Байлықтың бәрі күзде
Оценка 4.6

Байлықтың бәрі күзде

Оценка 4.6
Занимательные материалы
docx
экология +1
Детсад
19.02.2017
Байлықтың бәрі күзде
Байлықтың бәрі күзде «Байлықтың бәрі күзде» атты ертеңгілігі. Әдемі сазды әуен ойнап тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге сахна жақтан кіріп орындықтарға жайғасады. Жүргізуші: ( залдағы жапырақтарды көрсетіп) Қараңдаршы бүгін біздің залымыз қандай әдемі болып кеткен. Біздің залымызға әдемі жапырақтар төселген. Түстері қандай? Сары, сары жапырақтар қай мезгілде түседі? - Күз Қараңдаршы балалар, Қуандырып біздерді, Мерекелі күз келді. ( осы кезде күз ханшайым әдемі әуенмен кіреді) Мен күз ханшайымымын сендерді көргеніме қуаныштымын, балақайлар. Мен сендердің әрқайсыңды жақсы танимын, сендердің әдемі жапырақтар теріп жүргендеріңді үнемі көріп жүремін. Апаларыңмен бірге балабақшаға асығып, жүгіріп келе жатырғандарыңды көремін. Ал сендер мені танисыңдар ма? Жүргізуші: Әрине қымбатты күз ханшайымы! Біздің балалар сіз туралы, күздің байлығы туралы тақпақтар, әндер, билер біледі. Ойын да ойнай алады. Отырыңыз, тыңдаңыз. 1 - бала Күзім - ау, күзім – ау, Мінезің бұзық – ау. Жаңбырың сіркіреп, Келгенің қызық – ау.Байлықтың бәрі күзде
Байлықтың бәрі күзде.docx
Байлықтың бәрі күзде                        «Байлықтың бәрі күзде» атты ертеңгілігі. Әдемі сазды әуен ойнап тұрады. Бүлдіршіндер тәрбиешімен бірге сахна жақтан кіріп орындықтарға жайғасады. Жүргізуші: ( залдағы жапырақтарды көрсетіп) Қараңдаршы бүгін біздің залымыз қандай әдемі болып кеткен.  Біздің залымызға әдемі жапырақтар төселген. Түстері қандай? Сары, сары жапырақтар қай мезгілде түседі? ­ Күз Қараңдаршы балалар, Қуандырып біздерді, Мерекелі күз келді. ( осы кезде күз ханшайым әдемі әуенмен кіреді) Мен күз ханшайымымын сендерді көргеніме қуаныштымын, балақайлар. Мен сендердің әрқайсыңды жақсы  танимын, сендердің әдемі жапырақтар теріп жүргендеріңді үнемі көріп жүремін. Апаларыңмен бірге  балабақшаға асығып, жүгіріп келе жатырғандарыңды көремін. Ал сендер мені танисыңдар ма? Жүргізуші: Әрине қымбатты күз ханшайымы! Біздің балалар сіз туралы, күздің байлығы туралы тақпақтар,  әндер, билер біледі. Ойын да ойнай алады. Отырыңыз, тыңдаңыз. 1 ­ бала Күзім ­ ау, күзім – ау, Мінезің бұзық – ау. Жаңбырың сіркіреп, Келгенің қызық – ау. 2 ­ бала Берекесін сыйлауға Өлкемізге күз келді. Жемістерді жинауға, Шақырыпты біздерді. Жүргізуші: Ал балалар күздің әдемі әсем әуенін әндетейік. Хор: « Күз» әні. Бұлттар төніп жерге шөгіп, Дымқыл тұман басады. Шөп сарғайып, өңі тайып, Дала сұры қашады. 2 рет Бой жаза алмай, ойнай алмай, Денең мұздап тоңады. Бөбектерім айтыңдаршы Бұл қай кезде болады. 2 рет Қай мезгілде балалар? ­ Күз 3 ­ бала Бақшаларда тізіліп, Қаперсіз мен жатамын. Қабат ­ қабат киініп, Қырыққабат атандым. 4 – бала Алма пісті, алмұрт түсті, Алма пісті, жерге түсті. 