«БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНЕ ЗОР ҮЛЕС ҚОСҚАН-ҚАСТЕК БАЯНБАЙ»
Еженгалиева Арайлым Жолдыханқызы
Балалар ақыны, жазушысы-Қастек Баянбай жер жәннаты Жетісу
облысында ғажайып дүние есігін ашқан. Тәрбиелік мәні терең леңдері бастауыш
сынып кітаптарына, көмекші құралдарға еніп, әсем әндер жазылып, ертегілері
бойынша балаларға арнап мультфильмдер түсіріліп, шығармалары орыс, өзбек
сынды тағы да басқа түрлі тілдерге аударылып, әлемге таралған.
Қастек Баянбай атамыздың шығармаларын бастауыш сынып оқушылары
зор махаббатпен, ынта-жігер, құлшыныспен оқып әдебиеттік оқу пәніне деген
махаббаттарын оята түседін.
Ақынның «Үміт» өлеңі оқушылардың қанша сыналып, жеңіліске ұшыраса
да өз қалауларынан бастартпай алға қарай қадам басуларына тәрбиелейді.
Сонымен қатар, «Дәрумендер дауасы» өлеңі арқылы балаларға құнарлы,
табиғи, пайдалы тағамдарды ішу арқылы қуатты болатынын жеткізеді.
Әдебиет тарихында өзіндік орыны бар жазушы, ақын Қастек Баянбайдың
шығармалары оқушыларды еңбекке, оқуға, өнерге, жетістікке жетуге, қазаққа тән
құндылықтарын жоғалтпауға, салауатты өмір салтын ұстануға жетелейді.
Жазушының ертегілерінің композициялық құрылысы өте ерекше, текше
етіп жиналған сандықтар секілді десекте болады. Артық сөз, бояусыз балаларға
айтарын ойын күрделі емес, жеңіл түрде жеткізе алады.
Қастек Баянбайдың тек қана өлең менен ертегісі ғана емес бала тілін
ұстартуға арналған жаңылтпаштары, баланың ойлау қабілетін, логикасын
дамытуға арналған жұмбақтары бар.
Қастек Баянбай – қатардағы балалар ақыны емес, алдыңғы қатардағы
санаулы топтың қатарындағы қазақ балалар әдебиетінің ірі өкілі деп айтсақ та
артық болмайды.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.