Қазақ халқының ұлттық киімдері
Оценка 4.6

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Оценка 4.6
Разработки уроков
docx
администрации
Взрослым
04.05.2017
Қазақ халқының ұлттық киімдері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшеліктері, түрлері, пайдалану және тұтыну ерекшеліктері туралы түсінік беру. Оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру, ойын, қиялын, тілін дамыту. Өз халқының салт – дәстүрін сыйлауға, құрметтеуге, мақтан етуге, өркендетуге тәрбиелеу. Сабақтың нәтижесі: Оқушылар қазақ халқының ұлттық киімдерінің түрлері туралы мағлұмат алады және оны пайдалану мен тұтыну ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастырып қағаз бетіне бейнесін түсіре алады. Сабақтың түйінді идеялары: Сабақтың әр кезеңдерінде оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру: Басты құзіреттіліктер: мәдениеттанымдылық, ақпараттық-технологиялық, метатанымдық, тұлғалық өзін-өзі дамыту. Негізгі құзіреттіліктер: денсаулық сақтау, жан-жақты мәдениеттілік Сабақтың әдіс-тәсілдері : Оқу-танымдық әрекеттерін ұйымдастыру әдістері (түсіндірушілік-көрнекілік: көрнекілік суреттер, иллюстрациялар, кестелер және тағы басқаларды көрсету). Репродуктивті (оқу және оқыту, үйрету және үйрену әрекеттері арқылы БББ меңгеруге мүмкіндік береді, білімдерін тәжірибеде пайдалану бойынша жетілдіру, алгоритм, бағдарламалау бойынша әрекет).І деңгей тренері А.Полатованың тәлім алушысы Н.Ауезовтың өткізген сабағы
Нарбек ағай қмж.docx
Қазақ халқының ұлттық киімдері Ауезов Нарбек Пернаханұлы М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі ОҚО, Арыс ауданы, Байырқұм ауылы Сабақтың тақырыбы:     Қазақ  халқының  ұлттық киімдері Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға қазақ халқының ұлттық киімдерінің ерекшеліктері, түрлері, пайдалану және тұтыну ерекшеліктері туралы түсінік беру.  Оқушылардың эстетикалық талғамын арттырып, ұлттық киім тарихын зерттеуге қызығушылығын арттыру, ойын, қиялын, тілін дамыту. Өз халқының салт – дәстүрін сыйлауға, құрметтеуге, мақтан етуге, өркендетуге тәрбиелеу.   Сабақтың нәтижесі:  Оқушылар қазақ халқының ұлттық киімдерінің  түрлері туралы мағлұмат алады  және оны пайдалану мен тұтыну ерекшеліктері туралы  түсінік қалыптастырып қағаз бетіне бейнесін түсіре алады.  Сабақтың түйінді идеялары: Сабақтың әр кезеңдерінде оқушылардың құзыреттіліктерін қалыптастыру: Басты құзіреттіліктер: мәдениеттанымдылық, ақпараттық­технологиялық, метатанымдық,  тұлғалық өзін­өзі дамыту. Негізгі құзіреттіліктер: денсаулық сақтау, жан­жақты мәдениеттілік Сабақтың әдіс­тәсілдері : Оқу­танымдық әрекеттерін ұйымдастыру әдістері (түсіндірушілік­көрнекілік: көрнекілік суреттер,  иллюстрациялар, кестелер және тағы басқаларды көрсету).     Репродуктивті (оқу және оқыту, үйрету және үйрену әрекеттері арқылы  БББ меңгеруге мүмкіндік береді, білімдерін тәжірибеде пайдалану бойынша жетілдіру, алгоритм, бағдарламалау бойынша әрекет).     Сыныбы: 6  "Ә" Сабақтың кезеңдері  Уа­ қы­ ты 10 м Ой шақыру Мұғалімнің іс­әрекеті Оқушының іс­әрекеті  1. Сәлемдесу. 2.Жағымды психологиялық ахуал  қалыптастыру. 1.Мұғаліммен сәлемдеседі. 2. Жақсылықты үйреніп     Боламыз біз жақсы адам Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау Қолданыла­ тын ресурстар Плакат Көңіл­күйіміз жақсы. Барлығыңызға  сәттілік тілейміз!     Жамандықтан жиреніп     Үлгі аламыз жақсыдан 3. Сыныпты сурет (пазл)бойынша 4 топқа  бөлу.  3. Ұлттық киімдер бейнеленген  суреттері бар пазл арқылы топтарға  бөлінеді Пазл    Формативті бағалау БББ кесте 4. Білемін. ­Қазақтың ұлттық киімдері. Мұғалімнің сұрақтарына топпен  жауап береді.  