5 – бала Көрсең егер бақшада, Доп екен деп қалма. Шөл қандырар қарбызбын, Ерте үзіп алма. Ақ түсім бар қант алар, 6 ­ бала Қызыл түсім, қанға нәр. Зияным жоқ біліп қой, Қызылшамын пайдам бар. Тал шыбығым бұралып, 7 ­ бала Бақшаларда қызарып Тұрған ол мен қызанақ Күнге қарап ұялып. 8 ­ бала Асханадан шықпаймын, Атым пияз бұқпаймын. Көзден жасты ағызып, Тұмаудан бірақ сақтаймын. Күз ханшайымы: Сендер әдемі әндер, тақпақтар айтып жатырсыңдар. Мені осыншалықты жақсы  танитындарыңа қатты қуанып тұрмын. Бүгінгі кешімізге тағы да қонақтар келіп жатыр ғой. Жүргізуші: Ия, күз ханшайымы бұл бүлдіршіндер сізге « Көкөністер» биін билеп бермекші, тамашалаңыз! Күз ханшайымына көкөністер туралы тақпақ айтып берші. 9 ­ бала Қияр пісті, Қарбыз пісті. Қауын пісті, Қандай күшті 10 ­ бала Өсіретін бойыңды, Дамытатын ойыңды Қоянға да азықпыз, Сәбіздерміз жазықсыз. Ал, балалар біздің өнерімізге күз ханшайымы таңдана отырсын. « Алтын күз» әнін әуелетіп жіберейік. 1) Қызыл, сары жапырақты күз қандай, Айналада бар тіршілік қызғандай. Жан аямай терін төккен адамға, Бар байлығын таратады қызғанбай. Қ ­ сы 2) Қазан айы әнге бөлеп көңілді, Сары алтындай жапырақтар төгілді. Қырмандарға үйіп тау ­ тау астығын, Сары алтынға бөлеп жатыр өңірді. Әдемі музыка әуенімен ( күз самалы) кіреді. Мен күз самалымын, Бәріңе сәлем бердім. Өңменіңнен өтетін, Күзгі суық желмін. Жүргізуші: Күздің тентек самалы, ашуыңды баса тұр, тал басындағы барлық жапырақтарды түсіріп болдық. Тентек болмай балалармен бірігіп « Кім жылдам» ойынын ойнашы, келісесің бе? ­ Ия, ойнайық. Ойынның мақсаты: Шашылған жапырақтарды балалар тез арада музыка әуенімен жинап болуы керек.( 3 бала, желмен төрт адам  шығып ойнауға болады). Самал жел: Ал балақайлар, сендер ойынды жақсы ойнай алады екенсіңдер. Менің ашуым тарқады. Енді менің  кетуім керек. Біз әлі кездесеміз. Күз ханшайымы: Қане балалар, күзгі желдің ұшып кетуіне көмектесейік. Қане қатты үрлейік.( Уф ­ уф ­ уф) Жүргізуші: Бек, Бірғаным тақпақтарыңды айта қойыңдаршы 11 ­ бала Мынау алма айналдым, Түрлі ­ түрлі болатын. Бірі ерте бірі кеш, Кезектесіп салатын. 12 ­ бала Мынау алмұрт ақылдым, Күзде жинап алатын. Балбыраған біреуін, Жесең тойып қалатын. Күз ханшайымы: Менің есіме мына тақпақтан кейін түсті. Менің сендерге әкелген сиқырлы алма, алмұрттарым бар. Бұл  жемістер сендерге денсаулық, шаттық, байлық әкелсін. Қазір топқа барғасын жерсіңдер. Менде кетуім керек,  қыс ызғары жақындап келеді. Жүргізуші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс. Бүгінгі сыйлығыңа рахмет. Біз сізді сағына күтеміз. Алма, өрік, көкөніске, Толтырды әкеп, Алтын күз. Дастарханы таба нанға, Айналыпты « Алтын күз». Бүгінгі «Байлықтың бәрі күзде» атты ертеңгілік мерекесімен құттықтаймыз. Ертеңгілікке ат салысқандарыңыз  үшін көп ­ көп бүлдіршіндер атынан рахмет айтамыз. (Музыкамен шығып кету)

Байлықтың бәрі күзде

Байлықтың бәрі күзде

Байлықтың бәрі күзде

Байлықтың бәрі күзде

Байлықтың бәрі күзде

Байлықтың бәрі күзде
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
19.02.2017