Қазақстн Республикасының рәміздері
Мақсаты: Балаларға Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет екені жайлы және қазан айында елімізде үлкен мейрам – Республика күні өтетіндігі туралы түсінік беру; балалардың мемлекеттік рәміздер туралы түсінігін толықтырып, нақтылау; балалардың өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін, өз елінің тарихына деген қызығушылықтарын арттыру.
Сөздік жұмыс: тәуелсіз, егеменді мемлекет, бейбітшілік, қыран құс, қанатты тұлпар.
Керекті құралдар: Қазақстанның картасы, ту, елтаңбаның суреттері және ҚР Президентінің портреті, үнтаспаға жазылған Қазақстанның әнұраны, дискке жазылған Қазақстанның қалалары туралы бейнеклип.
Балалар дөңгеленіп отырады.
-Балалар, Отан дегеніміз не?
- Дұрыс, бұл сендер тұратын жер, туған үйлерің, сенің жерің және халқың. Біздің Отанымыз – Қазақстан.
Тәрбиеші балалардың зейінін Қазақстанның картасына аударады.
-Балалар, кім маған Қазақстанның мемлекеттік шекарасын көрсетіп береді?
Балалар Қазақстанның шекарасын картадан көрсетеді.
Қазақстан туралы өлең оқып беру.
Алтай – Жайық арасы,
Жарты әлемдей даласы.
Ол – біздің Қазақстан.
Кенге толған қойнауы,
Төлге толы жайлауы,
Ол – біздің Қазақстан.
Жастан сүйіп аңсаған,
Тәтті күй мен кәусар ән,
Ол – біздің Қазақстан.
Анамыздай тілеуі ақ,
Отан бізде біреу-ақ,
Ол – біздің Қазақстан.
-Карта еліміз туралы көп баяндап беретінін сендер білесіңдер. Біз мына картаны қараған кезде не білдік?
- Қазақстан – үлкен мемлекет. Онда көптеген қалалар, ормандар, далалар, таулар, өзен-көлдер, пайдалы қазбалар бар.
-Бұрын Қазақстан Советтер Одағының құрамында болған. Одақ 1991 жылы тарады, Қазақстан өз бетінше тәуелсіз, егеменді мемлекет болды. Қазақстанның өз елтаңбасы, әнұраны, туы бар.
Балалардың назарын суретке аударады.
-Балалар, мынау суретте не бейнеленген? Біздің еліміздің туының түсі қандай?
- Біздің туымыздың көгілдір түсі ашық бейбіт аспанды және халықтардың бірлігін бейнелейді. Тудың ортасында орналасқан алтын күн бейбітшілік және байлықты бейнелесе, ал аспанда қалықтаған қыран құс ерлікті және біздің халқымыздың алға ұмтылысын және биік ойларының асуларын бейнелейді.Туды көркемдеу үшін қазақ халқының қолөнеріне сәйкестендіріліп, арнайы ою-өрнек жасалынған.
Мұзафар Әлімбаевтің «Қазақстан байрағы» өлеңін оқып беру.
Зеңгір аспан көгілдір
Алтын күні төрінде.
Тамылжытып төгіп нұр,
Шаттық сыйлар көңілге.
Көк аспандай көгілдір,
Қазақстан байрағы.
Тұрса күндей төгіп нұр,
Жылдарымыз жайдары.
Көк байрақтың бетінде,
Қыран бүркіт қанаты,
Сол қырандай еркіндеп,
Бала өседі талапты.
-ҚР Мемлекеттік Елтаңбасында не бейнеленген?
- ҚР Елтаңбасында көгілдір түстің аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақтан жан-жаққа таралған сәулелер тәрізді шеңбер бойымен уықтар орналасқан. Шаңырақ пен уықтар республикамызда тұратын халықтардың бірлігін көрсетеді. Ал қанатты тұлпарлар біздің халқымыздың өмірі әрдайым жылқымен, арғымақ атпен байланысты болғанын әңгімелейді. Елтаңбада бесжұлдыз бар. Ол әр адамның өмірінде жарық жұлдызы бар және мұндай жұлдыз мемлекетте де болу керек дегенді білдіреді.
Ақын Сұлтан Қалиевтің өлеңін оқып беру.
Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі.
Тұнығындай көңілді-
Ортада – аспан әлемі.
Құт, береке – шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,
Екі жақтан көмкерген.
Тәуелсіздік жолында
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда –
Еркіндігім – елтаңбам.
-Әнұран дегеніміз не?
- Әр мемлекеттің өз Әнұраны болады. Оны салтанатты жағдайларда орындайды. Спортшыларымыз жеңіске жеткен кезде біздің Отанымыздың туы көтеріліп, әнұраны орындалады. Әнұран айтқан кезде міндетті түрде орнымыздан тұрамыз, ал ер адамдар бас киімдерін шешеді.
Ал қазір орнымыздан тұрып, әнұранымызды тыңдайық.
-Тәуелсіз Қазақстанның елбасы кім?
- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
- ҚР бас қаласы қай қала?
- Астана қаласы.
ТСО. Астана және басқа қалаларының бейнеклипін көрсету.
-Кім Отан туралы мақал – мәтелдер біледі?
Отан оттан да ыстық.
Отан үшін отқа түс, күймейсің.
Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
Отансыз адам,
Ормансыз бұлбұл.
Сабаққа қорытынды жасап, «Отан» әнімен аяқтау.
«Менің елім - Қазақстан»
«Көгершін»
Ересектер тобы
Тәрбиеші: Жұмабаева Л.А.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.