Сабақтың топпен жұмыс жүргізген себебім ,оқушылардың бірлесіп оқуда дарынды оқушылардың оқуда қиындық тудыратын балаларға көмек көрсетуіне ықпал жасау.
Фольклорлық және шағын көлемді көркем әдеби шығармаларды түсіну мақсатында «Хикая картасы» тәсілін қолдандым,оқушылардың мәтінді түсініп, оқыған мәтіндері бойынша оқиға желісін ретімен орналастырады. Топтық талдауда әр оқушыпроблеманы шешу дағдыларын қолдану,биік жетістікке жетуге, қиындық туғызған жағдайларды жою ретінде жігерлендіру, өзін-өзі басқару және ұйымдастыруды білуге үйретемін ,оны дұрыс қолдануға бағыт –бағдар беріледі .
6 сыныпқа арналған Бақылау жұмыстары.doc
6 сынып
Қазақ тілі (орыс сыныбы)
Бақылау жұмысы (алғашқы үзік)
Мақсаты: 5ші сынып бағдарламасы бойынша стандарт талаптарының орындалу деңгейін
анықтау.
Негізгі білім: тілдік білім.
Лексика. Белсенді сөздік қорлары синоним, антоним, омоним, кірме
сөздер.
Фонетика. Қазақ тіліне тән дыбыстар, дауысты, дауыссыз дыбыстар.
Морфология. Сөзжасам, сөз құрамы. Зат есім оның жалғаулары,
иелік формалары.
Біліктілік: мәтінді түсіну.
иә,жоқ сөздерін пайдалану
сұраулы сөйлем жасау, сұраққа жауап беру
сөйлемді түрлендіру
қорытынды жасау.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол өте бай тіл. Қазақ тілі 1989 жылдан
бастап мемлекеттік мәртебе алды. Қазақ тілі – Қазақстан республикасының
мемлекеттік тілі.
Біз 1ші сыныптан бастап қазақ тілін оқимыз. Қазақ тілі сабағында оқуға,
жазуға, сөйлесуге үйренеміз. Сонымен бірге қазақ халқының тұрмыссалтымен де
танысамыз. Маған қазақ тілі ұнайды. Ол – менің, Отанымның, атаанамның,
достарымның туған тілі.
(60 сөз)
ІІІ деңгей.
1. Үшінші сөйлемді аударып, мәтінге ат қой.
2. Сан есімдерді сөзбен жаз.
Тапсырмалар.
ІІ деңгей.
1. Бірінші сөйлемді екі тәсілмен сұраулы сөйлемге айналдыр.
2. «Отанымның» сөз құрамына талдап, тәуелде.
І деңгей
1. Мына сөз тіркестерінің иелік формаларын көрсет.
Мен.... Отан... .
Сен... дос.... .
2.Иә, жоқ сөздерін қолданып сөйлем жаз. 6 сынып
Қазақ тілі (орыс сыныбы)
Тоқсандық бақылау жұмысы (І тоқсан соңы)
Мақсаты: грамматикалық тақырыптарды менгеруін және сауаттылық деңгейін анықтау;
өздігінен ой қорытындыларын жасайтын дағдысын тексеру.
Жатжазу.
Қыркүйек айы келді. Мектеп жаңа оқу жылына дайын, кабинеттері қазіргі талапқа
сай жабдықталған.
Жаз бойы демалып қайтқан оқушылар мектептеріне сағынышпен оралды. Олар өз
мектебін жақсы көреді.
Мектептің сыныптары жарық, таза, ауласы кең. Мектепте спорт зал, кітапхана,
асхана бар. Соңғы жылдары компьютер, мультимедиялық кабинеттер көбейді.
Мектеп – білім ордасы. Мұнда өте білімді мұғалімдер жұмыс істейді. Оқушылар
оларды құрметтейді.
(56 сөз)
Грамматикалық тапсырмалар.
ІV деңгей.
1. Мәтіннің мазмұнын ашатын тақырып қой.
2. Көптік жалғауы бар сөздерді теріп жаз.
ІІІ деңгей.
1. І нұсқа «кабинеттері»
ІІ нұсқа – «сыныптары»
сөз құрамына талда.
