Бейбіт өмір сыйлаған күн
Оценка 5

Бейбіт өмір сыйлаған күн

Оценка 5
Разработки уроков
doc
окружающий мир
5 кл
18.04.2019
Бейбіт өмір сыйлаған күн
Мақсаты: Оқушыларға ерлік пен батылдық туралы түсініік беру. Ұлы Отан соғысы жылдарында Қазақстан халқының майданда және тылда көрсеткен еңбегін паш ету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. 1 жүргізуші: Армысың ары таза абзал жандар. Ертерек шешек атқан ақ армандар. Байсалдық, батырлықпен баға алғандар, Бейбіт күн таңы болып ағарғандар. 2жүргізуші: Армысыздар, халқым менің Өмірде қымбат маған нарқың сенің Мереке басы болсын берекенің Қол жеткізген «Ұлы жеңіс» даңқым елім!
бейбіт өмір сыйлаған күн.doc
«Бейбіт   өмір   сыйлаған   күн   » атты   әдеби­сазды   қойылымның сценарийі. Мақсаты:  Оқушыларға ерлік пен батылдық туралы түсініік беру. Ұлы Отан   соғысы   жылдарында   Қазақстан   халқының   майданда   және   тылда көрсеткен   еңбегін   паш   ету,   жас   ұрпақты   отансүйгіштікке,   елжандылыққа тәрбиелеу. 1 жүргізуші:       Армысың ары таза абзал жандар.                             Ертерек шешек атқан ақ армандар.                             Байсалдық, батырлықпен баға алғандар,                             Бейбіт күн таңы болып ағарғандар. 2жүргізуші:        Армысыздар, халқым менің                             Өмірде қымбат маған нарқың сенің                             Мереке басы болсын берекенің                             Қол жеткізген «Ұлы жеңіс» даңқым елім! 1   жүргізуші:        Қайырлы   күн   құрметті   қауым,   жиналған   қонақтар. Бүгін сіздер Ұлы жеңістің  мерекесіне арналған «Бейбіт өмір сыйлаған күн » атты әдеби­ сазды қойылымды тамашалауға шақырамыз.   (музыка ойналады) 2 жүргізуші:       70  жыл қалды кейін асулар,                             Әр асуда жарқылдаған жасын бар.                             Оққа төсеп, ерліктерін танытқан                             Міне бүгін сыр шертеміз тарихтан. 1 жүргізуші:       Мұң қайғы шеккенінде халқым қалың                             Ерлері тартып мінген аттың жалын                             Біз үшін отқа жанын пида қылған                             Баяндаймыз ерлігін аталардың Ендігі кезекті оқушыларға береміз. Ән орындалады:   1 жүргізуші:       Біріктіріп үміті мен тілегін,                             Біріктіріп барлық күшін жігерін.                             Ана үшін, бала үшін, жер үшін,                             Жасқанбастан тосты оққа жүрегін. 2жүргізуші:        Оңайлықпен түскен жоқ жеңіс бізге Соғыс елді түсірді­ау ауыр күйге Жұрт күйзелді төгілді қанша көз жас, Түнерді қайғы бұлт талай үйде. 1 жүргізуші:       Қалт етіп қабақшытпай аққан қанға Елемей жарақатын батқан жанға Жауменен арпалысқан майдангерлер Сәл тыныштық майданның даласында Көрініс . Майдан даласы (Майдан   даласы,   кесілген   томар   ағаштардың   үстінде   солдаттар отырады.   Біріншісі   ағаш   жонып   отырады,   екіншісі   мылтық   тазалап,   ал үшіншісі хат жазып отырды.) 1 солдат:    Бүгін неғып, жау жақ тыныш жатыр. 3   солдат:     Тыныш   отыршы,   ойымды   бөлмей.   Осы   тыныштықты пайдаланып анама хат жазып алайын десем. 2 солдат : Мазасын алмаш, кешеден демалғанымыз осы ғой. 3 солдат :   Қымбатты анашым, амансыз ба? Ауыл аймақ, елжұрт аман ба? Майданда сәл тыныштықты пайдаланып сізге хат жазып отырмын. Немістермен бетпе­бет келіп жүрміз. Ал қазір алғы шептеміз, фашистерді мықтап аңдудамыз. Түнде мүлдем ұйықтамаймыз. Ал күндіз   тынығамыз.   Қымбаты   менің   анашым,   Бүгін   күндіз   тынығайын   деп жатыр едім, бірден ұйықтап кетіппін. Сізді түсімде көрдім. Жеңіспен оралған соң   айтатын   нәрсе   көп­ақ.   