Баяндама
Оценка 4.9

Баяндама

Оценка 4.9
Конкурсы
docx
классное руководство
Взрослым
08.04.2017
Баяндама
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзыреттіліктер болып белгіленуі білім беру жүйесінде «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай сапалық сипаты тұрғысынан қарағанда функционалдық сауаттылық жеке адамды дамытудың тетігі ретінде қолданылады.Баяндама
готовый доклад.docx
Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы білім алушы субъект, ал ол субьектінің алған білімінің түпкі нәтижесі   құзыреттіліктер   болып   белгіленуі   білім   беру   жүйесінде   «функционалдық сауаттылықты» қалыптастыру мәселесін негізге алудың өзектілігін арттырып отыр. Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым­қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым­қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші. Олай болса, функционалдық сауаттылық тұлғаның белгілі бір мәдени ортада өмір сүруі үшін қажетті деп саналатын және оның әлеуметтік қарым­ қатынас жасауын қамтамасыз ететін білім, білік, дағдылардың жиынтығынан құралады. Ал кең мағынасында ол тек білік пен білімділік әлеміне барудың жолы ғана емес, ол – ұлттың, елдің немесе жеке адамдар тобының мәдени және әлеуметтік дамуының өлшемі. Осындай   сапалық   сипаты   тұрғысынан   қарағанда   функционалдық   сауаттылық   жеке адамды дамытудың  тетігі ретінде қолданылады.  Функционалдық сауаттылық оқушылардың сыртқы ортамен қарым­қатынас жасау қабілеті, оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуінің шарты, оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі, оқушылардың әлеуметтік дағдыларын дамытудың негізі, әлеуметтік­мәдени  дамуының өлшемі, білім, білік, дағдыларының құзыреттілікке ұласу жолы.   Ол     оқушылардың   қатысымдық,   ақпараттық,   проблемалардың   шешімін   табу құзыреттіліктерінің бірлігінен құралады.        Сонымен, функционалдық сауаттылық – жеке тұлғаның  әлеуметтік, мәдени, саяси және   экономикалық   қызметтерге   белсене   араласуы   және   өмір   бойы   білім   алуына ықпал   ететін   базалық   факторы,   яғни   бүгінгі   жаһандану   дәуіріндегі   заман   ағымына қарай ілесе отырып, меңгерген білімді тұрмыс тіршілікте қолдана алуы мен жетілдіре отыруы.   Сонда,   функционалдық   сауаттылық   ұғымына   келесі   анықтаманы   беруге болады: адамның мамандығына, жасына қарамастан меңгерген білімді сауатты қолдана алуы   мен   үнемі   білімін   жетілдіріп   отыру   процесі.   Мұндағы   басшылыққа   алынатын функционалдық сапалар: белсенділік, шығармашылық тұрғыда ойлау, шешім қабылдай алу, өз кәсібін дұрыс таңдай алуға қабілеттілік, т.б. Бастауыш   сынып   сауаттылығын қалыптастырудың педагогикалық негіздеріне алынатын дидактикалық ұстанымдар екі бағытта белгіленді.  функционалдық оқушыларының    1.Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың дәстүрлі ұстанымдары.  2. Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың арнайы ұстанымдары.  Дара   тұлғаға   бағдарлап   оқыту   ұстанымы   бойынша   барлық   оқыту   жүйесі   оқу әрекетінің   субьектісі   –   оқушының   даралық   сипатына,   мотивіне,   шынайы   өмірлік қажеттілігіне,   мүмкіндігіне,   бейімділігіне,   әлеуметтік­мәдени   дамуына   орай құрастырылады.  Қатысымдық (коммуникативтік) тұрғыдан оқыту ұстанымы білім мазмұнындағы басшылыққа   алынатын   барлық   ұстанымдардың   негізіне   салынады.   