Оқушылар жеке отырып  сыни  тұрғыда ойлана отырып, кестені  толтырады 4. БББ кестесін  толтыру. ­ Балалар сендер құрастырған суреттеріңде не бейнеленген?  ­ Бұл ұлттық киімдер туралы не  білесіңдер? ­Ұлттық киімдерге қандай киімдер жатады? ­Неге олар ұлттық киімдер деп аталады? ­Ұлттық киім несімен ерекшеленеді? Білемін кестесін толтыруға нұсқау беру. Білемін. Білдім Білгім  келеді. Мұғалім өткен тақырыппен байланыстыра  отырып, оқушыларды сын тұрғысынан  ойландыратын сұрақтар қойып,  киім  туралы мағлұмат береді. ­Қазіргі таңда қай стильде және қалай  киім киеміз?  ­Талғаммен киіну үшін не істеуіміз керек? ­Жұмыс орындарында қандай киім киеді? ­Спортқа байланысты киім киіле ме және  қалай , қандай киім киіледі? ­Ал мектепте қандай киім киеміз? Заман талабына сай европалық киім  үлгісінде киім киеміз.Соңғы жылдары жастарға арналған киімге ерекше  назар аударылып жүр. Оны жас  жігіттер мен қыздардың өмір салтына  үйлесімді болу керек. Қазіргі кезде  жастардың киімі ашық түсті, сәнді. Талғаммен киіну үшін стильден  қалмау, өз тұлғасының  ерекшеліктерін ескеру жеткіліксіз.  Бұған қоса қай жерде не кию керек  екенін біліп, жас ерекшеліктермен  санасу керек. Жұмыс киімі жұмыстың сипатына сай келіп, қолайлы, ыңғайлы, қарапайым  болу керек. Спорт киімі қолайлы, жеңіл және  әдемі болумен бірге, оның үстіне  дененің температурасын реттеп те  отыра алатын болуға тиіс. Мектептерде барлық оқушылар киіп  жүруге міндетті мектеп формасы  болады. Мектеп формасы –  тәртіптіліктің және ұжымға деген  құрметтің айғағы, сондықтан оны  мектептегі салтанаттарға да киіп,  ұқыпты ұстау керек.  БББ кестесі ббойынша "Білгіміз  келеді" бағанын толтыру. ­Жақсы балалар, киім түрлерін ажырата  білдіңдер. «Адам көркі – шүберек, ағаш  көркі ­ жапырақ» демекші балалар, бүгін  бізде ерекше сабақ қазақ халқының ұлттық  киімдерінің түрлерімен танысамыз. ­ Ал осы ұлттық киімдер туралы бүгінгі  сабақта не білгілерің келеді? ­ Олай болса бүгінгі сабағымыздың  мақсаты да анықталды. Ойлан, жұптас ,талқыла. Оқулықпен, дәптермен жұмыс.  Берілген тапсырма бойынша ой  қорытып жұпта, топта талқылайды  және де әрқайсысы жеке сурет  дәптерлеріне тақырыпқа байланысты  долбар сурет салады, оны әшекейлеп,  тақырыпқа байланысты салынған  суреттерін көрсетіп қорғайды. 1­ топ: Ұлттық киімдердің  түрлері  сыртқы, іштік киімдері туралы не  білесіңдер? 2­ топ: Киім әшекейлері мен әлеуметтік  дәрежесі туралы не білесіңдер? 3­ топ: Ұлттық киімдердің түрлері бас  және аяқ  киімдер туралы не білесіңдер? 4­топ: Біздің ұлттық киімдеріміздің  негізгі түрлеріне байланысты қандай   салт­дәстүр, ырымдар бар? Жұптасып сурет салу стратегисы.  20 м Мағынаны  тану 2 м Сергіту Қазақ халқының ұлттық киімдерінің   түрлері туралы мағлұмат алағымыз  және оны пайдалану мен тұтыну  ерекшеліктерін білгіміз келеді.  Оқушылар салған суреттерін  әшекейлейді. Жеке, жұпта,топта талқылап,сыныпта қорғайды. Формативті  бағалау. Бас бармақпен  бағалау. Плакат Бұл стратегияда әр топ сурет салады. АКТ Ол үшін оқушылар сөйлемеу керек.  Жалпы жұмыс барысында мына  ережелер сақталады.  1.Идеялар қайдан келді, қаламды  ұстаған кім.  2. Суретті кезекпен салдыңыз ба?  3. Кімнің кезегі келгені қалай  шешілді?  4. Келісімге келу жолын баяндап  беріңіз.  Әр жұптан бір лидер шығып салынған сурет бойынша жоғарыдағы  сұрақтарға жауап береді.  Топбасшының  бағалауы,  мұғалімнің бағасы. А4 парағы Білдім қатарын толтырады БББ кестесі 8 м Ой толғаныс Бұл стратегияның мақсаты: жұптағы  адамдар бірін­бірі түсініп, ынтымақтасып  жұмыс жасай білу.  1.«Еркін ой» стратегиясы. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не  үйренгенін, нені әліде біле түсу керек  екенін т.б. өз пікірлерін қағаз бетіне  түсіруді тапсырады.