Бала тәрбиесінде ата-ана белсенділігі-қоғам дамуының негізгі факторы
Оценка 4.9

Бала тәрбиесінде ата-ана белсенділігі-қоғам дамуының негізгі факторы

Оценка 4.9
Лекции +1
docx
обществознание +2
7 кл—11 кл +1
23.04.2019
Бала тәрбиесінде ата-ана белсенділігі-қоғам дамуының негізгі факторы
Бала тәрбиесінде ата-ана белсенділігі-қоғам дамуының негізгі факторы «Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы» С. Смайлс Қазіргі заманымыздың мақсаттарының бірі-жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың тәртіпті, саналы жан-жақты дамыған, шығармашылықпен жұмыс істей білетін азамат болып қалыптасуы үшін ата-ананың ролі зор. Отбасы адамзат бесігін тербететін ұя болса, баланың бас ұстазы ата-ана.Отбасындағы тәлім-тәрбиенің мақсаты-баланың жасын, жеке ерекшелігін психологиялық процестерін ескере отырып жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарып тілеуін тілейтін де ата-ана. Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата - ана. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Баланың дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы және мақсат-мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі. Мақсаты: - Ата – аналарды мектеппен байланысын қалыптастыру. Отбасындағы бала тәрбиесіндегі қателіктердің алдын-алу; - Психолого-педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі тәжірибесін арттыру; - Ата – анаға әрбір пән мұғалімдерімен жеке – жеке кездесуге, оқу және тәрбие жағдайларымен танысуға мүмкіндік туғызу. “Қазақстан - 2030“ даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында “Дағдарыстар өтеді де кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады ” делінген. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы- ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Мектеп ұжымының ата-аналармен ынтымақтастығы оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып табылады. Мұғалім үшін ата-аналарды педагогикалық үрдістің белсенді мүшесі ету оңай шаруа емес. Ол асқан шеберлік пен зор жауапкершілікті қажет етеді. Мектеп — өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта ата-аналардың қоғамынан бөлініп, өз бетінше жеке дербес мекеме болған емес. Сондықтан оның іс-әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен табиғи байланысты. Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру ролін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймай, сонымен бірге мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп оқушыларымен тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың жеке адамның дамуында және қалыптасуында сынып жетекшісінің негізгі функциясы ата-аналардың ықпалын үйлестіріп, біріктірудің орталығы болып табылады. Әрбір отбасы (жанұя) бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Жанұя, отбасы- белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт- дәстүрлердің сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Сондықтан үйелмендік өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Сынып жетекшісінің жұмысы — оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы болу. Өйткені, бала тәрбиесінің мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Сынып пен отбасының байланысының басты формасы ата-аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер, мысалы, күнделікті өмір, еңбек демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады. Сынып жетекшілер мен ата-аналардың арасындағы байланыс тек жиналыс өткізу деп есептесе, қателеседі. Ата-аналар жиналысында оқу үлгерімі, сабаққа қатысуы жайында сөз болады. Сол себепті ата-аналар сынып жиналысына аз келеді. Ата-аналар да жұмыс бастылыққа салынып, бала тәрбиесіне көп көңіл бөле бермейді. Сол себепті мұғалім ата-аналар жиналысында осы проблеманы да «Сізді тәрбиелеймін» деп емес, сіздерге «көмек» деп түрлі формада өткізсе , баланы ата-анасы жақсы танып, кемшілікті дер кезінде түзер еді. Бала мектептен көрі үйде көп