Баяндама. Физика сабағында оқушылардың жеке, жұптық және топтық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру жолдары мен оның тиімділігі
Оценка 4.7

Баяндама. Физика сабағында оқушылардың жеке, жұптық және топтық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру жолдары мен оның тиімділігі

Оценка 4.7
Лекции
docx
физика +1
Взрослым
24.03.2017
Баяндама. Физика сабағында оқушылардың жеке,  жұптық және топтық жұмыс жасау дағдыларын  қалыптастыру жолдары мен   оның тиімділігі
"Физика сабағында оқушылардың жеке, жұптық және топтық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру жолдары мен оның тиімділігі" тақырыбындағы баяндамада оқушылармен сабақ барысында жүргізілетін топтық, жұптық, жеке жұмыстарды тиімділігі туралы айтылады. Топтық, жұптық, жеке жұмыстардағы қолданылатын әдіс-тәсілдер, олардың оқушы білімі үшін маңыздылығына тоқталып өтеді.
№201 Шілдебаева Айгүл.docx

 

Физика сабағында оқушылардың жеке,  жұптық және топтық жұмыс жасау дағдыларын  қалыптастыру жолдары мен   оның тиімділігі

 

Жоспары :

 

І. Кіріспе

 

ІІ. Негізгі бөлім.

 

1.     Сындарлы оқыту тәсілі –оқушы шығармашылығы мен дүниетанымын дамытудың қайнар көзі.

2.     Оқушыларды топтық жұмыс арқылы шығармашылыққа баулу жолдары.

3.     Физика сабағында оқушылардың жеке, жұптық және топтық жұмыс жасау дағдыларын  қалыптастыру жолдары мен   оның тиімділігі.

 

 

ІІІ. Қорытынды

 

ІУ. Пайдаланылған  әдебиеттер.

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Физика сабағында оқушылардың жеке,  жұптық және топтық жұмыс жасау дағдыларын  қалыптастыру жолдары мен   оның тиімділігі

 

Шілдебаева Айгүл Амангелдіқызы

Қызылорда облысы

Жалағаш ауданы

№ 201  орта мектеп-лицейінің

 физика пәнінің мұғалім

 

          Қaзiргi уaқыттa әлем елдерi  өздерiнiң бiлiм беру жүйесiнде түрлi реформaлaр жүргiзуде. Себебi әлем кеңiстiгiне шығу және өркениеттi елдер қaтaрынa қосылу үшiн ең бaстысы бiлiм сaлaсын дaмыту қaжет.  Бiздiң елiмiз де бұл үрдiске бaр белсендiлiгiмен қaтысудa және бiлiм  беру жүйесi өте қaрқынды өзгерiстер сaтысындa тұр. 

        Елiмiзде жүргiзiлiп жaтқaн бiлiм сaясaты әлемдiк бiлiм кеңiстiгiмен ықпaлдaсуғa бaғдaрлaнғaн және бiлiм берудi дaмыту iсi жaңaшa көзқaрaстaр мен әлемдiк тәжiрибелерге негiзделiп отыр.

          Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елдердің қатарына кіру міндеті, егер оны ғылымды   көп қажет ететін технологиялық білімі, басқару дағдылары бар,   нарықтық экономикада бағдарлана алатын жоғары білікті мамандар іс жүзінде атқаратын болса ғана шешілетін болады.

         Білімді, сауатты адамдар – бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының негізгі қозғаушы күші; кім дамымаса, алға қарай жүрмесе, өз орнын басқаға, әлдеқайда бәсекеге қабілетті маманға беруіне тура келеді...»  деген болатын[2].                   

         Бұл үзіндіде алдыңғы қатарлы дамыған елдердің озық идеяларынан үйренуіміз керектігі айтылған. Ендеше біздің, ұстаздар қауымының алдында үнемі іздену, үнемі оқу, жаңалыққа ұмтылу және өзгерістер енгізу  міндеті тұр.

       Келешек ұрпақты білім нәрімен сусындататын, білім мазмұнын жақсарту, оны заман талабына сай игеру, оларды ел азаматы болуға, ақыл – ойын жан-жақты дамытуға ұмтылуға тәрбиелеп, шығармашыл тұлға, әрі XXI ғасырдың белсенді жалғастырушысы ретінде қалыптастыруды көздейтін білім беруші – ұстаз.    

         Ұстаздың алдына қойылған міндет- оқушыларға сапалы білім беру, оларды жан-жақты дамыған жеке тұлға етіп қалыптастыру болғандықтан, тәжірибе кезеңіндегі жүргізілетін барлық іс-әрекетімізді осыған бағыттадық.

             Біздің елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің  мақсаты - өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, алған білімін өмірде қолдана алатын және оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау болып табылады.

