Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасына ықпалы.
Оценка 4.6

Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасына ықпалы.

Оценка 4.6
Руководства для учителя
docx
классное руководство +1
Взрослым
02.06.2017
Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасына ықпалы.
Бастауыш мектепте балаларда туынды назар, зерде, қиял, танымдық қабілеттер, бақылау, өз әрекеттерін талдау, жоспарлау және алға қойылған міндеттерді шешу икемділіктері тез дамиды. Алайда, оқушылардың жеке тұлғаларының қалыптасуында, олардың танымдық мүмкіндіктерінің пайда болуында маңызды рөл атқаратын барлық осы қабілеттер мен икемділіктердің дамуы бірден орын ала қоймайды. Барлық балалардың маңызды психикалық қасиеттерін дамыту мен қалыптастыру бойынша табанды, қажырлы және мақсатты еңбек қажет. Төменгі мектеп жасы аталған психикалық үрдістерді, қабілеттерді, икемділіктерді дамыту үшін ең қолайлы жас болып табылады.
Доклады Абдыкасымова.docx

Бастауыш мектепте балаларда туынды назар, зерде, қиял, танымдық қабілеттер, бақылау, өз әрекеттерін талдау, жоспарлау және алға қойылған міндеттерді шешу икемділіктері тез дамиды. Алайда, оқушылардың жеке тұлғаларының қалыптасуында, олардың танымдық мүмкіндіктерінің пайда болуында маңызды рөл атқаратын барлық осы қабілеттер мен икемділіктердің дамуы бірден орын ала қоймайды. Барлық балалардың маңызды психикалық қасиеттерін дамыту мен қалыптастыру бойынша табанды, қажырлы және мақсатты еңбек қажет. Төменгі мектеп жасы аталған психикалық үрдістерді, қабілеттерді, икемділіктерді дамыту үшін ең қолайлы жас болып табылады. Егер бұл уақытты жіберіп алсақ, егер балада рефлексия, іс-әрекеттердің ішкі жоспары, зерде, байқағыштық, туынды назар және т.б. уақытында дамытылмайтын болса, онда жасы үлкейгенде бұл сапарларды дамыту айтарлықтай қиынға түседі, ал кейде тіпті мүмкін де болмайды.

Егер төменгі мектеп оқушыларында осы психикалық үрдістердің, қабілеттер мен икемділіктің барлығы тиісінше деңгейде қалыптасатын болса, онда жоғарғы – мазмұны бойынша одан да күрделі мектеп курсына өту оларда қандай да бір қиыншылықты туғызбайды.

Бұл үшін іс-әрекеттің сан алуан түрлеріне (ойын, оқу, танымдық және т.б.) қуана – қуана қатысатын төменгі мектеп оқушыларының басым көпшілігің табиғи белсенділігі мен іс-әрекетін пайдалану қажет. Төменгі мектеп оқушыларының іс-әрекетін бағыттау және реттеу керек, яғни іс-әрекетке, оқуға деген мұқтаждықтарға деген талпыныстарының жиынтығын қалыптастыру керек. Егер оқушыда оқуға деген ниет қалыптаспаса, онда мұғалімнің жұмсаған бар күші бекер кетеді.

Баланы мектепке көп жағдайда «мектеп оқушысы болу», жаңа, одан да ересек мәртебе алу себебі жетелейді. Алғашқы кезде бұл тенденцияның себепші күші таң қаларлықтай күшті. Алайда уақыт өте келе мектеп оқушының ұстанымы қалыпты жағдайға айналады.

Аталмыш сыртқы себептердің санатына (оқу үрдісінен тысқары жатқан және тек оның нәтижелерімен ғана байланысты) әлеуметтік себептер жатады. Әлеуметтік себептер баланың басқа адамдармен араласуға, олардың ризалығын алуға, қоғамдық қатынастар жүйесінде белгілі бір орынға ие болуға деген мұқтаждықтарына сәйкес келеді.

Төменгі мектеп жасындағы кең мағынадағы әлеуметтік себептер көп жағдайда білетін, түсінетін себептердің санатына жатады. Нақты әрекет ететін себептер тар мағынадағы әлеуметтік себептер болып табылады. Тек нәтижеге (мақтауға, бағаға) ғана зейін қою оқудың мазмұнын тарылтады. Мектептің мәжбүрлеу жүйесін туғызады.

