Бағыттауш карта «Дөнгелек процесстер. Карно циклы».
Сабақ мақсаттары:
- жылу машинасының негізгі бөліктерін айту;
- жылу машинасының жұмыс істеу принципін кезеңмен сипаттау;
- идеал жылу машина үшін Карно циклын сипаттау;
- ПӘК-і анықтау формуласын есептер шығаруда қолдана алу.
(I/G) 1-ші тапсырма.
Төменгі суреттердегі техникалық құрылымдарды мен мазмұнын сәйкестендіріңдер.
(G) 2-ші тапсырма.
Келесі сұрақтарды жұптарда талқылаңдар
1. Суреттердегі жылу қозғалтқыштардың: іштен жану қозғалтқышы, жылу электростанциясы, бу қозғалтқышы және т.б. қозғалтқыштарының практикалық эффективтілігін және олардығы энергия шығынының себебін талдаңдар.
2. Жылу қозғалтқыштардың пайдалы және зиянды салдарын атап кетіңдер
3. Мәселенің шешулерін ұсыныңдар.
(G) 3 тапсырма.
Видеороликті байқаңдар: https://www.youtube.com/watch?v=GTPKShjBqmg
1. Видеороликте көрсетілген цикл қалай аталады?
2. Цикл қандай процесстерден тұрады?
3. Осы циклмен жұмыс істейтін қозғалтқышты неліктен идеалдеп атайды?
4. Осы қозғалтқышты ПӘК-і неге тең?
(I) 3-ші тапсырма.
Есептерді шығар және әрқайсысына Сенки диаграммасын құрастыр.
А деңгей
1. Жылу машинасы әр цикл сайын қыздырғыштан 100 Дж алып , тоңазытқышқа 60 Дж берсе, оның ПӘК-і тең…
A. 67 %
B. 60 %
C. 40 %
D. 25 %
E. 15 %
2. Жылу машинасының ПӘК-і 30%. Жұмыс денесі қыздырғыштан 5 кДж жылу алады. Жұмыс денесінің атқарған жұмывы неге тең?
A. 150 000 Дж
B. 1 500 Дж
C. 150 Дж
D. ≈ 67 Дж
E. 0,15 Дж
3. Қыздырғышының температурасы 327 0С және тоңазытқышының температурасы 127 0С. Жылу машинасының ПӘК-і қанша?
A. 100 %
B. 61 %
C. 33 %
D. 50 %
E. 40 %
4. Қыздырғышының температурасы 427 0С және тоңазытқышының температурасы 27 0С. Жылу машинасының ПӘК-і қанша?
A. 70 %
B. 43 %
C. 94 %
D. 6 %
E. 57 %
В-деңгей
1. Қыздырғышының температурасы 117 0С және тоңазытқышының температурасы 27 0С.Жылу машинасының қыздырғыштан 1 с алатын жылу мөлшері 60 кДж болса, жылу машинасының 1 с ішінде тоңазытқышқа берген жылу мөлшерін, жылу машинасының ПӘК-ін есепте және Сенки диаграммасын сызып құрастыр.
2. Қыздырғышының температурасы 227 0С. Жылу машинасының қыздырғыштан алатын жылу мөлшерінің әрбір килоджоулінен қозғалтқыш 350 Дж жұмыс жасағандағы жылу машинасының ПӘК-ін және тоңазытқыштың температурасын есепте.
3. Идеал жылу қозғалқышындағы қыздырғыштың абсолюттік температурасы тоңазытқыштың температурасынан 3 есе жоғары. Қозғалтқыштың ПӘК-ін анықта.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.