Себебі   тілді меңгертуде   грамматикалық   білімді   ғана   игеріп   қана,   оны   тәжірибелік   іс­   әрекетте қолдана алмаудан арылуға бірден бір мүмкіндік беретін жүйе тілді оқушының сөйлеу, тіл мәдениетімен бірлікте қарастыру болып табылады.  Тұтастық   ұстанымы   «сөйлесім   әрекетіне   қатысты   бірнеше   жұмысты   қатар қамтиды.   Олар:   оқу,   жазу,   ауызша   сөйлеу,   тыңдау,   қайталау,   жауап   беру.   Бұл ұстанымның   ерекшелігі:   бір   сабақтың   үстінде   осы   жұмыстардың   барлығын   жүйелі түрде қолдана отырып, олардың арасынан ең басты біреуін таңдап алу және қалған жұмыстың түрлерін осыған бағындыра білуден көрінеді. Сонда бір сабақтың өзінде ортақ   (өзек)   пайда   болады   да,   қалған   бағыттар   сол   басты   орталыққа   жұмыс   істеу мақсатында жүргізіледі, сөйтіп, сабақта тұтастық, бүтіндік пайда болады».  Пәндік білім, білік, дағдыларды меңгертудегі шығармашылық  ұстаным сабақты шығармашылық үдеріс ретінде құруды мақсат етеді. Оқу үдерісінде жұптық, топтық жұмыс   түрлеріне,   біріккен   шығармашылық   тапсырмалар   мен   жобаларды   орындауға үлкен   мән   берілді.   Белгілі   бір   қатысымдық   міндеттерді   шешу   барысында оқушылардың өз тілек­емеуріндерін іске асыруға мүмкіндігі болады. Оқу үдерісінде оқушылардың   алдыңғы   сабақтарда   алған   білім,   дағды,   біліктерін   жаңа   жағдаятта қолдана   алуына   қажетті   дағдылары   дамытылады.   Пәнді   интеллектуалдық   және шығармашылық тұрғыда түсініп меңгертуге ден қойылады.  Оқыту   үдерісінде   оқушылардың   функционалдық   сауаттылығын   (жаратылыстану, математика, оқу және жазу, т.б.) қалыптастыруда, ең бастысы, оқушыларды ғылыми біліммен қаруландыру міндеті аса маңызды. Осы орайда  оқытудың ғылымилығы ұстанымы   жетекші   рөл   атқарады.   Бұл   ұстаным   бойынша   оқушыларға   берілетін білімнің мазмұнының ғылымның қазіргі даму деңгейіне сәйкестігі, оларға заттар мен құбылыстардың заңдылықтарын ұғындыру және олардың арасындағы себеп­салдарлық байланысты   ашу   ескеріледі.   Бастауыш   мектепте   кез   келген   пәнді   оқытуда оқушылардың   қарапайым   ғылыми   зерттеу   дағдыларын   қалыптастыру,   заттар   мен құбылыстардың   негізгі   және   жанама   белгілерін   ажырату,   қоршаған   әлемде   және табиғатта болып жатқан құбылыстарды түсіну, салыстыру, талдау, жіктеу, жүйелеу, жалпылау   білік,   дағдыларын   меңгерту   мақсаттары   көзделгенде   ғана   оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға болады Бастауыш   сынып   оқушылардың   фукционалдық   сауаттылық   мазмұны   келесі мағынада сипатталады (1­сурет):   – оқу, жазу сауаттылығынан; – жаратылыстану ғылымындағы сауаттылығынан; – математикалық сауаттылығынан; – компьютерлік сауаттылықтан; – денсаулық мәселесіндегі сауаттылықтан; – құқықтық сауаттылығынан. ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚ МАЗМҰНЫ Функционалдық сауаттылыққа кіреді оқу мен жазудағы сауаттылық жаратылыс ғылымдарындағы сауаттылық математикалық сауаттылық компьютерлік сауаттылық құқықтық сауаттылық денсаулық мәселесіндегі сауаттылық қалыптасады Өмірлік дағдылар Ойлау дағдыларын ың (интелектуа лдық ептілігінің негізінде) Жалпы сипаттағы іс- әрекет дағдылары мен білімдік құзіреттілікт ер негізінде Бастауыш сынып оқушыларының оқу және жазу сауаттылығы Функционалдық   сауаттылық   –тілдік   тұлғаның   әлеуметтік   –қоғамдық   ортада сөйлесім әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім) өзінің мақсатына қарай еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі. Сұхбаттық   тапсырмалар   диалогтан   тұрады.   