Білім беру ұйымының атауы |
ШҚО Бб Риддер қаласы бойынша білім бөлімінің «Шаңырақ» көпсалалы мектеп – гимназиясы» КММ |
|||||||||||||||||
Пәні: |
Әдебиеттік оқу |
|||||||||||||||||
Бөлім: |
Мәдени мұра |
|||||||||||||||||
Педагогтің аты-жөні: |
Баембаева Фарида Жанұзаққызы |
|||||||||||||||||
Күні: |
14.11.2022 |
|||||||||||||||||
Сынып: 4 «Ә» |
Қатысушылар саны: 20 |
Қатыспағандар саны:1 |
||||||||||||||||
Сабақтың тақырыбы: |
Халқымыздың салт-дәстүрі. Бесік жыры |
|||||||||||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: |
4.1.5.1 өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру |
|||||||||||||||||
Сабақтың мақсаты |
Бесік жыры туралы білімдерін толықтырып, шығармамен жұмыс жасайды |
|||||||||||||||||
Сабақтың барысы |
||||||||||||||||||
Сабақтың кезеңі//уақыты |
Педагогтің әрекеті |
Оқушының әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
||||||||||||||
Ұйымдастыру Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
Жаңа білім
Бекіту
Кері байланыс
Үйге тапсырма |
Амандасу Оқу мақсатын таныстыру. Күтілетін нәтижені анықтау «Ханталапай» ойыны арқылы өткен білімдерін пысықтау Талапай, ау талапай Кәне қайсы балақай Ойнайық та, ойлайық Ханталапай, балақай.
Тақырыпты ашу «Адасқан буындар» арқылы жаңа тақырыпты ашу
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» «Тәрбиелі адам тағалаған атпен тең» «Бір күн дәм татқанға қырық күн сәлем» -Бұл мақалдар нені білдіреді? -Дұрыс айтасыңдар, бұлар біздің халқымыздың салт дәстүріне жатады. Жаңа тақырып -Балалар, экранға назар аударамыз -Бейнеролик не туралы? -Бесік жыры туралы. -Бүгін біз Сағатбек Медеубекұлының «Бесік жыры» өлеңімен танысамыз. Дарынды баламен жұмыс: -С.Медеубекұлы туралы не білеміз
(Экраннан көрсету) Түртіп алып оқы Бір оқушыға оқытқызу
Сұрақ-жауап -Сәбидің бесігі неден жасалған? -Бесік жырын кім айтады? -Бесік жырында сәбиге қандай тілек айтылған? -Бесіктің құнды көне мәдени мұра туралы не айтылған?
Бесікке қалай бөлейді? Бейнероликке назар аударайық
«Қабырғалар сөйлейді» І топ: «Шілдехана» ІІ топ: «Ашамайға отырғызу» ІІІ топ: «Тұсау кесу»
Топтық жұмыс: І топ: Тұрмыс салт жырлары ІІ топ Кестедегі сөздерді өзгертіп жаз
ІІІ топ Дұрыс сөйлеу үлгісін анықтандар
Дәптермен жұмыс Жеке жұмыс - Кішкене кездеріңде аналарың сендерге бесік жырын айтқан шығар, соны есімізге түсіріп, жазамыз. - Егер бүгінгі сабақ ұнады, алған әсерім мол, білімімді толықтырдым десеңдер, алдарыңдағы жасыл асықты сандыққа, егер әлі де үйренерім көп, білімімді толықтырам деген оқушы сары асықты қоржынға саламыз
«Бесік жыры» өлеңінің ұнаған шумағын жаттап келу
|
Мақалдың жалғасын тауып, айтады
Буындардан сөз құрап, тақырыпты ашады.
Балалар бейнеролик көреді
Сағатбек Медеубекұлы туралы айтады
Сұрақтарға жауап береді Балалар өз ойларын айтады
Қабырғада ілінген тапсырмаларды оқып, өз тобында әңгімелейді
Топтық тапсырмаларды орындайды
Кестені толтырады
Дұрыс сөйлеу үлгісімен танысады.
Бесік жырын еске түсіреді.
Өз ойларын айтады
Кері байланыс жасайды |
Тапсырма ны орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
ҚБ: Керемет әңгіме!
Дескриптор: Мақалдың мағынасын аша біледі Өз ойларын еркін жеткізе алады
Дескриптор: Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған, өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып пікір білдіреді.
Берілген тапсырмаларды орындайды. Дескриптор:
Сұрақтарға жауап беріп, өз пікірін дәлелдейді. Дескриптор: Дұрыс сөйлеуді біледі.
Оқушылар сабақтан алған әсерлерін асықтар арқылы білдіре алады. |
Асықтар
Конверттер
АКТ
С.Медеубекұлы портреті
Оқулық
АКТ
Суреттер
Кесте
Дәптер музыка
Асық, қоржын, сандық
|
||||||||||||||
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.