болады. Ендеше, отбасы дене және психологиялық жағынан сау, ақыл- ой және интеллектуалды дамыған, алдында күтіп тұрған еңбекке, қоғамдық және отбасылық өмірге даяр жеке тұлғаны қалыптастыруға міндетті. Осы міндеттерді шешуде оқу бағдарламасын меңгертуде түрлі тиімді әдістер мен технологияларды пайдаланған сияқты, ата-аналарға көмек ретінде ата-аналар жиналысының дәстүрлі емес жұмыс формасын пайдаланған өте тиімді. Мектептегі оқу-тәрбие үдерісі қайткенде нәтижелі болмақ? Әрине, бұл сұраққа әркім әрқилы жауап беруі мүмкін, алайда олардың басым бөлігі «Мұғалім мен ата-ана бірлесе жұмыс атқарғанда» дер еді. Шынында да, бала тәрбиесіне мектептен өзге оның ортасы мен отбасының күшті ықпал ететінін ескерсек, онда мектептің ата-аналармен тығыз байланыста болуы өте маңызды. Ата-аналармен байланысты арттыру мақсатында мектеп- ұжымы ашық есік күндерін, тәрбие сағаттары мен семинарларын, спорт жарыстары мен табиғат аясында демалыс шараларын өткізіп келеді. Мектебімізде ата-ана мен мектеп ұжымының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолдары қарастырылған Ата-аналармен жұмыстағы технологиялар Ата-аналар жиналысы Лекция Тренинг Ақпараттық коммуникативтік әәддәә әдістер Тәрбие сағаттары Ата –аналарға арналған педагогикалық конконсилиум Сауалнама Спорттық жарыстар Ата – аналармен жұмыстағы жаңа технологиялар ретінде 2012-2013 оқу жылынан бастап мектебімізде ата-аналарға арналған жылына үш рет (қараша, қаңтар, наурыз) педогогикалық консилиум күндері ұйымдастырылуда. Педагогикалық консилиумнің мақсаты: Бала тұлғасы дамитын бірыңғай тәрбиелеу орталығын құру, ата-аналарды білім мекемесіндегі мақсатты бағытталған тәрбие жұмысы үрдісіне тарту; ата-аналарды білім мекемесіндегі сан алуан қызмет саласына араластыру; ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдениетін көтеру; әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын көрсету; баланың мейірімді,сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп,өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру. Күтілетін нәтиже: ата-аналарды балаларының оқу еңбегінің нәтижелері туралы хабардар болады; ата-аналардың балаларының оқуына көмекті дұрыс ұйымдастыруды үйренеді; сыныппен қызықты іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналардың ынтасы көтеріледі; ата- аналардың психологиялық – педагогикалық мәдениеті көтеріледі; ата – анамен мектеп арасында тығыз қарым – қатынас орнайды; Ата –аналарға арналған педагокалық конконсилиумнің жоспары І – консилиум «1 сынып және 5 сыныптардың бейімделуі» (қараша айы) № шара атауы уақыты жауапты 1 Ата-аналарды тіркеу 9.00 – 9.45 Кезекші мұғалімдер 2 Психологиялық тренинг «Біз ғажайыппыз» 10.00 –10.40 Әлеуметтік педагог, психолог 3 Ата – аналар әрбір пән мұғалімдерімен кездеседі (балаларының бағаларымен, сабақ барысымен танысып, ұстаздарға өз өтініштері мен ұсыныстарын жеткізеді) 10.40 –11.20 Мектеп әкімшілігі 4 1-5 сынып оқушыларының ата – аналарға арналған «Ата-анам-көктегі күн мен айым» концерттік шара 11.20 –12.30 Сынып жетекшілер ІІ – консилиум «Жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері» 7 - 9 сынып ата - аналары № шара атауы уақыты жауапты 1 Ата-аналарды тіркеу 9.00 – 9.45 Кезекші мұғалімдер 2 Психологиялық тренинг «Ата–ана бейнесі» Баяндама «Ұрпақ тәрбиесіндегі ата – ананың рөлі» (этнопедагогика тұрғысынан ) 10.00 –10.40 Әлеуметтік педагог, психолог 3 Ата – аналар әрбір пән мұғалімдерімен кездеседі (балаларының бағаларымен, сабақ барысымен танысып, ұстаздарға өз өтініштері мен ұсыныстарын жеткізеді) 10.40 –11.20 Мектеп әкімшілігі 4 Отбасылық «Біз бақытты отбасымыз» спорттық эстафета 11.20 –12.30 Сынып жетекшілер ІІІ – консилиум «Жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері» 9 – 11 сынып ата - аналары № шара атауы уақыты жауапты 1 Ата-аналарды тіркеу 9.00 – 9.45 Кезекші мұғалімдер 2 «Мектеп тынысы» оқу- тәрбие үрдісіндегі видео, фото сюжеттерді