Альбе́рт Эйнште́йн (1879 - 1955)
Физик-теоретик, заманауи физиканың екі негізгі тірегінің бірі болып есептелетін салыстырмалылық теориясының негізін қалаушы, Ол масса-энергия эквиваленнтілігінің формуласы E = mc2 ойлап тапқандығымен әйгілі. 1921 жылы "теориялық физикаға қосқан үлесі үшін, фотоэлектрлі эффект заңын ашқандығы үшін, кванттық теорияның
дамуына қарай қадамдары үшін" физикадан Нобель сыйлығының иегері атанды. Атақты ойшыл және қоғам қайраткері, әлемнің алдыңғы қатарлы 20-ға жуық университеттерінің құрметті профессоры, соның ішінде КСРО Ғылым академиясының шетелдік құрметті мүшесі (1926). Эйнштейннің басты еңбегі — ”Салыстырмалылық теориясы”. Бұдан бөлек 300-ден астам ғылыми еңбектердің, тарих,ғылымдар философиясы және публицистика саласындағы 150-дей кітап,мақалалардың авторы ретінде де танымал. Ол бiрнеше түбегейлi физикалық теорияларды жасады:
*Арнайы салыстырмалылық теориясы (1905);
*Жылу сыйымдылығының және фотоэффект кванттық теориясы;
*Бозе Эйнштейн кванттық статистикасы;
*Броун қозғалысының статистикалық теориясы,
флуктуациялардың теориясына негiзін салған.
ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР
Бұл деректі Мурат Байлиевичтен естігенмін.
ҚЫЗЫҚТЫ ДЕРЕКТЕР
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.