2. І нұсқа – «келді» дыбыстық талдау жаса
ІІ нұсқа – «жақсы»
ІІ деңгей.
1. Берілген сөйлемнен сөз тіркестерін құра.
Мектептің сыныптары жарық, таза, ауласы кең.
І деңгей.
1. Өзіңнің мектебің туралы әңгімеле. (45 сөйлем жаз) 6 сынып
Қазақ тілі (орыс сыныбы)
Тоқсандық бақылау жұмысы (ІІтоқсан соңы)
Мақсаты: оқушылардың ІІ тоқсан бойынша стандарт талаптарының орындау деңгейін
анықтау.
Міндеті:
мәтінді сауатты жаза алу;
мәтінді түсініп, қорытындылау;
белсенді сөздік қорларын синоним, антоним келтіре алу;
сөз құрамына қарай талдау;
сөйлеу қызметі әрекетіне орай өз ойын жеткізе білу.
Жатжазу
Қазақстан – тәуелсіз мемлекет. Оның Ата заңы, Әнұраны,Елтаңбасы, Туы,
мемлекеттік тілі бар. Оның тәуелсіздігін дүние жүзі таныды.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н. Ә. Назарбаев. Ол беделі зор
саяси қоғам қайраткері.
Қазақстан – бейбітшілікті сүйетін ел. Ол қазір – дүние жүзі мемлекеттерімен
экономикалық, мәдени байланыстар жасап жатыр.
Қазақстанның негізгі халқы – қазақ халқы. Онда басқа ұлттардың өкілдері тұрады.
Олар тату тұрады.
(54 сөз)
Тапсырмалар.
ІІІ деңгей.
1. Мәтінге тақырып қой.
2. «Мемлекеттері» сөзін сөз құрамына қарай талда.
ІІ деңгей.
1. «Тұңғыш» сөзіне мағынасы бір сөз жаз.
2. «Бейбітшілік» сөзіне қарамақарсы мағыналы сөзді тап.
І деңгей.
1. Отан туралы 12 мақал жаз.
2. Өзіңнің кіші Отаның туралы 34 сөйлем құрап жаз. Тоқсандық бақылау жұмысы (ІІІ тоқсан соңы)
Қазақ тілі (орыс сыныбы)
6 сынып
Мақсаты: оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін практикада
қолдану, икем, дағдыларын тексеру.
Көктем.
Біз көктемді асыға күтеміз. Көктемде қар еріп, күн ұзарады. Алма, өрік, шие
ағаштары гүлдейді, бұталарға жапырақ шығады. Самал жел соғып, күн жылы, түн әлі
салқын болады. Көк шөп, бәйшешек шығып, құстар қайтады. Күн күркіреп, найзағай
жарқылдайды.
Көктемде 8 наурыз әйелдер мерекесі болады. Ол күні қыздарға, аналарға,
әйелдерге қызғалдақ гүлдерін сыйлайды. Шығыс елдерінің Жаңа жылы – Наурыз мейрамы
да көктемде келеді.
Көктем айлары – наурыз, сәуір, мамыр.
(64 сөз)
Тапсырмалар.
ІІІ деңгей.
1. Мәтіннен 5 зат есімнің септіктерін анықта, жалғауларын көрсет.
2. Мәтіннен есімдіктерді теріп жазып, түрін анықта.
ІІ деңгей. 1. Жетінші сөйлемнің етістігін тауып, әр шаққа қой.
2. 13 сөйлемді орыс тіліне аудар.
І деңгей. 1. Наурыз мерекесі туралы 34 сөйлем жаз. Тоқсандық бақылау жұмысы (ІV тоқсан соңы)
6 сынып
Қазақ тілі (орыс сыныбы)
Мақсаты: оқушылардың сауаттылығын; грамматикадан, лексикадан алған білімдерін
анықтау.
Жатжазу.
Қар ери бастады. Еріген қар сулары ақты. Көктемде шуақты күндер көп болады.
Көктемде өсімдіктер дүниесінде көп өзгерістер болады. Ағаштар бүршіктейді,
жапырақ жаяды. Алғашқы гүлдер – жауқазын, қызғалдақ, сарғалдақтар өсе бастайды.
