Біз-Жеңістің мұрагерлеріміз.
Оценка 4.9

Біз-Жеңістің мұрагерлеріміз.

Оценка 4.9
docx
10.01.2020
Біз-Жеңістің мұрагерлеріміз.
Біз – Жеңістің мұрагерлеріміз Мерей.docx

«Біз – Жеңістің мұрагерлеріміз»

         Жеңіс күні - бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке - бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығы, Біздің аталарымыздың батырлықтары мен жанқиярлықтары, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншіліктері.   Жеңіс күні - абыройымыз бен даңқымыздың мерекесі. Отанға деген сүйіспеншілік қатал соғыста Жеңіске жеткізді. Сол бір сұрапыл жылдары аталарымыз өзінің Отанына, жеріне деген патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышын дәлелдеді.

Иә, қанқұйлы сұрапыл соғыстың біткеніне де жетпіс бес жыл болады. Бірақ Ұлы жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыста ұмытылмайтын ізін қалдырды. Осындай сұрапыл соғысты басынан кешірген қан майданда бар күш жігерін жұмсап жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан ерекше жандар біздің ауылымыздан да шыққан.  

Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соның дәлелі ауылымыздан мыңдаған ер-азаматтар қыршын жастарын қиды.

       Ал соғыстан аман оралған аталарымыз  Мамедалиев Аюб ,  Қойториев Сейсенбай, Бошкаев Төлепберген, Оңғарбаев Алдаберген, Искаков Жолымбек тағы да басқа  ата- бабаларымыздың әрбір жүріп өткен жолы біз –үшін үлгі, шежіре, тағдыр- тарих. «Ел ерімен еңселі», «Елім» деп еңіреп туған ерлердің есімі еш уақытта елеусіз қалмайтыны ақиқат .

       «Ерлік- елге мұра, ұрпаққа -үлгі» демекші ауылымыздың мақтанышы, жастарға үлгі болған Қалмырзаев Сарыбай ағамыз  «Ұлы Отан соғысында қаза болғандар мәңгі есте» ескерткіш тақтасын мектебіміздің ауласына орнатты.

      Осындай сұрапыл соғысты басынан кешірген, қанмайданда бар күш-жігерін жұмсап жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан ерекше жандардың бірі, менің үлкен атам - Искаков Жолымбек.

        Мен Амантай Мерей Искаков Жолымбек атамның ұрпағымын. Атам  Отан үшін  отпен оқтың арасында еліне деген патриоттық сезіммен  соғысқа аттанған. Ұлы Отан соғысына қатысып. жараланып   елге оралған.  Сол қанды кезеңді есіне түсіріп,  Ұлы жеңістің  оңай келмегендігін көзіне жас ала отырып,   әкеме үнемі айтып отырған екен. Әкемде бізге атамыздың сұрапыл соғысқа қатысып, тәніне емес жанына да ауыр сызат түскенін қинала отырып әңгімелейді. Мен үшін атамның жасаған ұмытылмас ерлігі, батырлығы біздің отбасымыздың жүрегінде мәңгі сақталмақ.

Себебі ата-бабаларымыздың ерлігі – баға жетпес байлық тарихи шежіреміз.         Жеңіс күні – бұл мыңдаған ұрпақтарымызға ортақ мереке.  Отанын қорғаған жауынгерлер мәңгілік есте қалады. «Ер есімі- ел есінде» демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлап айқас алаңдарында өшпес ерлік жасап аты аңызға айналған  қайсар  атамыздың бірі - Бауыржан Момышұлы .   «Ерсіз ел болмайды, елсіз ер болмайды», -дейді батыр бабамыз. Оның бізге қалдырған  мәңгілік өшпес, ғасырдан –ғасырға жетер мұралары үшін үрпақтары мәңгі қарыздар. Бақытты болашақ сыйлаған батыр атамыздың есімі берілген мектепте білім аламын. Сол қайсар батыр атамның есімін жасаған ерлігін ұлықтау , рухына тағзым етіп, асыл қасиеттерін , қажырлы ерлігін мәңгі жүрегімде сақтау – менің парызым деп санаймын.  Бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды.   Әрбір қазақ баласы өз Отанын анасындай сүюі қажет. Тәуелсіз еліміз өркендеп, еліміздің көк аспанында бейбітшіліктің, тәуелсіздіктің, азаттықтың туы әрқашан желбірей берсін! 

Ешқашан соғыс болмасын!

Ұлы жеңіс тарихтада жырланған,

Тебіренер  еске алса әр адам.

75 жыл мерей тойы жеңістің,

Ұрпағына аманат қой қалдырған.

       Бақытты күндер мен шуақты таңдарды әперген барша ардагер аталарымызбен апаларымыздың алдында басымды иемін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз аман, аспанымыз ашық бейбіт заман болсын, -деп тілеймін.

Бауыржан Момышұлы

атындағы орта мектебінің

4 «А» сынып оқушысы

Амантай Мерей                                  Жетекшісі: Оразаева Г.О.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біз-Жеңістің мұрагерлеріміз.

Біз-Жеңістің мұрагерлеріміз.

Біз-Жеңістің мұрагерлеріміз.

Біз-Жеңістің мұрагерлеріміз.

Біз-Жеңістің мұрагерлеріміз.

Біз-Жеңістің мұрагерлеріміз.
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
10.01.2020