Баяндама "Жаңа заман талабы – озат тәжірибе"
Оценка 5

Баяндама "Жаңа заман талабы – озат тәжірибе"

Оценка 5
Исследовательские работы
docx
воспитательная работа +1
Взрослым
13.02.2018
Баяндама "Жаңа заман талабы – озат тәжірибе"
презентация
Публикация является частью публикации:
озат тәжірибе.docx
Қызылорда облысы Шиелі ауданы         «№152 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Баяндама  Дайындаған орыс тілі пәнінің мұғалімі Г.Әлихан 2015 жыл Жаңа заман талабы – озат тәжірибе Бүгінде  технологияның   ғарыштаған   заманында,  білім  саласында   жаңа инновациялық   технологияларды   пайдалану,   тәжірибе   алмасу   арқылы   білім сапасын   жақсартып,   ұлттық   кадрлардың   деңгейін   күшейтіп,   бәсекеге қабілеттілігін арттыруға болады. Ол үшін шығармашылық ізденіс қажет.  Өткен   оқу   жылында   жаңа   заманмен   бірге   аяқ   басу   үшін   зор   ынта­ жігермен Алматы қаласындағы Кембридж жобасы бойынша «Өрлеу» БАҰО АҚ ББЖ ҚБАРИ базасында біліктілікті арттыру курсынан өтіп, жаңаша әдіс­ тәсілдермен жұмыс жасауды бастағаныма көп болған жоқ. Алған білімімді саралай келе, ұққаным:   курстың негізгі жаңалығы – мұғалім балаға білімді дайын күйінде бере салмай, баланың білімді өз күшімен қабылдап, игеруіне жағдай жасайды. Бұл ретте басқа технологиялармен қатар сын тұрғысынан ойлаудың маңызы зор, өйткені бала өз ойымен, еңбегімен қабылдаған білімін зердесіне жақсы түйеді, есінде сақтайды, сондықтан алған білімін күнделікті өмірде тиімді қолдана алады. Мұндай нәтижеге бастар білім үдерісі оқушы білімді өздігінен меңгеріп, зейін қойып, қызығушылық таныта білген жағдайда ғана жүзеге аса бастайды. Мұғалімнің осы тұста оқушының кемшін тұстарын тауып, дұрыс бағыт­бағдар беріп отырғаны абзал. Білім нәтижелі болу үшін «Әр  сабақта  оқушыларға   оқу   үдерісінің   барлық   аспектілеріне   белсенді  қатысу   керек: олар өзінің  болжамдары мен  сұрақтарын тұжырымдайды, бір­біріне кеңес  береді,  өз алдына   мақсат   қояды,   алынған   нәтижелерді   қадағалайды,   идеялармен   эксперимент жасайды   және   қателер   –   оқудың   ажырамас   бөлігі   екенін   түсіне   отырып,   тәуекелге барады»  (МАН, 73). 1 1 2 2 3 3 5 5 7 7 9 9 0 0 0 0 0 0 0 0 5 5 0 0 % % % % Бефель. Оқу пирамидасы негізгі игерудің технологияны Модульдік   технология   оқу   үрдісін   жүйелеп   оқытуды   талап   етеді. Жүйелеп оқыту, көптеген тақырыпшаларды байланыстырып, ретке келтіреді. Осы тиімділігі: 1.   Топтастыру   –   жүйелі   байланыстыру,   қажетті   материалдарды   жинақтау, толыктыру, жаңарту жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік туады. Тексерудің тиімді, ұтымды жолдарын ойластыруға мүмкіндік көбейеді. 2. Іріктеу – ең негізгісін бөліп алуға, іздену, зерттеу, мақсат қоюға, уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.                                                                  3. Соңғы нәтижеге жету ­ оқушы білімнің қажеттілігін терең түсінеді, ерік – жігерін өзіне бағындыруға талпынады, басқа адамның өктемдігінің арқасында емес,   білімнің   өз   өміріне   қажеттігіне   көзін   жеткізе   біледі;   ынтасы, қызығушылығы,   ізденгіштігі,   жауапкершілігі   артады. Түрлі   деңгейдегі сұрақтарға жауап іздеу оқушыларды өз болжамын жасауға, ақпарат көздерін іздеуге үйрету, жеңіл тәжірибе жүргізуге, алған нәтижесін талдауға, шешім шығаруға жетелейді. Осының бәрі топтасқан кезде оқушының білім сапасы көтеріледі. Жалпы   алғанда,  Білім  және   тәжірибемен   алмасу   бағдарламасы   үздік  білім беру,   озық   тәжірибемен   алмасу,   сондай­ақ,   инновациялық   шешімдерді іздестіру   мақсатында  әлеуетті  нығайтуды   басты  назарға   ала  отырып,  білім саласы бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған. Оқушының   дүниетанымын   кеңейту,   жеке   қабілеттерін   көре   біліп,   оны дамытуға   толық   мүмкіндік   туғызу,   қабілетіне   қарай   шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтандыру, бойындағы қасиетіне қарай ізденуге бағыт беру, жол көрсету   ­ мұғалім шеберлігі. Тәуелсіз ел тірегі ­ білімді ұрпақ   десек,   жаңа   дәуірдің   күн   тәртібінде   тұрған   мәселе   ­   білім   беру, ғылымды дамыту, өркениет біткеннің өзегі ­ білім, ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің таласы жоқ. Осы орайда, білім ордасы ­ мектеп, ал мектептің жаны ­ мұғалім екендігі баршамызға мәлім. А.