         Еліміздегі білім беруді дамыту ісі жаңаша көзқарастар мен осындай бағыттарға негізделіп отыр. Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында: «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады» деп айтылған.

         Біздің елімізде Елбасының тапсырмасына (2011, 24 мамыр)  сәйкес педагогтардың біліктілігін арттыру жүйесі түбегейлі өзгерді.
Бұл өзгерістерді «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ  Педагогикалық шеберлік орталықтары әлемдік тәжірибе негізінде жүзеге асыруда.
Яғни қазақстандық білім беру жүйесіне көшбасшылық етіп отырған «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ   мұғалімдер білімін жетілдірудің жаңаша жолдарын ұсынды, мақсаты осы мектептердің  тәжірибесін тарату туралы Елбасының тапсырмасын орындаудың маңызды бөлігі болып табылады [5].

         Осы мақсаттың жүзеге асырыла бастауының бірден бір себебі - сындарлы оқыту теориясы деуге болады.       

          Мен де осы Қaзaқстaндық мұғaлiмдердiң  қaтaрындa  I деңгейлi курс Бaғдaрлaмaсын меңгеру aрқылы әрiптестерiммен бiрлесе отырып  өз мектебiмнiң дамуына  үлес қоса отырып, өзгерiс енгiземiн және мектепaрaлық желiлiк қaуымдaстық aясындa дa бaсқa дa әрiптестерiммен бiрлесе отырып осындaй жұмыстaрды жүргiзудемін .

           Педагогикалық шеберлік орталығының  Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген ҚР педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының деңгейлі бағдарламасы-  мұғалімнің білім беруі мен оқытудағы әдістерін өзгертудегі жаңа бастама,  яғни бұл бағдарламаның басым бөлігі сындарлы оқыту теориясының негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлануын дамытуда олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен,   мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен өзара әрекеттесуі жағдайында жүзеге асады деген тұжырымға негізделген. [5]       

         Мен деңгейлі бағдарламалар аясында алған теориялық білімімді тұжырымдай келе, яғни  қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында мен және менің мектебімдегі мұғалімдер де өзгере отырып, үздіксіз кәсіби дамуы қажет екендігін,  ең бастысы теориялық және практикалық , кәсіби құзыреттілігі терең мұғалім болуы  керектігін  білдім және түсіндім.  Бірінші деңгей бағдарламасын оқыған мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі оқытуды басқару және көшбасшылық, сонымен қатар  оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, бүкіл мектеп шеңберінде өзгеріс енгізу   болып табылады.

        «Оқу және оқыту» деген ұғымның  мән-мағынасын қайта қарайтын болсақ, біз бұған дейін дәстүрлі оқытудың  сынып жағдайында жүзеге асырылатынын  және  мұғалімдер іске асыратынын, яғни түсіндіру бойынша жүзеге асатын үдеріс екенін білеміз

        Ал сындарлы оқытуда идеяларды ойластыру, түсіну, растауға ой–сана мен сезімдерді жандандыруға бағытталған талдау жүргізіледі. 

        Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең таралған.

        Сындарлы оқыту тәсілдері- оқушы шығармашылығы мен дүниетанымын дамытудың көзі.

         Сындарлы оқытудың мақсаты –оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету  (МАН, 10-бет) .

        Әлем елдерінің көпшілігінде сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсілдер кеңінен қолданылады. Азербайжан, Англия, Жапония, Германия елдерінің орта білім саласында  сындарлы оқытуға негізделген тәсілдер  кеңінен қолданылады.

        Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға сыни тұрғыдан ойлана отырып, жоғары деңгейдегі сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді, оқушылaрдың ойлaнуын дaмытудa бұрынғы aлғaн бiлiмдерi  мен жaңa немесе сыныптaғы түрлi дерек көздерiнен, мұғaлiмнен, оқулықтaн және достaрынaн aлғaн бiлiмдерiмен өзaрa әрекеттесуi жaғдaйындa жүзеге aсaды.

        Мұғaлiмнiң мiндетi оқушының тaқырыпты өз бетiмен меңгеруiне мүмкiндiк туғызa отырып, терең бiлiм беру,  aлғaн бiлiмдерiн өмiрде қолдaнуынa жaғдaй туғызу болып тaбылaды. Осығaн дейiн оқушылaрымыз теориялық бiлiм aлғaнмен оны  өмiрде қолдaнa aлмaйтын. 

        Жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана білу- оқушы шығармашылығы мен дүниетанымын кеңейтудің негізі болып табылады. Осы әдістерді қолдана отырып, шығармашылық іс-әрекет талаптарын орындау мақсатында, оқушылардың қызығушылықтарын арттыру мақсатында бағдарламадағы мәтіндерге сәйкес деңгейлік, шығармашылық тапсырмаларды алып, практика жүзінде қолданып, мынадай тұжырымдар жасадым:

- оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады;

- қызығушылық іс-әрекет түрлері төменнен жоғары қарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйемен жүргізілу нәтижесінде шығармашылығы дамиды;

-қызығушылық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастыру біліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуы оқушыларды шығармашылыққа баулиды ;

- оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыс түрлерін тааңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор;

        Курсқа дейінгі дәстүрлі сабаққа қарағанда  қазіргі уақыттағы жаңа әдіс-тәсілдерді пайдаланып өткен сабақтарымда оқушының белсенді іс-әрекеті, қызығушылығы  анағұрлым жоғары байқалуда.

          Деңгейлі бағдарламалар бойынша курстан өткен, яғни әлемдегі үздік тәжірибені  меңгерген  қазақстандық мұғалімдер оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістер әкеледі, білім сапасын жоғары деңгейге жеткізеді.  Мен де осы І деңгейлі курс Бағдарламасын меңгеру арқылы мектептегі  І,ІІ, ІІІ деңгейлі курстан өткен және басқа да әріптестеріммен бірлесе отырып өз мектебімнің тәжірибесіне өзгеріс енгізу бағытында жұмыстар жүргізудемін. 

        Маған  курстан  алған теориялық білімім және оны тәжірибе жүзінде іске асыруым осыған дейінгі  оқыту мен оқу туралы үлкен  ой туғызды. Мен осыған дейін егер мұғалім көп ізденсе, білімді, тәжірибесі мол болса сол нағыз ұстаз деген ойда болатынмын. Алайда  курстан соң ол көзқарасымды өзгерттім, яғни жоғарыда айтылғандардың барлығы нағыз ұстаз болу үшін  жеткіліксіз екен. Оқушылардың білім сапасын арттыру үшін дәстүрлі оқытуды өзгерте отырып, оқыту мен оқуға Бағдарламаның негізгі мазмұны болып табылатын Сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсілдерді енгізуіміз керек екенін жақсы түсіндім. Сол арқылы үлкен серпіліс жасауға болатындығын, оқушылардың топпен бірлесіп, ынтымақтастықта білім алуға оң көзқарасын қалай қалыптастыруға болатындығын  білдім. Ол үшін ең алдымен мектептің бастапқы жағдайын айқындап алу қажеттігін, мектептегі немесе сыныптағы мәселені анықтау, сол қажеттіліктерді ескере отырып және қорытындылау, талдау жасау арқылы  мектептің даму жоспарының  өзгеріс енетін басымдығын қалай анықтауға болатындығын түсіндім.

         Бұған дейін мектептің даму жоспарын жасауға мектеп әкімшілігі ғана қатысады, ал мұғалімдерге  педагогикалық кеңесте таныстырылатын және ата-аналар комитетінің мүшелері, мектептегі көшбасшы оқушылар, бірлестік жетекшілерінің ұсыныстары сирек те болса қабылданатын. Осы курстан соң мектептің даму жоспарына өзгеріс енгізу үшін тек қана мектеп әкімшілігінің ғана емес, мұғалімдердің, ата-аналардың, оқушылардың ұсыныстары мен пікірлерін міндетті түрде қосу керектігін білдім.

       І деңгей мұғалімінің міндеті мектептің даму жоспарының басымдығына өзгеріс енгізу және оны іске асыруға қатысу болып табылады.

        Мектептің даму  жоспары ең бірінші кезекте, мектептің алдағы уақыттағы даму жолдарын анықтайтын басты құжат болып табылады. Даму жоспары осыған дейінгі жүргізілген жұмыстардың нәтижесіне талдау жасау, алдағы уақыттарда   орындалатын  жұмысты жетілдіру бойынша басымдығы мен міндеттерін анықтайды. Менің түсінгенім бойынша, мектептің оқу-тәрбие саласына қатысты орындалатын барлық іс-әрекеттер,  болашаққа қадам осы даму бағдарламасы арқылы іске асырылады.

        Мектептегі білім беру сапасын арттыру және тәрбие жұмысын жетілдіру жұмыстары бойынша   мектептің 5 жылға арналған стратегиялық жоспары жасалған.

     Жоспардың мақсаты мектептің алдағы уақыттардағы даму жолдарын айқындау, болашақтағы даму жоспарында белгіленген жұмыстардың ұзақ мерзімді мақсаттары арқылы әр жылдары жоспар бойынша жұмыстар жүргізу және орындалған жұмыстардың нәтижесіне (жетістігі мен кемшілігі) талдау жасай отырып, келесі жылғы атқарылатын  жұмыстарды қайта жоспарлау болып табылады. Ұзақ мерзімді мақсаттар оқушылардың оқуы мен тәрбиесіне, сол арқылы жеке тұлға қалыптастыруға бағытталған.

