Бастауыш сынып ашык сабак
Оценка 4.6

Бастауыш сынып ашык сабак

Оценка 4.6
Видеоуроки +1
docx
воспитательная работа +1
Взрослым
15.11.2018
Бастауыш сынып ашык сабак
Сөйлеу мәдениеті: 1.Ана тіліміз-қазақ тілі, яғни тілімізді дұрыс және орынды қолдану. 2. Сөздерді дұрыс айту. 3. Тілді басқа тілдің сөздерімен шұбарламау, яғни таза сөйлеу. -Соңғы кездері газеттерде, бұқаралық ақпарат құралдарында, телевизиялық бағдарламаларда сөз және грамматикалық қателер өте көп ұшырасып жатқандықтан, біз сөз мәдениеті деңгейінің төмендеп кеткенін көріп жүрміз, сөйлеу мәдениетін сақтамайды.«Біз сөйлесе білеміз бе?»
ЭРУДИТ үйірмесі. Біз сөйлесе білеміз бе.docx
Сабақтың тақырыбы: «Біз сөйлесе білеміз бе?» Мақсаты: балаларға сөйлеу мәдениетінен ақпарат беру, өзара және айнала  қорғашан адамдармен (ересектер, ата­ана, мұғалімдер т.б) сөйлесе білу дағдысын  игеруді түсіндіру. Міндеттері: Білімдік: оқушылардың сөйлеу мәдениетін жетілдіру; Дамытушылық:  әдеби тілдің нормаларын сақтау қажеттілігі туралы оқушылардың түсініктерін қалыптастыру; Тәрбиелік: қазақ тіліне деген қарым­қатынастарын ұлттық құндылық, патриоттық  сезім тұрғысында үйрету, тәрбиелеу. Сабақ түрі: жаңа сабақ. Сабақ әдісі:  проблемалық, проекциялық , дидактикалық әдістер Педагогикалық технологиялар: ойын технологиясы; Сабақ формасы: топтарда жұмыс істеу.  Көрнекіліктері: Интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаздар, бейнематериалдар,  қабырғада ұлы ойшылдар мен философтардың тіл және сөз туралы қанатты  нақылдары мен мақал­мәтел ілінеді: 1. «Сөз деген мәңгі қалатын жалғыз мұра» (Эрнест  Хэмингуей) 2. «Сөз тас жарады, тас жармаса, бас жарады» (халық мақалы) 3. Сөз жылата да, жұбата да алады (Б.Момышұлы) Жоспары: 1) Ұйымдастыру  кезеңі 2) Үй тапсырмасы 3) Жаңа сабақ А) Сұрақ­жауап  Проблемалық тәсіл Ә) Демонстрациялық тәсіл Б) Рольдік жағдаят В) Дидактикалық тапсырма Г) Демонстрациялық фильм Ғ) жаңылтпаш Д) Кім тапқыр? Ойыны Е) Сергіту  сәті      Ё) Дидактикалық тапсырма      Ж)Синвейн әдісі (дәптермен жұмыс)      З) Бекіту      И) Рефлексия       Й) Үй тапсырмасы      К) Марапаттау Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Сәлем бердік сіздерге, Әдеппенен біз. 1. Үй  тапсырмасын сұрау 2. Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбын, мақсат, міндеттерін айту. Мұхтар Шахановтың қазақ тілі туралы әні тыңдалады.  (балалар әннен қандай әсер алғандарын  айтады.)   Эпиграф: ««Жақсы сөз жанға ­ жақын,  құлаққа ­ жағымды, ойға ­ қонымды келеді»»  Бүгін біз сендермен өте маңызды проблемаға – сөйлеу мәдениетіне арналған  Мұғалім: ­ іскерлік ойынды өткіземіз. Ол үшін бізге 2 топқа бөліну қажет, әр топ бір­біріне  ұқсамайтын тапсырмалар орындайды. Барлық оқушыларға сұрақтар қойылады: 1.       Сөйлесу мәдениеті дегеніміз не? Сөйлеу мәдениеті: 1.