Бастауыш   сынып   оқушыларының функционалдық   сауаттылығын   қалыптастыруда   диалогты   таңдауымыздың   себебі   ол күнделікті   өмірде   қолданылатын   ауызша   сөйлеу   тілінің   ең   көп   тараған   және   тілдік қатынастың табиғи түрі. Диалогтың жағдаяттылығы, алдында және артындағы айтылған жалпы ойға байланыстылығы, алдын ала дайындықсыз іске асатын сөйлесім әрекетінің түрі екені ескерілді.  Диалогтік   сөйлеуге   үйретуде   дайындық   жаттығулары   мен   шартты   сөйлеу жаттығулары ұсынылады. Мұнда күнделікті өмірде жиі кездесетін жағдаяттар алынады. Оқушыларға   дайын   үлгілерді   кезекпен   бірнеше   мәрте   оқытып,   диалогтің   сөздерін қайталатып, рөлге бөліп оқытылады. Оқушылларды тек жауап беруге, яғни мәліметті хабарлауға ғана үйретпей, қарсы сұрақ қоюға, қайталап сұрауға да үйрету аса маңызды. Диалогтің осындай түрлері де ұсынылды.  Диалогтік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардың диалогтік сөйлеудегі қарапайым   дағдылары   қалыптасып,   сұрақ   беру,   өтініш   айту,   таңдану,   бұйыруды қолдану,   бір­бірімен   әңгімелесе   білу,   мәліметтерді   нақтылап   сұрау,   тыңдап   отырып қайта   сұрақ   беру,   келіспеушілік,   толықтыру,   тілдік   материал   көлемінде   өзара   пікір алыса білу дағдылары дамып, диалогтік тілді үйретуде соңғы нәтиже болып табылатын әңгімелесе білу біліктіліктері жетіледі.  Бастауыш   сынып   оқушыларының   функционалдық   сауаттылықтарын қалыптастыруда қатысымдық әдіс функционалдық сөйлеудің грамматикалық жағы мен лексикалық   бірліктерді   меңгертудің   негізі   ретінде   алынды.   Қатысым   әдісі   бойынша оқушыларды   бірінші   сабақтан   бастап   сөйлесім   әрекетіне   баулу,   тілді   үйретуді күнделікті өмірде жүзеге асыру, сабақты практикалық жағынан жан­жақты қамтамасыз ету ескерілді.  Өйткені   кез­келген   тақырыптағы   тілдесім   үдерісі   сөйлеу,   жазу,   оқу,   тыңдау әрекеттері арқылы іске асады. Бұл қатысымдық бағытта дайындалған тапсырмалардың мәні   оқушыларды   ана   тілінде   қарым­қатынас   үдерісіне   дайындау,   сыныпта   қарым­ қатынас   жасауға   жағдай   тудыру   болып   табылады.   Қатысымдық   әдіс   ұсынылған тапсырмалардың   бәріне   ортақ,   әсіресе   жағдаяттық,   рөлдік   ойын,   сұхбаттық тапсырмаларда басым болады. Осы әдістің функционалдық сауаттылықпен байланысы жағдаяттық, сұхбаттық тапсырмалардағы тілдесімде ерекше басымдылыққа ие болады. Рөлдік ойын әдісінде 7­12 жастағы балалар қарым­қатынасқа тез түседі де, кез­келген рөлді   ынтамен   орындайды.   Рөлдік   ойындар   оқушыға   өзін   танытуға,   жолдастарының пікірімен санасуға, дұрыс сөйлеу қабілетін жетілдіруге, жан­жақты білімін көрсетуге мүмкіндік береді.   Мысалы: Әдебиеттік оқу пәні Сабақтың тақырыбы: Менің атым Қожа Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: диалог, дебат, сұхбат. Сұрақ­жауап. Үй тапсырмасына «Менің атым Қожа» киносын көріп келу тапсырылады. Сынып төрт топқа бөлінген. Тапсырма: 1­топ: «Менің атым Қожа» киносынан бір диалогтың түрін көрсету. 2­топ: «Менің атым Қожа» киносынан бір монолог түрін көрсету 3­топ: Кейікерге хат. (Қожа, Жантас, Сұлтан, Жанар) 4­топ: Дебат ұйымдастыру. Тақырып: Қожа –жаман бала, Қожа – жақсы бала. Рефлексия   кезінде   жеребе   арқылы   тілші   таңдалып,   сол   тілші   балалардан   осы тақырып бойынша сұхбат алады.  