Емберген Назым Маратовна
Оценка 5

Емберген Назым Маратовна

Оценка 5
docx
14.09.2023
Емберген Назым Маратовна
169463220831.docx

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанның топырақ түрлері

Мектеп: № 25 ОМ

Күні:

Мұғалімнің есімі: Емберген Н,М

СЫНЫП: 7 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

7.3.4.4 - жергілікті компонентті қосымша қамту негізінде топырақ ресурстарына баға береді

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік құзіреттілік

 

Қазақстанның топырақ түрлері

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,тарих.

Алдыңғы тақырып

Топырақ және оның құрамы мен құрылымы

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде

жоспарланған жаттығулармен қатар,

ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы 5 минут

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Көрші»

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Нұсқаулық:

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз үлкен отбасы.

(Көршілер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайд)

Ортасы 15 минут

Білу және түсіну 10 минут

1.Топырақ деген не? (жер бетінің үстіңгі борпылдақ қабаты)
2.Жұқа топырақ қабаты алғаш қай кезде пайда болған? (кембрий дәуірі,500млн жыл бұрын )
3.Топырақтану ғылымының негізін кім қалады? (В.В.Докучаев)
4.Топырақ құрайтын факторларды ата (су,ауа ,өсімдік,тірі ағзалар,жылу)
5.Шұбалшындар топырақты қалай өңдейді? (Асқазан шырынымен шылап,өңдейді)
6.Құнарлы топырақ қандай топырақ? (құрамында қара шірігі басым)
7.Топырақтың қара шірігі қалай пайда болады? (ағзалар қышқылдар бөледі,қышқылдар тау жыныстарын ерітуі әсерінен шірінді пайда болады)
8.Өз өлкеңнің топырағы жайлы не білесіңдер? (оқушылар пікірлерін ортаға салады?)
9.Топырақтың механикалық құрамына нелер жатады? (ірі және ұсақ минералдар жиынтығы)
10.Құрылымды топырақ қандай топырақ? (ауа ,су оңай өтетін кесек (10мм) топырақ)

Қолдану 8 минут Постер жасату.

