Авторская программа экологического клуба
Оценка 4.6

Авторская программа экологического клуба

Оценка 4.6
docx
12.12.2019
Авторская программа экологического клуба
Клуб на методсовет.docx

 

 

Демчинов К.К

 

 

 

 

 

ЛИЦЕЙДЕГІ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРҒА    АРНАЛҒАН «ЖАС ҚЫРАНДАР» ТУРИСТІК -ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КЛУБЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

 


                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өскемен, 2017 жыл

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі КММ

 

 

 

Демчинов К.К

 

 

 

ЛИЦЕЙДЕГІ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРҒА    АРНАЛҒАН «ЖАС ҚЫРАНДАР» ТУРИСТІК- ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КЛУБЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ

                                                  (авторлық бағдарлама)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                          

 

 

Өскемен, 2017 жыл

 

 

 

 

ӘОЖ [ 338.483:91 ](075.3)

КБЖ 75.81 Я 72

Д 29

 

Рецензент- Сәрсен Аманжолов атындағы  ШҚМУ-нің ректорының міндетін атқарушы

педагогика ғылымдарының кандидаты   И.Ровнякова

 

 

Демчинов Кадрбек Кабдылмуликович Лицейдегі дарынды оқушыларға арналған «Жас қырандар» туристік-экологиялық клубының бағдарламасы (авторлық бағдарлама) ШҚО  Өскемен қаласы әкімдігінің «Оралхан Бөкей атындағы №44 лицейі КММ «Өрлеу»АҚ БАҰО филиал ШҚО бойынша ПҚ баспаханасында басылды.                      2017 ж – 11 бет

 

 

 

Бағдарламада лицейде құрылған туристік-экологиялық клубта  оқушылар география және биология пәндерінде алған теориялық білімдеріне қосымша туристік-экологиялық және медициналық бағытта практика жүзінде толықтыру арқылы жүзеге асыру әдістемесі қарастырылған. Өйткені қазіргі мектептерде оқушылар теориялық алған білімдерін өмірде қолдануға қиналады. Бағдарламаның негізгі көздеген мақсаты лицейде құрылған  клубта оқушыларға дала жағдайында өмірде кездесетін экстримальды қиындықтарды толық жеңіп шығуды жүзеге асыру, әдіс-тәсілдерін меңгерту. Бағдарламаны жаратылыстану мұғалімдері мен қосымша білім беретін балалар ұйымдарындағы үйірме жүргізетін педагогтар мен  жаратылыстану факультеттерінің студентеріне көмекші әдістемелік құрал ретінде пайдалануға ұсынылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

  Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2016  жылғы 13 мамырда бекітілген № 292 қаулысы және 2016 жылғы 7 шілдедегі № 432 типтік оқу жоспарын мемлекеттік жалпыға  міндетті негізгі білім беру стандартында көрсетілген  шектеуші  сілтемелерді басшылыққа ала отырып оқушылардың география білім мазмұнының вариативті бөлімі оқушы дамуының жеке тұлғалық сипатын қамтамасыз ететін және ата-аналар мен балалардың тілегін есепке алып, таңдау курсының келесі үлгі тақырыптары ұсынылған. «Табиғатты зерттеген ұлы зерттеушілер», «Ұлы саяхатшылар», «Жас Сәтпаевшылар», «Қазақстан географиясы оқулығы беттерінен тыс», «Картографиялық зерттеулер», «Географиядағы саралау және моделдеу»,«Менің Отанымның байлықтары», «Географиялық экология», «Экономика және экология», «А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Абай, О.О.Сүлейменов, С.Сейфуллин поэзиясындағы география» . Осы талаптар негізінде  география пәнінен оқушылардың білім, білік, икемділікті қалыптастырудың төмендегідей мазмұны айқындалады.     