тамашалау 10.00 –10.20 Педагог ұйымдастырушы, 3 Ата – аналар әрбір пән мұғалімдерімен кездеседі (балаларының бағаларымен, сабақ барысымен танысып, ұстаздарға өз өтініштері мен ұсыныстарын жеткізеді) 10.40 –11.20 Мектеп әкімшілігі 4 Ата – аналардың психологиялық -педагогикалық мәдениетін шыңдау «Бала тәрбиесіне ата-аналардың психологиялық дайындығы» пікірталас 11.20 –12.30 Әлеуметтік педагог, психолог адамгершілік Қорытынды: Отбасында баланың жан-жақты қалыптасуына ата – аналармен жұмыс қорытындысында әділдік ұйымшылыдық мәдениеттілік түсінісітік сүйіспеншілік махаббат қайырымдылық Бұл іс-шараларда ата-аналар балаларының оқу және тәрбие жағдайларымен танысу мақсатында әрбір пән мұғалімдерімен жеке-жеке кездесуге мүмкүндік алды. Олар балаларының бағаларымен, сабақ барысымен танысып, ұстаздарға өз өтініштері мен ұсыныстарын жеткізе білді. Іс-шара нәтижесінде ата-аналарымыз өз ризашылықтарын білдіріп отырды. Қолданылған әдебиеттер: 1. Н.П.Аникеева « Воспитание игрой» 2. М.М.Мұқанов, «Жас және педагогикалық психология» ( Алматы 1982ж) 3. Тұрғынтаева, «Халық даналығы-адамгерішілік тәрбие құралы. (2001ж) 4. Ә.Табылдиев, «Халық педагогикасы және тәрбие» (1990ж) 5. М.Т.Баймұқанова, «Отбасымен әлеуметтік педагогикалық жұмыс» (Астана 2005ж) Тіркеу формасы Тегі, аты жөні: Баймұратова Гүлсім Кенжебекқызы Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: жоқ Жұмыс жасайтын мекемесі, қызметі: Ақсай қалалық №6 жалпы орта білім беретін мектеп, әлеуметтік педагог Мақала тақырыбы: «» Секциясы: ІІ секция: «Заманауи тәрбие технологиялары және оларды тәрбие үдерісінде пайдалану тиімділігі»
Бала тәрбиесінде ата.docx
Бала тәрбиесінде ата-ана белсенділігі-қоғам дамуының негізгі факторы «Тәртіптің ең тамаша мектебі – отбасы» С. Смайлс Қазіргі заманымыздың мақсаттарының бірі-жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың тәртіпті, саналы жан-жақты дамыған, шығармашылықпен жұмыс істей білетін азамат болып қалыптасуы үшін ата-ананың ролі зор. Отбасы адамзат бесігін тербететін ұя болса, баланың бас ұстазы ата-ана.Отбасындағы тәлім- тәрбиенің мақсаты-баланың жасын, жеке ерекшелігін психологиялық процестерін ескере отырып жарасымды жетілген ұрпақты тәрбиелеу. Бала – ата- ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарып тілеуін тілейтін де ата-ана. Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.. Бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз — ата - ана. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейді халық даналығы. Баланың дара қасиеттерін қалыптастыруда отбасы үлкен мүмкіндіктерге ие. Олар күнделікті отбасылық өмірде, отбасының дәстүрлері мен адамгершілік ұстанымдары, шежіресі мен тарихы, отбасы мүшелерінің ортақ қызығуы және мақсат-мүдделері арқылы іске асады. Бұл мүмкіндіктерді мектептің мүмкіндіктерімен үйлестіру – табысты тәрбиенің тағы бір негізі. Мақсаты: - Ата – аналарды мектеппен байланысын қалыптастыру. Отбасындағы бала тәрбиесіндегі қателіктердің алдын-алу; - Психолого-педагогикалық білім бере отырып, ата-ананың бала тәрбиесіндегі тәжірибесін арттыру; - Ата – анаға әрбір пән мұғалімдерімен жеке – жеке кездесуге, оқу және тәрбие жағдайларымен танысуға мүмкіндік туғызу. “Қазақстан - 2030“ даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында “Дағдарыстар өтеді де кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады ” делінген. Отбасы адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас ұстазы- ата-ана. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деген ата-бабаларымыздан қалған асыл сөздің сырына үңілер болсақ, бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Мектеп ұжымының ата-аналармен ынтымақтастығы оқушылармен жүргізілетін тәрбие жұмысының табысты болуының басты кепілі болып табылады. Мұғалім үшін ата-аналарды педагогикалық үрдістің белсенді мүшесі ету оңай шаруа емес. Ол асқан шеберлік пен зор жауапкершілікті қажет етеді. Мектеп — өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегі рөлі өте зор. Еліміздің бүкіл жастары мектеп арқылы өмірге жолдама алады. Мектеп ешуақытта ата- аналардың қоғамынан бөлініп, өз бетінше жеке дербес мекеме болған емес. Сондықтан оның іс- әрекеті отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен табиғи байланысты. Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштерді ұйымдастыру және біріктіру ролін атқарады. Ол ішкі тәрбие процесін басқарып қана қоймай, сонымен бірге мөлтек аудандарда, кәсіпорындарда жүргізілетін тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан мектеп оқушыларымен тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың жеке адамның дамуында және қалыптасуында сынып жетекшісінің негізгі функциясы ата-аналардың ықпалын үйлестіріп, біріктірудің орталығы болып табылады. Әрбір отбасы (жанұя) бүкіл ғасырлар бойы адам баласы тәрбиесінің құралы болып келді. Сондықтан ол адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Жанұя, отбасы- белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт- дәстүрлердің сақтаушысы. Онда бала алғаш рет өмір жолымен танысады, қоршаған ортамен танысып, мінез- құлық нормаларын игереді. Сондықтан үйелмендік өмір жеке адамның азамат болып өсуінің негізі. Сынып жетекшісінің жұмысы — оқыту мен тәрбие жұмысындағы мектептің одақтасы болу. Өйткені, бала тәрбиесінің мектепте нәтижелі болуы осындай ынтымақтастыққа негізделеді. Мектеп пен отбасының ынтымақтастығының бірнеше формалары бар. Сынып пен отбасының байланысының басты формасы ата-аналар жиналысы. Онда көптеген мәселелер, мысалы, күнделікті өмір, еңбек демалыс, оқушылардың бос уақыты, кәсіптік бағдар, оқу және тәрбие жұмысы, т.б. талқыланады, оларды одан әрі жетілдірудің нақты жолдары қарастырылады. Сынып жетекшілер мен ата-аналардың арасындағы байланыс тек жиналыс өткізу деп есептесе, қателеседі. Ата-аналар жиналысында оқу үлгерімі, сабаққа қатысуы жайында сөз болады. Сол себепті ата-аналар сынып жиналысына аз келеді. Ата-аналар да жұмыс бастылыққа салынып, бала тәрбиесіне көп көңіл бөле бермейді. Сол себепті мұғалім ата-аналар жиналысында осы проблеманы да «Сізді тәрбиелеймін» деп емес, сіздерге «көмек» деп түрлі формада өткізсе , баланы ата-анасы жақсы танып, кемшілікті дер кезінде түзер еді. Бала мектептен көрі үйде көп болады. Ендеше, отбасы дене және психологиялық жағынан сау, ақыл- ой және интеллектуалды дамыған, алдында күтіп тұрған еңбекке, қоғамдық және отбасылық өмірге даяр жеке тұлғаны қалыптастыруға міндетті. Осы міндеттерді шешуде оқу бағдарламасын меңгертуде түрлі тиімді әдістер мен технологияларды пайдаланған сияқты, ата-аналарға көмек ретінде ата-аналар жиналысының дәстүрлі емес жұмыс формасын пайдаланған өте тиімді. Мектептегі оқу-тәрбие үдерісі қайткенде нәтижелі болмақ? Әрине, бұл сұраққа әркім әрқилы жауап беруі мүмкін, алайда олардың басым бөлігі «Мұғалім мен ата-ана бірлесе жұмыс атқарғанда» дер еді. Шынында да, бала тәрбиесіне мектептен өзге оның ортасы мен отбасының күшті ықпал ететінін ескерсек, онда мектептің ата-аналармен тығыз байланыста болуы өте маңызды. Ата-аналармен байланысты арттыру мақсатында мектеп- ұжымы ашық есік күндерін, тәрбие сағаттары мен семинарларын, спорт жарыстары мен табиғат аясында демалыс шараларын өткізіп келеді. Мектебімізде ата-ана мен мектеп ұжымының бірлескен жұмысын ұйымдастыру жолдары қарастырылған Лекция Ата­аналармен жұмыстағы технологиялар Ата­аналар жиналысы Тренинг Ақпараттық коммуникативтік әәддәә әдістер Тәрбие сағаттары Ата –аналарға арналған педагогикалық  конконсилиум Сауалнама Спорттық жарыстар Ата – аналармен жұмыстағы жаңа технологиялар ретінде 2012-2013 оқу жылынан бастап мектебімізде ата-аналарға арналған жылына үш рет (қараша, қаңтар, наурыз) педогогикалық консилиум күндері ұйымдастырылуда. Педагогикалық консилиумнің мақсаты: Бала тұлғасы дамитын бірыңғай тәрбиелеу орталығын құру, ата-аналарды білім