Аттестация учащихся 5-11 классов
Оценка 4.8

Аттестация учащихся 5-11 классов

Оценка 4.8
docx
22.05.2024
Аттестация учащихся 5-11 классов
Аттестация 5-11 кл.docx

-          Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (9 ақпан ( немесе 8 наурыз) 1931, Алматы облысы, Райымбек ауданы Қарасаз - 27 наурыз 1976, Алматы)

-          шын аты Мұхаммедқали – қазақтың лирик ақыны, мұзбалақ ақын, өз заманында лайық бағасын ала алмаса да өзінен кейінгілер үшін мәртебесі биік ақиық ақын.

 

·         1949 - "Советтік шекара" газеті ақынның "Қырман басында", "Қойшы бала - Әкітай" деген өлеңдірін жариялады;

 «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді.

Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді (“Қазақ әдебиеті”, 18.3.1960).

Шығармалары мен аудармалары

Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 жылы), “Аққулар ұйықтағанда”, “Шуағым менің” (1975 жылы), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 жылы) атты прозалық кітабы да бар.

Аудармалары:

Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 жылы), Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 жылы), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 жылы) қазақ тіліне аударды.

Ақынның көзі тірісінде 3 аударма кітабы У.Уитмен, “Шөп жапырақтары” (1969); У.Шекспир, “Сонеттер” (1970); Д.Алигерьи, “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” бөлімі (1971), 8 жыр жинағы “Ильич” (1964), “Армысыңдар, достар” (1966), “Қарлығашым, келдің бе?” (1968), “Мавр” (1970), “Дариға-жүрек” (1972), “Аққулар ұйықтағанда” (1974), “Шуағым менің” (1975), “Өмірдастан” (1976) жарық көрді.

Поэмалары

Мұқағалидің “Ильич”, “Ақ қайың әні”, “Ару-ана”, “Мавр”, “Аққулар ұйықтағанда”, “Қырандастар, қош болыңдар”, “Чили-шуағым менің”, “Шекарада”, “Большевиктер”, “Өмірдастан”, “Арман”, “Шолпан”, “Досыма хат”, “Алтай-Атырау”, “Отаным, саған айтам”, “Райымбек! Райымбек!”, “Қашқын”, “Жер үстінен репортаж”, “Моцарт. Жан азасы” атты поэма-толғаулары бар. 650-ден астам лирикалық өлеңдерінде адам өмірінің мәні, әсемдік пен сұлулық, тазалық, ерлік, елдік, туған жер турасында терең толғаған. “Табыт үні”, “Халық үні”, “Жесірлер үні”, “Бесік жыры” аталатын 4 бөлімді туындының әрбір бөлімінде бірде табыт, бірде жесір-Ана, бірде Жер-Бесік атынан Өмір мен өлім туралы философиялық пайымдаулар айтылған.

 

Тоқта,ботам!Атаң келеді артыңда!-

Тақырыбы: Отбасы

Идеясы: Үлкендерді сыйлау

 

-Б. Соқпақбаев: Менің атым Қожа

-Т.ж.к 1924 ж. 13 қазан. Алматы обл, Нарынқол (қаз. Райымбек) ауд, Қостөбе ауылы

-14-15 жас-өлең жазды.

-1949 ж Абай атындағы пед. инс бітіріп, Ауылда мұғалім болды.

-«Жұлдыз», «Балдырған журн» жумыс істеді.

 

Белгілі балалар жазушысы -

Қазақстан Жазушылар Одағында түрлі қызметтер атқарған. Бердібек Соқпақбаев балаларға арналған пьеса, көптеген әңгіме бірнеше киноға сценарий жазды. «Бұлақ» атты өлеңі 1950 жылы «Пионер» журналында жарияланды. Жазушының «Бақыт жолы», «Алыстағы ауылда», «Балалық шаққа саяхат», «Дала жұлдызы», «Аяжан», «Жолда», «Менің атым - Қожа», «Өлгендер қайтып келмейді», «Қайдасың, Гауһар?» және т. б. шығармалары бар. Бердібек

Соқпақбаев - балалардың сүйікті жазушысы. Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» повесі алғаш рет Мәскеудегі «Детская литература» баспасынан орыс тілінде жарық көрді. Кейін француз тіліне аударылды. «Менің атым - Қожа» повесі 30 тілге аударылып, дүниежүзіне тарады. 1963 жылы «Қазақфильм» киностудиясы осы повесть бойынша сценарий жазып, көркем фильм шығарды. Фильмнің режиссері - Абдолла Қарсақбаев. «Менің атым - Қожа» фильмі Францияның Канн қаласында өткен халықаралық кинофестивальда арнайы сыйлыққа ие болды. «Менің атым - Қожа» фильмін үлкендер де, балалар да қызығып көреді. Бұл фильм барлығына ұнайды.