Жазуға уақыт беріледі. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз  жазғандарымен топ мүшелерімен  таныстырады. Ең жақсы деп танылған  жұмысты ұжымда оқуға болады.  2.БББ кестесінің "Білдім" қатарын  толтыруға тапсырма береді. ­ Сонымен балалар біз бүгінгі сабақта өз  мақсатымызға жеттік пе? Жеткен болақ бүгін не білгенімізді БББ кестесінің  "Білдім" бағанына жазамыз Қорыту: " Біз кешегі бабаларымызбен  ғана емес, бүгінгі бағамызбен, ертеңгі  шамамызбен де мақтана алатын ұлт  болуды ойлауымыз керек                                                Н.Назарбаев. 2 м Бағалау Топ басшысы қойған бағасымен  таныстырады.  Табыс кртерийі Критер ийлер  Топ  мүшеле рі  Идеял арды  ұсыну  Жолдас тарын  топ  жұмыс ына  жұмылд ыру  Идеяла рдың  дербес тігі  Сұ рақ қо ю  Сұрақ тарға  жауап  беру  Жа лпы бал л  Белс енді  түрд е  тың дау  Критерийалды  бағалау А 4 парағы 1 м 2 Үйге  тапсырма Кері  байланыс Қазақтың ұлттық киімдерін бейнелеп келу Блоб ағашы бойынша оқушылардан кері  байланыс алу. Топ басшысы:  Күнделіктеріне жазып алады Күнделік Формативті баға Блоб ағашы Мұғалім  Ауезов  Н.П Оқушылар сабақ барысында өздерін  қай деңгейде екенін бояп бейнелеп  береді Рефлексия: Біздің өз мектебімізге өзгеріс енгізу барысында кейде кедергілерге кездесіп, тығырыққа тығылар кездеріміз де баршылық. Ол  кедергілердің себептері де түрлі екенін білеміз.  Менің оқыту тобымдағы Нарбек ағаймыз 37 жылдық еңбек өтілімі бар, бейнелеу пәнінің  мұғалімі, әрі оқу ісінің меңгерушісі .Маған ағай әр коуч сессиясында сіздердің жұмыстарыңыз қойылымға ұқсайды, сергітуде шошаңдатып  билетудің керегі не, психологиялық ахуалға уақыт бөлудің керегі не, сабақта балалардың шулап отырғаны ұнамайды, мұндай сабақтан  нәтиже бере алмайсыздар, білім сапасы құр сөзбен, қоқсыған қағазбен көрсете алмайсыздар деген пікір айтатын.Ол кісінің бұл пікірі басқа  мұғалімдерге де кері әсерін тигізіп, маған ары қарай жұмыс жасауыма кедергі келтіретін. Сонда мен өз мақсатыма жету үшін Конфуция  айтқандай маған айтсаң ұмытамын, көрсетсең орындаймын, өзіме істеуге мүмкіншілік берсең өмірде пайдаланамын деген қағидасын  басшылыққа ала отырып, ол кісіге әрине теория жүзінде түсіну мүмкін еместігін айтып тәжірибе жасап жаңа форматтағы сабақ үлгісімен сабақ өтіп көруін ұсындым. Ағай бірден келісе қоймады. Мен де оның келісімін күтуден шаршамадым. Сонымен қатар мен ол кісіге алдын  ­ала тәлім алушыларым мен коучерлерімнің сабақтарына қатысып әдістерді қалай қолдану керектігін де көріп алуын айттым. Ағай сабақтарға  қатысып көрді, сонда да бет алмады.  Маған Алланың көмегі келді деп ойлаймын, мектепте бейнелеу өнері апталығы өтіліп жатты. Ағай бір  күні мен бір ашық сабақ өуім керек еді жәрдем бер деп алдыма келді. Екеуіміз жоғарыдағы сабақты бірлесе отырып жоспарладық. Ағай бұл  қалай болады жарайды өтіп көрейін не болса да іс­жүзінде түсінермін деп, сабқты өтті. Ағай мен оқушылардың сабақтан кейінгі алған  әсерлерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін болмады. Мен ол кісінің жүзінен бал­бұл жанған отты көрдім. Айнұр мен енді бәрін түсіндім деді. Ол  кісі сабақ өткеннен кейінгі сұхбатымызда әрбір кезеңге жеке тоқталып өзінің кемшіліктерін де жетістіктерін де баяндап берді. Уақыттан  ұтылмау үшін кейбір сәттерді жылдамдатқанын да, тәсілдер мен тапсырмаларды  көп алып қойғанын да атап өтті. Сонымен қатар ол кісі  біздің мектептің  парталары топтық жұмыста оқушыларға үлкен кедергі келтіреді екен, келешекте дөңгелек үстел жасап, бір кабинет жасап  қойсақ деген өз ұсынысын білдірді. Бұдан мен ол кісіге ой тастағанымды өзгеріс жасауға жол салғанымды түсіндім. Негізінде 37 жыл стажы  бар, өзіндік ұстаным бар, оның үстіне оқу ісінің меңгерушісі болып 30 жыл жұмыс жасаған мұғалімнің тәжірибесіне өзгеріс жасау оңай шаруа  емес. Ал мен үшін бұл үлкен жетістік болды. Жоғарыда ағайдың өткен алғашқы ашық сабағы. 