Балалар бәйшешек гүлдерін жинайды.
Көктемде жабайы аңдар күшіктей бастайды. Тышқандар оянып, інінен шығады. Күн
жылынған соң, жәндіктер тіріледі.
Көктемде үй жануарлары төлдейді. Үй жануарлары өріске шығып жайылады.
(56 сөз)
Тапсырмалар.
ІІІ деңгей.
1. Мәтінге тақырып қой.
2. Мәтіннен септік жалғаулары бар сөздерді тауып, септігін анықта.
ІІ деңгей.
1. «Жинадық» деген етістікті бұйрық, қалау, шартты райға қой.
2. «Көктемде үй жануарлары төлдейді» деген сөйлемді сұраулы, лепті
сөйлемге айналдыр.
І деңгей.
1. Үй жануарлары туралы тағы не білесің? 6 сынып
Қазақ тілі (орыс сыныбы)
Бақылау жұмысы (аралық үзік)
Мақсаты: мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес жарты жылда өтілген лексика
грамматикалық тақырыптарды меңгеру деңгейін анықтау.
жай сөйлемнің түрлері (айтылуына қарай)
бір мағыналы, көп мағыналы сөздер
септіктер
сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі
танымдық тақырыптар: отбасы,достарым, мектеп өмірі, күз, уақыт,
күн тәртібім, менің қалам.
Достар.
Мұратбек пен Жанат – достар. Олар – түйдей құрдас, тату дос. Ол екеуі қашан
болса да жұптарын жазбайды. Сыныптағы оқушылар оларға қызыға қарайды. Мектепке
бірге барып, бірге қайтады. Біздің сынып бірінші аусымда оқиды. Сабақтан соң мектеп
кітапханасына барып, кітап оқимыз. Мұратбек пен Жанат бізге қызықты әңгімелер айтады.
Екеуінің мінездері сабырлы, ақкөңіл, мейірімді. Үлкендерді, мұғалімді сыйлап, достықты
қатты бағалайды.
(57 сөз)
Тапсырмалар.
ІІІ деңгей.
1. Қарамен жазылған сөзге дыбыстық талдау жаса.
2. Мәтіннің атын көрсетіп тұрған сөздер мен сөз тіркестерін жаз. ІІ деңгей.
1. Асты сызылған сөздерді сөз құрамына талдап, септігін анықта.
2. Соңғы сөйлемді екі әдіспен сұраулы сөйлемге айналдыр.
І деңгей.
1. Шашылған сөздерден сөйлем құрып, көп мағыналы сөзді дәлелде.
қаласы, тәуелсіз, қаласы, еліміздің, бас, Астана.
2. Өзіңнің досыңа мінездеме бер.
6 сынып
Қазақ тілі (орыс сыныбы)
Бақылау жұмысы (жылдық үзік)
Мақсаты: 6шы сынып бағдарламасы бойынша стандарт талаптарының орындалу деңгейін
анықтау.
Мен биыл 6 сыныпты бітіремін. Осы жылы біз көп пәндерден білім алдық. Солардың
бірі – қазақ тілі.
Қазақ тіліол Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Мен қазақ тілінен жыл
бойы жақсы оқып, білімімді арттырдым. Қазақ тілі сабағында жаңа сөздер, өлеңдер,
тақпақтар, мақалмәтелдер жаттадық. Сауатты жазу үшін грамматиканы да оқып,
үйрендім. Грамматикалық тақырыптардан: сөз оның мағынасы, сөйлем түрлері, зат есім,
сын есімнің шырайлары, сөйлем мүшелері т.б. тақырыптар туралы білдім.
(65 сөз)
Тапсырмалар.
ІІІ деңгей.
1. Мәтінге тақырып қой.
2. Септік жалғауы бар сөздерді теріп жаз.
ІІ деңгей.
1. Келесі берілген сөздерге тәуелдік жалғауларын қосып жаз:
білім, сабақ.
2. Асты сызылған сөздерді сөз құрамына талдап, етістіктің шағын анықта.
І деңгей.
1. Сұрақтарға жауап бер:
а) Сенің есіңде қай тақырыптар қалды? ә) Қандай өлең, тақпақты жатқа білесің?
б) Биылғы алған біліміңе көңілің тола ма?
