ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАҒЫ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ
Оценка 4.8
Памятки
docx
классное руководство +1
Взрослым
02.06.2017
Адами ойлау, ізденімпаздық- табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс-әректтің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Дегенмен табиғат оны адамның бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге көптеу, біреуге аздау, енді біреулерге мүлдем жарытпай тарататыны анық. Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар. Біреулер кез келген бала дарынды, тек уақытында қабілетін анықтап, дамыту керек. Ал қарсы көзқарастағылар дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте сирек тобына ғана тән. Сондықтан дарынды балаларды іздеу алтын түйірін іздегенмен бірдей дейді. Бұл көзқарастар тұқым қуалаушылық пен тәрбиенің дарындылықтың дамуындағы рөлін талқылаудың жауабы. Біз дарынды деп- белгілі бір қабілеті көпшіліктің орташа қабілетінен ерекшелінетінін айтып жүрміз. Өмір сүретін орта, берілетін тәрбие осы ерекшеліктің одан әрі дамуына көмектеседі. Қолайлы ахуал, тамаша кәсіби ұстаздық ерекше қабілетті баланы дарынға айналдыра алады. Көптеген ғалымдар дарындылықты генетикалық нәрсе деп қарастырып оны белгілі бір даму сатысының соңғы нәтижесі деп түсінеді.
Абдыкасымова.docx
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАҒЫ
ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ
"Арқалық қаласының білім бөлімінің А.Байтұрсынов атындағы толық ұзартылған
күнді жалпы білім беретін бастауыш гимназия "ММ.
Әубәкір Гүлмира Сапарбекқызы оқу ісінің орынбасары
Әбдіқасымова Ғалия Жумановна бастауыш сынып мұғалімі
Адами ойлау, ізденімпаздық табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы.
Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет ісәректтің
белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке
қасиеті. Дегенмен табиғат оны адамның бәріне бірдей етіп бөлмей, біреуге
көптеу, біреуге аздау, енді біреулерге мүлдем жарытпай тарататыны анық.
Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар.
Біреулер кез келген бала дарынды, тек уақытында қабілетін анықтап, дамыту
керек. Ал қарсы көзқарастағылар дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы
адамдардың өте сирек тобына ғана тән. Сондықтан дарынды балаларды іздеу
алтын түйірін іздегенмен бірдей дейді. Бұл көзқарастар тұқым қуалаушылық
пен тәрбиенің дарындылықтың дамуындағы рөлін талқылаудың жауабы. Біз
дарынды деп белгілі
бір қабілеті көпшіліктің орташа қабілетінен
ерекшелінетінін айтып жүрміз. Өмір сүретін орта, берілетін тәрбие осы
ерекшеліктің одан әрі дамуына көмектеседі. Қолайлы ахуал, тамаша кәсіби
ұстаздық ерекше қабілетті баланы дарынға айналдыра алады. Көптеген
ғалымдар дарындылықты генетикалық нәрсе деп қарастырып оны белгілі бір
даму сатысының соңғы нәтижесі деп түсінеді.
Дарындылық дегеніміз – адамдардың қабілеттерінің жете жақсы дамуының
жоғарғы сатысы. Осы қабілеттілік арқылы адамдар өте жақсы жетістіктерге
жете алады. Дарындылық сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі, оның
арқасында ісәрекет жақсарады. Көптеген ғалымдардың ойынша дарындылық,
қабілеттік, талант бір ұғымды білдіреді. Оларды бірдей негізде топтастыруға
әрекет жасайды.