1.Қазақтың ұлттық киімдері Киім – адам денесін ауа райының, қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайтын бұйым. Олардың бәрі де адамдардың ақыл­ойы мен эстетикалық талғамының, еңбегінің  жемісі. Адамзат палеолит ­ тас дәуірінде­ақ тігіссіз байланатын лыпа киімдерді пайдаланып, сүйек ине, сүйек бізді қолдана отырып тері және тоқыма киім­кешек жасауды  үйренген. Ал енді неолит дәуірінен бастап өру, иіру, тоқу кәсібі өмірге келіп, иықтан, мықыннан киілетін киім түрлері пайда болды. Қазақтардың қазіргі киімдерінің көбісі сақ дәуірінен бастау алады. ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары Ойыл мен Сағыз бойын мекендеген қазақтардың киім­кешегін палеоэтнологиялық деректермен  салыстыра зерттеген С.И.Руденко, тіпті күпінің қазаққа, оның ата­бабасына кем дегенде екі мың жыл бұрын белгілі болған киім үлгісі екенін дәлелдеп берді. Негізінен,  қазақ киімдерін кеңінен зерттеу Қазан революциясынан кейін ғана қолға алынды. Киімнің негізгі түрлері Қазақтың ұлттық киімдері негізінен мынандай түрге бөлінеді: іштік киімдер, сыртқы (өң) киімдер, сулық киімдер, ерлердің бас киімдері, әйелдердің бас киімдері, аяқ  киімдер. Бұларға мынандай киімдер жатады: Іштік киімдер: Бешпент, дамбал, жейде (көйлек), қамзол, күрте, (желетке), шалбар. Сыртқы (өң) киімдер Жадағай шапан, жарғақ, күпі, сырмалы шапан, тайжақы, тон,  шапан, шидем, ішік, қолғап. Сулық киімдер: Аба, кебенек, кенеп, сырттық, шекпен. Ерлердің бас киімдері Башлық, бөрік, далбай, жалбағай, жекей тымақ, күлпара, қалпақ, құлақшын, малақай, мұрақ, тақия, тымақ, шалма. Әйелдердің бас киімдері: Бергек, бөрік, жаулық, желек, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі. Аяқ киімдер:Кебіс, көк етік, мәсі, мықшима, саптама етік, шоңқайма. Киімдердің әлеуметтік дәрежесі Ұлттық киімдеріміз пайдалану, тұтыну ерекшеліктеріне қарай күнделікті, сәндік киімдер, жыл мезгілдеріне байланысты қыстық, маусым аралық, жаздық, күздік киімдер  болып бөлінеді. Жас және жыныс ерекшеліктеріне сәйкес мынандай түрлерге жіктеледі: сәби киімі (иткөйлек, сылау тақия), бала киімі (кепеш, малақай, құлақшын, жейде,  дамбал, шалбар, етік, бешпент, шапан), бозбала киімі (тақия, етік, жейде, шалбар), бойжеткен киімі (желбіршекті көйлек, тақия, кәзекей), қалыңдық киімі (сәукеле, желек), келіншек, бәйбіше киімі (көйлек, кимешек, жаулық, қамзол, кебіс, мәсі, көкірекше), күйеу, жас жігіт, ақсақал киімдері (шапан, ішік, бешпент, сырма шалбар, ақ жейде,  дамбал, саптама етік, кебіс, мәсі). Әлеуметтік дәрежесіне, қызметіне байланысты ұлттық киімдер мынандай да топқа бөлінеді: жоғары текті қазақтардың киімі, сал­серілер киімі, сән­салтанат киімдері,  ұлттық ойын­сауық, жарыстарда киетін киімдер, ғұрыпты киімдер, қазақтың неке киімдері, күйеу жігіт киімі, қалыңдық киімі, дінге байланысты салттық және ғұрыптық  киімдер, діндарлар киімі, жерлеу рәсіміне байланысты өлікке кигізілетін киім, аза тұтушылардың қаралы киімдері, қазақтардың ертедегі сулық және кәсіптік киімдері,  малшылар киімі, аңшылар киімі, батырлар киімі және т.б. Біздің арнайы зерттеп, пайымдағанымызда білгеніміз: қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері мен атауы көп. Тіпті  киімдерді ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз үлгілері деп те танып жатады. Сондай­ақ, кейбір киімдер ру, тайпа аттарымен де былайша аталып, танылады: қыпшақ тымақ, арғын  тымақ, найман тымақ, адай бөрік, қызай бөрік т.с.