6 сынып
Қазақ тілі (орыс сыныбы)
Ұққанды жазу.
Мақсаты: мемлекеттік тілдің әлеуметтіккоммуникативтік негіздерін меңгерту
мақсатында сөйлем әрекеттерін қалыптастыру.
Жамалдың өкініші.
Бір күні ойнап жүрген Жамалға апасы:
Жамалжан, ана ешкілерді қайырып келші!деді.
Жамалдың барғысы келмей:
Апа тісім ауырады, деді.
Жамалдың апасы қызының айтқан сөзіне сенді.
Кәмпитті көп жейсің. Содан тісің ауырып тұр, деді де ешкіні өзі қайырып келді.
Ертеңінде Жамалдың апасы дүкеннен көп кәмпит сатып әкелді. Кәмпитті көріп Жамал:
Апа, кәмпит берші!деді.
Кәмпитті көп жеген соң, тісің ауырып жүр. Енді кәмпит жеме. Бір кәмпит те
бермеймін, деді апасы.
Жамал тісім ауырған жоқ деп айта алмады. Өзінің өтірік айтқанына қатты өкінді. Ол
«бұдан бұлай өтірік айтпаспын» деді өзіне өзі.
Сөздік:
Өкініш – раскаяние, сожаление
Қайырып келші – пригони Ертеңінде наутро
6 сынып
Қазақ тілі (орыс сыныбы)
Творчестволық диктант.
А) Мына сөздердің тура мағынасын табыңдар:
1. тәтті ұйқы, тәтті қиял, тәтті ........
2. ашық мінез, ашық әңгіме, ашық ....
3. иненің көзі, байлықтың көзі, ...... көзі
4. өткір ой, өткір мінез, өткір ....
5. алыс арман, алыс туыс, алыс .....
6. қалың ел, қалың ағаш, қалың .....
7. қатты айту, қатты шу, қатты ....
8. әдемі әуен, әдемі иіс, әдемі ...
Ә) Сөздерді ауыспалы мағынада қолданып, тіркес жасаңдар.
Ауыр, ыстық, жүрек, терең, жуан. 6 сынып
Қазақ тілі (орыс сыныбы)
Түсіндірмелі жатжазу.
Шілде.
Жаз өтіп, шілде жетті. Шілдеде күн ұзарып, түн қысқа болады. Күннің ыстығы
соншалықты – тас пен құм қызып кетеді. Шілдеде піспеген шөп қалмайды.
Бұл – қымыз молайып, қозы піскен кез. Ел жайлауда бірінбірі қонақ қылып, қазақ
салты өз алдына бір қызық. Қыз ұзатса, ұл туса, жұрт жиналып той болып, ат шаптырып
өткізеді. Осы кезде қазақ бұрынғыдай алысқа көшпейді.
Үлкендер сол күндерін қазір қатты сағынып сөз қылысады.
Үстеулерді белгіле.
Грамматикалық тапсырма: 6 сынып
Қазақ тілі (орыс сыныбы)
Сын есімнің шырайлары
Терме диктант.
Отыра қалып, мұздай қайнарға қолымды салдым. Мөпмөлдір, бал татыған суын
мейірім қанғанша іштім. Маңдайымнан бұрқ етіп, мұпмұздай суық тер шықты. Табанымды
үй іргесіндегі жұпжұмсақ, көк шөпке бастым. Тебіндеп шыққан майда шөптің бетіне қисық
табан, кіпкішкене ізім түсті.Тұптұнық, мөлдір қара көздің жанары от шашты. (С.
Бақбергенов)
Тайман бала кезінде ерке, аңғырттау еді. Дәурен ағайдың өзіне ұқсаған қиықша қой
көзді, дөң мұрын, қалқаң құлақ, кішкене Қоңырдың езуі жиылмайды. Киімі ыпықшам, тап
таза, үстінде жеңі қысқа ақ көйлек. Тайман әзілге шорқақтау еді. Бұл Тайман үшін аса
қуанышты күн болды. (З. Қабдолов) Қазақ тілі.
6 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Күзгі суретші.
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі.
Сабақтың мақсаты.
