Cабақтың мақсаты:
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа,үлкенді сыйлай білуге, жалқаулық пен жамандықтан аулақ болуғу тәрбиелеу .
Білімділік: Оқушыларға келер шақ және оның түрлері туралы түсінік беру. Болжалды келер шақ туралы түсіндіре отырып, оны сөйлем ішінде ажырата білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық біліктері мен дағдыларын жетілдіру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, байланыстырып сөйлеу қабілеті мен тіл байлығын молайту.Сабақтың тақырыбы: "Болжалды келер шақ". 7 сыныпқа арналған сабақ жоспары
7 сынып сабақ жоспары.docx
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Семей қаласының №7 ЖООБ мектеплицейі»КММ
АШЫҚ САБАҚ
ТАҚЫРЫБЫ: «Болжалды келер шақ»
Өткізген: Мұхаметжанова А. Семей қ, 2018 ж
Пән: қазақ тілі
Сынып: 7
Cабақтың тақырыбы: Болжалды келер шақ
Cабақтың мақсаты:
Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, ұқыптылыққа,үлкенді сыйлай
білуге, жалқаулық пен жамандықтан аулақ болуғу тәрбиелеу .
Білімділік: Оқушыларға келер шақ және оның түрлері туралы түсінік беру.
Болжалды келер шақ туралы түсіндіре отырып, оны сөйлем ішінде ажырата
білуге дағдыландыру.
Дамытушылық: Оқушылардың танымдық біліктері мен дағдыларын
жетілдіру, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру,
байланыстырып сөйлеу қабілеті мен тіл байлығын молайту.
Түрі: жаңа сабақты меңгерту.
Әдістәсілдері: сұрақжауап,түсіндіру, іздендіру,
Көрнекілігі: интерактивті тақтаActiv Board, Activ Out тестілеу құрылғысы,
презентациялық слайдтар
Пәнаралық байланыс: әдебиет
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
(Сәлемдесу, түгендеу,оқушы назарын сабаққа аудару )
Олай болса, балалар, сабағымызды Ы. Алтынсарин атамыздың мына өлең
жолымен бастағым келіп отыр.(дыбысталған өлең жолдары Activ Boardтан
көрінеді)
Кім сендерді, балалар, сүйетұғын,
Қуанышыңа қуанып, қайғыңа күлетұғын?
Түн ұйқысын төрт бөліп, кірпік қақпай,
Шешең байғұс дамылсыз жүретұғын.
Кім сендерді, балалар, тербететін,
Еркелетіп, ойнатып, сергітетін?
Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,
Қамқор анаң көз жасын көлдететін.
Кім сендерді сағынар шетке кетсең,
Ғылым іздеп, тез қайтпай, көпке кетсең? Ұмытпа, ең кемінде жұлдыз сайын,
Хат жазып тұр, төбесі көкке жетсін.
Кім сағынар сендерді келгеніңше,
Құлындарын көзімен көргенінше?
Сендер қайтып келгенде адам болып,
Еш арманым болмас дер өлеөлгенімше.
Ендеше үйде күткен анамызды бүгінгі алған «5» бағамызбен қуантайық дей
отырып, сендерге сәттілік тілеймін.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. 130 жаттығу
2. Шығармашылық жұмыс
ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.
Activ Out тестілеу құрылғысы арқылы өтілген сабақтың сұрақтарына жауап
алып, сыныптың сабақты қалай меңгергенін диаграмма арқылы анықтаймын.
10 сұрақ ұсынылады.)
ІҮ. Жаңа сабақ
Ой шақыру. (1слайд)
Етістіктің шақтарын еске түсіру, интерактивті тақтадан кезекпен шыққан
өлең, жаңылтпаш, мақалдардағы етістіктің шақтарын ажырата отырып, орнын
табады.
Енді бүгін қарасам,
Айналам бақыт кең жатыр.
Біріменбірі туысқан,
Қол ұстасқан ел жатыр.
(Жамбыл)
Щілікті шаптым,
Жілікті астым
Щілікті жақтым
Жілікті шақтым
Елдің ерлігі ерінен танылар,
Елдің байлығы жерінен танылар.
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбын, мақсатын хабарлау . 2слайд
(дәптерлеріне күн ретін, сабақтың тақырыбын жаздыру)
3слайд
Атадан жақсы туған ұл
Атаның есіктегі басын төрге апарар.
Атадан жаман туған ұл Атаның төрдегі басын есікке апарар.
Атаананың қадірін
Балалы болғанда білерсің.
Ағайынның қадірін
Қаралы болғанда білерсің.
Жанашырдың қадірін
Жалалы болғанда білерсің.
1)Оқушылардың өзіне оқыта отырып, тақтаға етістіктерді тауып, жаздырамын,
құрамына ажыратқызамын.
Апарар (алып бар+ар) – апар +ар
Білерсің – біл +ер + сің
2) Осы етістіктерден болымсыз етістік жасату
Апар (алып бар+ма+с+пын) алып бар + ма + с + пын
Біл біл + ме + с + пін
3) Ескі бише отырман бос мақұлдап,
Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап.
Отыр+ман – отыр + ма + с + пын
Тұр+ман тұр +ма +с + пын
Ескерту: Б.К.Ш. І ж. Жіктік жалғауында –пын, пін ықшамдалып, н түрінде
ғана жұмсалады. Мұндай тұлғадағы етістіктер поэзияда жиі кездеседі.
4) Оқушылардың өзіне тұжырым жасатамын. Ережесін шығарту, жасалу
жолдарын айтқызу.
Ү. Жаңа білімді алғашқы тексеру және пайдалану кезеңі
( 133жаттығуды ауызша орындау)
134жаттығу Өздік жұмыс
1деңгей Берілген сөздерді жекеше, көпше түрде жіктеу
2деңгей Жасалу жолына талдау жасау
3деңгей Осы сөздерді қолдана отырып, өлең немесе мәтін құрастыр.
135жаттығу Тақтада орындалады.
Етістіктерді тауып, қалай жасалып тұрғанын түсіндір.
ҮІ. Сабақты қорытындылау.
Түсіндірме диктанты
1. Берілген сөздерден есім сөздерді бөлек, етістікті бөлек бағанға жаз.
Ойна, бақша, арала, ойын, шындық, таныс, ақыл, қызық, кел, үрле, он шақты,
аш, азақ, жатыр, күл, әсемпаз.
2. Етістікті болжалды келер шақ түріне айналдыр. Ойна, арала, таныс, кел, үрле, аш, жатыр, күл
ҮІІ. Үйге тапсырма.
1. 136жаттығу (жазбаша)
2. Оқу
3. Болжалды келер шақта «Менің арманым» ой толғау жазу
ҮІІІ. Бағалау. ( Оқушы белсенділігін, қызығушылығын ескере отырып
бағалаймын)
"Болжалды келер шақ"
"Болжалды келер шақ"
"Болжалды келер шақ"
"Болжалды келер шақ"
"Болжалды келер шақ"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.