с. Қазақтың ұлттық киімдерін географиялық аймағына қарай Жетісу үлгісі, Арқа үлгісі деп те атау кездеседі. Бір қатар  қазақ киімдерінің үлгісіне көршілес орыс, тәжік, қырғыз, түркімен халықтарының киім тігу мәнерінің де әсер еткені мәлім. Ал енді көне ғасырларда пайда болған қазақтың көптеген киім түрлері мен үлгілері бізге жеткен жоқ. Киізден жасалатын киімдер 1. Байпақ. 2. Кебенек. 3. Киіз етік. 4. Киіз қалпақ. 5. Пима. Теріден жасалатын киімдер Сырт киімдер: Аба; Бота ішік; Жарғақ; Тайжақы; Тақыр шалбар; Тон.  Бас киімдер: Бөрік; Құлақшын; Малақай; Тақия; Тымақ.  Аяқ киімдер: Кебіс; Мәсі; Мықшима; Саптама етік; Шарық (Шо­қай); Шоңқайма. Жүннен жасалатын киімдер Жабағы күпі; Жадағай шапан; Жүн қолғап; Жүн шұлық; Мойынша; Түйежүн далбағай; Түйе жүн кеудеше; Шекпен; Шидем шекпен. 2.Біздің ұлттық киімдеріміздің негізгі түрлеріне байланысты арнайы салт­дәстүр, ырымдар бар. Ұлттық киімдерге байланысты салт­дәстүрлер мен ырымдар Бас киімдер бойынша Тымақ. Ол қасиетті баскиім саналады. Оны айырбастамайды, аяқ тигізбейді. Қазақта шала туған баланы тымаққа салып асырайтын дәстүр бар. Біреуге бас ұрғанда да аяғына тымағын тастайды. Тымақ тастап кешірім сұрау бітімге шақырудың ең үлкен белгісі. Бас киімге қауырсын тағу «Алтын Адамның» бас киіміне де төрт алтын қауырсын ілінген. Тамғалы тастағы суреттерде де қауырсынды баскиім киіп, малдас құрып  отырған адам бейнеленген. Баскиімге қауырсын тағу көп халықта бар. Ол мифтік наным бойынша жердегі адамның рухтық болмысының аспан әлемімен байланыста екендігін танытады. Жаулық. Оған қатысты арнайы заң жолы, салт бар. «Жеті жарғы» бойынша қылмыстық, бұзақылық  істе ол үшін кімге, кімнің құн төленетінінің орнына «сары жаулық» жүрген. Бұл жаулық құн төлеуге келіскендікті білдіреді. Күйеуі өлген әйел өзінің қаралы екендігін таныту үшін бір жыл бойы сары жаулықты тағып жүретін болған. Баскиімге қатысты тыйымдар Баскиімді іліп қояды, кез – келген жерге тастай салмайды, астыға басып отырмайды. Олай жасаса, бастан бақ таяды. Ер адам әйелдің  жаулығын басына салмайды. Олай жасаса, еркектіктен айырылады. Қыз бала басына ақ, қара орамал тартпауға тиісті. Ақ – жаулықтың, қара –  қайғының белгісі. Жалаңбас отырып бала емізбейді, ас – су әзірлемейді. Баскиімнің төбесін басып кимейді, оны айырбастамайды, ешкімге  сыйламайды, сатпайды. Тек сыйлыққа киілмеген, жаңа баскиім алып беруге болады. Сырт киімдер бойынша Ішік. Қазақ салты бойынша, қасқыр ішікті жиырма беске толмаған жастар кимеуге тиіс. Өйткені қасқыр ішік жас адамның жалыны мен тері  қызуын тұмшалап, оны ауруға ұшыратуы мүмкін. Екі адам боранда адасып кетіп, қасқыр ішікті аман қалып, қасындағы адам үсіп өлсе, оның  туған – туыстары аман қалған адамнан құн даулауға құқылы. Себебі, бір қасқыр ішік екі адамды суықтан қорғап қала алады. Мұның бәрі дала  заңында бекітілген тәртіп. Ішік қазақта сый – сияпат, киіт орнына жүрген. Шапан. Қазақтар оны «жағалы киім» ретінде бағалайды. Адамға «шапан кигізу», «иығына шапан жабу» – үлкен құрмет. Бұрындары хандар  батыр, би, жақсы – жайсаңдарына дәреже бергенде соның белгісі ретінде арнайы тіктірткен шапанды олардың иығына жапқан, түрлі  мемлекеттік қатынастарды бекіту белгісі ретінде де шапан жіберетін болған. Қазақта ат мінгізіп, шапан жабу дәстүрі қазірде бар. Ханның өзі  киген шапанын сыйға алу – қазақ халқында үлкен мәртебе. Жейде. Ұзақ жасаған, халқына өте қадірлі болған, бақытты тұрмыс құрған қариялардың жолын берсін деп, олардың жейде – көйлегін сұрап  алып, ырымдап киген. Мұндай киім өте тозыңқы болса, оны алғысы келгендер көбейіп кетсе, әлгі киімді бұзып, кішкентай беторамал  көлемінде тәбәрік деп бөліп алған. Қариялар бұрындары көп бала тапқан әйелдердің бұт киімін бала көтермеген әйелдердің сұрап, қалап  алғанын да айтады. Әйел босанарда толғағы жеңіл болсын деп көйлегінің шетін де жыртып, «жол ашу» ырымы жасалатын көрінеді. Шалбар.  