1. Білімділік: тақырып бойынша оқушыларға жанжақты мағлұмат
беру, сөздік қорын жаңа сөздермен байыту.
2. Дамытушылық: мәтінді мәнерлеп оқуға, оқығанын түсініп,
сұраққа дұрыс жауап беруге үйрету.
Аызекі сөйлеу дағдысын дамытып,қалыптастыру; іздемпаздық
қабілетін қалыптастыру.
3. Тәрбиелік: оқушылардың назарын күзгі суреттерге аударып,
табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, оқулық, сөздік
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды сабаққа жұмылдыру, түгелдеу. Өткен сабақтарды естеріне түсіре отырып, үй
тапсырмасын сұрау.
Біз қазір қандай модульді өтіп жатырмыз?
Грамматикалық тақырып қандай?
Үйге не берілді?
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Балалар, интерактивті тақтадағы тірек сызба бойынша, күз туралы не айтасыңдар?
2. « Менің өлкемнің күзі» әңгімелеу
ІІІ. Мотивациялық кезең. (интерактивті тақтаны қолдану)
1. Балалар, Ермек Өтетілеудің «Төрт түсті жер үсті» өлеңінен үзіндіні оқып, жылдың
қай мезгілдері туралы айтылғанын табыңдар.
Жалын – жон,
Жасыл дөң.
Көлде қаз,
Келді жаз –
От түсті
Жер үсті.
Жаңбыр, қақ,
Қоңыр бақ.
Тұлдыр түз
Түсті күз
Тот түсті
Жер үсті.
2. Қай жыл мезгілдері туралы айтылған?
Жаз қандай түсті?
Күз қандай түсті?
3. Ойын «Суретші»
(оқушылар «Жаз», «Күз» ағаштарын киіндіреді.
Жаз бен күздің айырмашылығы қандай?
Ұқсастығы қандай?
ІV. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын белгілеу.
Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Күзгі суретші»
Қазақ тілі сабағында біз өзімізге қандай мақсат қоямыз?
V. Операциялық кезең.
Тірек сызба бойынша мәтінмен жұмыс: (интерактивті тақтада)
1. Сөз
2.Сөз тіркесі
3.Сөйлем
4. Диалог
5. Монолог.
Мәтінді оқып, таныс емес сөздерді белгілеу. 1. Сөздік жұмысы.
Сөздердің мағынасын түсіндіру,аудару.
Дұрыс айтуға дағдыландыру.
а) мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
ә) оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;
б) тізбекпен оқу;
2. Жаңа сөздермен сөз тіркестерін құру;
3. Сөйлем құру.
4. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қойып, диалог құру.
(оқушылар бірбіріне сұрақ қояды)
5. Мәтінді іштей оқып, ұққанын айту (монолог)
VІ. Өздік жұмысы. Грамматиканы қайталау.
1. Бірінші сөйлемді сөйлем мүшесіне талдап, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін айту.
2. «Күз» сөзін септеу.
VІІ. Қорытынды кезеңі.
1.Рефлексия.
Бүгінгі сабақтан нені білдіңдер, не алдыңдар?
2.Үй тапсырмасы. Монолог. Сурет бойынша сөйлемдер құрастыру.
3.Бағалау.
Қазақ тілінен "Бақылау жұмыстары" 6 сынып
Қазақ тілінен "Бақылау жұмыстары" 6 сынып
Қазақ тілінен "Бақылау жұмыстары" 6 сынып
Қазақ тілінен "Бақылау жұмыстары" 6 сынып
Қазақ тілінен "Бақылау жұмыстары" 6 сынып
Қазақ тілінен "Бақылау жұмыстары" 6 сынып
Қазақ тілінен "Бақылау жұмыстары" 6 сынып
Қазақ тілінен "Бақылау жұмыстары" 6 сынып
Қазақ тілінен "Бақылау жұмыстары" 6 сынып
Қазақ тілінен "Бақылау жұмыстары" 6 сынып
Қазақ тілінен "Бақылау жұмыстары" 6 сынып
Қазақ тілінен "Бақылау жұмыстары" 6 сынып
Қазақ тілінен "Бақылау жұмыстары" 6 сынып
Қазақ тілінен "Бақылау жұмыстары" 6 сынып
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.