1.Оқушылар білу керек: Жергілікті жердің оның ішінде ШҚО табиғат компонеттері оның ішінде жер бедерінің негізгі формаларын , ішкі сулары мен климатын, өсімдік жамылғысы мен жануарларын;                                                                                                                                                                                                                                              

2. Оқушылар анықтай және өлшей білулері керек: Табиғат құбылыстары мен өзгерістері( ауа райынын тәуліктік, айлық, жылдық жағдайын)                                                                                                                                                                                                                             

3. Оқушылар қолдана білу керек: Топографиялық картамен, географиялық құралдардың қарапайым түрлерін (невилир, тұсбағдар, барометр, гигрометр)                                                                                                                                                                                         

4. Оқушылар өз беттерімен орындай алу керек: танымжорықтарға шыққанда табиғат құылыстарына болжау жасап күнделікке түсіруді, жануарлар мен өсімдіктердің маусымдық тіршілігін сипаттауға, жергілікті жердің сұлбасын (планын) жасауды білу талаптарына сай туристік-экологиялық клубының бағдарламасы құрылды.

           

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аңдатпа

 

            Авторлық бағдарлама
Жас қырандар ”  туристік-экологиялық клубының жүргізетін жұмыс жоспары

Клубтың мақсаты: Туған өлке табиғатын Қазақстан республикасының табиғатының бір бөлігі ретінде оқыту.Оқушыларға туған өлкесінің табиғатын, құрметтеуге және өз жерін сүюге бағытталған экологиялық тәрбие беру.

            Клубтың міндеті: Оқушылардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілікті нығайту.Туған жерінің табиғи, тарихи мәдени ескерткіштерінің құндылығын қастерлеуге үйрету.

            Клуб мүшелеріне қойылатын талаптар:   Оқушылардың география  мен биология пәндерінен алған білімдерін дамыта отырып,туған жердің  табиғатында  далалық-стационарлық жағдайда пайдалана алуға дағдыландыру. Өзінің ой-өрісін дамыта отырып,ғылыми тұрғыдан ойлау қабілетін арттыру. Туған өлкенің табиғатын зерттей отырып, деректер жинау іскерлігін дамыту. Оқушылардың шығармашылық жұмыстары нәтижесінде өз білімін көтеруді ұйымдастыру.

               Күтілетін нәтиже: Клуб бағдарламасын толық аяқтағаннан кейін:

-         Оқушылар Туризмнің  Қ.Р. халық шаруашылығындағы  экономикалық                                                   және тұрғындардың денсаулығын нығайтудағы маңызы жайында түсінік бере алады;

                                                                                                   

-          Өздігінен ізденуге, кесте толтыру, ғылыми рефераттар жазу, түрлі хабарламалар дайындап мәліметтерді жинастыру, ақпаратпен, картамен жұмыс және де түрлі презентациялар (слайд) дайындап  жұмыстанады;

-         Туристік құрал-жабдықтардың түрлерімен, табиғи және далалық жағдайда медициналық көмек көрсетуге дағдыланады;

-          Табиғи ортада өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіне бақылау жасап зерттеуге үйренеді;

-          Табиғи ортада болған кездегі туристік этиканы сақтауды және  табиғат ортасында болғанда өзін-өзін ұстау стратегиясын меңгереді;

 

 

 

 

 

             «Жас қырандар»   туристік-экологиялық клубының жүргізетін жұмыс

бағдарламасындағы   білім мазмұны   8-сынып (барлығы 68 сағат, аптасына 2 сағат)

Туризмнің  туралы түсінік   3 сағат

Туризм тарихтық және дүниетанымдық білімді қалыптастыруда үлкен көмек көрсетеді, табиғат байлықтарын белсенді түрде қорғау мен қадірлеуге үйретеді. Туристік жорықтар, саяхаттар, көбінесе, ұжымда жүргізілетіндіктен бірінің екіншісіне тәуелді болуы кезінде міндетті түрде бір-біріне мұқият қарым-қатынасты өзінің жеке мүддесінен жоғары қоя отырып,  ұжымшылдық рухында, қарқынды тәрбиелеу үшін өзіне деген сенімділік, шыдамдылық, дербестік, табандылық көмекке келуге әрдайым дайын тұрушылық және тағы басқа мінез-құлықтың құнды ерекшеліктерін қалыптастыру үшін үлкен мүмкіншіліктер береді. Тәрбиенің жемістілігі туристік жорық кезіндегі әсердің қаншалықты терең және қиындық дәрежесіне байланысты. Туристік жорықтардың туризм формасы ретінде бірнеше түрі болады: туристік саяхат, жаяу туристік жорық, су бетінде саяхат жасау, велосипедте, шаңғы жорығы, т.б. Жорықтар қатысушы оқушының өзінің денесінің жұмыс қабілеттілігін арттырады, бақылау мен зерттеу арқылы өзінің өлкетанушылық танымын тереңдете түседі, ел мен адамдарды танып, өзінің ұжымдағы тұлғасын қалыптастырытыны туралы дәріс алады.

