«Қазақ тілі » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Оценка 4.8
Контроль знаний
docx
чтение
5 кл
25.10.2017
Тапсырма
• Мәтінді оқып шығып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан- жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
• Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысыңыз, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
1-мәтін
Ағылшын тілінің мамандық үшін маңызы
Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан еді. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едім. Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді.Тапсырма
• Мәтінді оқып шығып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан- жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
• Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді қатысыңыз, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
1-мәтін
Ағылшын тілінің мамандық үшін маңызы
Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан еді. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ, керісінше пайдасы ұшан-теңіз. Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едім. Ал басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін жеті тілді жетік меңгеру артық етпейді.
СОЧ 5-сынып.docx
«Қазақ тілі » пәнінен 1тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Тапсырма
Мәтінді оқып шығып, көтерілген басты мәселені анықтаңыз. Өз көзқарасыңызды жан
жақты тұжырымдап, мысалдар арқылы дамытып, дәлелдеңіз.
Өз жұбыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз. Оның мәтіні бойынша маңызды деп
санайтын екі сұрақ қойыңыз. Оның мәтінінің басты идеясын анықтауға белсенді
қатысыңыз, пікіріңізді білдіріңіз.
[10]
1мәтін
Ағылшын тілінің мамандық үшін маңызы
Өзге тілді үйрену, оны жетік меңгеру — бұл ең алдымен халықаралық қатынастар
кезінде айрықша рөл атқаратыны баршамызға аян. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Әрбір
Қазақстандық үш тілді жетік меңгеруі керек. 2020 жылға дейін ағылшын тілін білетін
тұрғындар саны біршама көбеюі керек» — деп айтқан еді. Тіл үйренудің ешқандай зияны жоқ,
керісінше пайдасы ұшантеңіз. Туған тіліңді білуге тиісті емессің, міндеттісің дер едім. Ал
басқа мемлекеттің алдында өз еліңнің дәрежесінің биік екенін мойындату үшін жеті тілді
жетік меңгеру артық етпейді.
2мәтін
Көп тіл білгеннің пайдасы
(el. kz сайтынан)
Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде қастерлейміз, біле жүреміз. Орыс тілін қатынас
тілі ретінде қолданамыз, есте сақтаймыз. Ағылшын тілін әлемдік аренаға ену үшін енгіземіз,
үйренеміз. Қазақстанда тілдердің үштұғырлығы жобасы жүзеге асырыла бастады. Осы жоба
аясында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйренуге жағдайлар жасалуда. Сонымен бірге,
осы ретте халықтың біраз бөлігі еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілі екендігін білу
шарт. Көптілділік — заман талабы. Бір халықтың мәдениетін басқаларымен салыстыру
арқылы ғана, әлем суретін әр алуан әрі тұтас көруге мүмкіндік беретін ұлттық мәдениеттің
барлық ерекшеліктерін және құндылықтарын сезінуге болады.
(egemen.kz сайтынан)
Оқылым
Тапсырма
Берілген үзінділерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
А мәтіні
І Құралай Заманбекқызы Нұрқаділова –қазақстандық дизайнер, суретші, стилист.
«Kuralai» сән үйінің басшысы. Қазақстан Республикасының Ұлттық Сән Палатасының
атқарушы директоры.
ІІ. Оқушы кезімненақ достарымның арасында көшбасшы болуға тырысатынмын. Сыныпта
болған мәселелерді шешіп, балалар арасындағы достыққа көп көңіл бөлетінмін. Алғашқы
қоңырау, соңғы қоңырау сияқты кез келген ісшараға үнемі қатысатын едім.
ІІІ. Дизайнерлік салада жүргеніңізге қанша жыл болды?
Бұл салада жүргеніме жиырма алты жылдан асты. Ал менің «Kuralai» сән үйіме биыл
жиырма екі жыл толды. Мен өз идеяларымды бойжетіп келе жатқанымдаақ қағаз бетіне
түсіре бастаған болатынмын. Сән салонымда қанша бөлме болатынын, ол бөлмелерде қандай
жиһаздар қалай орналасатынын және қанша адам қызмет ететіндерін дәптерге түсіргенді
ұнатушы едім. Нәтижесінде 1994 жылы өзімнің сән үйімді аштым.
(Сұхбаттасқан Данияр Жаныс BusinessNews.kz
сайтынан)
1. Мәтіндегі сән шебері бала кезінде қандай болған?
[1] A. ақылды
B. белсенді
C. зерек D. сәнқой
2. Суретшінің болашағына құрған жоспары туралы қай абзацта айтылған?
[1] A. І
B. ІІ
C.
ІІІ
3. Сіз берілген мәтіннің кейіпкері сияқты өз болашағыңызды жоспарлау дұрыс деп ойлайсыз ба?
Ойыңызды 3 сөйлеммен жазыңыз.
[3]
Ә мәтіні
Хабарландыру
2016 жылдың 14 мамырында Отбасы дәстүрін, өнегелі құндылықтарды жаңғырту
мақсатында «Мерейлі отбасы» атты байқау өтеді. Бұл байқауға аймақтан көптеген отбасы
қатысып, өздерінің дәстүрлерін ортаға салады. Сіздерді де конкурсқа қатысуға шақырамыз.
Ұйымдастырушы: Оңтүстік Қазақстан Әкімдігі, Білім басқармасы
Өтетін орны: Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Нұрсәт мөлтекауданы,
Астана даңғылы, №6 мекенжайында орналасқан «Ж.Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан
облыстық қазақ драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимараты.
