Қазақстанның ХҮІІІ ғасырдағы ғылымы мен білімі және мәдениеті
Сабақ
тақырыбы: Қазақстанның
ХҮІІІ ғасырдағы ғылымы мен білімі және
мәдениеті.
Сабақтың мақсаты: Қазақстанның
ХҮІІІ ғасырдағы ғылымы мен білімі және
мәдениеті туралы білім
қалыптастыру
Білімділік: ХҮІІІ ғасыр Қазақстандағы
ғылымның, ағарту ісінің және
мәдениеттің даму ерекшеліктері жөнінде түсінік
қалыптастыру, орыс және шетел ғалымдарының ғылыми
зерттеулері негізінде адам өмірінде білім мен мәдениеттің
қандай рөл атқарғанын көрсету
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық,
шығармашылық көзқарастарын дамыту, жауапкершілікке,
шешім қабылдауға үйрету; анализ, синтез жасап, баға
беруге талаптандыру, пәнге қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Білімді үнемі жетілдіріп отыруға,
мақсат қойып, оған жетуге ұмтылуға
тәрбиелеу. Елін, жерін, өнерін, мәдениетін, халқын,
салт - дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың формасы: Проблемалық оқытуға
негізделген ізденіс сабағы.
Сабақ әдісі: Баяндау, сұрақ - жауап, ойын,
кітаппен жұмыс, талдау, жартылай іздену әдісі, картамен жұмыс
т. б.
Сабақ тәсілі:
СТО технологиясының стратегиялары
Көрнекілік, анализ, синтез.
Жұмысты ұйымдастыру түрлері: Ұжымдық,
топтық, жұптық, жекелей жұмыс түрлері.
Сабақтың түрлері: Аралас сабақ/ Үй жұмысын
тексеру, жаңа материалды игеру сабағы/
Көрнекілік: Кітап көрмесі, суреттер, дидактикалық
материалдар, ұлттық аспаптар, кітаптар, презентация, слайд - шоу.
т. б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу танысу
І. Үйге қандай тапсырма берілді? § 12 ХҮІІІ
ғасырдағы сауданың дамуы.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру./ Топ жетекшілерін анықтап, эксперттерді
тағайындап, бағалау парағын беру /
1. Жалпылай ауызша сұрақ:
1. ХҮІІІ ғасырда қазақтар қай елдермен байланыс
жасаған? Қандай байланыс?
Қазақ - жоңғар саудасы
Қазақ - орыс саудасы
Қазақ - қытай саудасы
Қазақстан - Орта Азия мемлекеттерімен саудасы
/ассоциация құру/
2. Картамен жұмыс
/ Қазақ хандығы қай көрші мемлекеттермен сауда
байланысын жасаған?
/Жоңғар хандығы, Ресей империясы, Қытай, Орта Азия
мемлекеттері/
3. Топпен жұмыс/ ойын түрінде/
1 топ. «Терминологиялық анықтама»
2 топ. «Жетпей тұрған сөзді тап»
3 топ. «Сен білесің бе?»
1 топқа
Өндіруші, тұтынушы, ақша айналымы, жәрмеңке,
тауар? Сөздеріне түсінік беру
2 топқа
«Орынбор қазақ - орыс саудасының аса маңызды
орталығына айналды. 1743 жылы Жайықтың солжақ жағалауында
Орынбордың түбінде қазақтармен және Орта Азия
көпестерімен сауда жасау үшін
арнайы................................................... салынды. Жергілікті
қазақтар оны «.......................................................»
деп атаған.»
3 топқа «Сен білесің бе?»
ХҮІІІ ғасырда қазақтардың арасында
құл саудасы кеңінен тараған жоқ. Себебі?
Ірбіт жәрмеңкесі? /Негізі 1643 жылы қаланған,
Ресейдің сауда айналымы жөніндегі ірі
жәрмеңкелерінің бірі. 1880 ж сауда айналымының
мөлшері 70 млн сомға жуықтаған/
4. Жұппен жұмыс / «мен сені - сен мені тексер» үйге берілген
кесте/
ІІІ. Үй жұмысына қорытынды жасау.
Қазақтардың көрші елдермен сауда байланысы қандай
әсері болды, несін дамытты?
Енді Қазақстанның ХҮІІІ ғасырдағы
ғылымы, білімі, мәдениетімен танысайық.
Жаңа сабақ.
