Балабақшадағы қазақ тілінен сайыс "Тақпақ - алдым жаттап" (ересек топ)
Оценка 4.6
Конкурсы
docx
воспитательная работа
Детсад
15.02.2017
"Тақпақ - алдым жаттап" ересек топ балаларына арналған сайыс. Бұл сайыс Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы жазылған тақпақтар сайысы. Мемлекеттік рәміздер туралы тақпақтарды жаттата отырып балалардың ел тәуелсіздігі туралы, халық бірлігі мен еркіндігі туралы ұғымды түсіндіру арқылы бала дүниетанымын, ой - өрісін дамыту."Тақпақ - алдым жаттап" тақпақтар сайысы
тақпақ алдым жаттап.docx
«Тақпақ – алдым жаттап»
мемлекеттік рәміздер туралы жазылған тақпақтар сайысы
Дайындаған қазақ тілі мұғалімі: Түрембет Г.Ә.
Ақтөбе облысы
Қарғалы ауданы
Ш.Қалдаяқов ауылы
«Бөбек» бөбекжайбалабақшасы» МКҚК «Тақпақ – алдым жаттап»
(мемлекеттік рәміздер туралы жазылған тақпақтар сайысы)
Мақсаты: Мемлекеттік рәміздер туралы өлең, тақпақтар арқылы тіл
тәуелсізділігін, көркемдігін, байлығын, шешендігін көрсететін нақыл сөздер,
тақпақтармен бала дүниетанымын, ойөрісін дамыту. Өз халқын, туған жерін,
тілін сүюге, бағалап, мақтан етуге тәрбиелеу.
Барысы:
1 кезең: «Сәлем сөздің анасы» (таныстыру)
2кезең: «Кім зерек?»
3кезең: Мәнерлеп оқу сайысы
4кезең: «Топ жетекшілер сайысы»
Жүргізуші: Қайырлы күн! Халқымыздың: «Асыл тастан, өнер жастан шығады»
деген сөзі бар. Бүгінгі сайыста бізде соның куәсі болатынымыз анық.Сонымен
сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.
Алдымен сайыстың әділ бағасын беретін қазылар алқасымен таныстырып
өтейік: балабақшамызыдың меңгерушісі – Гүлнар Рахимназарқызы
Әдіскер – Гүлайым Зайнуллақызы
Даярлық топ тәрбиешісі – Ақзауреш Какишкызы
Жүргізуші: Сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.
1 кезең. «Сәлем сөздің анасы» балалар өздерін таныстырып өтеді
Жүргізуші: 2кезең.Келесі сайысымыз «Кім зерек?» деп аталады. Тақырыпқа
байланысты бірнеше сұрақтар беріледі, кім көп жауап береді екен.
1. Тудың түсі қандай?
2. Туда не бейнеленген?
3. Елтаңаның түсі қандай?
4. Елтаңбадағы бесжұлдыз нені білдіреді?
5. Елтаңбада тағы не бейнеленген?
6. Гимннің 2 ші шумағын айтып бер.
Жүргізуші: 3кезең. «Мәнерлеп оқу сайысы»
1.Кунабаева Ақбота – «Көгершін» тобы
2.Бикмухаметова Альбина – «Көгершін» тобы
3.Рахметулла Мәди – «Көгершін тобы»
4.Ази Батырхан – «Көгершін» тобы
5. Сериков Нурберген – «Солнышко» тобы
6.Нурлан Дамир – «Солнышко» тобы
Жүргізуші: Рахмет, сіздерге балалар. Ендігі кезекті топ жетекшілері арасында
өтетін сайысқа береміз. Топ жетекшілері мемлекеттік рәміздер туралы өлең жолдарын оқып берсін. Бұл уақыт балаларды бағалауға қазылар алқасына
арналады.
Кезекте 4кезең «Топ жетекшілері» сайысы. Сайыстың шарты бойынша
оқылатын өлең жолдарының авторын және қалай аталатындығын табу керек.
Абай
«Ғылым таппай мақтанба»
Тілеуің, өмірің алдыңда
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз.
Ыбырай Алтынсарин
«Кел, балалар оқылық»
Оқысаңдар, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан
Іздемейақ табылар.
Сұлтанмахмұт
«Мен қазақпын»
Мен қазақ, қазақпын деп мақтанмын,
Ұранға «Алаш» деген атты аламын.
Сүйгенімқазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?!
Мұқағали
«Үш бақытым»
Ал екінші бақытымТілім менің,
Тас жүректі тілммен тілімдедім.
Кейкейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Мұхтар Шахнов
«Төрт ана»
ТУҒАН ЖЕРІ — түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТІЛІ — мәңгі өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТДӘСТҮРІ — тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі,
Және ТУҒАН ТАРИХЫ….
Бір адам жас баласын жанына алды,
Екеуі сайран етіп кетіп қалды.
Қыдырып арлыберлі жүрдідағы,
Егінші егін еккен жерге барды. (А. Байтұрсынов «Егіннің бастары»)
Көл қорыған сен едің,
Сен де айрылдың көліңнен.
Ел қорыған мен едің, Мен де айрылдым көліңнен. (Махамбет «Қызғыш құс»)
Таулардан өзен ағар сарқыраған,
Айнадай сәуле беріп жарқыраған,
Жел соқса, ыстық соқса, бір қалыпта,
Аралап тау мен тасты арқыраған. (Ы. Алтынсарин «Өзен»)
Бұлттай қасы жауып екі көзін,
Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.
Бурадай бұрқсарқ етіп долданғанда,
Алты қанат ақ орда үй шайқалды. (Абай «Қыс»)
Жайылып төрге қарай таңның ағы,
Көрінді ауылауыл маңайдағы.
Қарайып, өрген сиыр түйеменен
Ауылдың малға толды әрбір жағы. (С. Торайғыров «Шілде»)
Жүргізуші: Сайысымызды қорытындылап, жеңімпазды анықтау үшін сөз
кезегін қазылар алқасына берейік.
(қазылар сөйлейді, марапаттау қағаздарын үлестіреді)
Жүргізуші: Осымен тақпақтар сайысы өз мәресіне жетті.
Назарларыңызға рахмет!
Қош сау болыңыздар!
Балабақшадағы қазақ тілінен сайыс "Тақпақ - алдым жаттап" (ересек топ)
Балабақшадағы қазақ тілінен сайыс "Тақпақ - алдым жаттап" (ересек топ)
Балабақшадағы қазақ тілінен сайыс "Тақпақ - алдым жаттап" (ересек топ)
Балабақшадағы қазақ тілінен сайыс "Тақпақ - алдым жаттап" (ересек топ)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.