     Біздің мектептің даму жоспарының өзгеріс енгізілген басымдығы «Оқушыларды оқытуда интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану»  деп аталады.

         Мектеп бойынша І, ІІ, ІІІ деңгей бағдарламасын игерген 25 әріптесім осы мектептің даму жоспарына сай өз жұмыстарын жүргізуде. Мен де өзімнің ынталы тобымды құрдым, сонымен қатар І деңгей бағдарламасын игерген мұғаілмнің міндетіне сәйкес  коучинг және тәлімгерлік үдерістерін жүргіземін, «Lesson Study» бойынша құрылған топ сабақты (жаратылыстану бағытындағы пәндер) зерттеудеміз. Бірінші деңгей бағдарламасы тәжірибелі мұғалімдерді өз мектептерінде құзырлы коуч пен тәлімгер болуға үйретуге бағытталған [1]. 

      Коучинг-сессиялар арқылы қатысқан мұғалімдер оқыту және оқу  үдерісіндегі жаңалықтарды  өз тәжірибелеріне енгізуді  қолдану үшін  ықылас білдірген ынталы мұғалімдерді  тәлім алушы ретінде алып, тәлімгерлік үдерісін жүргізудемін. Тәлім алушымен қажеттілігіне қарай кәсіби әңгіме жүргізе отырып, бағыт беремін. Яғни әріптестер  сабаққа орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспар жасауды үйренді. Бұл жүргізілген жұмыстар тәлім алушыларымның  кәсіби дамуына үлкен әсерін тигізді деп ойлаймын.

        Мен өз әріптестеріме Кембридждік оқу тәсілдерін үйретумен қатар өзімнің пәніме сәйкес сабақ беретін сыныптарыма ұзақ мерзімді, орта мерзімді , қысқа мерзімді жоспар жасап,әр сабағымды жаңа әдіс-тәсілдермен және топтық жұмыс арқылы өткізіп келемін. Менің байқағаным, әр сабақ сайын  оқушылардың ынтасы, қызығушылығы, белсенділігі артып келеді .  Оқу жылының басындағы оқушылардан, ата-аналардан алынған сауалнамалар мен сұхбаттар қорытындысына сәйкес, сыныптардағы іс-әрекеттегі зерттеуімнің тақырыбын «Оқушылардың  білім сапасын арттыру үшін сын тұрғысынан ойлауға үйретудің тәсілдерін сабақта қолдану» деп алдым. Бұл әдіс-тәсілдерді сабаққа енгізуді топтық, жұптық, жеке жұмыстар арқылы жүзеге асырудамын.

    Оқыту үдерісінде сын тұрғысынан ойлауға үйретудің тәсілдерін пайдалану арқылы оқушылардың білім сапасының көрсеткіші артады деп есептедім.

         Сын тұрғысынан ойлау–Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын ең басты педагогикалық түсінік болып табылады. Сын тұрғысынан ойлау бақылау, тәжірибе, толғану және жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және жинақтауда қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы мүмкін [1].                  

        Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің тәсілдерін қолдану арқылы сабақтарда оқушылар  сыни тұрғыдан ойланып, өз ойын дәлелдеуге тырысады, ойлау белсенділігі дамиды, еркін ойлай алады және мұғалімнің бағыттауы арқылы өзінің ізденісімен қызығушылық танытып, шығармашылық қабілеттері қалыптасады.  Түрлі тапсырмалар арқылы өз ойларын ашық айтуға, пікірін толық жеткізе білуге, дәлелдермен ойланып жауап беруге, өзгенің ойын тыңдауға, бағалай білуге, ұйымшылдыққа, білім деңгейлерінің жоғары болуына көп әсерлерін тигізеді. Сынып бойынша көп сөйлемейтін, ойлау дәрежесі төмен оқушылардың да қызығушылығы туып, олардың өз мүмкіндіктеріне қарай  сабаққа қатысуға тырысуы байқалады.

          Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің  әдіс-тәсілдері   арқылы оқушылардың сыни ойлау дағдысын дамыту мақсаты алынды.

           Міндеттері:

1.Сабақты жоспарлауда сын тұрғысынан ойлаудың әдіс-тәсілдерін енгізу, сабақта қолдану;

2.Оқушылардың сыни ойлауын дамытатын тапсырмаларды енгізу және сабақта оқушылардың өзіне дайындатуды үйрету;

3.Оқушыларды сын тұрғысынан ойлай білуге үйрету, сабақ барысында оқушылардың өз ойларын дәлелдермен толық жеткізе білуге қалыптастыру.