П13. Қазақстанның ХҮІІІ ғасырдағы
ғылымы мен білімі және мәдениеті.
Балалар сабақты бастамас бұрын, сабақтың мақсаты
мен міндеттерін айқындап алайық./Тақтаға плакат іліп,
оқушы ойларын жазу /маркермен//
Балалар, жаңа сабақты түсіну үшін алдымен міндеттерді
белгілейік, яғни не білгіміз келеді?
1. Қазақстан аумағындағы ғылыми зерттеулер
2. Орыс зерттеушілері Қазақстан туралы
3. Қазақстанды зерттеген шетел зерттеушілері
4. Қазақ әдебиеті
5. Музыкалық өнер мен айтыс
6. ХҮІІІ ғасырдағы мектептердің ашылуы.
Міне, балалар, бүгінгі сабақта біздің алдымыздағы
тұрған міндеттер, енді осы міндеттерден сабақтың
мақсатын айқындайық.
Міне балалар, біз бүгінгі сабақтың міндеті мен мақсатын
айқындадық.
Енді
осы міндеттерді шешуге көшейік.
1 этап.
Мұғалім - кіріспе сөзі:
ХҮІІІ ғасырда патша үкіметі Қазақстанның
тарихын, этнографиясын белсенді түрде зерттей бастады. Ол зерттеулер Кіші
жүз бен Орта жүз қазақтарының үлкен бір
бөлігінің Ресейдің қол астына өтуді
қабылдаған 30 - 40 жылдардан кейін бұрынғыдан да
күшейе түсті. ХҮІІІ ғасырда
қазақтардың өздерінің ежелгі бірегей
мәдениетінің төлтумалығын сол күйі сақтап
қалған болатын. Олардың мәдениетінде
ақындардың, жыраулардың, билердің
шығармашылығы көрнекті орын алды. ХҮІІІ
ғасырдың аяқ кезінде Ресеймен шекаралас аймақтарда
алғашқы мектептер ашылды.
1. Топтық жұмыс (кітаппен)/ ассоциация құру/
1 топ. Қазақстан аумағын ғылыми зерттеулер
2 топ. Орыс зерттеушілері мен саяхатшылары
3 топ. Шетелдік зерттеушілер
2. Ойлан тап/жалпы топтарға сұрақ/
Не үшін Қазақстанды зерттеді?
3. Бірлесу стратегиясы /топтармен бірлесіп
жұмыс жасау/
ХҮІІІ ғасырдағы қазақ әдебиеті /ассоциация,
кластер құру/
/Ақтамберді Сарыұлы, Бұқар жырау
Қалқаманұлы, Тәтіқара, Үмбетей Төлеу
ұлы сияқты көрнекті ақындар мен жыраулар/
Зерттеу сратегиясы
Тарихи әңгімелер дегенді түсіндір, оларды кімдер айтты?
Қандай түрін білесің? /халық ауыз
әдебиетінің күшті дамыған жанры, оныатақты билер
мен шешендер айтатын. Мысалы: ертегі, әңгіме, нақыл
сөздер/
Терминологиялық анықтама
Шежіре/ қандай маңызы бар?
/ «есте сақтау» дегенді білдірді. Маңызы:
1 - ден, ел билеушілердің көшпелі қоғамды
басқаруына
2 - ден, тарихымызды кезеңмен есте сақтау
3 - ден, шежіре қоғамды әлеуметтік реттеп отыру міндетін
атқарды./
Блиц - сұрақ
1. Музыкалық шығармалардың негізгі түрлері?/ән,
күй, айтыс/
2. Қазақтардың саз аспаптар саны?/20 - дан астам/
3. Саз аспаптары?/домбыра, қобыз, шертер, жетіген, сазсырнай,
шаңқобыз, даңғыра, асатаяқ, сыбызғы,
дауылпаз, т. б./
4. ХҮІІІ ғасырда қай өңірлерде мектептер ашылды?
/картамен жұмыс/
Жаңа сабақты бекіту сұрағы:
1. ХҮІІІғ Қазақстан аумағын ғылыми
зерттеудің рөлі мен маңызы?
Қорытынды, бағалау/ сөз эксперттерге беріледі/
Үйге тапсырма: 1. Өз отбасыңның шежіресін жазып кел.
2. Олардың ішінде белгілі билер, батырлар, музыканттар, емшілер бар ма?
Қысқаша хабарлама жазу.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.