Қазақтар шалбар мен етікті отырып киюге тиіс. Оларды соғыс кезінде ғана тұрып киген. Ұл тапқысы келген әйелдің еркектердің қару –  жарақтарын, шалбарын басына жастап жататын, қыз тапқысы келген әйелдің қызыл ала шыт, әйелдің жүзігін, сырға, алқа тәрізді әшекейлерді  басына жастап жататын ырымы ерте кезден келе жатқан наным – сенім. Сырт киімдерге қатысты ырымдар мен тыйымдар Баланы бесікке салғанда бесіктің үстіне жеті түрлі сырт киімдерді (шапан, тон т.б.) жабатын ырым бар. Киімнің жағасын баспайды. Ол  жамандық шақыру. Киімді бисмилла деп оң қолдан, оң аяқтан бастап киеді, сол аяқтан, сол қолдан бастап шешеді. Киімді желбегей жамылуға  болмайды. Өйткені аруақтар ғана (мүрделер) жеңсіз кебін киеді, кебінін желбегей жамылып үйге кіреді, екі қолы жоқ адам да киімді желбегей жамылады. Тозбаған киімді тастау да – жаман ырым. Неке киімдеріне қатысты салт – дәстүр Сәукеле. Оны қыз ұзатыларда әкесінің үйінде, оң жақтағы үкілі тақиясының орнына кигізеді. Келін болып түскеннен кейін сәукелені шешіп  алып қояды да жас келін бір жыл бойы желек жамылып жүреді. Орамал. Ұзатылған қыз өзіне таяу сіңлісіне басына тартатын орамалын береді. Бұл «ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап» деген тілек. Мұны  «шарғы салу» деп атайды. Той киіміне қатысты ырымдар мен тыйымдар. Жаңа түскен келіннің бетін тобылғы сапты қамшының басына қызыл торғын орамал байлап ашатын дәстүр бар. Бұл – «келіннің беті айдай  жарық болсын, жемісті ағаштай ұрпағы көп болсын» деген ырым. Күйеу жігіт қалыңдығын алып бара жатқанда оның етегінен басып, шапанын  алып қалады. Бұл күйеу бала киімін жаңаласын, өмірі ажарлансын деген ғұрып. Жаңа түскен келін киімін тектен­текке қысқарта беруге тиісті  емес. Олай жасаса, нәрестесінің кем болып тууы мүмкін. Сәбилер киімдеріне қатысты ырымдар мен тыйымдар Бойына бала бітпеген әйел баланың иткөйлегін қалап алады. Иткөйлекті аяқ асты, далаға тастамай, қастерлеп сақтайды, кім көрінгенге  бермейді. Оның сыры, қазақтар иткөйлек баланың бақытын сақтайды, сәбидің бақыты иткөйлек киген күннен басталады деп сенеді. Аяқ киім бойынша Кебіс. Ол «табандық киім». Даладан үйге кірген адам қалыптасқан ғұрып бойынша кебісін шешіп, оң жақ босағаға  қатарластырып, тұмсығын отқа, сірі өкшесін іргеге қаратып қоюға тиісті. Аяқ киімге қатысты ырымдар мен тыйымдар Аяқ киімді төңкеріп қоймайды, теріс кимейді. Олай жасаса, адамның жолы болмайды. Қазақ аяқ киімнің табанына қарамайды, егер табанына  көзі түссе үш мәрте түкіргені жөн. Себебі аяқ киімнің баспайтын заты жоқ. Аяқ киімнің табанына қараған адамның көзінің ұшынуы мүмкін.  Жорықта басқа жастанатын ешнәрсе болмағанда етігін жастанып жатады. Өйткені, «Етік жолға бастайды, шалбар (жастансаң) сорға  бастайды». Сұқ тиген баланы ұлтарақпен үш мәрте ұрып, ұшықтайды. Жаңа ұлтарақты аяқ киімге салғанда алдыңғы жағының басын бойлата  тіліп, иесіне «жолын ашу» ырымын жасайды. Киімге қатысты тыйымдар мен ырымдар : 1. Киім кию оң қолдан басталады. 2. Киімді желбегей жамылып жүруге болмайды. 3. Көпшілік алдында жалаңаш­жалпы жүруге болмайды. 4. Өте ұзын немесе өте қысқа киім киюге болмайды. 5. Киім киюдің алдында оны сілку керек.  6. Қыздарға ер баланың киімін киюге болмайды.  7. Шалбарды және етікті отырып киеді. 8. Киімнің жағасын басуға болмайды.  9. Жастық орнына шалбарды жастауға болмайды.  10. Бас киімді тебуге, лақтыруға, теріс киюге болмайды. 11. Бас киімді босағаға емес, төрге іліп кояды.  12. Аяқ киімді төңкеріп қоюға, теріс киюге болмайды. 3.Ұлттық киімдердің түрлері Бас киімдер XIX ғасыр мен XX ғасырдың бас кезіндегі қазақтың ұлттық киімдеріне зерттеу жүргізген И.