Басталуы: сағат 14:00де
Ескерту: Байқауға
қатысушылар жол мен
өздері
баспана
қаражатын
көтереді. Ұйымдастырушылар қаланың көрікті жерлеріне қызықты экскурсия
ұсынады.
Келемін деушілерге есік ашық!
1. Мәтінде аталған байқау не үшін ұйымдастырылды?
[1] A. Аймақтық салтдәстүрлерді жалғастыру үшін
B. Әр жанұяның тек мерейлі отбасы болуы үшін
C. Жанұяның әдетғұрпын, үлгілі мұраны жалғастыру үшін
D. Қаланың әсем жерлерімен танысып қайту үшін
2. Жәнібектің отбасы байқауға қатысу үшін ақшаны қайдан алады?
[1] A. Аймақтық қордан
B. Білім
басқармасынан C.
Облыс әкімдігінен D.
Отбасы қорынан
3. Мәтінде аталған байқау сияқты шаралардың өткізілгені дұрыс деп ойлайсыз ба? Өз
пікіріңізді 3 сөйлеммен білдіріңіз.
[3]
Жазылым
Оқушылар екі сұрақтың (тақырыптың) біреуін таңдайды.
Құрамы 100150 сөзден тұратын жазба жұмысын (мәтін) орындау керек.
1) «Үш тілді меңгеру» – еркіндіктің, бүкіл әлем бойынша жүріптұрудың кепілі»
тақырыбында мектеп журналына ойыңызды сипаттап жазыңыз (100150 сөз көлемінде).
2) Беташар – қазақтың келін түсіргенде жасалатын салтының бірі. Дәстүрлі беташар,
әдетте, тойға жиналған халық тарқар кезде өткізілген. «Беташар» салты туралы не
білесіз? Мәтінде аргументтер келтіре отырып, ойыңызды сипаттап жазыңыз (100150 сөз
көлемінде). [10] «Қазақ әдебиеті» пәнінен 1тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1. «Керқұла атты Кендебай» ертегісінің тақырыбын атаңыз. А.
әділдік
В. батырлық
С. махаббат
Д. Ынтымақ
2. Батырлар жыры әдебиеттегі қандай жанрға жататынын анықтаңыз.
А. драмалық
В. лирикалық
С. трагедиялық
Д. эпостық
[1]
[1]
3. «Бұл не қылған дауыс?» деп, Қобыландының Естемістен сұраған сұрағына Естемістің
жауабын табыңыз.
А. ... Бұл сапарға бармасын, Бұл олжадан алмасын.
В. ...Тақымға салып сүйретіп, Қабырғасын күйретті.
С. ...Теңгені атып түсірген, Құртқаны сұлу сол алар.
Д. ...Көктім Аймақ патшасы, Кезекті бұған береді.
[1]
4. « Мен айтсам, бұлардың айтып отырғаны өтірік. Бұларға көрінбей мен де
күзеттім. Түн ортасы кезінде екі балаңыз ұйықтап қалды...» деген үзінді ертегінің қай
бөлігі екенін анықтаңыз.
А. Кендебайдың аралға баруы.
В. Кендебайдың биені күзетуі.
С. Баланың атаанасымен қауышуы.
Д. Кендебайдың хан бұйрығын орындауы.
[1]
5. «... Ұзақ жүріп шаршаған шығарсыз, ордама жүріп, тынығып кетіңіз», дейді.
Әңгімедегі қай кейіпкердің сөзі екенін анықтаңыз.
А.хан
В. кемпір
С. екі бала
Д. жетім бала
[1]
6. Аңыз бойынша Асан қайғының мінезіндегі ерекшеліктерді анықтаңыз, ойыңызды 34
сөйлеммен жеткізіңіз.
[2]
7. Қарлығаның Қобыландыға көмектесуі дұрыс деп ойлайсыз ба? Ойыңызды 34 сөйлеммен
дәлелдеп жазыңыз.
[2]
8. Кендебай батырдың бойынан қандай ерекшеліктерді көре алдыңыз? Өз көзқарасыңызды 3 4
сөйлеммен білдіріңіз.
8 [2]
2. Шығармада «Асан қайғы Желмая мініп желдіртіп,Сарыарқаны аралап жүргенде жерге
айтқан сындары мынау екен...» делінген. Асан қайғының жерге айтқан сындарымен
келісетіндігіңізді немесе келіспейтіндігіңізді білдіре отырып, ойыңызды 34 сөйлеммен
жеткізіңіз.
[2]
3. «Кендебай ай сайын емес, күн сайын өсіпті, алты күнде күліпті, алпыс күнде
жүріпті, алты жылда жігіт болыпты. Сондай күшті болыпты, алысқанын алып ұра
беріпті, күрескенін жыға беріпті...» деген үзіндідегі ертегіге тән сипаттарды анықтаңыз. Өз
тұжырымыңызды 34 сөйлеммен түйіндеңіз.
[2]
4. «Асан қайғының жерге айтқан сыны» аңызындағы автор идеясын анықтап, сараптама
жасаңыз. 7080 сөз көлемінде өз көзқарасыңызды дәлелдеп, жазба жұмысын жазыңыз.
[5]
9 1
0
«Қазақ тілі » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Қазақ тілі » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Қазақ тілі » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Қазақ тілі » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Қазақ тілі » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
«Қазақ тілі » пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.