Ана тіліміз­қазақ тілі, яғни тілімізді дұрыс және орынды қолдану. 2. Сөздерді дұрыс айту. 3. Тілді басқа тілдің сөздерімен шұбарламау, яғни таза сөйлеу. ­ Қорыта келе Қ.Мырзаәли атамыз айтқандай: Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте! Сонымен, балалар, сөйлеуді біз сөздер арқылы жүзеге асырады екенбіз. Тіл тас жарады, Тас жармаса, бас жарады,­дейді қазақ атамыз. Яғни, ауыздан шығатын бір ауыз сөз әр адамға әртүрлі әсер ете алады. Сөздің құдіреті өте күшті. /тақтаға ілінеді/ Сондықтан, сөйлеу мәдениеті дегеніміз­мәдениетті, сауатты, дұрыс, әдеби тілмен  сөйлеу. Әдеби тіл­дұрыс сөйлеудің үлгісі. /тақтаға ілінеді/ Әдеби тілді қалай меңгеруге болады? 1.Білім­кітапта. Көркем әдебиетті көп оқу керек. 2. Ата­баба мұрасы. Мақал­мәтел, нақыл сөздерді жаттап жүру керек. 3. Қоршаған ортаңда өзің дұрыс сөйлеуге тырыс. Сона ғана сен оларға жақсы әсер  ете аласың. Ата­бабаларымыз тіл, сөйлеу туралы не айтыпты, көңіл бөлейік... /тақтаға ілінеді/ 1. Ақылды орнымен сөйлер де, жауабын күтер. 2. Ақылдының сөзі қысқа, айта қалса нұсқа. 3. Көп ойлап жақсы сөйле­нұсқа болсын, Сұраса жауабың да қысқа болсын. 2. Әдепті сөйлеу дегенді қалай түсінесің? ­Соңғы кездері газеттерде, бұқаралық ақпарат құралдарында, телевизиялық  бағдарламаларда сөз және грамматикалық қателер өте көп ұшырасып  жатқандықтан, біз сөз мәдениеті деңгейінің төмендеп кеткенін көріп жүрміз, сөйлеу  мәдениетін сақтамайды. Қорытынды: Адам қаншалықты сауатты сөйлей білсе, оның сөйлеу  мәдениетінің жоғары деңгейде екендігі айналасындағы адамдарға соншалықты анық  та айқын көрінеді. ­Сіздер байқағандарыңыздай, сөйлесу мәдениеті үшін дұрыс, анық, сауатты  және сыпайы сөйлеу қажет. ­Қазір мен сендерге өте кең таралған 2 жағдаятты ұсынамын. Осындайды  сендердің әрқайсыларың бастарыңнан өткізулерің мүмкін, тіпті бірнеше рет  өткізгендерің де болған шығар. 1 тапсырма: Рөлдік жағдаяттар 1. Сіз сабақтан кешіктіңіз, оның үстіне дәптеріңізді ұмыт қалдырып кеттіңіз.  Сіздің әрекетіңіз... (бұл көрініске 2 оқушы қатысады: 1­ мұғалім, 2­сі – кешіккен оқушы) 2.  Бейнелеу өнері сабағында сізге өшіргіш қажет болды. Өшігіргішіңізді  жоғалтып алдыңыз. Көршіңізден сұрау қажет. Бірақ ол жұмыс істеп жатыр. Ал мұғалім сыныптың жұмысын  қадағалап тұр. Сіздің әрекетіңіз... (3 оқушы қатысады: 1 – мұғалім, 2­сі – сұрайды; 3­сі – жауап береді) Ойынды бақылаушы балалар (проекциялық тәсіл) оқушылардың әрекеттерін  талдайды. ­Сонымен,  біз әдеппен қайырылу керек екенін тағы да бір еске түсірдік, ал ең  басты қорытынды біздің тілде бөтен адамға қарата айтылатын сөз жоқ. Оған  қарата қайрылу үшін көңілін аудару мақсатында өтініш сөздерді қолдану қажет:  кешіріңіз, мархабат, сізге қайрылса бола ма, ғафу етіңіз және т.