4.Сын тұрғысынан ойлауды топтық жұмыс арқылы жүзеге асыру.     

        Сын тұрғысынан ойлаудың тиімді әдіс-тәсілдері арқылы  оқушылардың сыни ойлау дағдылары қалыптасады, дамиды. Өз ойларын толық жеткізеді, өздері шешім қабылдай алады, алған білімдерін өмірде қолданады деп нәтиже қойылды.

             Сын тұрғысынан ойлау бойынша сабақ  қызығушылықты ояту, мағынаны ашу, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.

         Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады.

          Бұл кезеңде оқушының тақырып туралы не білетіндігі анықталады, белсенділігін арттырады, оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын ояту стратегияларының бірін қолданып, қызықты сұрақтар қою арқылы оқушыларды жаңа сабаққат тарту. Білетін білімді еске түсіре отырып, жаңа білімге көпір салу болып табылады.
           Бұл кезеңде “Топтастыру” (кластерлеу), “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау” т.б.  әдістерін қолданамын.  Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. Бұл кезеңде «Миға шабуыл» әдісі арқылы сурет құрастыру , бейнероликтер көрсету арқылы сабақтың тақырыбын ашады.

         Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі мағынаны ашу (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады.
         Оқушы жаңа ақпаратты бұрынғы білімімен ұштастыра түседі.
Бұл кезеңді іске асыру үшін бірнеше тәсілдер бар. Олар: Жигсо, «Галереяға саяхат» әдісі, болжау кестесі, ойлан, жұптас, ортаға сал, сұрақ қоя білуді, өзара оқыту т. б. Осы әдіс-тәсілдерді қолдану кезеңі оқушының өздігінен білім алу, өзін - өзі өзектілендіру, танымдық қабілеттерінің даму, шығармашылық іс - әрекетінің ояну, бір сөзбен айтқанда, өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.

         3.Ойтолғаныс: Оқуды қорытындылау.

          Тақырып туралы ой-толғаныс –  үшінші кезең. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.

          Оқушылар өз ойлары мен байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта біліп, өзара алмасады. Оқушы алған білімін пайдалана отырып шешім қабылдайды, топпен бөлініп берілген тапсырмалары болса, өздері дәлелдейді, көрсетеді, бағалайды , қорытындылайды.

        Топтық жұмыстар.

          Сындарлы оқытудағы негізгі білім беру бағыты топпен жұмыс жасау арқылы жүргізіледі.  Мен өз тәжірибемде топтық, жұптық, жеке  жұмысты қолданып келемін. Топпен жұмыстың ерекшелігі: оқушылар түгел белсенділікпен қатысады, бір-бірін тыңдауға үйренеді, сөйлеу мәдениеті артады, өзін ұстауды үйренеді, ұйымшыл болуға тәрбиелейді. Топқа түрлі тәсілдермен бөлуге болады: суреттер арқылы, тақырыпқа байланысты, түстер арқылы. Жаңа тақырыпты оқушылар өз бетімен меңгеруге бағытталады, жұптық, жеке, топтық жұмыстар жүргізіледі. Топтар әр тапсырма соңында бағалау жүргізеді. Сабақ соңында кері байланысқа түсе отырып, сабақтың ұнаған жақтары мен ұсыныстарын оқушылардың өздері дәлелдейді. Яғни кері байланыс келесі сабақта өткен сабақта кездескен қиындықтарды жеңуге мүмкіндік береді. Топтық жұмыс тәсілін мен өз сабақтарымда пайдалана отырып және әріптестерімнің тәжірибесінде үнемі қолданғанынан бұл әдістің тиімділігіне көз жеткіздім.

         Физика сабағында оқушы шығармашылығын дамыту білім сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады.

         Жаңа әдістер арқылы сыныптағы оқушылар бір-бірін қайталамай сабақ мазмұнына сай пікір айтып, сабақты қортындылай алады. «Елес жетелеу», «Кластерлеу», «Автор орындығы» әдістері, диалогтық оқыту әдістері оқушылардың өз пікірін еркін айтуына мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар құбылыстар мен заңдар, оларды ашқан тарихи тұлғалардың атқарған еңбектеріне сын тұрғысынан баға беруге дағдыланады.

