Оюөрнек
Оюшы әртүрлі өрнек үлгілерін жасаушы, қазақ оюөрнегінің шебері.
Оюшы
Гүл, дөңгелек, мүйіз, таңба
Арпабас, көбелек, су өрнегі
Оюөрнек түрлері: Қазақтың ою
өрнектері төрт түрге бөлінеді:
өсімдік тектес, жануарлар,
геометриялық формадаа,
космогендік
(астрологиялық).Бұлардың әрқайсысының
өзінің белгілі бір мағынасы бар. Мүйіз –
қазақ оюының негізі және ең көне мәнері.
Оюөрнектің бұл элементі мүйізді мегзеуден
шыққан. «Мүйіз» оюөрнегі кейде ұсақ,
кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш,
сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер
саласында пайдаланылады. Ірі түрлері
сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет
өнерінде сан түрлі мәнерде қолданады.
«Гүл» оюөрнегі барлық гүл түрін
тұспалдайды. Бұл өрнектің түрі қолөнер
бұйымдарында үш жапырақтан басталып, он
екі жапырақты оюөрнекке дейін кездеседі
Кесте тіккенде және киімкешектердің
жағасына, қалтасына, жиектеріне салады.
Өркеш
«Өркеш» оюөрнегі түйенің қос өркешін
бейнелейді. Сырмақ,
текемет, тұскиіздерге
салынатын оюөрнек
композициясында көбірек
Қазақ қолөнерінде
ғасырлар бойы қолданылып келе
жатқан дәстүрлі бояу түрлері бар.
Олар: қызыл, көк, жасыл, сары, ақ,
қара. Бұл бояулардың сол сияқты
символдық мәні де бар. Көк түс –
аспанның, ақ түс – ақиқаттың,
қуаныштың, сары түс – ақыл
парасаттың, қайғы мұңның, жасыл түс
– жастықтың, көктемнің символы. «Су
өрнегі» деп әрбір өрнекті бөліп тұрған
жолақты айтады. Су өрнегі екі қатар
сызық аралығында ирек сызық жасай
отырып, дөңгелек, төртбұрыш
бейнелер жасайды.
Құстұмсық
«Құстұмсық» бұл өрнек құстың
тұмсығын тұспалдаудан туған.
«Құстұмсық» тармақты мүйіздер мен
сызықтардан құралады. Оюөрнекті
қиғанда ою ортасындағы сызық ұшы
құстың тұмсығына ұқсас етіп қиылады. кездесетін элемент. Қазақ оюында мал
мен аңның қос мүйізін, түйенің қос
өркешін, биенің қос емшегін бейнелеу
берекебірліктің, көбеюдің символын
білдіреді.
«Құстұмсық» жүзік немесе
«топсалы» жүзік сәлемдеме
ретінде туыстар арасында
дәнекер қызметін атқарған.
Құс бейнесі халық түсінігінде
азаттықтың белгісі.
Құсқанаты
Түйетабан
«Құсқанаты» оюөрнегі мүйіз
оюымен не шахмат шақпақтарының ізімен
бейнеленген құстың қанаты тәріздес ою
өрнек. Бұйымдарда көп қолданылатын
бұл ою қанатын жайып ұшып келе жатқан
құсты тұспалдайды.
«Түйетабан» түйенің басқан
ізін долбарлайтын күрделі
оюөрнек. Ол кейде «қарта»,
«қарға», «қызылайыр» ою
өрнегіне ұқсайды. Қатар тұрған S тәрізді
екі сызық қатарласыпқосылмайды,
түйенің табанына ұқсас екі жарты
сопақша дөңгеленіп келетін ою
Қошқармүйіз, ашатұяқ
Кемпірқосақ
«Қошқармүйіз» оюөрнегі
қойдың төбесі мен екі жаққа
иіріле түскен мүйіз бейнесінде
келіп, оның қолтық тұсынан
қойдың құлағын долбарлаытын тағы бір
шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып
тұрады. Одан байқаған адамға
қошқардың тұмсық пішіні аңғарылады.
Текеметте, сырмақта, басқұрда, алашада,
кілемде, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік
бұйымдардың барлық түрінде кездеседі.
«Ашатұяқ» өрнегі кейде «айыр» өрнегі
деп те аталады. Пішен ашалайтын айырға
ұқсас кледі.
«Кемпірқосақ» оюөрнегі бірнеше
түстерден жолақтар жасап алмакезек
орналасады. Қазақтарда кейбір түстердің
символдық мәні бар. Көк түс – аспанның,
ақ түс – ақиқаттың, қуаныштың, сары түс
– ақыл парасаттың, қайғы мұңның, жасыл
түс – жастықтың, көктемнің символы.
Қолөнер бұйымдарын жасауда әрбір
түсті белгілі тәртіппен кемпірқосақ
көркіне лайықтап орналастырылады. Бұл
өрнектер алаша, қоржын, басқұр тоқуда
жиі пайдаланылады. Тұмарша
«Тұмарша» оюөрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Үш гүл, үш бұрыш тәрізді
тұмарлар тілкөзден сақтау үшін адамдарға ғана емес, үй жануарларына да бойтұмар
ретінде тағылады. Кілем бұйымдарының жиегінде киіз, кілем, текеметтің орта тұсын
көмкеруде кездеседі.
Қазақ тілінен сабақ жоспарлары.
Қазақ тілінен сабақ жоспарлары.
Қазақ тілінен сабақ жоспарлары.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.