Жергілікті жерді кескіндеу  түрлері   4сағат

«Көзөлшемдік  түсіру», «полярлық түсіру, «бағытжолдық түсіру» ұғымдарына толық географиялық анықтама беріледі Мұғалім екі түсірілім түрі арасына салыстыру сызығын жүргізіп, сол арқылы оқушылар түсірілім түрлерін ажыратуды және ұқсастықтарын табуды үйренеді. Тәжірибелік бөлікте қарапайым планшетке түсірілім түрлерін сипаттаумен қатар мұғалім көз мөлшермен түсіру әдісімен жергілікті аумақ планын жасауды үйретеді. Бұл кезде жұмыс барысының үдерісі сипатталады және қажетті құрал-жабдықтар пайдаланылады. Бұл тапсырма оқушылар түсірілім түрлерінің айырмасын түсінуі үшін орындалады. Сондай-ақ болашақ дадалық стационарға шыққанда бұл сарамандық білім қажет болады.

Туристік құрал-жабдық түрлері мен техника қауіпсіздігі 4 сағат

Оқушылардың білуі тиіс туристердің негізгі құрал- жабдықтары: қонатын 2,4 және одан да көп адамдар түнейтін шатырлардың түрлері және шатырдың ішіндегі түнеуге қажетті жабдықтар киім-кешектер, азық-түліктер, дәрі дәрмектер түрлерімен мұғалім таныстырады. Бұл құрал- жабдықтарды жорыққа даярлау мен тасымалдау әдіс-тәсілдерін үйретеді. Ең негізгісі оқушылардың жорық кезіндегі қауіпсіздіктерінің стратегиясын түсіндіреді. Олар жол жүру кезіндегі, орман мен тау-тастардан өткенде сондай-ақ улы өсімдіктер мен жануарлардан қорғану ережелері.

Саяхатқа шығатын  топқа арналған туристік ережелер 3 сағат

Бұл тарауда шәкірттерді үздіксіз экологиялық бағытта оқыту мен тәрбиелеуге бағытталады. Саяхатқа шығатын  топтың (команданың) құрамы , топ ішіндегі әрбір  топ мүшесінің міндеті қарастырылады.

Шәкірттерді туған табиғаттың тылсым сырларын көркемдеу арқылы қызықғушылығыен арттыру арқылы оған деген сүйіспеншіліктерін ояту, аялы алақандарымен қорғауға тәрбиелеу ең негізгі стратегия. Қазіргі таңда табиғат аясында дем алушылардың экологиялық мәдениеттілігінің өте төмен екенін қарастыра отырып шәкірттерді  табиғатта адам өзін-өзі ұстау кодексі мен статегиясын үйретіледі.  

        Табиғи және далалық жағдайдағы тактикалық жаттығулар 8 сағат

Бұл тарауда шатырды қайда, қандай әдіспен құруды үйреніп біледі. От жағу тәсілдерін, отынды отқа орналастыру әдістерін (мысалы, нодья, жұлдызша, тайгалық, аңшыларша) асты далалық жағдайда әзірлеуді үйренеді, бірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелейтін дәстүрлерді меңгереді, алау қасында бірігіп ән шырқап, тілектер айтуды үйренеді.

     Далалық стационар кезіндгі экстримальді жағдайларға бейімделу 8 сағат

 Бұл тарауда клуб мүшелері табиғи және далалық жағдайдағы қиын шептерден өту тактикасының жаттуғуларын орындайды. Олар: топтың колонна мен жылжуы, судан және батпақтан өту, биік тауларға көтеріліп төмен түсу,ыдыс жоқ кезде пластикалық  шөлмектерде шай қайнату, сереңкесіз от жағу, табиғи материалдан күрке жасау, алғашқы медициналық құрал түлері: зембіл меншендеуіш әзірлеуді үйренеді. Бұл практикалық оқытулар шәкірттерді алғашқы медициналық және экстримальді жағдайда бір-біріне көмек көрсетуге  үйретеді.

