Біз- Жеңістің мұрагеріміз
Оценка 4.6

Біз- Жеңістің мұрагеріміз

Оценка 4.6
docx
4 кл
12.01.2020
Біз- Жеңістің мұрагеріміз
Біз- Жеңістің мұрагеріміз
Біз.docx

                              Біз- Жеңістің мұрагеріміз

     Тарих үні үнемі жаңа ақпараттармен  жаңарып  отырады. Дегенмен,ұмытылмайтын, сапасы  жоғалмайтын  тарихи оқиғалар болады,Сол оқиғалардың бірі, бүкіл әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен зардаптары, батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де,ешқашан ұмытпас .Жеңіс туын желбірету үшін жандарын пида етуге дайын болған, және сол соңына дейін күрескен аталарымыз бен апаларымыздың  ерлігін,батырлығын ,өжеттігін кімде болса есінен шығара  алмас.Бірақ,бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін от кешіп миллиондаған асыл азаматтарымыз мерт болып, жандарын қиды.Ана жарын жоғалтып жесір,бала әке-шешсінен айырылып жетім қалды.Сұрапыл  соғыстың озбырлығын арқалай жүріп,бірде аш, бірде тоқ тыңбай еңбек етті.Бірақ ешкімнің сағы сынып,жігері жасыған емес.Әр азамтың бойындағы еліне деген патриоттық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігін Жеңіс күнін,сағатын,минутын жақындата түсті.                                                                                                                          Осыншалықты  қиын сәттерді бастан кешсе де, ешқашан кері шегінбей келер ұрпақ біз үшін сыйлады.Жеңіс туын желбіретуде қан кешіп кеудесін оққа тосқан Бауыржан Момышұлының ерлігі тарихта ойып тұрып орын алады.Жалғыз Бауыржан Момышұлы емес,жүрегі Отаным деген әрбір қазақ барынша күресе білді.Сол соғысқа  қатысқан азаматтардың арасында  «Шығыс қос жұлдызды» атанған Әлия мен Мәншүкте ерекше көзге түсті.Елін,жерін қорғаған әрбір азамат біздің жүрегіміз бен жадымызда мәңгі қалмақ.

    Ал,қазір 9 мамыр –бүкілдүниежүзілік үлкен мейрам.Себебі,бұл мейрамда ардагерлерге ыстық лебізімізді білдіріп, өлең шумақтарын арнап қана қоймай,соғыс сәтінен түрлі үзінді көріністер қоямыз.Мен бейбіт ынтымағы жарасқан елде туылғаныным үшін ата-бабаларымызға алғысым шексіз. «Ынтымақ жүрген жерде,ырыс бірге жүреді » дегендей ынтымақтастығымыз берік, тату-тәтті өмір сүрейік.

 

Біз- Жеңістің мұрагеріміз

Біз- Жеңістің мұрагеріміз
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
12.01.2020