мекемесіндегі мақсатты бағытталған тәрбие жұмысы үрдісіне тарту; ата-аналарды білім мекемесіндегі сан алуан қызмет саласына араластыру; ата-аналардың психологиялық-педагогикалық мәдениетін көтеру; әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын көрсету; баланың мейірімді,сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп,өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру. Күтілетін нәтиже: ата-аналарды балаларының оқу еңбегінің нәтижелері туралы хабардар болады; ата-аналардың балаларының оқуына көмекті дұрыс ұйымдастыруды үйренеді; сыныппен қызықты іс-шараларды ұйымдастыруға ата-аналардың ынтасы көтеріледі; ата- аналардың психологиялық – педагогикалық мәдениеті көтеріледі; ата – анамен мектеп арасында тығыз қарым – қатынас орнайды; Ата –аналарға арналған педагокалық конконсилиумнің жоспары І – консилиум «1 сынып және 5 сыныптардың бейімделуі» (қараша айы) № шара атауы уақыты жауапты 1 2 3 4 Ата­аналарды тіркеу 9.00 – 9.45 Кезекші мұғалімдер Психологиялық тренинг   «Біз ғажайыппыз» 10.00 –10.40 Әлеуметтік педагог,  психолог Ата – аналар әрбір пән мұғалімдерімен кездеседі  (балаларының бағаларымен, сабақ барысымен  танысып, ұстаздарға өз өтініштері мен ұсыныстарын  жеткізеді) 10.40 –11.20 Мектеп әкімшілігі 1­5 сынып оқушыларының ата – аналарға арналған  «Ата­анам­көктегі күн мен айым» концерттік шара 11.20 –12.30 Сынып жетекшілер ІІ – консилиум «Жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері» 7 - 9 сынып ата - аналары № шара атауы уақыты жауапты 1 2 Ата­аналарды тіркеу 9.00 – 9.45 Кезекші мұғалімдер Психологиялық тренинг «Ата–ана бейнесі» 10.00 –10.40 Әлеуметтік педагог,  психолог Баяндама «Ұрпақ тәрбиесіндегі ата – ананың рөлі»  (этнопедагогика тұрғысынан ) Ата – аналар әрбір пән мұғалімдерімен кездеседі  (балаларының бағаларымен, сабақ барысымен  танысып, ұстаздарға өз өтініштері мен ұсыныстарын  жеткізеді) 10.40 –11.20 Мектеп әкімшілігі Отбасылық «Біз бақытты отбасымыз» спорттық  эстафета 11.20 –12.30 Сынып жетекшілер 3 4 ІІІ – консилиум «Жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктері» 9 – 11 сынып ата - аналары № шара атауы уақыты жауапты Ата­аналарды тіркеу 9.00 – 9.45 Кезекші мұғалімдер «Мектеп тынысы» оқу­ тәрбие үрдісіндегі  видео,  фото сюжеттерді тамашалау 10.00 –10.20 Педагог  ұйымдастырушы, Ата – аналар әрбір пән мұғалімдерімен кездеседі  (балаларының бағаларымен, сабақ барысымен  танысып, ұстаздарға өз өтініштері мен ұсыныстарын  жеткізеді) 10.40 –11.20 Мектеп әкімшілігі Ата – аналардың психологиялық ­педагогикалық   мәдениетін шыңдау         «Бала тәрбиесіне ата­ аналардың психологиялық дайындығы» пікірталас 11.20 –12.30 Әлеуметтік педагог,  психолог 1 2 3 4 адамгершілік Қорытынды: Отбасында баланың жан­жақты қалыптасуына ата – аналармен жұмыс қорытындысында әділдік түсінісітік махаббат қайырымдылық ұйымшылыдық мәдениеттілік сүйіспеншілік Бұл іс-шараларда ата-аналар балаларының оқу және тәрбие жағдайларымен танысу мақсатында әрбір пән мұғалімдерімен жеке-жеке кездесуге мүмкүндік алды. Олар балаларының бағаларымен, сабақ барысымен танысып, ұстаздарға өз өтініштері мен ұсыныстарын жеткізе білді. Іс-шара нәтижесінде ата-аналарымыз өз ризашылықтарын білдіріп отырды. Қолданылған әдебиеттер: 1. Н.П.Аникеева « Воспитание игрой» 2. М.М.Мұқанов, «Жас және педагогикалық психология» ( Алматы 1982ж) 3. Тұрғынтаева, «Халық даналығы-адамгерішілік тәрбие құралы. (2001ж) 4. Ә.Табылдиев, «Халық педагогикасы және тәрбие» (1990ж) 5. М.Т.Баймұқанова, «Отбасымен әлеуметтік педагогикалық жұмыс» (Астана 2005ж) Тіркеу формасы Тегі, аты жөні: Баймұратова Гүлсім Кенжебекқызы Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы: жоқ Жұмыс жасайтын мекемесі, қызметі: Ақсай қалалық №6 жалпы орта білім беретін мектеп, әлеуметтік педагог Мақала тақырыбы: «» Секциясы: ІІ секция: «Заманауи тәрбие технологиялары және оларды тәрбие үдерісінде пайдалану тиімділігі»

