөйлесең,     жылан інінен шығар 3. Ұстазы талантты болса,      шәкірті    талапты болар 4. Ертеңгі асты тастама,      кешкі  асқа қарама 5. Жаңбырменен жер көгереді,          Батаменен ел көгереді. №2 сайыскерімізге 1. Ас атасы  ........ 2. Өз елім ......................... 3. Жақсының аты өлмейді ,.............  4. Батыр туса ел ырысы,................ 5. Ақыл азбайды.................. Ас атасы ­ нан Өз елім ­өлең төсегім  Жақсының аты өлмейді,       Ғалымның хаты өлмейді  4. Батыр туса ел ырысы,      Жаңбыр жауса жер ырысы 5. Ақыл азбайды, білім тозбайды             №3 сайыскерімізге Зейіні бардың, бәріне де  .............   Тіл қылыштан да....................... Атаңның баласы болма,...........   Ер жігіт ел үшін туады................ 5.    Өнер ағып жатқан бұлақ, ........................... 1.Зейіні бардың, бәріне де  бейімі бар. 2.Тіл қылыштан да  өткір 3.Атаңның баласы болма,      Адамның баласы бол 4. Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі. 5. Өнер ағып жатқан бұлақ,      Білім жанып жатқан шырақ №4 сайыскерімізге      1. Тіл тас жарады….....................  2. Зейіні бардың… …............      3. Ашу дұшпан ақыл дос..................      4.  Мал үшін таласпа, ...................       5.  Еңбек ширатады, ....................  1. Тіл тас жарады,     Тас жармаса, бас жарады. 2. Зейіні бардың      Бәріне де бейімі бар. 3. Ашу дұшпан ақыл дос,     Ақылыңа ақыл дос 4. Мал үшін таласпа, ар үшін талас 5. Еңбек ширатады,  өмір үйретеді №5 сайыскерімізге 1. Өнерлінің қолы алтын, ................. 2. Болат қайнауда шынығады...........         3. Білген кісі тауып айтады, білмеген .............  4. Жері байдың..........................  5. Отан үшін отқа түс күймейсің,   Өнерлінің қолы алтын,     Өлеңшінің сөзі алтын 2. Болат қайнауда шынығады,           Батыр майданда шынығады 3. Білген кісі тауып айтады,      Білмеген кісі қауып айтады) 4. Жері байдың ­ елі бай 5. Отан үшін отқа түс күймейсің,       арың үшін алыссаң өлмейсің Білім деген байлық бар, Жүргізуші : Еш байлық оған жетпейді. Жасыңда оқып, жиып ал, Тепкілесің кетпейді. Өртіңе ол күймейді, Ұрыларда тимейді Жатып ішер жамбастап,  Жалқауды ол сүймейді ІІІ кезең «Жеті жұрттың тілін біл»  Шарты: Сендерге жұмбақ жасырылады, жұмбақ  жауабын үш тілде айтып, жауабына сәйкес мақал айту  керек. Сайыскерлеріміздің үш тілдегі жұмбақтың  жауабына 10 ұпайдан және әр жұмбақ жауабына  10 ұпайдан  бересіздер. 1­ Топ Қабат­қабат қаптама, Ақылың болса аттама.              (кітап – школа – school Aт міндім қарала аяқ қаздақтатып, Жүргенде жол салады табандатып.  ( қалам­ ручка­ pen) 2­ Топ  Бір нәрсе ала шұбар, қара тұмсық, Қарасаң басқан ізі қисық­қисық, Өзі жансыз, жандының күшіменен Борайды ат үстінде желдей есіп.  ( қарындаш – карандаш ­ pencil) Шәкіртке жанашыр, Мейірман кім, жаны асыл. (ұстаз­ учитель­ teacher) 3­ Топ  Білімнен мол сый­асы, Балғындардың ұясы. (мектеп – школа­school) Мұрты бар, сақалы жоқ, Тоны бар, шапаны жоқ. (мысық­кошка­ cat) 4­ Топ  Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. (күн­ солнце ­soon) Көреді бәрін өзгенің, Көрмейді бірақ өздерін (көз­глаз­eyes) 5­ Топ  Ымырт түссе шығамын, Таң атқанда батамын. Көк теңізде шашылып, Көзімді ілмей жатамын. ( жұлдыздар, звёзды ­ stars) Бір үйге көзсіз боп басыңды сұғасың, Бұл үйден көреген болып шығасың. ( мектеп, школа ­ school ) Әділ қазылардың шешімімен 1 топ сайысты тоқтады.  Келесі кезеңге 4 топ қатысады. Жүргізуші : Сырлары көп білімнің     Шешілмеген әлі де, Тереңдігі білімнің Керек екен бәріңе                                  ІV  кезең «Ойлы болсаң, озып көр» Сурет бойынша мақал – мәтелдер айту. әр мақал – мәтелге 10 ұпайдан  бересіздер. Ағасы бардың жағасы бар, Інісі бардың тынысы бар. Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны көреді. Бала тілі – бал  Кітап білім – бұлағы, Білім өмір –шырағы. Марапаттау Ән орындайтын : 2 «Ә» сыныбы                                   2  «А» сыныбы  Қорытынды. Сайын Шапағатов мектеп  ­ гимназиясы «Атадан қалған – асыл сөз» Күні : 20.09.2018 Сыныбы : 2  сынып Өткізген : Базарбаева Анаргүл Кусикбаева Ақбөбек Шахиева Алтын Кеңесқызы Анара Айынова Ақзия 2018­2019 оқу жылы

Атадан қалған - асыл сөз

Атадан қалған - асыл сөз

Атадан қалған - асыл сөз

Атадан қалған - асыл сөз

Атадан қалған - асыл сөз

Атадан қалған - асыл сөз

Атадан қалған - асыл сөз

Атадан қалған - асыл сөз

Атадан қалған - асыл сөз

Атадан қалған - асыл сөз

Атадан қалған - асыл сөз

Атадан қалған - асыл сөз

Атадан қалған - асыл сөз

Атадан қалған - асыл сөз

Атадан қалған - асыл сөз

Атадан қалған - асыл сөз
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
12.11.2018