В.Захарова мен Р.Р.Ходжаева ер  адамдардың бас киімдерін 6 топқа бөледі. Олар мынандай: 1. Дөңгелек, жеңіл, өзін сырып, кестелеп матадан тіккен және қалпақ, тымақ астынан киетін кішігірім бас­ киім – тақия.  2. Матадан тігілген кішкентай, етегі терімен көмкерілген баскиім – төбетей.  3. Киізден тігілген баскиім – қал­пақ.  4. Қалың матадан тігілген башлық (күләпара).  5. Тері қапталған жылы баскиім – бөрік.  6. Аң терісінен жасалып, суықта киетін баскиім – тымақ.  Ерлердің бас киімдері  Тақия – шағын сәтен, шұға, барқыт тәрізді маталардан тігіледі. Ол зерлі, үкілі, оқалы, сырма, шошақ төбе, тікше, қатипа тәрізді бірнеше түрге  бөлінеді. Қытайдағы Шыңжан қазақтарының найман тайпасындағы қызай руында «Қызай тақия» бар. Қалпақ – ақ киізден, қалың матадан жасалады. Ол биік төбелі болып келеді. Қойдың ақ жүнінен, қозының ақ күзем жүнінен, ешкінің ақ түбітін  қосып басқан шымыр киізден тігеді.  Мұрақ – екі жағы қошқар мүйізді, лауазымды адамдар киетін қалпақ. Оны сән – салтанатқа киеді. Тымақ – аңның, малдың терісінен тігілген қысқы баскиімдердің жылысы. Биік төбелі, маңдайы, екі құлағы бар, артқы етегі желке, жотаны  жауып тұрады.  Вл. Плотников 1859 – 1862 жылдары тымақтың 15 түрі туралы жазған. Олардың бізге жеткен кейбір түрлері мынандай: жаба салма тымақ;  қайыр­ма тымақ; дөңгелек төбелі тымақ; шошақ төбе тымақ; жекей тымақ. Құлақшын – бағалы аң терілері мен бұзау, құлын, қозы – лақтың бұйра терісінен (елтірі) тігіп, киеді. Қысқы баскиім. Малақай – аң терісі мен елтіріден арасына жүн, мақта салып, сырып тігеді, оны кейінгі кезде қыздар да суыққа киіп жүр. Бөрік. Оны ерлер мен бірге қыздар да киеді. Сырты мақпал, пүліш, бар­қыт тәрізді қымбат маталардан жа­салатын баскиім. Жиегіне қымбат  бағалы аң, мал терісі ұсталатын бөрік­тің жазғы, қысқы түрлері бар. Төбесі көбінесе, төрт сай немесе алты сай болады. Қыздар киетін бөрік  дөңге­лек төбелі конус тәрізді биіктеу. Сал­серілер бөріктеріне үкі таққан. Жалбағай, башлық, далбай, күләпара. Бұлар қазіргі кезде ұшы­распайды. Оларды тымақ тәрізді етіп қалың не жұқа ақ киізден тіккен. Бір­ біріне ұқсас баскиімдер. «Күлә» парсы тілінен аударғанда баскиім деген мағынаға ие. Матадан астар салынып тігілетіні – күләпара, қысқа  киетін түрі – жалбағай. Жалбағайды тымақ сыртынан да киген. Түйе жүн далбағайды ертеде түріктер «башлық» деп атаған.  Әйелдердің бас киімдері Қазақ әйелдері жасы мен отбасы жағдайына байланысты өзіндік ерекшелігі бар баскиімдер киген. Олар­дың жазғы, қысқы түрлері болады.  Әйелдердің негізгі баскиімдері: бергек, бөрік, жаулық, желек, жырға, кимешек, күндік, орамал, қарқара, сәукеле, тақия, шәлі (жібек, шілтер,  оюлы ж.т.б.). Тақия. Оны қымбат матадан тіккен. Бұл ерлер тақиясынан басты ерекшелігі. Қыздардың тақиясы міндетті түрде үстіндегі қамзолға,  бешпентке сәйкес келуге тиісті. Етегі, жоғары бөлігі алтын немесе күміс паршамен оюланып, сәнді жіптермен тақияға зер төгіледі. Қазақтың  «үкі­дей үлбіреген», «тотыдай таранған» деп қыздарды әспеттеуі содан шық­қан тәрізді. Қыздар кепеші. Қабырғасы биік, төбесі дөңгелек, ою­өрнектермен, мон­шақ, асыл тастармен безендірілген сәнді баскиім. Сораба. Тақия тәріздес. Артында салпыншағы бар. Қыздар тіл­көзден аман болсын деп, оларға ырымдап кигізеді. Жырға. Асыл тастармен, ақық моншақпен көмкерілген сәнді баскиім. Бөрік. Аң терісінен тігіледі, жиегіне жұрын жүргізіледі. Жұрындалған терісіне сәйкес бөріктің мынандай түрлері бар: алтай қызыл бөрік, қам­ қа бөрік, қазақы бөрік, қарқаралы бөрік, құлын бөрік, құндыз бөрік, құ­райыш бөрік, құс бөрік, мари бөрік, нар өркеш бөрік, ноғай бөрік,  оқалы бөрік, сәукеле бөрік, шеркеш бөрік, шоқты бөрік, шоппаш бөрік т.