б. «Бала», «қыз»  деп еш уақытта айтуға болмайды. ­Сөз мәдениетінің маңызды сапалары сауаттылық, сөздерді дұрыс айта білу  болып табылатындықтан, қазір біз мәнерлеп оқу интонацияларыңды тексереміз. Дидактика 2 тапсырма: Адам болатын бала­барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман  әдеттерден аулақ болуға тырысуы  керек. Ендеше әдепті, ақылды балалардың  қандай болуы керек екенін мына өлеңдерден тыңдайық. Әр топ  өлеңді мәнерлеп дұрыс оқу керек. № 1.  Ата­ ананың тілегі­ адам болып өскенің, Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің. Әдептілік дегенің­ әрқашанда керегің, Әсемпаздық дегенің­ әуре сарсаң әлегің. № 2.  Қалдыратын ұятқа, Жалған сөзге төзбеймін. Жеткізетін мұратқа, Тек шындықты көздеймін. № 3.  Кім үлкенді сыйласа, Кім үлкенді тыңдаса Үлкен болған кезінде Сыйлы болмақ өзі де. № 4. Сыйла үлкен кісіні Қамқорлыққа ал кішіні. Сақтап көше тәртібін, Бағдаршамның ал тілін. Әдет қыл бұл ісіңді, Тазалап жүр тісіңді. № 5. Атам маған қашан да, Кішіпейіл бол деген. Ата сөзі санамда, Мақтанбауды жөн көрем. № 6. Өзгелерден өзімді, Санамаймын жоғары. Артық айтып сөзімді, Желпінгенім жоқ әлі. № 7.  Атам маған қашан да, Әділетті бол деген. Ата сөзі санамда, Жүрем тура жолменен. Демонстрациялық тәсіл 3 тапсырма: фильмнен  үзінді көрсету Мұғалім: ­Сөйлесу үшін тіл және лексикон байлығы  ерекше қажет. Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» хикаясындағы бас кейіпкер Қожаның  айнаға қарап өзімен­өзі тілдескені қызық. Ол әр түрлі эмоциялар арқылы өзінің  сезімін білдіреді. Олай болса, Сұлтанбек Қожықов түсірген «Менің атым Қожа»  кино үзіндісіне көңіл бөлейік. (Фрагмент) ­Иә, бұл өте күлкілі. Ал сендер қалай ойлайсыңдар, автор кейіпкерін осылай  бейнелеу арқылы не айтқысы келді? (Ол ақ көңіл, әсірешіл, оның балаң ойы жанындағыларға тез білініп қалады,  еш нәрсе жасыра алмайды) 4 тапсырма:  Ойын технологиясының элементтері Әрине, біздің сендермен лексиномыз Қожаның сөз мәнеріне келмейді, дегенмен  көбімізге оны кеңірек әрлеуге кедергі жасамайтынына сенімдімін. ­Қалай ойлайсыңдар, ол үшін не істеу керек? Біздің тілімізді анағұрлым әдемі, бай  әрі бейнелі ететін не нәрсе?  ­Мақал­мәтелдер, жаңылтпаштар. Ендеше, мақал­мәтел жарысын ұйымдастырайық. (Топтар жарысады) Мұғалім: ­Жарайсыңдар.  Әр топқа бір текті тапсырмалар ұсынылады: Дидактика  5 тапсырма: Ойын «Кім тапқыр?» Мақал­мәтелдердегі көп нүктенің орнына керекті сөздерді қою.  (Әдептілік туралы)    1.Әдептілік белгісі ­ ...............сәлем .............................  2.Әдепті бала ­ ............................, әдепсіз бала – .........................  3. Кішіпейілділік –..........................белгісі. 4.Әдептің не екенін ,     ................... адамды көргенде ұғарсың.  5.Аға әдепті болса,­........................әдепті  Апа әдепті болса, ­ ....................... әдепті. 6.Кәріге құрмет ,.................... міндет. 