         Пәнді оқыту негізінен жаңа тақырыпты меңгеру, есептер шығару, зертханалық жұмыстар орындаудан тұрады, сондықтан топтық жұмыста (жаңа тақырыпты меңгерту) мәтінмен танысуда «мәтін бөліктері», «жигсо»,  «ойлан, жұптас, бөліс», «әңгіме-дебат», «тұжырымдамалық карта», «тірек сызбамен жұмыс  әдістерін», ал топтық жұмысты қорғауда «сынып алдында жалпылай қайталау », «Аялдама», «галерея», әдістерін қолданамын, сонымен қатар есеп шығару сабақтарында әр топқа күрделі бір есептен беріледі және ол есептерді топ мүшелері  бірлесіп шығарып, жоғарыда аталған әдістер бойынша қорғайды.
         Ал жұптық жұмыстарда негізінен «Дұрыс, дұрыс емес тұжырымдамалар», «Шын, жалған пікірлер», «Өзара сұрақтар», «Семантикалық карта», «Көршіңе әңгімелеп бер» дістерін қолданамын. Оқушылар жаңа тақырыпты меңгерген соң, алған теориялық білімдерін практикамен ұштастыру үшін  «Формулалар сөйлейді»,  «Анықтамалық кестені» қолданамын, олардың ерекшелігі оқушылар тақырып бойынша негізгі формулаларды бірлесіп қорытады, формуладағы әр физикалық шаманы анықтайды, анықтамалар мен заңдарды қайталайды, өлшем бірліктерді есте сақтайды. Бұл әдістердің тиімділігі – оқушы алған теориялық білімін практикамен ұштастыру үшін дайындық жасайды (жеке жұмыс жасауға). 

         Жеке жұмыстар оқушының жеке шығармашылықпен жұмыс жасауына бағытталады, мен өз сабақтарымда «Есеп шығару», «деңгейлік тапсырмалар», «Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар», «Эссе», «Синквейн», оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған тапсырма түрлерін (Пиза тапсырмалары), тест тапсырмалары, физикалық диктант, графикалық диктант , «Менің түсінгенім...» әдістері мен ойындарын қолданамын.

         Жеке жұмыстың ерекшелігі оқушылар топтық, жұптық жұмыстар арқылы алған білімдерін ары қарай қолданады, қорытындысында өзін-өзі бағалайды.          

        Нәтижесінде, топтық жұмыс арқылы: 

1.Бірлесіп шешім қабылдайды;

2.Өз ойларын постерге түсіреді, тұжырымдайды, жинақтайды.

3.Сынып алдында өз пікірін дәлелдермен , жүйелі баяндайды;

4.Бір-бірінің пікірін тыңдайды, өз ойымен бөліседі.

5.Өзара ақпараталмасады, тың деректермен танысады;

6.Ынтымақтастықта жұмыс жасайды, ұйымшылдыққа тәрбиеленеді.

Жұптық жұмыс арқылы:

1.Теорияда алған білімдерін практикада қолдану бағытында бірігеді

2.формулаларды қорытады, түрлендіреді, жеке жұмысқа дайын болады;

3.Өзара сұрақтарды қояды, жауабын бірлесіп іздейді.

4.Салыстырады, күрделі есептердің шешімін бірлесіп табады.

Жеке  жұмыс арқылы:

1.Деңгейлік тапсырмаларды орындайды, жеке жұмыс жүргізу дағдысы дамиды.

2.Ашық және жабық сұрақтарды қояды, шешімін табады.Өз ойын ашық жеткізеді.

3.Блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды орындайды.

4.Функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмаларды орындайды.

5.Алған білімін өмірде қолдана алатын тұлға болып қалыптасады.

          Топтық , жұптық, жеке жұмыстар соңында бағалау жүргізіп отырамын.

         Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау оқушы бiлiмiн әдiл бaғaлaуғa септiгiн тигiзедi. Әлем елдерiндегi осындaй тәжiрибелердi енгiзу aрқылы бiз оқушы бiлiмiн объективтi түрде бaғaлaй aлaмыз, aл елiмiз болсa бiлiм беру жүйесi бойыншa жоғaрыдa aтaлғaн елдердiң қaтaрынa енеді.

         Формaтивтi (оқыту үшін бағалау)  бaғaлaудың тиiмдiлiгi жоғaры  яғни бaғaлaудың бұл түрi бойыншa мұғaлiм күнделiктi әр сaбaқтa оқушылaрды ынтaлaндырып отырады.

        Критерийлік бaғaлaу мұғaлiмнiң бaғa қоюы емес, ондa бaлaлaр бiр-бiрiн өздерi бaғaлaйды және бaғaлaудың aрнaйы өлшемдерi болaды. Сaбaқтың әр кезеңiнде тaпсырмaлaр бойыншa бaлл  қойылып, соңындa ол бaғaғa aудaрылaды.