Бала тәрбиесінде ата-ана белсенділігі-қоғам дамуының негізгі факторы

Бала тәрбиесінде ата-ана белсенділігі-қоғам дамуының негізгі факторы

Бала тәрбиесінде ата-ана белсенділігі-қоғам дамуының негізгі факторы

Бала тәрбиесінде ата-ана белсенділігі-қоғам дамуының негізгі факторы

Бала тәрбиесінде ата-ана белсенділігі-қоғам дамуының негізгі факторы

Бала тәрбиесінде ата-ана белсенділігі-қоғам дамуының негізгі факторы

Бала тәрбиесінде ата-ана белсенділігі-қоғам дамуының негізгі факторы

Бала тәрбиесінде ата-ана белсенділігі-қоғам дамуының негізгі факторы

Бала тәрбиесінде ата-ана белсенділігі-қоғам дамуының негізгі факторы

Бала тәрбиесінде ата-ана белсенділігі-қоғам дамуының негізгі факторы

Бала тәрбиесінде ата-ана белсенділігі-қоғам дамуының негізгі факторы

Бала тәрбиесінде ата-ана белсенділігі-қоғам дамуының негізгі факторы

Бала тәрбиесінде ата-ана белсенділігі-қоғам дамуының негізгі факторы

Бала тәрбиесінде ата-ана белсенділігі-қоғам дамуының негізгі факторы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
23.04.2019