Қазақстанның топырақ жамылғысы күрделі және әр түрлі. Топырақ жамылғысының зоналар бойынша таралғаны айқын байқалады. Қазақстанның жазық бөлігі аумағының 86%-ын алып жатыр. Негізінен үш топырақ зоналарына бөлінеді: қара топырақты зона (52° с.е. солтүстігінде); қара қоңыр топырақты зона (52°-48° с.е. аралығында); қоңыр, сұр қоңыр топырақты зона (48° с.е. оңтүстігінде).
Қара топырақты зона
Қара топырақты зона республиканың солтүстігінде тараған. Бұл зона Солтүстік Қазақстан облысын түгелімен, Қостанай облысының көп жерін, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік бөліктерін камтиды. Республика аумағының 25,5 млн гектар жерін (9,5%-ын) алып жатыр. Қара топырақты зона үш зона аралығына бөлінеді: сілтісізденген қара топырақ - орманды дала табиғат зонасының оңтүстігінде аз ғана бөлігін алып жатыр; кәдімгі қара топырақ және оңтүстіктегі қуаң даланың қара топырағы - дала зонасына тән. Құнарлылығы жағынан алдыңғы екі өңірдің топырақ құрамында гумусы (қара шіріндісі) мол (6-8%) қара топырақ орын алса, оңтүстігінде қара топырақтың қара шіріндісі аздау (4-6%) келеді. Қара топырақты зона ылғалмен қамтамасыз етілген жазық далада тараған, республиканың негізгі астық өндіретін алқабы саналады.
Қара қоңыр топырақ зонасы
Қара қоңыр топырақ зонасы қара топырақтың оңтүстігінде орналасқан. Бұл Орталық Қазақстанның көп жерін, Каспий маңы ойпатының солтүстігін, Шығыс Қазақстан облысының жазықтарын алып жатыр. Бұл – республиканың оңтүстік дала (тым құрғақ далалы) және шөлейтті алқаптарын 90,6 млн гектар немесе республика жерінің 34%-ын алып жатқан зона. Қара қоңыр топырақ зонасы да үш зона аралығына бөлінеді: қуаң даланың күңгірт қара қоңыр топырақты өңірі; қуаң даланың жай қара қоңыр топырақты өңірі; шөлейт жердің ашық қара қоңыр топырақты өңірі. Топырақтың құнарлылығы оңтүстікке барған сайын кеми түседі. Күңгірт қара қоңыр топырақ пен кәдімгі қызыл қоңыр топырақтың гумусы (қара шіріндісі) 4,5-3,0%, ал шөлейт ашық қызыл топырағының гумусы азырақ, 3,0- 2,0%. Бұл топырақ зонасының солтүстігінде астық өндіру мен мал шаруашылығымен айналысады. Өйткені мұнда ылғал аз түседі.
Сұр қоңыр топырақты зона
Қара қоңыр топырақты зонаның оңтүстігінде шөлді аймақ топырақтары алып жатыр. Мұнда негізінен қоңыр және сұр қоңыр топырақ жамылғысы басым келеді. Топырақтың Бұл типі 120 млн гектар жерді, республика жерінің 44%-ын алып жатыр. Қазақстанның оңтүстік бөлігін түгел камтыған. Бұл топырақтың гумусы аз (2,0-1,0%), сондықтан онда негізінен мал шаруашылығымен айналысады. Бұл өңірде суармалы егіс қана тиімді.
Солтүстік Қазақстандағы Батыс Сібір ойпатынан оңтүстіктегі Алатау өңірлеріне дейінгі аралық 1500 — 1600 км, Батыстағы Атырау алқабынан Алтай тауларына дейінгі 3000 км-ге жуық өңірлерді әр түрлі топырақтар жамылғысы басқан. Бұл топырақ жамылғысының әр аймақтарда түзіліп, орналасуы географиялық белдемділік заңына байланысты. Мысалы, Қазақстанның 86% жерін алып жатқан жазық алқаптарында климаттың, топырақтың солтүстіктен оңтүстікке қарай өзгеруі көлденең белдемдік заңына сәйкес өзгерсе, Қазақстанның 14% жерін алып жатқан оңтүстік, оңтүстік-шығыс таулы алқаптарында — тік белдемдік (биіктік белдеулік) заңына сәйкес болады.
Топырақ эрозиясы (латынша еросіо – желіну) – топырақтың беткі ұнтақталған құнарлы қабатының жел күшімен немесе су ағынының шаюы салдарынан құнарының азаюы. Жел эрозиясы кез келген топырақ типінде кездесіп, жел күшімен топырақтың беткі қабатын, кейде өсіп тұрған өсімдігімен бірге басқа жаққа ұшырып әкетеді. Әдетте жел эрозиясы жер бедері жазық, құрғақ, ормансыз шөл аймақтарында жиі болады.
Жалпы эрозиядан сақтану жолдары төмендегідей жұмыстар жүрілуі қажет: 
1.Егістік маңына ағаш отырғызу 
2. Қар тоқтату, тыңайтқыштар себу 
3.Ауыспалы егіс 
айналымын сақтау 
4. Құм тоқтату 
5.Жерді аудармай жырту 
6.Тау беткейлерінен 
көлденеңінен сатылай жырту 
Сыныптағы қатар бойынша оқушыларды топтарға бөліп, әр топқа оқулықтан топырақ типтері туралы мәлімет алып, түсінік айту, картадан сол аймақтарды табу тапсырмасы беріледі.
Интерактивті тақта арқылы тапсырмалар:
Әр топырақ типтеріне сай аймақты сәйкестендір .
1.Республиканың солтүстігі- сұр қоңыр
2. Орталық Қазақстанның көп жері, Каспий маңы ойпатының солтүстігі-қара топырақ
3.
 Қазақстанның оңтүстік бөлігі- қара қоңыр топырақ

 

«Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі.

 

Постер жасату.

Оқушылар өз ойларын постерге жазып оқып береді.

Аяқталуы 20 минут

Синтез

1.Топырақ типтері нешеге бөлінеді?

2.Топырақ эрозиясы деген не?

3.Эрозиядан сақтану жолдары қандай?

4.Өз облысыңның топырағы қай типке жатады?

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады.

https://ust.kz/materials/docx/image/2017/december/d22/1513912877_html_ff66d5fe8c42f401.jpg

 

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен?

«Бағдаршам» әдісі

https://ust.kz/materials/docx/image/2017/december/d22/1513912877_html_7a9a189e16beafd5.jpg

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

 

 

 

 

 

 

«Алматы облысы білім басқармасының Талдықорған қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Барлыбек Сырттанұлы атындағы №25 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстанның топырақ түрлері

 

 

                                                             Пән мұғалімі: Турсынбекова А.Е.

                             7 «Б» сыныбы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Талдықорған қаласы 2021 жыл

 

                                                                                                                                                             

 

 

 


 

Скачано с www.znanio.ru

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның топырақ түрлері

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның топырақ түрлері

Жұқа топырақ қабаты алғаш қай кезде пайда болған? (кембрий дәуірі,500млн жыл бұрын ) 3

Жұқа топырақ қабаты алғаш қай кезде пайда болған? (кембрий дәуірі,500млн жыл бұрын ) 3

Бұл топырақтың гумусы аз (2,0-1,0%), сондықтан онда негізінен мал шаруашылығымен айналысады

Бұл топырақтың гумусы аз (2,0-1,0%), сондықтан онда негізінен мал шаруашылығымен айналысады

Аяқталуы 20 минут Синтез 1

Аяқталуы 20 минут Синтез 1

Алматы облысы білім басқармасының

Алматы облысы білім басқармасының

Емберген Назым Маратовна

Емберген Назым Маратовна
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
14.09.2023