     Бiздiң елiмiздегi оқытуды және оқуды бaғaлaуғa келетiн болсaқ, 2020 жылғa дейiн қaзaқстaндық бiлiм беру жүйесiнде қaзiрге дейiн дәстүрлi түрде  қолдaнып келген бес бaлдық бaғaлaу  жүйесi aлынып тaстaлaды. Қaзiргi тaңдa  12 жылдық бiлiм беретiн  мектептер мен  «Нaзaрбaев зияткерлiк мектептерiнде» 10 немесе 12 бaлдық жүйе бойыншa бaғaлaнaтын критерийлiк бaғaлaу  енгiзiлген. Критерийлiк бaғaлaу бұрынғышa мұғaлiмнiң бaғa қоюы емес, ондa бaлaлaр бiр-бiрiн өздерi бaғaлaйды және бaғaлaудың aрнaйы өлшемдерi болaды. Сaбaқтың әр кезеңiнде тaпсырмaлaр бойыншa бaлл  қойылып, соңындa ол бaғaғa aудaрылaды. Бaлa бүгiнгi сaбaқ бойыншa өзiнiң бaғaсын өзi немесе оның бiлiмiн бaсқa оқушы бaғaлaйды. Мысaлы оқушы бүгiнгi  сaбaқтaғы орындaғaн тaпсырмaлaрынa бaйлaнысты нaқты бaғaсын aлaды және оның қойылу себебiн өзi түсiнедi, оны өлшемдер бойыншa дәлелдей aлaды. Aл  12 жылдық бiлiм беру жүйесiне aуысқaннaн  соң, елiмiз  түгелдей осы бaғaлaу жүйесiне көшедi[6]. Бaғaлaудың бұл түрлерi оқушы бiлiмiн әдiл бaғaлaуғa септiгiн тигiзедi. Менiң ойымшa,  әлем елдерiндегi осындaй тәжiрибелердi енгiзу aрқылы бiз оқушы бiлiмiн объективтi түрде бaғaлaй aлaмыз, aл елiмiз болсa бiлiм беру жүйесi бойыншa жоғaрыдa aтaлғaн елдердiң қaтaрынa енедi деп ойлaймын.

        Дәстүрлi оқытудa бiз бaғaлaудa оқушыны тек шектеп қояды екенбiз, яғни сенiң бaғaң 3немесе 4 деген секiлдi. Мен мектептегi тәжiрибе кезеңiнде формaтивтi бaғaлaудың тиiмдiлiгi жоғaры екенiн бaйқaдым, яғни бaғaлaудың бұл түрi бойыншa мұғaлiм күнделiктi әр сaбaқтa оқушылaрды ынтaлaндырып отыруғa болaды.

        Әр сабақтан соң оқушылардан кері байланыс алу арқылы және өзім сабақты қадағалау, бақылау барысында және рефлексия жасау арқылы келесі сабағымды жоспарлаймын. Рефлексия – өткенге жүгіну. Субъектінің назарын өзіне , атап айтқанда, оларды қайта  ойлап, қорыту мақсатында өз белсенділігінің өніміне аударуы. Педагогикада рефлексия сабақтың бір кезеңі ретінде қарастырылады. Ол кезде сабақ барысында алынған білім сын тұрғысынан талданып, меңгерілген біліммен салыстырырылп, өзіндік түсінік пайда болады. Әр сабағымның соңында 1.Маған ұнады, маған ұнамады. 2.Маған не қиын болды, не қиын болмады

3.Бір минуттық эссе. 4.Менің сабақтан алған әсерім...  5.Альпинистер

6.Рефлексивті сауал.   7.Не үйрендім, не қиын болды. 8.Білім қоржынын қолданамын.

 

 

 

     Қорытынды :

 

        «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмән жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Топтық, жұптық, жеке жұмыстарда «Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің» тиімді әдістерін сабақ үдерісінде қолдану арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады:

1.оқушының белсенділігі мен қызығушылығын арттыру;

2. шығармашылық қабілетін дамыту;

3. оқушы дарыны мен талантын анықтау.

        Ұлы ойшыл Уильям Уорд «Жай мұғалім- хабарлайды. Жақсы мұғалім- түсіндіреді. Керемет мұғалім- көрсетеді.Ұлы мұғалім- шабыттандырады» деген екен. Сондықтан ХХІ ғасыр мұғалімі жан-жақты болуы заңды деп ойлаймын.

          Біздің еліміздің білімі мен ғылымын, техникасы мен технологиясын жасайтын,  табиғи байлығын сақтайтын келешек Қазақстан азаматы болып табылады. Сондықтан жас ұрпақтың  азаматтық тұлғасын және ішкі жан дүниесін орнықты түрде қалыптастыру білім беру жүйесінің басты міндеті болып табылады.

