Тақырыбы: «Бүлдіршін
қыздар сайысы»
Білімділік: Қыздар мерекесін тартымды да
қызықты атап өтуге арналған тәрбие сағаты.
Балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын
қалыптастыру.
Дамытушылық: Балалардың танымдық және
шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын,
шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Көпшілік алдында өзін — өзі
ұстай білуге, әдептілікке, мейірімділікке,
сұлулыққа тәрбиелеу.Ананы,
қыздарды құметтеуге, ардақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: гүлдер, ана мен бала суреттері,шарлар,нақыл сөздер.
Сайыстың жүру барысы:
1. Ұйымдастыру.
2.Аналарды, қыздарды құттықтау.
3. Әділқазылар сайлау.
4.КВН ойын -сауық сайысы
- Таныстыру
- Өнер
- Спорт сайысы
- Білім сайысы
5.Шағын концерт.
6..Қыздарды құттықтау, сыйлық тапсыру.
7.Сайысты қорытындылау.
Сайысқа қатысатын ұлдар :
1 топ: Бақытбек М,Капасов А,Қатиетолда М,Мұхаметуәли Д.
2 топ: Бокеев Қ,Қайрхан Қ,Марат Е,Смагулов Б.
Жүргізушілер:Еркежан , Амина.
1. Ұйымдастыру.
- «Ана»туралы бейне ролик көру
2.Аналарды құттықтау.
1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі. Сенен өскен балалар, Батырлар мен даналар. Құттықтаймыз мейраммен, Құрметті, жан аналар!
2-жүргізуші: Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.
Ана десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің бастау алар ажары.
Ана деген тіршілікке пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып жанады, - дей отырып, алғашқы мерекелік құттықтау сөзді сынып жетекшіміз Фарида апайға береміз.
Мұғалім:
Армысыздар ақ тілекті әжелер,
Ертегімен өмірімді әсемдер.
Мерекеңмен аялаған аналар,
Бір өзіңнен бар қуаныш таралар.
Құрметті жиналған қауым бәріміз ана деген
асыл жаннан жаралған бір тұлғамыз. Сіздерді және
кішкентай қызғалдақ қыздарымызды - 8 наурыз
Халықаралық әйелдер , әжелер, қыздар мерекесімен
құттықтаймыз! Ұзақ өмір, талмас
қанат, таусылмас бақыт тілей отырып, мерекелеріңізбен шын
жүректен құттықтаймыз!.
1-жүргізуші:
Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз,
Ана, сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз - Алдарыңызға әнші шәкірттеріңіздің орындауындағы «Ана» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.
2-жүргізуші: Милые
мамы, дорогие бабушки, уважаемые учителя и красивые девочки!!
От всей души поздравляем вас с
весенним праздником 8 марта.
Желаем вам здоровья, счастья и
успехов во всем!
1-жүргізуші:
Dear Mummy,
Dear Granny!
I want you to be happy!
On the eights of March
I love Mummy, I love Granny
I wish them health
I wish them wealth!
2 - жүргізуші: Ана - перзент тәрбиелеуші. Ендеше осы асыл аналарымызға арналған балаларымыздың тілегіне кезек берейік
1бала: Болатханова А
Жанымызды жайнатқан,
Сіздер ғой
аналар
Зор денсаулық мол
бақыт
Тілейміз біз балалар.
Аппақ
мамам, ақ мамам
«Ақ
мамам!» - деп, шаттанам
Түн ұйқыңды
төрт бөліп
«Бөпешім!»-
деп жатпаған.
2 бала: Шырай
От чистого сердца простыми словами
Давайте ребята потолкуем о маме
Мы любим ее как хорошего друга
Мы можем доверить ей сердце свое
И просто за, то что наша мама
Мы крепко и нежно любим ее.
3 бала:А. Ясмина
Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Көлеңке жоқ көңiлінде, қылауы жоқ,
Үлбіреген жауқазын баласыздар.
Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,
Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,
Сіздер — ана, сіздер — жар, сіздер — қыздар,
Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
4 бала. Айдана.
Отпустили холода
К нам пришла весна –
красна
И не даром праздник мамин
Из весенних самый ранний
5 бала: Мұхаммед
Mother is
the dear rest
Of all the friends I know
She helps me
work end
Helps me always
That’s why I love she so!
6 бала
:Қуаныш
I love
mother, she loves us
We love daddy, he loves us
He loves us and so you see
We are a happy family
7 бала: Е.Жансая
Сегізінші наурыз келді,
Шаттық
сезім, бірге келді.
Сіздерге асыл аналар!