 Далалық стационарлық  жағдайда  өсімдіктер мен жануарларды зерттеу                    14 сағат

Бұл тарауда оқушылар  өлкеде кездесетін өсімдіктер мен жануарларының  түрлік құрамы мен таралу аймақтары сондай-ақ қызыл кітапқа енгізілген сирек және жойылу шегінде тұрған түрлерімен танысады. Олардың токсономиялық жүйелеу принциптерімен танысып кеппешөптер мен нақпішіндері, дымқыл препараттарды пайдаланып салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Өсімдіктер мен жануарлардың анықтамаларын пайдаланып аймақтың флорасы мен фаунасындағы түрлергдің төлқұжаттарын әзірлейді. Аймақтың геоботаникалық және зоогеографиялық картасын жасайды.                                                   

 

Далалық жорықтар мен саяхаттар 24 сағат

 Бұл тарауда клуб мүшелері табиғат құбылыстарын алған теориялық білімдері бойынша далалық стационарлық жағдайда практика жүзінде оқып үйренеді. Палатканы қайда, қандай әдіспен құруды үйреніп біледі. От жағу тәсілдерін, отынды отқа орналастыру әдістерін үйренеді (мысалы, нодья, жұлдызша, тайгалық, аңшыларша)Асты далалық жағдайда әзірлеуді үйренеді, бірлікке, ынтымақтастыққа тәрбиелейтін дәстүрлерді меңгереді, алау қасында бірігіп ән шырқап, тілектер айтуды үйренеді.                                                                                                            

Алғашқы медициналық көмекпен төтенше жағдайда бірін-бірі қорғау мен қолдауды үйреніп ынтымақтастыққа, адамгершілікке, бірлікке үйренеді.Аңдар мен құстарды үркітпей, «Қызыл кітапқа» тіркелген  гүлдер мен өсімдіктерді зақымдамай, олардың қорғалуы туралы үйренеді. Табиғатта өзін-өзі ұстау стратегиясы мен экологиялық мәдениеттілікке үйренеді (ас қалдықтарын, консервілерді, полиэтилен ыдыстар мен қалталарды өртеп, топырақ жамылғысына көміп тастайды.)

 

Жас қырандар» клубының  оқу-тақырыптық жоспары

№ п/п

Бөлім тақырыбы

  Сағат  саны

Соның ішінде

Теориялық

 

Зертханалық

жұмыстар

Сарамандық

жұмыстар

1.

 Туризмнің  туралы түсінік

3

2

 1

 

2.

 Жергілікті жерді кескіндеу  түрлері

4

 

 2

 2

3.

 Туристік құрал-жабдық түрлері мен техника қауіпсіздігі

4

2

1

1

4.

 Саяхатқа шығатын  топқа арналған туристік ережелер

3

3

 

 

5.

 Табиғи және далалық жағдайдағы тактикалық жаттығулар

 

8

3

2

3

6.

 Далалық стационар кезіндгі экстримальді жағдайларға бейімделу

8

2

 

6

7.

  Далалық стационарлық жағдайда  өсімдіктер мен жануарларды зерттеу

14

1

2

11

8.

 Далалық жорықтар мен саяхаттар

24

1

2

21

       Барлығы:

      68

14

 

10

44

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Жас қырандар » туристік-экологиялық клубының жылдық күнтізбелік жоспары                          (барлығы 68  сағат, аптасына 2 сағат)

Тақырыптың атауы

Жұмыс түрі

Сағат саны

Мерзімі

І- тоқсан

Туризмнің  туралы түсінік-3 сағат

1

Кіріспе.Үйірме мақсаты,міндеті және жылдық жоспарымен таныстыру

 

Әңгімелеу презентация көрсету(теория)

1

 

2

Туризмнің  Қ.Р. халық шаруашылығындағы  экономикалық және тұрғындардың денсаулығын нығайтудағы маңызы

Әңгімелеу презентация көрсету(теория)

1

 

3

Туристік маршруттарды белгілеу

Практикалық жұмыс өткізу

1

 

Жергілікті жерді кескіндеу  түрлері-4 сағат

4

Жергілікті жерде полярлық кескіндеу

Практикалық жұмыс өткізу

1

 

5

Жергілікті жерде маршрутты кескіндеу

Практикалық жұмыс өткізу

1

 