Байтұрсыновтың «Мектеп керектері» еңбегінде   былай   делінген:   «Мұғалім   қандай   болса,   мектеп   һәм   сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептің балалары көбірек білім алып   шықпақшы.   Солай   болған   соң,   ең   әуелі,     мектепке   керегі   –   білімді, педагогика,   методикадан   хабардар,   жақсы   оқыта   білетін   мұғалім».                     Жаңа технологияларды меңгеру оқытушының  кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық қабілетіне игі әсерін тигізеді. Өзін­өзі дамытып, оқу­тәрбие үрдісін көмектеседі.  Қазіргі таңда ақпаратты технологиялардың жедел дамуы жалпы білім беру саласындағы педагогтардың білім беру үрдісін ұйымдастыру, әдіс­ тәсілдерді қолдану,   пәннің   мазмұнын   оқушыларға   түсінікті   жеткізуге   бағытталған. Қазіргі   жалпы   адамның   жадысында: Естігенінің­1/4 зерттеулерге   сүйенсек, ұйымдастыруына Көргенінің­1/3 Естіп,көргенінің­1/2 Өзі   оқып,   талдап,     білгенінің   –   3/4     бөлігін   есте   сақтайды.   Сондықтан жетістіктерге қол жеткізу үшін, оқушыларға жақсы жағдай жасау керек, сонда олар:  Өз бетімен басқа деректер арқылы өздеріне керекті мағлұматты  жинақтайды;  Берілген тапсырмалар бойынша өздеріне білім жинақтайды;  Басқа топтарда жұмыс жүргізу, қарым­қатынас жасау дағдылары  дамиды;  Ақпарат жинақтау, зерттеу, салыстыру, бақылау, ойлау қабілеттері,  біліктілігі дамиды;  Ойлау жүйесі қалыптасады; Осындайда «Бұлақты көрсең, көзін аш», ­ деген халық даналығы еске түседі.  «Әр   бала   –   зерттелмеген   құпия,   әр   бала   –   болашақ   данышпан»  екенін ескерсек, әр баланың өз кілтін тауып, болашағына жол ашу   ­ әрбіріміздің міндетіміз екені айтпаса да түсінікті болып тұр. Ұстаз – киелі мамандық. Адам тәрбиелеу, оған ғылыми негіздерден мәлімет беру, баланы өмір сүруге үйрету ­ ұстазға жүктелетін міндет. Білім беру ісінде ұстаз ­ ең басты, шешуші тұлға. Ұстаздың   білімдарлығы,   абыройы   мен   беделі   оның   шәкіртінен   көрінеді. «Шәкірттің   жақсы   болмағы   ұстазынан»,   ­   деп   халық   тегін   айтпаған.   Ұстаз ұғымының мағынасы кең, мәні терең тарихи ұғым. Әлемдік ой алыптары, кейбір ғұламалар   ұстаз   алдынан   өткен,   олар   өздерінің   ұстаздарына   мәңгі   борыштар екенін болашақ ұрпаққа өсиет етіп қалдырған. Ұстаз мәртебесінің қаншалықты биік әрі қасиетті екендігін осыдан көруге болады.  Қай заманда да жастардың алар   орны   ерекше.   Қазіргі   ақпаратты   заманның   жастары   да   техникалық құралдарды жоғарғы меңгерген. Сондықтан білім жүйесі қоғаммен бірге дамып отырғандықтан, мұғалімге қояр талаптар да өзгеріп отырады. Ол үшін ұстаздың кәсіби өсуі, өзінің негізгі мамандығы бойынша жаңа әдіс­ тәсілдерді меңгеруі ғана емес, оны өз әрекетіне дұрыс қолдана білуі әрдайым шығармашылық ізденіс үстінде болуын қалайды. Сол себептен өмірге еніп жатқан жаңа технологияларды игере отырып, оқушыларға сапалы да саналы білім беру әр мұғалімнің көздеген мақсаттарының бірі болуы тиіс, өйткені біз үшін ең бастысы – БІЛІМ.   Ғылым үнемі   жаңарып   отыратын   құбылыс.   Кез   келген   маман,   әсіресе   ұстаздар қауымы,     өздерін   қоғамға   және   заманға   сай   білім   алуға   бағыттап   отыруы қажет. Өз елінің тағдыры мен келешегіне бейжай қарамай, елімізді әлемдік аренаға шығаратын жастарды тәрбиелеу, сол жолда аянбай еңбек ету – әрбір ұстаздың міндеті.

Баяндама "Жаңа заман талабы – озат тәжірибе"

Баяндама "Жаңа заман талабы – озат тәжірибе"

Баяндама "Жаңа заман талабы – озат тәжірибе"

Баяндама "Жаңа заман талабы – озат тәжірибе"

Баяндама "Жаңа заман талабы – озат тәжірибе"

Баяндама "Жаңа заман талабы – озат тәжірибе"

Баяндама "Жаңа заман талабы – озат тәжірибе"

Баяндама "Жаңа заман талабы – озат тәжірибе"

Баяндама "Жаңа заман талабы – озат тәжірибе"

Баяндама "Жаңа заман талабы – озат тәжірибе"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
13.02.2018