Баскетбол добын алып жүру түрлерин уйрету
Оценка 4.7

Баскетбол добын алып жүру түрлерин уйрету

Оценка 4.7
Конкурсы
docx
физическая культура
4 кл
18.05.2017
Баскетбол добын алып жүру түрлерин уйрету
Спорттық ойындармен айналысуды жалғастыру, олардың ережесімен, түрлерімен танысуды, меңгертуді жалғастыру, баскетбол ойынын оқушылардың денесін шынықтыру мақсатында қолдануды арттыру. Ойыншының қозғалыста допты алып жүруі – баскетбол ойыныңдағы негізгі тәсілдің бірі. Допты бір қолмен алып жүреді. Допты алып жүру допты кідіртпей еденге соғып отыру арқылы орындалады. Буынынан ашылған саусақтар арқылы допты төмен итеріп алып жүреді, итеріс күші шынтақтың бүгіліп жазылуына байланысты болады. Допты алып жүруде ойыншы аяғын сәл бүгіп қозғалады, жан – жанжағында болып жатқан жағдайды бақылау үшін денені тік ұстайды. Қозғалыс жылдамдығы допты еденге бағыттау және допты қайтадан қабылдап алғандағы биіктікке байланысты болады. Оқушыларды сапқа тұрғызып екі командаға бөліп кезекпен допы алып жүруді орындату. Допты алып жүруді жақсы орындаған оқушыны қайталатып алып жүргізіп көрсету. Ара-қашықтығы 2 метрден қойылған кеглилердін арасымен допты кезекпен алып жүру. Оқушыларды сапқа тұрғызып санату арқылы екі командаға бөліп ережесімен баскетбол ойнату.
Сабақтың.docx
Сабақтың тақырыбы  : Музыка майталманы­Е Брусиловский Сабақтың мақсаты  Оқушыларды   сазгер өмірімен және  шығармашылығымен   таныстыру Тәрбиелік мәні : Оқушыларды  бірін­бірі  тындай  білуге, ұйымшылдыққа  тәрбиелеу Көрнекілік  :                                        Оқулық,суреттер Сабақтың барысы : Брусиловский Евгений (1905­1981) 1933 жылы КСРО Композиторлар одағының жолдамасымен Алматыға келді. 1933 — 34  жылдары Қазақ музыкалық драма техникумы жанындағы халық музыкасының ғылыми­ зерттеу кабинетінде қызмет етті. 1934 — 38 жылы Қазақ музыка (қазіргі Қазақ опера  және балет театры) театрының музыкалық жетекшісі, 1939 — 56 жылы Қазақстан  Композиторлар одағы басқармасының төрағасы, 1956 — 76 жылдары КСРО  Композиторлар одағы басқармасының мүшесі, 1944 — 51 жылдары Қазақ  филармониясының көркемдік жетекшісі, 1944 — 70 жылдары Алматы  консерваториясының композиция кафедрасының меңгерушісі болды. Брусиловский қазақ музыка өнерінде еуропалық бағыттағы шығармашылық мектептің қалыптасуына үлкен  үлес қосты. Ол 9 опера, 2 балет, 9 симфония, “Кеңестік Қазақстан” атты кантата,  оркестрге, аспаптарға арналған концерттер, 500­ден астам әндер мен романстар,  сондай­ақ, Қазақстан әнұранының музыкасын (М. Төлебаев, Л. Хамидилермен бірігіп)  жазды. Брусиловский қазақтың ұлттық әндерін өз шығармаларында жоғары шеберлікпен пайдаланды. Ол 250­ден астам қазақ ән­күйлерін жазып алған. Ол — “Қыз Жібек”,  “Жалбыр”, “Ер Тарғын” сияқты алғашқы қазақ операларының авторы. Олар музыка  мәдениетінде, елдің мәдени өмірінде зор маңызға ие болды. 1970 жылдан Мәскеуде  тұрған Брусиловский қазақ тұрмысы тақырыбына 8­, 9­симфонияларын, “Қозы Көрпеш  — Баян сұлу” балетін жазды. Оның шәкірттері Б.Байқадамов, А.Бычков, К.Күмісбеков,  Қ.Қожамияров, Н.Меңдіғалиев, Қ.Мусин, С.Мұхамеджанов, Е.Рахмадиевтер —  Қазақстанның белгілі композиторлары. Орыс және қазақ тілдерінде “Естеліктер” атты  кітабы жарық көрді. КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1948, “Кеңестік Қазақстан” кантатасы  үшін), Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы (1967, “Құрманғазы” атты 6­симфониясы үшін)  лауреаты. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, Құрмет белгісі ордендерімен марапатталған. Алматы  қаласында Брусиловский атында көше бар Композитор, қазақ музыкалық мәдениетінің негізін қалаушыларының бірі, ҚазССР­нің  халық артисі, профессор ССРО және ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.  Ленинград консерваториясын профессор М.О. Штейнбергтің композиция класы бойынша бітірген. Брусиловский өзінің шығармашылық қызметін қазақтың музыкалық фольклорын  зерттеуге арнады. Ол — Н. Бөкейханов, Л. Мұхитов, М. Бөкейханов, И. Байзақов сияқты  көрнекті музыканттардың әндері мен күйлерін жазып алған. Брусиловский — алғашқы  қазақ операларын, симфонияларын, ірі хорлық және кантата­ораториялық  шығармаларды алғаш көрерменге танытқан музыкант. Ол­ «Қыз Жібек», «Жалбыр», «Ер  Тарғын» операларының, «Сары­арқа», «Целинная», «Құрманғазы» симфонияларының,  кантаталардың, сюиталардың 50­ ден аса әндер мен романстардың авторы. Е.  Г.Брусиловскийдің музыкалық шығармаларына ашық, бейнелі әуендік сипаттамалар тән.  Қазақ әуенін өз бояуымен қабылдап, оны көрермен құлағына жеткізуде Е. Г.  Брусиловскийдің еңбегі зор. Бағалау :                                 Қорытындылау;.

Баскетбол добын алып жүру түрлерин уйрету

Баскетбол добын алып жүру түрлерин уйрету

Баскетбол добын алып жүру түрлерин уйрету

Баскетбол добын алып жүру түрлерин уйрету
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.05.2017