б. Қарқара. Биік төбелі, милығына айнала құндыз тұтады. Маңдай тұсын жоғарыдан төмен қарай үш­кілдеп жырға тігеді. Оған құтанға, тырнаға  ұқсас сұңғақ, сымбатты құс – қарқараның қауырсыны қадалады. Бұл қыз баланы пәле­жаладан сақтап жүрсін деген ырым бойынша жасалады. Кимешек. Жас келіншектерден бастап егде әйелдерге дейін киетін дәстүрлі ұлттық баскиім. Ақ матадан, жібек матадан тігіп, әртүрлі  әшекеймен безендіріледі. Қазақтың салт­дәтүріне сәйкес жас келіншек балалы болғаннан кейін кимешек киюге тиіс. Төменгі бөлігі – кимешек, жоғарғы бөлігіне жаулық оралады. Кимешек кеудені, иықты, жонды жауып тұрады, бет­әлпеті көрінетін жері ойық келеді. Шылауыш немесе жаулық. Ақ түсті матадан немесе жібектен тігіл­ген жаулықты егде әйелдер басына орап киеді. Жаулық әр руға байланысты әрқилы аталады. Шығыс Қазақстанда матаның көлеміне қарай оны шаршы деп, Жетісу, Алтай өңірінде шылауыш деп атап, аналарды «ақ  жаулықты аналар» деп ардақ­тайды.  Орамал. Ол пішіміне сәйкес шаршы, қиықша болып бөлінеді. Орамалды (парсы, араб, румал) жаулық деп те атаған. Арзанқол матадан да,  қымбат матадан да жасайды.  Жібектен шашақтап тоқылғаны – «бөртпе». Жібектен, матадан шашақталмай, қалыңдау келген түрі – салы.  Торғын тектес, үлпілдек, жұмсақ матадан немесе ешкі түбітінен жа­салған түрі –шәлі.  Түйе, ешкі түбітінен тоқылғаны – бөкебай.  Ақ матадан тігілгені – шаршы шыт.  Қасаба. Ол қыз тақиясының бір түрі. Үшкірлеу төбесіне бір шоқ қау­ырсын қадайды, маңдай тұсына түгелдей алтын, күміс әшекейлер тағады.  Қыздар үйлену тойында қасабаны сәукеле орнына да киген. Кү­рең, көгілдір түсті жібек, ши барқыт, пүліш, дүрия, шұға, парша сияқты  маталардан тігеді. Сәукеле. Қалыңдықтың ұзатылу тойында киетін сәнді баскиімі. Зере. Өзі ұзын, іші қуыс, сәукеле­мен бірге киетін бас киім. Ертеде бір қабат киім сыртынан киетін сауытты да «Зере» деп атаған. 4.Баскиім әшекейлері Жырға – түріктерге парсы тілінен енген сөз. Ол «Баскиімге қадайтын құс қауырсыны немесе әшекей» деген мағынаны білдіреді. Дулығаның  артынан (мойынды қылыш кеспес үшін) қаптап қоятын зат, баскиімнің артқы жағы. Қазақта жырға мынандай үш түрлі мағынада: 1. Құс қауырсыны. 2. Алтынды, асыл тасты баскиім әшекейі. 3. Бас киімнің өзі.  Жырға – 1. Асылтас, моншақтар тізіп, көз салпыншақты етіп жасал­ған әйелдердің баскиімі. 2. Ертедегі қазақ әйелдерінің баскиім әшекейі.  Көз отаға – ер адамның бас киіміне қадайтын меруерт асыл тас. Оны бұрындары лауазымды адамдар ғана таққан.  Қолазы – сал­серілердің бөркіне қадайтын үкі қауырсынын ораған әшкей. Оны қозалы үкі деп те атайды.  Маңдайша – сәукеленің маңдайы­на тағатын асыл тасты күміс әшекей.  Сәукеленің сырғасы – салпын­шағы мол, өзі ұзын да ауыр, салтанатты кездерде ғана байлайтын әше­кей (сырға).  Талмоншақ – тақияға, сырт киімге бірнеше қатар етіп тағылатын моншақ.  ана – дөңгелек пішінді асыл тасты күмістен не таза күмістің өзінен жасалған түйме тәрізді зат. Оны танакөз деп те атайды. Қыздар тақиясына,  бөркіне, омырауына, жағасына тағады.  Төбелдірік – сәукеленің төбесін­дегі тәж тәрізді әшекей бергек.  Былқылдақ – үлкен моншақ, маржан. Оны әйелдердің баскиіміне та­ғады. Есектас – көз тимесін деп жас ба­лалардың бөркіне тағатын жонынан қырланған көк тас, әшекей.  Шеттік – кимешек жағына қадай­тын күміс.  Шоқ – алтын әшекей, асыл тас. Оны баскиімге тағады.  Шырмауық – ілгекті оқа, әше­кей, металл ілгекті баскиім әшекейі.  Шытыра – асыл тасты не тассыз күміс әшекей.  Оны баскиімге, омырауға, аяқ киімге қадайды.

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері

Қазақ халқының ұлттық киімдері
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
04.05.2017