6

Жергілікті жердің топографиялық картасын жасау

Зерханалық жұмыс өткізу

2

 

Туристік құрал-жабдық түрлері мен техника қауіпсіздігі -4

7

Туристік құрал-жабдықтардың түрлерімен танысу және пайдалануды үйрену

Практикалық жұмыс өткізу

1

 

8

Саяхатқа шыққан кездегі техника қауіпсіздігі

Әңгімелеу презентация көрсету(теория)

1

 

9

Саяхатқа шығатын  топтың (команданың) құрамы , топ ішіндегі әрбір  топ мүшесінің міндеті

 Зерханалық жұмыс өткізу

1

 

 

Есеп беру

теория

1

 

ІІ- тоқсан

Саяхатқа шығатын  топқа арналған туристік ережелер-3 сағат

10

Саяхатқа шығатын  топтың жылжу кезіндегі ережелер

Әңгімелеу презентация көрсету(теория)

1

 

11

Табиғи ортада болған кездегі туристік этика

Әңгімелеу презентация көрсету(теория

1

 

12

Табиғат ортасында болғанда өзін-өзін ұстау стратегиясы

Әңгімелеу презентация көрсету(теория)

1

 

Табиғи және далалық жағдайдағы тактикалық жаттығулар -8 сағат

13

Табиғи және далалық жағдайдағы қиын шептерден өту тактикасы

Практикалық жұмыс өткізу

1

 

14

Табиғи және далалық жағдайда өзара көмекті ұйымдастыру

Әңгімелеу презентация көрсету(теория)

1

 

15

Табиғи және далалық жағдайда медициналық көмек көрсету

Практикалық жұмыс өткізу

1

 

16

Экологиялық мәдениет пен қоршаған ортаға көзқарас

Әңгімелеу презентация көрсету(теория)

1

 

17

Далалық жағдайда от жағудың тәсілдері, алау түрлері

Зерханалық жұмыс өткізу

2

 

18

Далалық жағдайда шатыршаларды( палаткалар) қою әдістемелері

Практикалық жұмыс өткізу

1

 

 

Есеп беру

 

1

 

ІІІ- тоқсан

Далалық стационар кезіндгі экстримальді жағдайларға бейімделу-8 сағат

19

 Қысқы және жазғы маусымдарда далалық жағдайда табиғи материалдардан түнейтін күркелер даярлау

Практикалық жұмыс өткізу

3

 

20

Далалық жорықтар кезіндегі оқыс жағдайлар

Әңгімелеу презентация көрсету(теория)

2

 

21

Далалық жорықтар кезіндегі оқыс жағдайларлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету

Практикалық жұмыс өткізу

3

 

Далалық стационарлық жағдайда өсімдіктер мен жануарларды зерттеу                    14 сағат

22

Далалық стационарлық жағдайда өсімдіктердің  кеппешөптер үлгілерін даярлау әдістемесі

Практикалық жұмыс өткізу

3

 

23

Далалық стационарлық жағдайда жәндіктер(насекомдар) жинақтамасын даярлау әдістемесі

Практикалық жұмыс өткізу

3

 

24

Экологиялық соқпақ пен оның маңызы

Зертханалық жұмыс

2

 

25

Табиғи ортада өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіне бақылау жасау

Сарамандық жұмыс

3

 

26

«Қызыл кітапқа» енгізілген жануарлар мен өсімдік түрлеріне сипаттама жасау

Сарамандық жұмыс

2

 

 

Есеп беру

теория

1

 

IV-тоқсан

Далалық жорықтар мен саяхаттар-24 сағат

27

«Қызыл кітапқа» енгізілген жануарлар мен өсімдік түрлерін бейнефильмге және фотосуретке түсіру

Далалық танымжорық (1күндік)

8

 

28

Далалық стационарлық жағдайда шатыр тұрғызу, от жағу, алау түрлері

Далалық танымжорық (1күндік)

8

 

29

Далалық жағдайда ас әзірлеу, ас мәзірі тәуліктік рацион

Далалық танымжорық (1күндік)

5

 

31

Далалық жорықтар мен саяхаттардан кейінгі материалдарды камералдық өңдеуден өткізу

Зертханалық жұмыс

2

 

32

Жылдық ғылыми есеп

Презентация көрсету(теория)

1

 

 

 

 

 

Клубтың рәміздері

 

       Клубтың ұраны:

 Өнерлі де елін сүйер ұландармыз!

