ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақстанның негізгі шикізаттық өсімдіктерін игерудің тарихы, ғылыми зерттеу жұмыстарының бағыты және орталықтары. Мақта өсімдіктерін зерттеу
Дайындаған: Таштамирова Зухра Элимханқызы
Тобы: Б17-3
Қабылдаған: Шаймерденова Гүлсана Залқызы
Тараз - 2020
БӨЖ Жоспары
Кіріспе
1.1 Қазақстанның негізгі шикізаттық өсімдіктерін игерудің тарихы
1.2 Шикізаттық аудандардың таралуы аймақтары
Негізгі бөлім
2.1 Елімізде шикізаттық өсімдіктерді игеру жолдары және зерттеу орталықтары
2.2 Мақта өсімдігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Адам өмірі үшін биологиялық ресурстардың маңызы белгілі жəне ол басқа да жекеленген түсініктерді қажет етпейді. Еліміз биоресурстарға өте бай. Тірі табиғатты биологиялық ресурстардың өзара байланысқан күрделі бітеу жүйесі деп қарастыруға болады. Биоресурстарға: жердің барлық тірі заттары, негізінен, өсімдік пен жануарлар əлемі жатады.
Қазақстанның өсімдіктер әлемінен негізгі шикізаттар игеріледі. Ең алғаш зерттеу жұмыстары жасалып, ғылыми зерттеу орталықтары ашылды. Шикізаттық аудандардың таралу аймақтары анықталып, ондағы өсімдіктерден шикізат алыну жоспарланды. Елімізде баса назар аударылатын шикізат көп өндірілетін мақта өсімдігіне аударылды. Шыққан аумақтары анықталды. Қазақстанның тегістік бөліктерінде, шөлдер мен далаларда флораның әртүрлілігі және өзіндік ерекшелігі батыстан шығысқа қарай ұлғаяды. Бұл аумақтарда шикізат өндіруге болатын өсімдіктер өседі немесе қолайлы жағдайда қолдан өсіреді.
Қазақстанның негізгі шикізаттық өсімдіктері
қатарына: дәрілік өсімдіктерді, тағамдық және халық шаруашылығында көптеп
қолданылатын өсімдіктерді жатқызуға болады. Өсімдіктер саны көп болғандықтан,
елімізде игерілетін, қазіргі таңда шикізаттық өсімдік ретінде қолданылатын
мақта өсімдігінің маңызы мен таралуы өте мол. Қазақстанның оңтүстік
аумақтарында мақта қолдан өсіріліп, әрі игеріліп жатыр. Бірнеше тонналық
үлеспен өндірілу үстінде. Шикізаттық
өсімдіктер: ауыл шаруашылығында, медицинада, фармакология мен ауыл
шаруашылығында көптеп қолданылады.
Қазақстанның шикізат ретінде қолданылатын өсімдіктерін зерттеу алғаш ботаникадағы өсімдіктер топтарын зерттеуден бастау алды. Н.П.Павлов Қазақстанда Биологиялық ресурстану ғылымының дамуына үлес қосып, пайдалы өсімдіктердің (шикізат ретінде қолданылатын) классификациясын жасады. Ол классификациясында шикізат ретінде қолдануға болатын өсімдіктерді 22 топқа біріктірді. Соның арқасында 1956 жылдары Қазақ ұлттық ғылым академиясы ашылып, Қазақстандағы өсімдіктер зерттеліп, анықталды. Ғылыми зерттеу жұмыстары ұйымдастырылды.
Қазақстанның негізгі шикізаттық өсімдіктерін игеру тарихы 20-ғасырдың 20-30 жылдарынан бастау алып келеді. Өсімдіктерді және олардан алынған өнімдерді практикалық пайдалануға қатысты ботаниканың бөлігі ХХ ғасырдың басында "Шаруашылық ботаника" деп атала бастады. Шаруашылық немесе экономикалық ботаника алғашқы кездері өсімдіктер шикізатын пайдаланудың әртүрлі әдістері және формалары туралы мәліметтер жинаумен шектелді. Бірте-бірте жиналған мәліметтерге талдау жасалып бір жүйеге келтірілді. Шикізат үшін қолданылатын өсімдіктер тобы-пайдалы өсімдіктер деп те аталады.