Соымен әдебиеттік оқу пәнінен функционалдық сауаттылыққа байланыста тоқсан сайын тест аламын. Әдебиеттік оқу І тоқсан қорытынды бақылау жұмысы 1. Шықшы тауға, қарашы кең далаға, Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға. О шеті мен бұ шетіне жүгірсең, Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма? 1­тапсырма: Бұл өлеңнің авторы кім  және тақырыбы қандай? 2­тапсырма: Өлеңнен етістіктерді тауып жаз 3­тапсырма: Өлеңнің негізгі ойы қандай? 2. Нұржаным, білдіретін сізге тағы, Құс көрдім өзі жансыз бір аяғы, Теңізде салған жолы сайрап жатыр, Байыппен ойлап тапшы тапшы мұны – дағы. 1­тапсырма: Халық ауыз әдебиетінің қай түрі? 2­тапсырма: Жұмбақ Жансыз бір аяқ Теңіз Сайрап жатқан жол 3­тапсырма: Бұл қай айтыстан үзінді? Бұл не? 3. Құла ат қамыстың арасындағы бетін көбік қар жауып қалған бір құдыққа күмп етіп түсіп кетіпті. Оқырынып, осқырынып, қайшылап тігіп құлағын, жұлып жеп ернеу құрағын ол да тұра беріпті. 1­тапсырма:  Қай мәтіннен үзінді? 2­тапсырмы: Бұл мәтін халық ауыз әдебиетінің қай түріне жатады? 3­тапсырма Қарамен жазылған сөздің мағынасын ашып жаз. 4. Жазылуы бірдей, бірақ мағынасы әртүрлі сөздер. А. Логорифм       Ә. Омоним       Б. Шарада        В. Метаграмма 2.  «Жаз» деген сөздің бірнеше мағынасын жаз            5. Кейіпкердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен –өзі сөйлескен сөзі   не деп аталады?           А. Диолог             Ә. Ертегі           Б. Монолог        В. Мысал       2. Монолог құрастыр Әдебиеттік оқу ІІ тоқсан қорытынды бақылау тест 1. Түркістан – екі дүние есігі ғой, Түркістан – ер түріктің бесігі ғой, Киелі Түркістандай жерде туған Түріктің тәңірі берген несібі ғой. А)  Өлеңнің авторы кім? Ә) Түркістан туралы не білесің? Б) Қарамен жазылған сөзге мағыналас (омоним) сөздер жаз. 2. Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе. А) Кімнің сөзі? Ә) Авторы туралы не білесің, қандай шығармаларын білесің? Б) Қарамен жазылған сөзге қарама­қарсы сөз (антоним) жаз. 3. Сабырсыз, арсыз, еріншек  Көрсеқызар, жалмауыз... А) Өлеңнің аты кім? Ә)Абайдың қандай өлеңдерін білесің? Б) Адамның мінез­құлықтары Жағымды Жағымсыз                   4. Түн ортасы болған кезде таудың осы мөлшеріне бөктерде келе жатқан үш жігіт жетті. Бір уақытта бір тоғайдың тұсына келгенде, аттары осқырып, ішін тартып, тоғайға қадалып, жүрмей үркіп тұрып алды. А) Бұл қай мәтіннен үзінді және авторы кім? Ә)Басты кейіпкері кім, ол жетімдіктің қорлығын қалай көрген? Б) Қарамен жазылған сөздің мағынасын қалай түсінесің? 5. Менің атым Қожа А) Қожа қандай бала? Ә) Оның досы кім? Б) Қожаға қысқаша хат жаз. Қорытынды Оқушының   функционалдық   сауаттылығын   қалыптастыру   біртұтас  әдістемелік жүйенің жасалуын талап етеді. Ол білім берудің мақсатынан бастап оқытудың түпкі нәтижесіне   дейінгі   аралықтағы   компоненттердің   бірлігі   арқылы   жүзеге   асады. Сондықтан мақсатқа қол жеткізудің басты құралы саналатын білім мазмұны оқушының функционалдық сауаттылығына негізделіп, сынып сайын күрделендіріліп отыру керек.  Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда қатысымдық, рөлдік ойын, дара тұлғаға бағдарланған оқыту және сұрақ­жауап әдістері арқылы   жүзеге   асатын   жағдаяттық   тапсырмалар,   рөлдік   ойындар,  сұқбаттық тапсырмалар,   кешенді жүргізудің тиімділігі жоғары болады.  құзыреттіліктерді   қалыптастыратын   тапсырмалар   арқылы

Баяндама

Баяндама

Баяндама

Баяндама

Баяндама

Баяндама

Баяндама

Баяндама

Баяндама

Баяндама

Баяндама

Баяндама
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
08.04.2017