Бастауыш сынып окушыларына арналган психодиагностикалык материалдар
Оценка 4.9

Бастауыш сынып окушыларына арналган психодиагностикалык материалдар

Оценка 4.9
Раздаточные материалы
docx
психологическая работа +1
Детсад—4 кл
24.03.2017
Бастауыш сынып  окушыларына арналган психодиагностикалык материалдар
6 – 9 балалардың интеллектуалдық даму деңгейін анықтау тесті Э.Ф.Замбацявич Мақсаты: бастауыш сынып оқушыларының ақыл – ойынынң даму деңгейін зерттеу. Вербалды тапсырмалардан тұратын тест 4 субтесттен құралғын: Iтест — жанды және жансыз заттардың ерекшелігін ажырату, сонымен қатар білім қорын бағалау; IIтест — айырмашылықты және жалпылау қабілетін зерттеу. IIIтест — түсініктердің қатынасымен және логикалық байланысты қалыптастыру қабілетін зерттеу; IVтест — жалпылай білу қабілетін анықтау. Әдістеме мәтіні I. Нұсқау: «Басталған сөйлемді дұрыс аяқтауға көмектесетін жақшаның ішіндегі бір сөзді таңда». а) Етіктің ... бар (бауы, жүні, табаны, белдігі, түймесі). б) жылы жақта ... мекендейді (аю, бұғы, қасқыр, түйе, итбалық), в) Бір жылда ... ай (24, 3, 12, 4, 7). г) Қыс айлары ... (қыркүйек, қазан, ақпан, қараша, наурыз). д) Ең үлкен құс ... (қарға, түйеқұс, сұңқар, торғай, бүркіт, жапалақ). в) Раушан –бұл ... (жеміс, көкөніс, гүл, ағаш). ж) Жапалақ әрқашан ... ұйықтайды(түнде, таңертең, күндіз, кешке) з) Су әрқашан ... (мөлдір, суық, сұйық, ақ, дәмді). и) Ағаштың әрдайым ... бар (жапырағы, гүлі, жемісі, тамыры, көлеңкесі). к) Қазақстан қаласы ... (Париж, Астана, Лондон, Варшава, София). II. Нұсқау: «Әрбір жолда бес сөзден жазылған. Төрт сөзді бір топқа топтастырып және атау беруге болады. Бір сөз бұл топқа жатпайды.Бұл «артық сөз» сызып тастау керек». а) Қызғалдақ, лала, асбұршақ, түймедақ, шегіргүл. б) Өзен, көл, теңіз, көпір, мұхит. в) Қуыршақ, Қонжық, құм, доп, күрек. г) Қазақстан, Қостанай, Алматы, Қарағанды, Семей. д) Терек, қайың, жаңғақтық, жөке, көктерек. е) Шеңбер, үшбұрыш, төртбұрыш, указка, шаршы. ж) Мақсат, Асхат, Жексенбаев, Асқар, Талғат. з) Тауық, қораз, аққу, қаз, күркетауық. и) Сан, бөлу, алу, қосу, көбейту. к) Көңілді, тез, мұңлы, дәмді, абайлағыш. III. Нұсқау: «Мына мысалдарды зейін қойып оқы. Бір-біріне байланысты, сол жағында екі сөз жазылған. Оң жағында сөздің басқа топтамасы: бір сөз сызықтың ішінде және сызықтың сыртында бес сөз. Сол жақта тұрған сөз сияқты оң жақтағы сызықтың оң жағындағы сөзге бес сөздің ішінен сәйкес келетін сөзді тап. Мысалы: орман / ағаштар = кітапхана / бақша, аула, қала, театр, кітаптар жүгіру / айқайлау = тұру / үндемей, еңбектеу, шулау, шақыру, жылау Сонымен алдымен біріншіден сол жақтағы сөздің бір-бірімен қандай байланыс бар екенін табу керек, содан кейін сол сияқты оң жақтағы сөзді табу керк.» а) қияр / көкөніс = нарғызгүл / арамшөп, шық, бақша, гүл, жер б) мұғалім / оқушы = дәрігер / кереует, ауру адам, палата, термометр в) бақша / сәбіз = бақ / шарбақ, алма, құдық, отырғыш, гүлдер г) гүл / құты = құс / тұмсық, шағала, ұя, жұмыртқа, қауырсын д) қолғап / қол = етік / шөлки, табан, былғары, аяқ, щетка е) қаралау / ақшыл = дымқыл / күн шуақты, тайғақ, құрғақ, жылы, суық ж)сағат / уақыт = термометр / шыны, температура, төсек, ауырған адам, дәрігер з) машина / мотор = қайық / өзен, теңізші, ми, желкен, толқын и)орындық / ағаштан = ине / өткір, жіңішке, жылтырақ, қысқа, құрыш к) үстел / дастархан = еден / жиһаз, кілем, шаң, тақта, шегелер IV. Нұсқау: «Мына жұп сөздерді бір сөзбен атауға болады, мысалы: шалбар, көйлек ... — киім. Әрбір жұптың атын ойлар тап»: a) сыпыртқы, күрек... б) Алабұға, сазан... в) Жаз, қыс... г) Қияр, қызанақ... д) Раушан, түймедақ е) Шкаф, диван... ж) Күн, түн... з) Піл, құмырсқа... и) Маусым, шілде... к) Ағаш, гүл... Дұрыс жауаптар: I тест: а) табаны б) түйе в) 12 г) ақпан д) түйеқұс е) гүлдер ж) күндіз з) сұйық и) тамыры к) Астана IIтест а) асбұршақ б) көпір в) құм г) Қазақстан д) жаңғақтық е) указка ж) Жексенбаев з) аққу и) сан к) дәмді IIIтест а) нарғызгүл / гүл б) дәрігер / ауру адам в) бақ /алма г) құс / ұя д) етік / аяқ е) дымқыл / құрғақ ж)термометр / температура з) қайық / желкен и) ине / құрыш к) еден / кілем IVтест а) құрал саймандар б) балық в) жыл мезгілдері г) көкөніс д) гүлдер е) жиһаз ж) тәулік уақыты з) жануарлар и) жаз айлары к) өсімдіктер Нәтиженің өңделуі: Алдымен әрбір дұрыс жауап арнайы баллмен бағаланады. (таблицада көрсетілген) Тесттің дұрыс жауаптары үшін баллдық сапасы № 1 тест 2 тест 3 тест 4 тест 1 1,9 2,6 2,0 2,6 2 2,8 2,3 2,4 3,0 3 2,7 2,7 2,2 2,1 4 2,3 2,6 2,6 2,2 5 2,6 2,4 2,4 2,6 6 2,2 2,5 2,1 3,0 7 2,8 2,3 2,5 2,8 8 3,4 2,5 2,2 2,2 9 2,8 3,0 2,2 2,4 10 2,6 2,7 2,2 2,2 Өңдеудің келесі сатысы жалпы тесттен және әрбір тесттен жинаған баллдарының қосындысы шығарылады. Тесттер бойынша нәтижелер салыстырылады: 1 және 2 тест – 26 балл; 3 тест – 23 балл; 4 тест – 25 балл. Жалпы балл максималды баллмен салыстырылып сөздік-логикалық ойлау деңгейі анықталады: 100-75 балл – жоғары деңгей 74-50 балл – орташа деңгей 49-25 балл – төмен деңгей
Бастауыш сынып оқушыларының интеллект деңгейін анықтау тесті .docx

Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуі

 

Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуі 
Қазіргі заманда 6 жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Алты жасар баланың алғаш рет мектепке келуі - балаға да және оның ата-анасына да өте жауапкершілікті кезең болып саналады. Оқу әрекетіне еш ауыртпалықсыз әрі табысты кірісіп кету үшін баланың дені сау және жан-жақты даярланған болуы қажет. 
Мектепте оқу - бала өміріндегі әр түрлі жүктемесі бар ең маңызды кезеңге жатады: бала өміріндегі әлеуметтік -психологиялық өзгерістер - жаңа қарым-қатынастар, жаңа міндеттер, «оқушының» жаңа әлеуметтік рөлі. Оқушы болу баланы саналы түрде өзінің орнын, мұғалімнің позициясын, қарым-қатынастағы белгіленген ара қашықтықты, осы қарым-қатынастар құрылатын ережелерді талап етеді. Мұнда баланың мектепке бейімделуінің бірінші кезеңінде баланы бірге алып жүретін адамдар - мұғалімдер мен ата-аналар қандай іс-әрекеттерді таңдайтындығы; қандай 
да бір қиын жағдайда тиімді әрі дер кезінде психологиялық қолдау көрсету мүмкіндіктерінің қалай болатындығы өте маңызды рөл атқарады. Әсіресе алғашкы күндер (кейбір балалар үшін алғашқы айлар) қиын болады. Бұл уақытта жаңа жағдайға бейімделудің қиын үдерісі жүріп жатады. Бейімделу кезеңінде баланың ұйқысы бұзылады, тәбеті тартпайды, ашушаңдық, мазасыздық, тұйық мінезділік, жылау, балаға тән емес көп сөйлегіштік немесе сөзге сарандық және т.б. өзгерістер болады. Бұлардың барлығы жүйкесінің шаршауының сыртқы көрінісі болып табылады, біра
бұл өзгерістер уақыт өте келе қалпына келеді, балалар мектеп өміріне үйренеді, аз шаршайды; көңіл-күйлері көтеріңкі жүреді, ата-аналарымен, құрдастарымен еркін араласады, тапсырмаларды орындауға тырысады. 
Көптеген балалардың мектепке бейімделу үдерісі осылайша орын алады. Ал кейбір балаларда жаңа жағдайға бейімделу аса ауыр міндет болып табылады: олар жиі әрі ұзақ ауырады, ауырғаннан кейін ағзалары әлсіреп, қарсы тұру қабілеті төмендейді. 
Неліктен көптеген балалар оқудың алғашқы кезеңін бұлай қабылдайды? Мәселе өте күрделі. Балалардың мектепке бейімделу ерекшеліктерінің басты себептердің бірі - баланың денсаулық жағдайы, биологиялық жетілу деңгейі, сондай-ақ оқыту үдерісіне қажетті сол біліктер мен әрекеттердің дамуы болып табылады. 


Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуі

Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуі
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.03.2017