Оқу мақсаты10.4.1.10 дүниежүзі елдерінің экономикалық даму көрсеткіштерін салыстыру10.4.1.11 Дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейі бойынша жіктеу
Сабақ мақсаты
Елдерді экономикалық даму көрсеткіштері бойынша салыстыру;
Даму деңгейі бойынша елдерді жіктеу;
Жиынтық ішкі өнім және жиынтық ұлттық өнім көрсеткіштері бойынша елдердің экономикалық дамуын анықтау;
Дамыған елдердің топтарын ажырату және мысал келтіру;
Жекелеген елдердің экономикалық даму көрсеткіштерін талдай отырып, болжам жасау.
Экономикалық өсу - өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді өзгерістері. Ол ЖҰӨ-нің нақты көлемінің өсу қарқынымен өлшенеді.
Дамыған елдер — индустриалды және ғылыми-техникалық төңкеріс кезеңін басынан өткерген, экономикада, мәдениетте және саяси-әлеуметтік құрылымда едәуір жоғары деңгейге көтерілген елдер.
Дүниежүзінің саяси картасында 230-дай мемлекет бар. Экономикасы жақсы дамыған ерекше топты «Ұлы жетілік » елдері құрайды. Олар: Ұлыбритания, Франция, Германия, Италия ,АҚШ, Канада, Жапония.
Бағалау дескрипторы: | Ұпай |
Дамыған елдің даму деңгейін анықтады | 1 |
Дамымаған елдің деңгейін анықтады | |
Себебін анықтады | |
Дәлел келтірді |
2 тапсырма
Мәтін арқылы жекелеген елдердің экономикалық даму көрсеткіштерін талдай отырып, болжам жасаңыз.
Постер қорғау
Бағалау дескрипторы: | Ұпай |
Елдердің экономикалық көрсеткіштерін талдайды | 1 |
Елдің экономикалық даму деңгейін анықтайды | |
Экономикасына болжам айтады |
Жапония
Жапония елінің әлемдік экономикалық держава қатарына қысқа мерзім ішінде шығуына елдің, негізгі мақсаты ұлттық құндылығымен шетел жетістіктері және тәжиребелерге арнайы жағдайда жоғары дәрежеде бейімделуі болған майысқан экономикалық саясат жүргізуі себеп болды.
Жапония экономикалық көтерілуінің басты міндеті ретінде оның барлық негізгі көрсеткіштерін: ішкі ұлттық өнімінің, өнеркәсіп өндірісінің, еңбек өнімділігі мен экспорттың т.б. өсудің жоғарғы қарқынына ғылым мен техникалық жаңашыл жетістіктерді еңгізу мен минималды шығымен максималды нәтиже алу негізінде жету болды.
Израиль
Израиль мемлекеті –Таяу Шығыс елі, Азия мен Африканы қосып тұр.Географиялық орналасуы бойынша Азияның оңтүстік -батысында орналасқан. Ресми тілдері иврит тілі.
3 тапсырмаАртығын тап. « Неге?» деген сұраққа жауап бере отырып пазл құрастырады (әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады).
Ұлыбритания, АҚШ, Жапония , Чили, Франция
Қытай, Сауд Арабиясы, Венесуэла, Ливия, Нигерия
Бразилия, Бангладеш, Чад, Руанда, Эфиопия
Оңтүстік Корея, Сингапур, Тайвань, Гонконг, Аустралия
Қытай, Үндістан, Канада
Израиль, Жаңа Зеландия, Аустралия, ОАР, Украина
Куба, ШриЛанка, Гондурас, Гаити, Алжир
Мальта, Кипр, Панама, Багам аралдары, Сауд Арабия
Нидерланд, Дания, Бельгия, Швейцария, АҚШ
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.