Оқушыларда оқуға қажетті себебін, оқуға деген тұрақты және салмақты тілекті қалыптастыру үшін:

-         балалардың белсенді іс-әрекетке, эмоционалыһ өанығуға, ұжымда өз-өзін көрсетуге және т.б. деген мұқтаждықтарына сүйене отырып, қажетті себепті туғызу керек;

-         бұл іс-әрекет оларға ең жағымды эмоционалдық толқулар әкелуіне, олардың қызығушылықтарын қанағаттандыруына, оларды дамытуды, оқушыларға өз қабілеттеріне сенімін тудыруға олардың өз табыстары на деген қуаныштары мен мақтаныштарына жағдай туғызу керек;

-         мектепте, сыныпта, отбасында білім мен икемділіктерге деген үлкен құрмет пен ізет қалыптасрыу, олардың меңгеруін өалыпты, маңызды емес іс ретінде емес, өте маңызды, қоғамдық маңызы бар, жоғары бағаланатын іс, әр оқушының абыройлы ісі ретінде қалыптастыру керек.

 

Қажетті мұқтаждықтар мен себептер оқушыларға тек олардың өзіндік іс-әрекетінің үрдісінде ғана қалыптаса алады. Бұл үшін оқудың мазмұны, оқушылардың алдына қойған мақсаттар мен міндеттер олар үшін түсінікті болып, жеке тұлғалық маңызды мағына бар болуы керек.

Танымдық қызығушылықтар балаларда түрлі деңгейде болады. Бірақ, әдетте, танымның себептері төменгі мектеп оқушыларынң алдыңғы қатарда тұрған жоқ. Танымдық қызығушылықтың төменгі сыныптарды пайда болуы мен оны сүйемелдеу дәстүрлі түрде оқуды ойындармен жәнеи эмоционалдық амалдармен ұйымдастырумен, меңгерілуі тиіс материалды тартымды жасаумен және т.б. байланыстырылады. Осы тәсілдерге сүйене отырып, оларды негізге ала отырып, ішкі танымдық себепті, теориялық қызығушылықты қалыптастыру қажет.

Соынмен қатар баланың назарын өзін өзгерту үрдісіне аудару, өз мүмкіндіктерінің өсу құбылысын баса көрсету және оған баға беру, мектеп оқушысын  өзін-өзі бағалауға бет  бұрғызу маңызды болып табылады.

Танымдық қызығушылықтар мен себептердің ерекшеліктер, себептік саланың жасқа байланысты динамикасы мектеп оқушыларына біржолата берілмеген және белгілі бір жас кезеңінде міндетті бір тән болып табылмайды. Оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі күнгі әдістерін пайдалану оқуға деген қатынастың түрін тереңдетуге және тіпті қайта құруға, оқу іс-әрекетіне деген тұрақты оң себепті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Осындай тәсілдердің бірі оқу міндетін алға қою болып табылады.

Оқу міндеті – не нәрсені игеру керек екені, не нәрсені меңгеру керек екені туралы анық ұғым. Нақты тәжірибелік тапсырмаларға қарағанда оқу міндеті одан да жалпы сипатқа ие болады. Тапсырма мен оқу міндетінің айырмашылығына арнайы назар аударусыз көптеген оқушылар жоғары сыныптарға жеткенге дейін оқу міндетін саналы түрде ажырата білмейді; жекелеген жаттығулады орындаудың мағынасын түсіндіру (ол неге керек), бір ғана ережеге арналған түрлі тапсырмаларды салыстыру; келешекті және өткенді қарастыру амалын пайдалану.

Төменгі мектептің орталық міндеті – «оқу икемділігін» қалыптастыру. Тек оқу қызметінің барлық құрама бөлшектерінің бірегейлігі және оны өз бетінше орындау ғана оқудың өзінің жетекші іс-әрекет ретіндегі қызметін орындауының кепілі бола алады.