Шикізаттық өсімдіктерді зерттеудің негізгі 2 кезеңі
|
|
I-Кезең |
II-Кезең |
² Шет елден сатып алынатын өнімдерді алмастырушыларды Қазақстанда табу. Ғылыми жұмыстардың алғашқы кезеңдері лабороторияға байланысты, өйткені ол аналитикалық химияны қолданып, шетелденалынатын өнімдердің құрамын анықтау және оларды алмастыратын заттарды Қазақстанда өсетін өсімдіктерден табуға бағытталған. |
² Зерттелуші өсімдіктерден тек басқа өсімдіктер құрамына белгілі жаңа заттарды ашу. Ауыл шаруашылығы мен медицинаға қажеттілігін ескере отырып, флораға инвентаризация жасалып, керекті белсенді заттар іздестіріледі. |
Шикізаттық аудандардың таралу аймақтары өсімдіктің түрі мен таралу ерекшелігіне байланысты өзгеше. Шикізат көзі ретінде қолданылатын өсімдіктердің басым бөлігі Қазақстанның Оңтүстік және оңтүстік шығысында және Шығыс Қазақстан аумақтарында жақсы таралған.
Шикізат шығару мақсатында қолданылатын өсімдіктердің орындары анықталып, олар еліміздің табиғи байлықтар картасында бейнеленеді. Мәселен, мақта. Мақтаның ең алғаш дамыған отаны-Мексика елі болып саналады. Уақыт өте келе, біздің аумаққа дейін жетеді. Қазақстанның “Мақтаарал” немесе Жетісай деп аталатын аудандарында өте көп мөлшерде өсіріледі. Оңтүстік Қазақстанның біраз аумақтарында мақта шаруашылығы дамып, қолға алынып жатыр. Сонымен қатар, еліміздің шығыс бөлігіндегі және оңтүтік-шығыс бөлігіндегі аумақтарда да өсіріледі. Шикізат үшін қолданылатын өсімдіктердің таралу орнын табу ең алғаш ғылыми зерттеу жұмыстарын жасаудан басталды. Ғылыми түрде зерттеулер жүргізіліп, дәлелденді. Ең алғашқы зерттеулер ботаникалық ресурстарды игеруден басталды. Ғылым академиясы құрылып, шикізат үшін қолданылатын өсімдіктердің игерілу тарихы орын алды. Соның нәтижесінде халыққа және тұрмысқа қажетті заттар игерілді, әрі Қазақстан биоресурстары туралы көп жаңалықтар ашылды.
Шикізаттық өсімдіктерді профессор, орыс ғалымы М.М. Ильин «Шикізаттық өсімдіктер деп завод немесе ауыл шаруашылық практикасында тікелей қайта өңделіп пайдалануға болатын шикізат беретін немесе мәдени өсімдіктер қатарына ендірілетін табиғи флора өкілдерін айтамыз» деп тұжырымдайды.
![]() |
- Мақта өсімдігін зерттеу -
Мақта-аса бағалы, талшық алынатын өсімдік. Мақта-құлқайыр тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы, бағалы талшықты дақыл. Мыңдаған жылдардан бері адам баласының жасанды және нағыз жолымен таңдалып алынған мақтаның көптеген түрі өз оң нәтижесін берді. Қазіргі таңда мақтаның 35 түрі белгілі, бірақ тек 4 - түрінің ғана шаруашылықта маңызы зор. Жемісі 3-5 ұялы қауашақ, оның ішінде талшық, оның ортасында 20–40 мақта тұқымы болады.
Елімізде мақтаның екі түрін: талшықты және барбадостық түрін өндіреді. Мақтаның жабайы туыстары Европадан басқа континенттің бәрінде өседі. Бізде әсіресе көбірек тараған мақтаның отаны - Мексика. Бір қызығы гүл таңертең ашылады да, ол кезде ашық сары түсті болады. Түстен кейін ол гүл қызара бастайды да, кешкісін бұрісіп жабылып қалады.келесі күні ертеңгісін күлтелері көк түске боялады ды түсіп қалады. Мақтаның жеке бұтақтары әр мезгілде гүлдейді.
Мақтаның гүлі мен сабағы және жалпы құрылысы
Мақтаның көптеп кездесетін түрі елімізде ғасырлар бойы өсірілген - орта талшықты мақта болып табылады.