 

Тұмар ханшайым (Тарихи шығарма) - (жжсд 570-520)- ежелгі жазбаларда Томирис – массагеттердің патшайымы,

Әкесі-Сыпыр массагеттердің патшасы, ол Мадийдің шөбересі, скиф көсемі-Ишпақайдың ұрпағы

Әкесі қызын бала кезінен соғысқа үйретті

5 жасында атқа мінді

6 жасында қолына ақинақ семсер алып, соғыс өнеріне жаттықты

Парсылардың Кир патшасын жеңген. Кир Шығысты жауламақ болып, (жжсд 559-530)Тұмарға тұрмысқа шық дейді. Келіспегенін сылтау гып, Кир согыс ашады. Тумардың ұлы-Спаргапты туткындайды, Томирис Кирді жеңеді. Басын алады.

https://cf.ppt-online.org/files1/slide/o/oTyXV2OBDb0MKtPgviEpYQ7AqcdG5N6kxaC3FrsjzJ/slide-23.jpg     https://sun9-24.userapi.com/impf/c622021/v622021438/1ef68/brtRvGGq3hE.jpg?size=903x1152&quality=96&sign=411ecf3fe20415f29a9dd5469a2aee51&c_uniq_tag=cDPU4bgbpIMszlCwJYvRCLKkvCon8mGnmhqy-7cneBc&type=album

 

Ғ. Мүсірепов: Қазақ солдаты.

Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов (22 наурыз 1902 жыл — 31 желтоқсан 1985 жыл) — қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері.

Қазақ КСР ҒА академигі (1958), Социалистік Еңбек Ері (1974), Қазақстан халық жазушысы.

Қазақстан жазушылары Одағының төрағасы (1961), КСРО Жазушылар Одағының хатшысы, КСРО Жоғары Кеңесінің 5-шақырылымының және Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі депутаты.

1927 жылы Омбы ауылшаруашылығы интернатын бітірді;

1927 – 1928 жылы Бурабай орман шарушылық техникумында оқытушы қызметінде;

1928 – 1932 жылдары Қазақ мемлекеттік баспасының бас редакторы қызметінде;

1933 жылы - Қазақ АКСР Халық ағарту комиссариаты өнер секторының меңгерушісі қызметінде;

1934 жылдан “Қазақ әдебиеті” және “Социалистік Қазақстан” (қазіргі “Егемен Қазақстан”) (1935) газеттерінде бас редактор қызметінде;

1936 жылы - Қазақ Өлкелік комитетінде баспасөз бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінде;

1937 жылдан Қазақстан Компартиясы саяси-ағарту бөлімінің меңгерушісі қызметінде;

1938 –1955 жылдары бірыңғай шығармашылық жұмыстармен айналысқан;

1956 – 1957 жылы “Ара – Шмель” журналының бас редакторы;

1956 – 1961 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы;

1958 жылдан КСРО Министрлер Кеңесі жанындағы әдебиет, өнер және архитектура салалары бойынша Лениндік және Мемлекеттік сыйлық жөніндегі комитеттің мүшесі;

1964 – 1966 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының 1-хатшысы болып;

1959–1985 жылдары КСРО Жазушылар одағы басқармасының хатшысы қызметтерін атқарған.

 

Қазақ солдаты.

Тақырыбы: Соғыс кезіндегі достық. Кеңес үкіметіндегі ұлтардың интернационалды сезімі, мінездері.

Идеясы: достыққа шақыру, Отанды сүю.

Басты кейіпкер-Қайрош. Оның прототипі Қайырғали Смағұлов 1919 жылы Гурьев қаласында (қазіргі

·                 Атырау) өмірге келген. 1939 жылы Қызыл армия қатарына шақырылды. Дондағы Ростов, Орджоникидзе түбегінде ерлікпен шайқасқан. Новороссийск үшін болған ұрысқа қатысқан. Эльтеген елді пункті үшін болған ұрыста Қайырғали 20-ға жуық гитлершілердің көзін жойған. Керчь түбіндегі ұрыста асқан батырлық көрсетіп, ерекше көзге түскен. Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Романда өзінің батырлығымен, ержүректілігімен, қайтпас қайсар мінезімен ерекшеленеді. Ол тек шыншылдықты, әділдік пен адалдықты қалайтын жауынгерлердің бірі. Ол туған жері есіне түскен сайын қанаттанып, көкке жүзгендей болады. Алайда соғыс оның өмірінде үлкен із қалдырады. Содан бері ол Қайрош Сарталиев алған бетінен қайтпайтын, бірбеткей жан болып қалады.

Смағұлов 1943 жылы 17 қарашада «

Қайырғали Кеңес Одағының Батыры» атағын алған.

