Біз –ұлы жеңістістің мұрагерлеріміз
Биыл елімізде Ұлы Отан соғысысының аяқталғанына 75 жыл толады. Бүкіл ел болып тойламақшы. Бұдан 75 жыл бұрын кеңестер одағына неміс басқыншылары 1941 жылдың мауысым айының 22 жұлдызында соғыс ашқан болатын. Ол кезде біздің ел ҚСРО құрамында болған. Бүкіл 15 республикадан соғысқа яғни майданға біздің ер азаматтар,сонымен қатар әйел-қыздарымыз да соғысқа елімізді қорғау үшін аттанған болатын.Жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Небір батыр ұл-қыздарымыз соғыста құрбан болды.Сол адамдардың арқасында жеңіске жеттік.Қазақстаннан шыққан батыр ерлеріміз көп болды. Солардың бірі Бауыржан Момышұлы ағамыз өзі әскери адам болды, полк басқарды.Кейін халық жазушысы болып соғыс туралы кітаптарын жазды. Сондай ақ, қазақ нәзік қыздары да жаумен шайқасты.Олар Мәншүк Мәметова,Әлия Молдағұлова сияқты батыр қыздарымыздың есімдері тарихта қалды.Біз сол кісілерді ұмытпауымыз керек.Біз осы тамаша тәуелсіз Қазақстанның ұрпақтары жеңістің оңай жолмен келмегенін біліуіміз керек. Себебі біз сол соғыста қаза тапқан ата-бабаларымыздың мұрагерлеріміз. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі таңда одан әрі дамуына сабақты жақсы оқып ,білімді,саналы ұрпақ болып өсіуіміз керек. Біздің солай етіуімізге барлық жағдай жасалған. Жер бетінде соғыс болмасын,адамзат тек қана бейбітшілікпен татулықта өмір сүруі керек.Осы кісілердің арқасында Қазақстан мемлекетінің азаматтары бейбіт өмір сүріп жатыр.Бұл кісілер болмаса,бізді Гитлер жоқ қылатын еді.Осы кісілерге рахмет айту керек.Олардың тарихтарын ешқашан ұмытпау керек.Олар Қазақстан мемлекетіне көп еңбек жасады. Осы кісілер Қазақстан мемлекетінін туын көтерген.Біз осы батыр кісілерді ешқашан жүрегімізден шығармаймыз. Себебі біз-ұлы жеңістің мұрагерлеріміз.
© ООО «Знанио»
С вами с 2009 года.