нышандардың ісәрекеттік негізде қабілеттілік қалыптасады;
әдейленген дарындылық – сапалы өзіндік қабілеттіктердің бірлесуінде іс
әрекет сәттілігі құрылады;
жалпы дарындылыққабілеттілік кең шеңберіндегі ісәрекеттер;
ісәрекеттер сәттігін белгілейтін жеке адамның басқа адамнан айыратын
ерекшеліктер;
Ерекше қабілетті балаларға қамқорлық жасау ежелден келе жатқан
дәстүр. Республикамызда мотивациясы жоғары дамыған балалармен жұмыс
жүргізу үшін арнайы оқу орындары бар: колледждер, лицейлер. гимназиялар
– негізінен дарынды балалар үшін ашылған оқу орындары. Мұндай оқушылар
ел болашағына , оның интеллектік қуатына баға жетпес резерві. А.Байтұрсынов атындағы бастауыш гимназияның мұғалімдер ұжымы да
қазіргі таңда өз сыныптарында мотивациясы жоғары оқушылармен жұмыс
жүргізуде. Мен оқытатын 3 «А» сыныбын еркше интеллектілігімен көзге
түсетін оқушылар кездеседі. Олар: Әлімбекқызы Жұлдыз, Бөгетбай Асылан,
Бораш Темірлан, Қали Науан, Қаблақатова Нарқыз, Мендібекова Назерке,
Мұқанова Сайора, Нақан Шоқан, Сантимирова Разалия. Көтеріңкі
зеректілігімен және алып отырған білімдердің стихиялық мінезіне қарағанда
бұл қабілеттері ерте дамыған балалар. Осы балаларға ақылмен жұмыс істеу
қызықты жаттығу болып отыр. Әр оқу жылында бастауыш гимназияда
мектепішілік пәндік олимпиада өткізіледі. Қазақ тілі пәні бойынша екі жыл
қатарынан Қали Науан өз сыныптастарының арасынан жүлделі бірінші орынға
ие болды. Әлімбекқызы Жұлдыз өткен оқу жылында үшінші орынға ие болса,
биылғы оқу жылында екінші орынға ие болды. Математика пәні бойынша
Сантимирова Разалия үшінші орын алды, Бораш Темірлан да үшінші орынға
ие болды. Бөгетбай Асылан мен Мұқанова Сайора ағылшын пәні бойынша
екінші және үшінші орындарды бөлісті.
Дарындылықты айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдай жасау үшін
бағдарлама дайындалып, күнтізбелік жоспар құрылды. Мен құрған
бағдарлама міндеттері:
оқушылардың жанжақты табиғи, интеллектуалды қабілетін дамыту;
терең және жанжақты ғылыми негіздерін игеру білімі бойынша тұрақты
дүниетаным көзқарастарын қалыптастыру;
оқушылардың арнаулы шығармашылық қабілетін айқындау, дамыту;
өз бетімен білімін көтеру дағдыларына оқыту;
жеке бастың өзін жетілдіруге ішкі қажеттілігін қалыптастыру;
жеке бастың өнегелік негіздерін, қоршаған ортаға адамгершілігін, қарым
қатынасын қалыптастыру.
Бұл оқушылармен сабақтан тыс уақытта жоспар бойынша жұмысжүргізіледі.
Жоспар мүмкіндік деңгейді қамтиды. Мемлекеттік білім стандарты
деңгейінде жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидаларын
қамтиды:
баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;
баланы өз бетімен әрекеттендіру әдістерін меңгерту;
баланың танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту;
оқушының дамуы үшін жүйелі түрде жұмыс істеу.
Мотивациясы жоғары оқушымен жұмыс жүргізгенде мына
технологияларды қолданамын:
дамыта оқыту әдістемесі;
деңгейлеп саралап оқыту әдістемесі;
модельді оқыту технологиясы;
қарқынды оқыту технологиясы. Дарынды баланы оқытуда оқытудың жаңа технологиясы қажет. Оқу
үрдісінде осындай әдіспен оқыту үшін мұғалім алдымен өзі оқып біліп, зерттеп,
тиімді оқытуды пайдалануы керек. Қазіргі дарынды оқушылармен:
1. Д.В.Эльконин,В.В:Давыдов «Дамыта оқыту технологиясы;»
2. В.Занков «Дамыта оқыту жүйесі»
3. Ж.Қараев «Деңгейлеп оқыту»
4. Сын тұрғысынан ойлау.
5. И.Б.Первин «Топтық оқыту» осы педагогикалық технологияның
ерекшелігіне сүйене отырып, оның тиімді әдістәсілдерін жетілдіруге
болады. Атап айтқанда:
дарынды оқушыны дамытады, оқушылар шығармашылығын арттырады;
Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіріп, білім сапасын көтереді;
Пәнге деген бейімділігі, қызығушылығы артады.
Осындай жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күн талабына сай дарынды
оқушының білімін биікке шыңдай түсуге болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. П.А.Мясоед «Оценка интеллектуального развития младших школьников».
Из 2е, Киев: Высшая школа, 2000
2. О.В.Хухлаева «Школьная психологическая служба. Работа с учащимися»
М.: Генезис, 2007.
3. Иновационнопедагогическая деятельность по проблеме одаренности в
Казахстане. Астана2005.
4. Научноисследовательской работы учителей специализированных школ
для одаренных детей. Астана2005.
В этой статье речь идет о преимуществе применений эффективных
педагогических технологии при работе с одаренными детьми младшего
школьного возраста.
Резюме:
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАҒЫ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАҒЫ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАҒЫ ЖҰМЫС ТҮРЛЕРІ
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.