 

«Зытып-зытып келем» Қайрош ауылдан сиыр багудан қашып, оқуға келе жатыр. Романның бірінші бөлімінде Қайрош Кеңестік тәрбие көрген азамат, оның жастық шағы, өсіп, ер жетуінде өмірде жолын тауып, оқу іздеп қалаға қашуы айқын бейнеленеді. Соғыс кезіндегі жауынгерлердің өмір шындығы ғана емес, сонымен қатар қарапайым халықтың тұрмыс-тіршілігінен көрініс береді.

Кейіпкерлер: Достар: Қайрош-Костя, Шеген – Шеген аға, Бораш –Боря (Танысқан куннен бастап бір-бірін осылай атайды)

·                 Қайрош Сарталиев — романның басты кейіпкері. Оның прототипі Қайырғали Смағұлов деген кісі болған. Ол 1941—45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып,  Шеген — дене бітімі сымбатты келген Қайроштың алғаш қалаға келгендегі достарының бірі.

·                 Бораш — өнерге жаны жақын, әсемдік атаулыға құштарлығы жоғары Қайроштың достарының бірі.

·                 Володя ТолстовСамед АбдуллаевЗонинГришин — Кеңес елінің ұлт өкілдерінен құралған армия жауынгерлері.

·                 Самед Абдоллаев — әзілқой жауынгер.

·                 Семен Зонин — алып тұлғасымен ерекшеленетін жауынгерлердің бірі.

Оқиға орны:  Гурьев (Атырау)

Борашты өгей шешесі жақтырмайды. Қораның төбесінен итеріп жібереді. Оған Шеген дәрі әкеп берді.

 

7- сынып.

-          Абай 14 жасынан бастап өлең жаза бастады. Семейде Ахмет-Риза медр.де оқыған.  Семейде Гоголь орыс кітапханасында Михаэлиспен танысады. Жастарды уакытты тиімді пайдаланып, окуга шакырды.

-          «Сағаттың шықылдағы емес ермек»1896 ж жазған. 4 тармақ, 4 шумақ, 11 буын, (сағат-ұры Метофора). Уақытты дұрыс пайдалану керек.

-          Жанры: Поэзия

-          Тақырыбы: Уақыт, өмір

-          Идеясы: Уакытты тиімді пайдаланып, жақсылыққа арнау

Ұлы Ж Жолы

1)      Б.з.д ІІ ғасырдың ортасында Европаны мен Азияны біріктірген жол. Кытай мен Европаны жалғастырды.

Түрлері:

Лазурит-Мысыр, Иран, Вавилон елдеріне Памир тауынан өндірілетін лазурит тастар тасымалдау

Нефрит-кытай патшалары мен бай-шонжарларына арналган зергерлик буйымдар.

Құндыз-бағалы аң терілер

2) Біздің заманымызға дейінгі I мыңжылдықтың ортасында «Дала жолы» іске қосылды. «Дала жолы» арқылы Қытай жібегі мен Иран кілемі жеткізіліп тұрды.Ұлы Жібек жолы Еуропа мен Азия елдерінің бір-бірімен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туғызып, ондағы халықтарды біріктірді. Жолдың бұлай аталуына сауданың негізгі заты - Қытайдан шығарылатын жібек мата себеп болды. Еуропа мен Азияны біріктірген бұл жол адамзатты ғажайып жетістіктерге жеткізді. Дамыған елдердің саудамен айналысуына, ғылымның дамуына, дін мен мәдениеттің қалыптасуына ықпал етті.

3) Ұлы Жібек жолы ежелгі Қазақстан жерімен де өткен. Ең негізгі сауда жолы Сырдария, Талас, Шу, Іле арқылы Қытайға ұласқан, Жолдың ендігі бір бөлігі «Яқсарт», «Сейхун» деп аталған Сырдария, Орал (Жайық) өзендерін жағалап, ары қарай Қара теңіз маңы, Византия мен Батыс Еуропа жерлеріне дейін созылып жатты. Жібек жолы Орталық Қазақстан далаларына, Сарыарқа мен Ертіске, Алтай мен Моңғолияға қарай жалғасты. Осы жолдардың бойында Испиджаб, Усбаникент, Отырар, Түркістан, Тараз, Сауран, Сығанақ, Сарайшық, Жаңакент сияқты ірі қалалар болған.

 

-         Ә.Нұршайықов Ақиқат пен аңыз кім туралы - Бауыржан Момышұлы

-          


 

Скачано с www.znanio.ru

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (9 ақпан ( немесе 8 наурыз) 1931,

Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев (9 ақпан ( немесе 8 наурыз) 1931,

Фильмнің режиссері - Абдолла Қарсақбаев

Фильмнің режиссері - Абдолла Қарсақбаев

Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам

Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам

Нұршайықов Ақиқат пен аңыз кім туралы -

Нұршайықов Ақиқат пен аңыз кім туралы -
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
22.05.2024