 

А.Байтұрсынов атындағы ұзартылған күн тобымен жұмыс жасайтын бастауыш гимназия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасына ықпалы.

 

                                                      Дайындаған: Әбдіқасымова Ғ.Ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

           Қазіргі  қоғам дамуының жалпы білім беру мазмұнына қоятын талабы жастарға әлемдік ғылым мен прогресс деңгейінде білім беру,олардың ойлау мүмкіндігін қалыптастыру,шығармашылық тәжірибесін,дүниеге қарым-қатынас нормаларын  жетілдіру болып отыр.

          Педагогиканың бір саласы дидактиканың негізгі міндеті- оқыту үрдісі бағынатын білім беру мазмұнын ,оқыту заңдылықтарын,принциптерін,әдістерін және ұйымдастыру  формаларын қоғам талабына сай қолданудың жолдарын қарастыру.  

         Бастауыш сынып оқушыларын дамытудың маңызды факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесін ғана емес,сонымен бірге баланың ақыл-ой әрекеті тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін  бүкіл оқу барысын жолға қою болып табыладыОсындай күрделі міндетті шешуде ерекше орын алатын пән- ана тілі. Осы ана тілі пәні туралы Ж.Аймауытов былай дейді; «Оқытатын  пәндердің бәрін бірдей керекті ,бәрін қаусырып, орап алатын пән- ана тілі екені даусыз. Ана тілін толық меңгеріп алмай, басқа пәндерді түсіну мүмкін емес...» 

       Педагогика ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан  ағартушыұстаздың ана тілі пәнінің алдына қойған мақсатынан, бағдарламада көрсетілгендей,мынандай міндеттер туындайды:

оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру;

көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын арттыру;

шығарманың түпкі мазмұн-мәнін түсінуіне, сезімталдықпен қабылдауына қол жеткізу;

- мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін,сөйлем мен сөйлем үлгілерін үйрете отырып,ана тіліміздегі сөз мағналарыының түрленуіне көңіл аударту;

-    ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін дамыту;

-    өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;

оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық,адалдық пен адамгершілік қасиеттерін дарыту.

Бастауыш сыныптарда оқушылар ана тілі сабағында өздерінің білім мен тәрбие алуына қажетті әртүрлі оқу дағдыларын қалыптастырады. Оқу - өте күрделі психологиялық үрдіс. Оқушылардың оқу дағдыларын қалыптастыру жалпы тіл дамуымен, оның ішінде әдеби жазба тілімен де, сөйлеу тілімен де тікелей қабысып жатыр. Оқу барысында көру, есту, сөйлеу мүшелерінің қызметі қатар жүргізіліп, ол түсіну әрекетімен тығыз байланысады. Кейбір жағдайда оқушылар мүдірмей шапшаң оқыса, осы қанағат етіп, оқу дағдысы қалыптастырылды деу қате. Себебі, үңіле қарасақ, бала шапшаң оқығанмен, оны саналы тұрде түсііп, дауыс ырғағын келтіре мәнерлеп оқи алмауы мүмкін. Оқушысмен жүргізілетін оқу дағдысын қалыптастыруға қажетті жаттығулар мұғалім тарапынан тілдің заңдылықтары, қасиеті, ережелері меңгерілген кезде ғана мүмкін болады. Яғни грамматиканың жеке бір ережелерін, орфографиялық және тыныс белгілерінің ережелерін жете білгенде ғана, оқу дағдысының жаттығуларын жүргізу мүмкіндігі туады. Оқу сабағын жүргізуде және оған қажетті әдіс – тәсілдерді іздестіру үстінде мыналарды ескеру қажет: біріншіден, бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдысының жетілдірудің бір шарты – оқушының дұрыс және мүдірмей оқуын қамтамассыз ету. Олай етпеген жағдайда оқушының мәтінді толық түсінуі мүмкін емес. Мәтінді толық түсіну үшін сабақ үрдісінде оқудың мына түрлерін жүргізуге болады:

1)    мәтінді толық оқу;

2)    мәтінді бөлімдерге бөліп оқу;

3)    мәтінді дайын жоспар бойынша оқу;

4)    мәтін бойынша жоспар құру;

5)    абзац бойынша оқу;

6)    мәтінді жартылай дауыстап оқу;

7)    мәтінді рольге бөліп оқу;

8)    мәтінді оқып, мазмұндау;

9)    мәтінді қысқартып оқу;

10)                        мәтіннің негізгі ойын білдіретін бөлікті тауып оқу

11)                        ертегілерден қиял мен шындықты бейнелейтін үзіндіні түсініп оқу.