        Демек,  біздің  алдымызда жылдам өзгерген әлем жағдайында Мемлекетімізді әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосатын , яғни ұлттық құндылықты Әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті, зияткерлік қабілеті дамыған, білімді , талантты, мақсатқа ұмтылатын, өзіндік жеке көзқарасы қалыптасқан тұлғалар дайындау міндеті тұр.Aл ол үшiн әлем елдерiнiң озық үлгiдегi  бiлiм беру тәжiрибесiнен үлгi aлу қaжет деп  ойлaймын.

        ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры. Сол себептен де білім сапасын арттыру, оқушылардың дарындылығын айқындап, біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, өзіндік ғылыми ізденіс қабілеттерін қалыптастыру – әрбір ұстаздың міндеті . Абай атамыздың «Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға.Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға», – деп айтқандай, мұғалім үшін өз мамандығының білгірі болу бір күнде пайда болатын дүние емес. Бұл әрдайым ізденушілікті, зерттеушілікті талап етеді. Мен де осы курстан алған терең білімімді іске асырамын және өз шәкірттерімнің  өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, жаңаша ойлайтын, өз жолын дұрыс таңдай білетін, алған білімін өмірде қолдана алатын тұлға болып қалыптасуына өз үлесімді қосуды әрі қарай жалғастырамын  деген ойдамын .   

       «Сын тұрғысынан ойлауға үйретудің тәсілдерін» енгізудің әр оқушының шығармашылық қабілетінің дамуына, сыни ойлау қабілетінің дамуына, оқушылардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығының артуына, ең бастысы олардың білім сапасының сәл де болса жоғарылауына үлкен әсері болды деп ойлаймын.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқына  Жолдауында: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» деп атап көрсеткен. Яғни еліміздің бәсекеге қабілетті елдер қатарына қосылуына үлес қосатын әрбір оқушының дамуына,  терең білім алуына  менің мектебімнің ұстаздары алдағы уақытта да жаңа әдістерді енгізе отырып, ықпал жасайды деген ойдамын.

          Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде менің сабағымда оқушылар арасында:

   -белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды:

-   мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;

-   бір-біріне құрметпен қарауға;

    бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі  қаланды;

 - өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;

-   өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;

-   өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;

-   достарының ойын тыңдап, мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. [www.edu.gov.kz   сайтынан алынған  ]         

2.Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. [www.edu.gov.kz   сайтынан алынған ]         

3.Мұғалімге  арналған  нұсқаулық. ( Бірінші (ілгері) деңгей). «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012 .

4. www.45minut.kz  сайты

5.www.google.kz  

6.www.edu.gov.kz

7. Бунятова.Ф. Что такое конструктивное обучение?( www.google.kz   )

8. Жонтаева.Ж.А.  «Елбасының Қазақстан халқына арнаған  Жолдауы аясында көтерілген орта білім беру мәселелері» онлайн конференциясында сөйлеген сөзі, (www.Bnews.kzAA )



 

Скачано с www.znanio.ru

Физика сабағында оқушылардың жеке, жұптық және топтық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру жолдары мен оның тиімділігі

Физика сабағында оқушылардың жеке, жұптық және топтық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру жолдары мен оның тиімділігі

Физика сабағында оқушылардың жеке, жұптық және топтық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру жолдары мен оның тиімділігі

Физика сабағында оқушылардың жеке, жұптық және топтық жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру жолдары мен оның тиімділігі

Педагогикалық шеберлік орталығының

Педагогикалық шеберлік орталығының

Мен де осы І деңгейлі курс Бағдарламасын меңгеру арқылы мектептегі І,ІІ, ІІІ деңгейлі курстан өткен және басқа да әріптестеріммен бірлесе отырып өз мектебімнің тәжірибесіне өзгеріс…

Мен де осы І деңгейлі курс Бағдарламасын меңгеру арқылы мектептегі І,ІІ, ІІІ деңгейлі курстан өткен және басқа да әріптестеріммен бірлесе отырып өз мектебімнің тәжірибесіне өзгеріс…

Оқушылардың білім сапасын арттыру үшін сын тұрғысынан ойлауға үйретудің тәсілдерін сабақта қолдану» деп алдым

Оқушылардың білім сапасын арттыру үшін сын тұрғысынан ойлауға үйретудің тәсілдерін сабақта қолдану» деп алдым

Ойтолғаныс: Оқуды қорытындылау

Ойтолғаныс: Оқуды қорытындылау

Бірлесіп шешім қабылдайды; 2

Бірлесіп шешім қабылдайды; 2

Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты

Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты

Пайдаланылған әдебиеттер: 1

Пайдаланылған әдебиеттер: 1
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
24.03.2017