Баланы оқыту - «сыртқы реттеуден» «өзіндік реттелуге» ілгерілеу үрдісі
Оценка 4.8
Руководства для учителя +1
docx
психологическая работа +1
Взрослым
20.12.2018
Өзін-өзі реттеу немесе өз бетімен үйренудің дәлелі болып табылатын балалардың мінез құлқының практикалық үлгісімен бөлісуге шақыру,Оқушылардың оқудағы кедергілерді өз бетінше шешуіне мүмкіндік беріп, қолынан келетіндігіне сенім білдіру – ұстаз міндеті екенін Өзін-өзі реттеу немесе өз бетімен үйренудің дәлелі болып табылатын балалардың мінез құлқының практикалық үлгісімен бөлісуге шақыру,Оқушылардың оқудағы кедергілерді өз бетінше шешуіне мүмкіндік беріп, қолынан келетіндігіне сенім білдіру – ұстаз міндеті екенің ұғыну
өзін-өзі реттеу коучинг №5-2 сағат.docx
Коучинг№5 Шакенова А.Р
І. «Өзіңді тереңірек тани біл»
Нұсқау. Қазір сіздерге слайд арқылы бірнеше жемісжидектер көрсетіледі. Сол жеміс
жидектердің ішінен өзіңізге көбірек ұнайтынын таңдаңыз. Сол таңдау арқылы сіздің мінез
құлқыңыз қандай, соған тоқталайық.
Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиеленіске, жанжал, даудамайға бара бермейді. Еш
уақытта еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден
қояды. Отбасында да үлгілі, артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы ғана жетіспейді.
Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде
шектен асып кетеді де, ел ондай адамдарға сенімсіздікпен қарауы мүмкін.
Құлпынай ұнатсаңыз, сіз көңілді, қонақжай адамсыз. Елмен тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылық тән,
талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен қызғаншақтығыңыз жоқ емес.
Шабдаланы ұнататын адамдар көпшіл, кезкелген адаммен тіл табыса алатын ашық жарқын болып
келеді. Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын аңғарылып тұрады. Тек бір
кемшілігіңізқиындықтарды ауыр көтересіз, кейде оларды жеңуге дәрменсіздік танытасыз.
Егер сізге алма өте ұнайтын болса, жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Өз бастығыңызға
берілгенсіз, оның қандай тапсырмасын болса да, жан сала тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақын
жанды, өзөзіңізге риза адамсыз.
Егер сіз шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуанышпен жақсылық жасау үшін
кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін. Өтірікөсек сөзге жоқсыз, есесіне анекдоттарды
ұнатасыз. Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сізді опоңай өкпелете салуға болады.
Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық
қарымқатынас орнату да қиын болады.
1.«Бірбірімізбен амандасайық»
Мақсаты бір –біріне жақын болуға, бірбірін түсіне білуге, тренингке қатынасушылар арасында
жағымды атмосфера қалыптастыру.
Інұсқа: оң және сол жақ көршілеріңізбен құшақтасып амандасамыз.
ІІ нұсқа: арқаларыңызды тигізу арқылы
ІІІ нұсқа: оң және сол жақ тізелеріңізді тигізу арқылы
ІV нұсқа: мұрындарыңызды тигізу арқылы
Коучинг жоспары
Апта 2апта
Күні6.11.14
Сабақ №3
Сабақтың тақырыбы: Баланы оқыту «сыртқы реттеуден» «өзіндік реттелуге» ілгерілеу үрдісі
Сілтеме:
Мақсаты
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
Өзінөзі реттеу немесе өз бетімен үйренудің дәлелі болып табылатын
балалардың мінез құлқының практикалық үлгісімен бөлісуге
шақыру,Оқушылардың оқудағы кедергілерді өз бетінше шешуіне мүмкіндік
беріп, қолынан келетіндігіне сенім білдіру – ұстаз міндеті екенін ұғыну
Топтарды құру
Кіріспе
тапсырмалары
3 минут. Жеміс жидек бойынша топтарға бөлу
Бейнефильм көрсету
2 топқа сұрақ:
1.Тауға қалай шығуға болады? Бірден таудың шыңына шығуға бола ма? Коучинг№5 Шакенова А.Р
теория
1 Тапсырма
Тапсырманы
бағалау.
Қорытынды
Рефия
2.Адам жақсы өмір сүру үшін,еңбегі табысты болуы үшін не істеу керек?
7 минут
Өзін өзі реттеу дегеніміз не?