Оқушының мәтінді саналы түрде түсініп оқығаны мына белгілерден көрінеді: егер оқушы дұрыс оқу мен оқығанының мазмұнын саналы түрде меңгерген болса, онда оқушыда белгілі бір өмір, зат, құбылыс, адам, оның іс - әрекеті жөнінде өзінді көзқарас қалыптасады; ол оқығанының мазмұнын жақсы меңгеріп, ондағы суреттелетін адамдардың өзара қарым-қатынасын, іс-әрекетін, сол іс-әрекеттің болу себебін анықтай алады.

Екіншіден, оқу сабағында ойлау қабілетін, қызығушылығын, байқаушылығын, салыстыра білетін қабілетін, ой - өрісін дамыту үшін мына оқу түрлерін пайдалануға болады:

1)    мәтіннен қатты, ақырын, жылдам, баяу оқылатын сөйлемдерді табу;

2)    мәтіннен логикалық ықпалы бар сөйлемдерді тауып оқу;

3)    мәтіннен ереже бойынша сөйлем тауып оқу;

4)    мәтіннен нақыл сөздерді тауып оқу;

5)    мәтіннен көтеріңкі көңіл-күйге байланысты сөйлемдерді тауып оқу;

6)    мәтіннен мағынасы жақын сөздерді тауып оқу;

7)    мәтіннен автор сөзін алып тастап оқу;

Үшіншіден, оқу сабағында оқушының шығармашылық қиялына әсер ете білу үшін келесі оқу түрлерін қолдануға болады:

1.     мәтіннен суретке сәйкесті үзіндіні тауып оқу;

2.     мәтіннен сұрақтарға жауап тауып оқу;

3.     мәтіннен көркем бейнеленген үзіндіні тауып оқу;

4.     мәтіннен мақал – мәтелге сәйкес үзінді тауып оқу;

5.     мәтіннен кейіпкердің жағымды бейнесін суреттейтін үзіндіні тауып оқу;

6.     мәтіннен жағымсыз кейіпкерді суреттейтін үзіндіні тауып оқу;

Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын жетілдіруде қойылатын талаптың бірі – оқушыны мәнерлер оқуға үйрету. Мәнерлеп оқу дегеніміз – мәтіндегі сөздің мағынасын бұзбай, дыбысталуы жағынан анық етіп жатық оқу. Мәтінді саналы түрде түсініп оқу мен дұрыс оқу оқи білудің талаптарын қамтыса, мәнерлеп оқуға үйрету қандай мәтінді болса да саналы түрде түсініп оқуға жетелейді. Қандай мәтін болмасын мазмұнын дұрыс ұғып, онда айтылғандарды саналы түсіну үшін және тыңдаушыда жақсы әсер қалдыру үшін оқушының дауыстап оқудағы дауыс ырғағы мен оқу мәнерінің де мәні зор. Сабақ үрдісінде мәнерлеп оқу дағдыраын қалыптастыру үшін мына оқу түрлерін жүргізуге болады:

2)    мәтінді тыныс белгілеріне сәйкес дауыс ырғағын келтіре оқу;

3)    леп белгісі бар сөйлемдерді дауыс ырғағымен оқу;

4)    өлеңді мәнерлеп оқу;

5)    өлеңді дауыс кідірісімен мәнерлеп оқу;

6)    өлең жолдарын дауыс кідірісімен тізбектей оқу;

7)    өлеңнен  немесе мәтіннен үзінділерді мәнерлеп оқу.