Мақтаның Қазақстанда кездесетін түрлері
Кәдімгі мақта н/е Мексикалық мақта |
Перуан мақтасы |
Gossipium hirsutum |
G. Barbadense |
|
|
Тез піседі, суыққа төзімді және талшықты көп береді. Бізде әсіресе көбірек тараған мақтаның отаны - Мексика. Мақтаның саусақ тәріздес тілімді жапырағы күнбағыстың гүлісияқты күн ауған жаққа қарай бұрылып тұрады. Ал ірі қоңырау тәрізді гүлі бір күн бойы ғана гүлдейді. |
Басқаша жіңішке талшықты мақта деп аталады. Мұның талшығы сапалы, бірақ жылуды көп қажет етеді және кеш піседі. Оның ерекше қасиетінің бірі – тұқымының төмендеп орналасуы, мақтаның шикізаты талшықтардың шығуы 32-35% . |
Гүлдеу және пісу кезінде ылғалды көп керек ететіндіктен, суармалы жерлерде жоғары өнім береді. Оңтүстік Қазақстанның Мақтаарал, Сарыағаш, Ордабасы, Арыс, Түркістан қалалық әкімдік аумақтарында мақтаның орта талшықты түрлері өсіріледі. ОҚО ауа-райына байланысты мақта сәуір-мамыр айларында толықтай егіліп бітеді.
Мақта өсімдігінің көптүрлілігі
1 2 3
1. Госипиум хербоцеум ( шөп түрлі талшық мақта)
2. Госипиум арбореум ( ағаш түрі)
3. Госипиум барбадензе ( достық түрі)
Қазіргі кезде жұқа талшықты мақтаға көп көңіл бөлінуде. Бұрындары ол тек Ніл даласында ғана өсірілетін. Акклиматизация және мәдениетке қосу 30 жылдың басында селекционерлерге қолайлы ортаға сорттарды үйрету барысында біздің елдің ауа райының қолайлығы мақтаның өсірілуіне өз септігін тигізді. Жұқа талшықты мақтаның сорты шетелдердегі мақталармен салыстырғанда бірдей. Жұқа талшықты мақтаның түсі ашық қоңыр, өте жұқа, ұзын, жібек тәрізді, өте берік болады.
Мақтаның дәнегі-шит деп аталады. Шиті жерге түскеннен кейін жер құнарлылығы жақсы болса 5-10 күннің көлемінде жер бетіне шығады. Ал егер жер бетіне шықпай тұрып, жаңбыр жауған жағдайда, тез арада бетін тырнап шығу қажет. Себебі жердің беті қатып мақта тұншығып қалады. Мақта өсіп жетілемін дегенше, арам шөптерден тазалап, түрлі зиянкестерден қорғайтын химиялық заттармен залалсыздандырып тұру қажет.
Қорытынды. Еліміздің негізгі шикізаттық өсімдіктерінің игеру тарихы бірнеше ғасырларды құрайды. Пайдалы өсімдіктердің негізгі топтары және түрлері, зерттеу нәтижелері және шаруашылықта игеру жолдары анықталды. Пайдалы өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктері, химиялық құрамы, тиімді пайдалану жолдары іздестірілді, олардың ресурстарын сақтау жолдары ,дұрыс пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды. Биоресурстар арқылы маңызы мол шикізаттар алынып, өңдіруде мол мүмкіндіктер пайда болып жатыр. Қазақстанның негізгі биоресуртық шикізат көзіне мақта, күнбағыс, қоза сынды және т.б өсімдіктерді айтуға болады. Шикізат таралған аумақты анықтап, оны зерттеу және өндіру өте маңызды. Биоресурстық шикізаттарды игеру және зерттеу мақсатында әртүрлі зерттеу орталықтары құрылып, аталған шикізат ресурсы толық зерттеледі. Болашақта елімізде көп биоресурстық шикізаттар зертттеліп, ғылымға мол үлес қосылады деген ойдамын!!!
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Кукенов М.К. Ботаническое ресурсоведение Казахстана учебник Алматы, Ғылым, 1999, 160 стр.
2. Әбішева, Т.О. Биоалуантүрлілік және Қазақстандағы Қызыл кітапқа енген омыртқасыз жануарлар түрлері .- Алматы: Отан, 2017.- 80б.
3. Жорабеков, Е.Ү. Қазақстанның қорықтары мен ұлттық саябақтары Электронды оқулық.- Тараз: ТарМПИ, 2017
4. Беркінбай О.Б. Қазақстан биоресурстары: Жануарлар әлемі. Алматы, 2013 ж.
5. Дәуренбекова, Ш.Ж. Әлемнің флорасы мен фаунасы . Оқу-әдістемелік құрал.- Алматы: Отан, 2017.- 368 б.
6. Интернет ресурстары.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.