Өзін өзі реттеудің қандай түрлерін
білеміз?»танымдық,эмоциялық,әлеуметтік,ынталандырушылық)
•
•
•
•
метатану
бағытталған
Өзіндік реттелу,танымдық:
эмоциялық: эмоциялық зият
әлеуметтік: ақыл теориясы
ынталандырушылық: шеберлікке
5 мин
Өзін өзі реттеу моделін құру постер қорғау. 10 минут
Әр топтың пікірі арқылы бағалау.(қол шапалақтай
отырып, мадақтау)
Стикерлерге өз ойларын , ұсыныс, тілектерін жазу
әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар,
ситуациялар төңірегінде ой қорыту, өздерінің “ойларын
пісіру”
3 минут
5 мин
Келесі (қосымша
оқу)
Презентация МАН Коучинг№5 Шакенова А.Р Коучинг№5 Шакенова А.Р
Рефлексивтік есеп
Коучингке өз қалауымен барлығы 11 мұғалім қатысты.
Коучингтің негізігі мақсаты: Өзінөзі реттеу немесе өз бетімен үйренудің дәлелі болып
табылатын балалардың мінез құлқының практикалық үлгісімен бөлісуге шақыру,Оқушылардың
оқудағы кедергілерді өз бетінше шешуіне мүмкіндік беріп, қолынан келетіндігіне сенім білдіру
– ұстаз міндеті екенің ұғыну
Мұғалімдер сандар бойынша екітөрт топқа бөлінді.
Коучинг кезеңдері слайд арқылы көрсетіліп отырды.
1 кіріспе тапсырмада екі топқа сұрақтар берілді:
1.Тауға қалай шығуға болады? Бірден таудың шыңына шығуға бола ма?
2.Адам жақсы өмір сүру үшін,еңбегі табысты болуы үшін не істеу керек?
Берілген сұрақтар бойынша топ мүшелері ойланды, ойларын ортаға салды.
1 топтан бастауыш мұғалімі Ақмарал шығып, топтың атынан өз ойын ортаға салды.
2 топтан қазақ тілі пәнінің мұғалімі Бағым шығып, берілген сұраққа жауап берді
Әр топ қарсы топтардың жауаптарын бағалады. Содан кейін, слайд арқылы сұрақтарға жауап
көрсетілді. Жауап 2 топ мүшелерінің жауаптарымен сәйкес келді.
Сергіту сәті
Наполеонның кейіпі» жаттығу
Қатысушыларға үш түрлі қозғалыс :
қолды кеуде тұсында айқастыру,
ашық алақанмен қолды алға созу,
түйілген жұдырықты қол көрсетіледі. Коучинг№5 Шакенова А.Р
Жүргізушінің «Бір, екі, үш! », командасы бойынша: қатысушылар өзіне ұнаған кейіпті көрсету
керек (ұнағанын). Мақсатымыз барлығы немесе көбі бірдей қалып көрсеткені.
Жаттығуды орындау:
Бұл жаттығу сіздің жұмысқа қаншалықты дайын екендіктерңізді көрсетеді. Егер де көпшілігі
алақандарын көрсетсе, онда, бұл олардың жұмысқа дайындығын көрсеетеді. Жұдрық агрессияны,
Наполеон қалыбы – тұйықтық немесе жұмыс жасағысы келмеушілікті көрсетеді.
Бұл жаттығуда 1 мұғалім наполеон қалыбын, бір мұғалім –агрессияны көрсетті, қалғандары
(көпшілігі) алақандарын көрсетіп, жұмысқа дайындығын көрсетті.
Яғни, көпшілігі жұмысқа дайын деген сөз.
теория
өзіндік реттелу,танымдық: метатану
эмоциялық: эмоциялық зият
әлеуметтік: ақыл теориясы
ынталандырушылық: шеберлікке бағытталған
«өзін өзі реттеу» презентациясы арқылы теориялық мәлімет берілді
2 тапсырма. Өзін өзі реттеу моделін құру постер қорғау
Бұл көбелек сабағы мұғалімдерге ой салды. Осы сабақты көріп отырып, сабақ беруде мұғалімдер
шыдамдылық, төзімділік танытып, оқушылардың тапсырманы өздігінен орындауына, проблемадан
өздігінен шығуына мүмкіндік беру қажет екенің,оларға әрқашанда сенім білдіру маңызды екенің
түсінді. «Сыртқы реттеудеден», «өзіндік реттелуге» ілгерлеу біздің басты мақсатымыз екенің, соның
нәтижесінде оқушы бойында өзіне деген сенімділікті, табандылықты, шыдамдылықты қалыптастыра
алатынымызды түсінді.
Қорытынды. Рефлексия
Мұғалімдер өз ойларын, тілек, ұсыныстарын стикерге жазып қалдырды.
Болашақта айтқан ұсыныстарын ескере отырып, коучинг өткіземін.
Баланы оқыту - «сыртқы реттеуден» «өзіндік реттелуге» ілгерілеу үрдісі
Баланы оқыту - «сыртқы реттеуден» «өзіндік реттелуге» ілгерілеу үрдісі
Баланы оқыту - «сыртқы реттеуден» «өзіндік реттелуге» ілгерілеу үрдісі
Баланы оқыту - «сыртқы реттеуден» «өзіндік реттелуге» ілгерілеу үрдісі
Баланы оқыту - «сыртқы реттеуден» «өзіндік реттелуге» ілгерілеу үрдісі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.