Зор денсаулық,
мол бақыт
Тілейміз біз балалар
8 бала: Ж. Жансая
Өзің мені өсірген
Айналайын ақ әжем
Тентек болсам кешірген
Ауырмашы ,ай әжем
Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
9 бала: Ануар
Ерлік еткен біз үшін,
Еңбек
еткен біз үшін
Еркелеткен біздерді
Еркіндеткен біздерді
Анамызға мың алғыс
Адал бол деп-балдырған
Әділдікке
баулыған
Жүрегінде
махаббат
Тілегің де
мархаббат
Анамызға мың алғыс
10 бала: Тамирис
Анасыздар, әр үйге панасыздар,
Бала десе от болып жанасыздар.
Анасыздар, кең байтақ даласыздар.
Жаны жайсаң жеңімпаз данасыздар.
Біз сіздерсіз тіршілік ете алмаймыз.
Дегенге де сіздерсіз жете алмаймыз.
Айнала ұшып сіздерді көбелек боп,
Өртеніп қастарыңнан кете алмаймыз.
11 бала: Әйгерім
Әлпештеген аялаған
Ақ сүт берген апатайым
Сәлем жазып бүгін саған
Мейрамыңмен құттықтаймын
Жанымызды жайнатқан
Сіздер ғой ол аналар
Зор денсаулық мол бақыт
Тілейміз біз балалар
Анам менің сүйіктім
Тек өзіңе табынам
Қасымда жүрсең биікпін
Алыстасаң сағынам
12 бала: Қайыржан
Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз
Құтты болсын осы шаттық
күніңіз
Бақытты да,ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізден әрдайым
Күлкі ойнап бақытты боп жүріңіз
13 бала: Кәусар
Жүре берсін қасымда
Әйбат анам, ай анам
«Ботам» деген даусыңнан
Мен мәз болып оянам.
Анаң болса қасыңда
Басқа бақыт не керек
Аналардың жүрегі
Мейірімді ғой керемет
14 бала. Медеу
Бүгін Наурыздың сегізі,
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның,
Анаға айтар лебізі.
Әже деген көп шығар
Әжемдей менің жоқ шығар
Мейірімді бұл кісі
Қандай ғажап күлкісі
Немересін жанындай
Әжем жақсы көреді
Қонаққа барса ұмытпай
Кәмпит әкеп береді
15 бала:Ердос
Қыз деген ол – әсем гүлдер бақтағы,
Емес олар даланың жай бақбағы.
Қол өнерімен өрнектеген өмірді,
Бұл сұлулық шырақ отын жаққаны!
16 бала: Бекарыс
Армысыздар
балақайлар,
Әзиз әже,
назды апайлар
Мол шуақты
ала келдім
Қуаныңдар
балақайлар!
Мен құлпырған бәйшешекпін
Келіп
жеттім көктемменен
Шаттаныңдар
мейірімді аналар
Бұл
мереке тек сіздерге арналар.
17 бала:Ясмин
Әжемді
мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән,беретін
гүлім дайын.
Әжетай сені
жақсы көремін деп,
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.
Любит наша бабушка с нами
поиграть
Любить наши
песенки с нами распевать
Любить наша
бабушка музыку и смех
Ну, а
пляшет бабушка просто лучше всех
18 бала: Дарын
Қандай
қызық көктемде
Күн
шуағын төккенде
Гүл
тереміз алуан,
Шығып
алып көк белге
Көктем күні
керемет
Жаңбыр жауар себелеп
Күн ашылса болғаны,
Көлдеңдейді көбелек.
1 жүргізуші:
— Балалар, бүгінгі тақырыбымызға байланысты мен сендерге
жұмбақ жасырғым келіп тұр.
Бала,бала,бала деп
Түнде шошып оянған
Түн ұйқысын төрт бөліп
Түнде бесік таянған
Бұл кім?
Балалар: Ана,ана,ана.
2 жүргізуші: Хор . «Ана туралы жыр»
Хормен:
Аяулы менің анам!
Мерекеңіз құтты болсын!
(Шар ұшыру.Сыйлықтарын тапсыру ( Қолөнер - гүл))
2 - жүргізуші: Сайысымыз өз мәресіне жетті.Әділ қазылар әділ бағасын шығарғанша ән тыңдап, би билейік!
5.Шағын концерт.
- Ән.. Қыздар. « Ақ мамам»
-Хор. «Ақ ата мен ақ әже»
- Ән ...«Ана»Дарын
- Ән ... «Қос бәйтерек»
6.Сайысты қорытындылау.
( Алғыс хат табыстау)
7..Қыздарға сыйлық тапсыру.
( Қызғалдақ құрастыру)
- Қыз – дегеніміз – сұлулықтың белгісі
- Қыз – дегеніміз – ақыл иесі
- Қыз дегеніміз – өмірдің гүлі
- Қыз дегеніміз – адамзаттың анасы!
- Қыз дегеніміз – Қызғалдақ гүлі
-
- Әдемі, сұлу, көркем,мейірімді,инабатты – біздің сынып қыздары (Хормен айту)
(Қыздарға сыйлық ашық хат табыстау)
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.