 

Оқу дағдыларын қалыптастыруда оқушыны дұрыс түсініп, шапшаң және мәнерлеп оқуға үйрету керек. Осы талапты іске асыру, яғни жаттықтыру жұмысын жүргізу жолдары мектеп тәжірибесінде әлі де анықталуда. Оқу дағдысының үш түрі дұрыс оқу, түсініп оқу және мәнерлеп оқуды қалыптастыру ғылыми - әдістемелік жолмен анықталып отыр. Бұл жұмыстың нақты оқу материалдары бойынша іске асырылуы төмендегі шаралар арқылы орындалуда:

1.     Педагогика, психология ғылымдарының жетістіктерін сүйене отырып, ана тілі сабағын оқытуда бағдарламада белгіленген сөздік жасау, жоспар құру, мәтінді бөлікке бөлу, оған ат қою, мәтінді қайталап оқыту, балаларды топ серуенге шығару сияқты жұмыстарды өз дәрежесінде жүргізу.

2.     Педагогиканың мән беріп келе жатқан мәселесі – пән аралық байланысты іске асыру.

3.     Баланың оқу дағдысын қалыптастыруда тек сыныптағы оқу сабағымен шектелмей, сыныптан тыс оқыту түрлерін жүргізу.

4.     Оқу дағдыларын қалыптастырумен бірге мәтінмен үнемі жұмыс жүргізу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А.Байтұрсынов атындағы ұзартылған күн тобымен жұмыс жасайтын бастауыш гимназия

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бастауыш сынып оқушыларының

оқу дағдыларын қалыптастыруда оқу түрлерін қолдану

 

 

                                                      Дайындаған: Әбдіқасымова Ғ.Ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АРҚАЛЫҚ ҚАЛАСЫ

 

 

 


 

Бастауыш мектепте балаларда туынды назар, зерде, қиял, танымдық қабілеттер, бақылау, өз әрекеттерін талдау, жоспарлау және алға қойылған міндеттерді шешу икемділіктері тез дамиды

Бастауыш мектепте балаларда туынды назар, зерде, қиял, танымдық қабілеттер, бақылау, өз әрекеттерін талдау, жоспарлау және алға қойылған міндеттерді шешу икемділіктері тез дамиды

Бұл үшін оқудың мазмұны, оқушылардың алдына қойған мақсаттар мен міндеттер олар үшін түсінікті болып, жеке тұлғалық маңызды мағына бар болуы керек

Бұл үшін оқудың мазмұны, оқушылардың алдына қойған мақсаттар мен міндеттер олар үшін түсінікті болып, жеке тұлғалық маңызды мағына бар болуы керек

А.Байтұрсынов атындағы ұзартылған күн тобымен жұмыс жасайтын бастауыш гимназия

А.Байтұрсынов атындағы ұзартылған күн тобымен жұмыс жасайтын бастауыш гимназия

Педагогиканың бір саласы дидактиканың негізгі міндеті - оқыту үрдісі бағынатын білім беру мазмұнын , оқыту заңдылықтарын , принциптерін , әдістерін және ұйымдастыру формаларын қоғам талабына…

Педагогиканың бір саласы дидактиканың негізгі міндеті - оқыту үрдісі бағынатын білім беру мазмұнын , оқыту заңдылықтарын , принциптерін , әдістерін және ұйымдастыру формаларын қоғам талабына…

Олай етпеген жағдайда оқушының мәтінді толық түсінуі мүмкін емес

Олай етпеген жағдайда оқушының мәтінді толық түсінуі мүмкін емес

Сабақ үрдісінде мәнерлеп оқу дағдыраын қалыптастыру үшін мына оқу түрлерін жүргізуге болады: 1) мәтінді тыныс белгілеріне сәйкес дауыс ырғағын келтіре оқу; 2) леп белгісі бар…

Сабақ үрдісінде мәнерлеп оқу дағдыраын қалыптастыру үшін мына оқу түрлерін жүргізуге болады: 1) мәтінді тыныс белгілеріне сәйкес дауыс ырғағын келтіре оқу; 2) леп белгісі бар…

А.Байтұрсынов атындағы ұзартылған күн тобымен жұмыс жасайтын бастауыш гимназия

А.Байтұрсынов атындағы ұзартылған күн тобымен жұмыс жасайтын бастауыш гимназия

Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасына ықпалы.

Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасына ықпалы.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
02.06.2017