7. Өзіңді .........сыйласаң жат жанынан түңілер 8. Әдепті бала, ............................. мақтатар ,     Әдепсіз бала ………………….. қақсатар.  Сергіту сәті: 7 тапсырма:  Қазір біз  балалар туралы «Арман атаман» атты тамаша кинотуындыны  назарларыңызға ұсынамыз. (фильмнен фрагмент) Біз тілімізді әсерлеп әрлейтіні, оны сауатты, бай ететіні туралы сөз қозғадық. Ал енді тілімізді  не ластайды, қандай құбылыстардан сақ болуымыз керек? ­Жаргондар,  балағат сөздер,  паразит сөздер (слайд). Осы құбылыстардың бәрі де тілімізде бар, алайда қазақ әдеби тілінің аясынан  шығып кетеді, сондықтан мәдениетті, зиялы тұлғаның сөз қолданысында олар  анағұрлым аз болуы және осындай келеңсіз сөздерді пайдаланудан бас тартуға  тырысу керек. ­Жаргонизмдер – белгілі бір әлеуметтік топтардағы адамдардың қолданатын  сөздері. Ондай сөздерді сендер де қолданасыңдар, өйткені өіп келе жатқан  бүлдіршін ұрпақ буынысыңдар. Осындай сөздерді қолданбауға тырысып көрейік.  Берілген мәтіндердегі сөздерді  әдеби сөздермен ауыстырып жазыңдар. (әр топқа  тапсырмалар беріледі) 1. –Жынды болды киімің! Енді тачкаға отырып, кафеден бір­ақ шығасың.  2. –Қойшы­ей! Оған сенің басың қақпайды!  3. Дүкенде кассада ше адамдар талпада тұр. Кассир ше, біреудің миын  майыстырды. 4. Сен тартыл біздікіне. Біздің шал­кемпір тойға кетті. Прикольно болады. 8 тапсырма Дәптермен жұмыс Синквейн әдісі (5 жолды өлең )  (Сөз) 1. Зат есім (тақырып 1 сөзбен жазылады) (кім?, не?) 2. Сын  есім (қандай? Қай?) 3. Етістік  (Не істеді?Не қылды?Қайтті.) 4. Зат есімге сөйлем (4 сөзден құралған) 5. Зат есімге синоним сөз 1. Сөз 2. Киелі, өтірік, қасиетті 3. Қуантады, ойландырады, тәрбиелейді 4. Жақсы сөз жан сүйсіндіреді. 5. Сүйсіндіреді Бекіту  Бүгін өте маңызды проблемалар туралы сөз қозғадық, адамдар қарым­ қатынасындағы сөз мәдениетінің қандай маңызды екенін тағы да бір түсінуге  тырыстық. Сондықтан бәрімізге белгілі Б. Момышұлының қанатты сөздерімен  сабақты аяқтағым келіп тұр: «Жақсы сөз жанға ­ жақын, құлаққа ­ жағымды,  ойға ­ қонымды келеді» Рефлексия   Бүгінгі сабақтан мен не түсіндім....... Бүгінгі сабақта маған қиын болғаны........ Маған бүгінгі сабақта ұнағаны......... ­«Жүректен ­ жүрекке». Оқушылар жүрекшеге әдептілікке байланысты тілектерін  жазып, қонақтарға  береді. Үйге тапсырма: (Әдептілікке байланысты мақал­мәтелдер жаттап келу) Марапаттау

Бастауыш сынып ашык сабак

Бастауыш сынып ашык сабак

Бастауыш сынып ашык сабак

Бастауыш сынып ашык сабак

Бастауыш сынып ашык сабак

Бастауыш сынып ашык сабак

Бастауыш сынып ашык сабак

Бастауыш сынып ашык сабак

Бастауыш сынып ашык сабак

Бастауыш сынып ашык сабак

Бастауыш сынып ашык сабак

Бастауыш сынып ашык сабак

Бастауыш сынып ашык сабак

Бастауыш сынып ашык сабак
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
15.11.2018