 Білім шыңын бойлар ұшар қырандармыз!                          

       Клубтың әнұраны: «Туған жерім» әні

 

Туған жерім

            Әні мен сөзін жазған: Демчинов К.К

Туған жерім Алтай таудың етегінде

Балалық шақ барлық күндер әлі есімде

Әсем сұлу табиғаты туған жердің

Ұрпақтарың мақтанышпен паш етуде 3 рет

 

Қайырмасы

Ұмытпаймын туған жерді

Өнер сүйгіш думан елді

Қайда жүрсем әнге қосам бір өзіңді,

Туған жер деп ән салайын

Әр таң сенде қарсы алайын                                                                                                                                                                     

Жүрегімнен бір өзіңе ән арнайын.

 

Туған жерді таза алтынға бағаладым

Қаратайдай туған мұнда бабаларым

Қайда жүрсем туған жерім бір  өзіңді

Әңге қосар әнші сері балаларың 3 рет

Қайырмасы

 

                     Айшықты белгісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


10

            

 

Әдебиеттер тізімі

Мұғалім үшін:

1.Петин А.Н.: Экологические основы экскурсионной и рекреакционной деятельности. - Белгород: ИПК НИУ "БелГУ", 2012

2.Вампилова Л.Б.: Туристские ресурсы и туристско-рекреационное районирование Ленинградской области. - СПб: ЛГУ, 2011

3.Колбовский Е.Ю.: Экологический туризм и экология туризма. - М.: Академия, 2011

4.Комарова М.Е: Методологические подходы к оценке туристско-рекреационного потенциала: региональный аспект. - Белгород: ИПК НИУ БелГУ, 2011

5.Долженко Г.П.: Основы туризма. - М.-Ростов на/Д: Март, 2009

6. Сенин В.С. Введение в туризм. - М., 1993
7. Квартальнов В.А. Туризм. - М.: Финансы и статистика,
8.Ердавлетов С. География туризма Казахстана. – Алматы: Ғалым,
9.ҚР Туристік қызмет туралы заңы.–Алматы, 2001–36 б. 
10.Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2006-2009 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы. 

Оқушылар үшін:

1.А.Дүйсенбаев.”Отантану” курсы,”География және табиғат”журналы,№5-2003 ж.24-28 беттер

2.А.Айрамбаева.”Өлкетану”үйірмесі,”География және табиғат”журналы,№5-2006ж.69-72 беттер

3.Қазақ мәдениеті.Энциклопедиялық анықтамалық.Алматы:”Аруна Лтд”ЖШС,2005ж

3.Қазақ әдебиеті,Энциклопедиялық анықтамалық.Алматы:”АрунаЛтд” ЖШС

4.Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты, http://www.akorda.kz

                                                                   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

       1   Кіріспе

                2  Аңдатпа

3 «           3 Жас қырандар»   туристік-экологиялық клубының жүргізетін жұмыс

         бағдарламасындағы   білім мазмұны

      4 «Жас қырандар» клубының  оқу-тақырыптық жоспары

   5 «Жас қырандар»  туристік-экологиялық клубының жылдық күнтізбелік жоспары

      6  Клубтың рәміздері

      7  Әдебиеттер тізімі      

3 бет

4 бет

5-6 беттер

 

7 бет

 

8-9 беттер

10 бет

11 бет

 

 

Авторская программа экологического клуба

Авторская программа экологического клуба

Авторская программа экологического клуба

Авторская программа экологического клуба

Авторская программа экологического клуба

Авторская программа экологического клуба

Авторская программа экологического клуба

Авторская программа экологического клуба

Авторская программа экологического клуба

Авторская программа экологического клуба

Авторская программа экологического клуба

Авторская программа экологического клуба

Авторская программа экологического клуба

Авторская программа экологического клуба

Авторская программа экологического клуба

Авторская программа экологического клуба

Авторская программа экологического клуба

Авторская программа экологического клуба

Авторская программа экологического клуба

Авторская программа экологического клуба

Авторская программа экологического клуба

Авторская программа экологического клуба

Авторская программа экологического клуба

Авторская программа экологического клуба

Авторская программа экологического клуба

Авторская программа экологического клуба
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
12.12.2019