Қолыңызды   қатты   қысып,   құшып   сүйемін   . Соғыстан аман оралып жүздескенше сәлеммен ұлың Жомарт. 1943жыл Белорусия майдан даласы. Ендігі кезеті оқушыларға береміз. 1 жүргізуші:        1945 жыл 30 сәуірдің кешінде Жеңіс туы тігілді. Ту тіккен   Рақымжан   Қошқарбаев   болатын.   Төрт   жылға   созылған   қан   төгіс аяқталды. Жер жүзінде нұр шашып Жеңіс күні,                             Жақсы үміттің шырағы жанды міні!                             Аспан бетін қаптаған қара тұман                             Серпіліп, зұлымдықтың сөнді түні. 2 жүргізуші:        Ия, аспанымызда жеңіс туы желбірегеніне   мінеки 70 жыл болмақ.  Соғыс өрті өшіп, қайғы­ мұңнан арылып, бйбітшілік орнатылды.                             Жер бетінде қан сасытқан соғыс бітті,                             Жер бетінен жамандық мүлде үрікті.                             Жеңістің жарқын күнін жыр қыламыз,                             Аспандатып жырлаймыз жақсылықты. Ән орындалаы Орындайтын: ______________________________________________________ 1 жүргізуші:       Ғасырлардан ғасырға жалғасатын,                             Аңыз болып, жыр болып алға асатын                             Ерлік атты даңқ бар жер бетінде                             Тіршілікте тынымсыз жол қосатын. 2 жүргізуші:       Отан үшін от кешкен батырлардың,                             Ерліктері өшпейтін дастан бүгін.                             Даңтарын олардың тілеймін мен,                             Ғасырлардан ғасырға асқандығын. 1 жүргізуші:       Майдангердің жеткен мына жасына,                             Мәңгілік деп белгі орнаттық басына. Ұлы сенің ерлігіңді еске алып                             Келіп тұрмыз бұлтақтаның қасына. (Сағнаға   ардагер   шығады   немерелерімен   ерлік   тақтасына   гүл   шоғын қояды.  ) Ерлікке тағзым Оқушы:               О, Бабалар, ерлігіңе бас ұрдым                             Із баспауы мүмкін емес хас ұлдың!                             Ерен ерлік жасайды әлі, күмән жоқ,                             Жігіттері жиырма бірінші ғасырдың.                             Бейбітшілік тек қана тілегенім.                             Бақ өсіріп, өлкеге гүл егемін Тілеймін мен баршаның бағы жанып, Дүниенің құлпырып, түлегенін! (Осы   кезде   экраннан   Қазақстананың   жетістігі,   Қазақ   сарбаздары, слайдттар көрсетіп тұрады ) 1   жүргізуші:        Жер   –   дүние   дүр   сілкінткен   сұрапыл   соғыс   өртінің сөнгеніне де  жыл толғалы тұр.  9­мамыр –ЖЕҢІС күні тойланғанымен,оның салмағы ауыр.                             Шынында да бұл оралған мыңнан бірің,                             Бақ нұрына жүзіңді жуған күнің.                             Жеңіс күні­ өзіңдей көзі тірі,                             Майдангерлер бәрінің туған күнің! 2   жүргізуші:        Қан   майданда   қазақ   халқы   талай   боздақтарынан айырылды.   Әкелеріміз   бен   ағаларымыз   толарсақтан   саз   кешіп,   жан­кешті қаһармандығымен басқа ұлттардың алдында өздерінің ерлігін көрсете   білді. Ерлік ұмытылмайды. Жеңіс мерекесінде біз бүгінгі ұрпақ өкілдері кешегі қан майданда қаза тапқан батырларымыздың рухына тағзым етеміз.                                 Халқым мәңгі ұмытпас ерліктерін, Таптатпаған ар­намыс, өрліктерін Көк байрағым көгімде желбірей бер Келмейтінін ұқтырып ерлік тегін. 2 жүргізуші:       Осымен,«Бейбіт өмір сыйлаған күн » атты әдеби­ сазды қойылым өз мәресіне жетті. 1 жүргізуші:       Көңіл койып тыңдағандарыңызға рахмет. Бірге : Қош сау болыңыздар!

Бейбіт өмір сыйлаған күн

Бейбіт өмір сыйлаған күн

Бейбіт өмір сыйлаған күн

Бейбіт өмір сыйлаған күн

Бейбіт өмір сыйлаған күн

Бейбіт өмір сыйлаған күн
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.04.2019