Дара және күрделі сан есім

  • Контроль знаний
  • docx
  • 08.09.2018
Публикация на сайте для учителей

Публикация педагогических разработок

Бесплатное участие. Свидетельство автора сразу.
Мгновенные 10 документов в портфолио.

Тақырыбы: Дара және күрделі сан есім Мақсаты Білімділік: Оқушыларға сан есім және оның түрлерін таныстыру. Дара және күрделі сан есімдерді бір-бірінен ажырата алуға; сөйлем ішінен сан есімнің түрлерін таба алуға; сандарды сан есімнің түрлеріне қараай топтастыра алуға; сандарды сөзбен қатесіз жаза алуға үйрету. Тәрбиелік: Дамытушылық: Оқушылардың ақыл-ойын, зеректігін дамыту. Тез ойлап, шапшаң жауап беруге дағдыландыру. Типі: Жаңа білім беру Түрі: Аралас Әдісі: түсіндіру, әңгімелесу,топтастыру Пән аралық байланыс: математика, ана тілі Көрнекілігі: слайд, кубик Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру -Сәлемдесу -Сыныптың тазалығына мән беру -Құрал-жабдықтарын түгендеу -Назарларын сабаққа аудару
Иконка файла материала Тақырыбы.docx
Тақырыбы: Дара және күрделі сан есім Мақсаты Білімділік: Оқушыларға сан есім және оның түрлерін таныстыру. Дара және  күрделі сан есімдерді бір­бірінен ажырата алуға; сөйлем ішінен сан есімнің  түрлерін таба алуға; сандарды сан есімнің түрлеріне қараай топтастыра алуға;  сандарды сөзбен қатесіз жаза алуға үйрету. Тәрбиелік: Дамытушылық: Оқушылардың ақыл­ойын, зеректігін дамыту. Тез ойлап, шапшаң  жауап беруге дағдыландыру. Типі: Жаңа білім беру Түрі: Аралас Әдісі: түсіндіру, әңгімелесу,топтастыру Пән аралық байланыс: математика, ана тілі Көрнекілігі: слайд, кубик Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру ­Сәлемдесу ­Сыныптың тазалығына мән беру ­Құрал­жабдықтарын түгендеу ­Назарларын сабаққа аудару II.Психологиялық дайындық *Бүгінгі ұстаным: Біреу жаныңа жолдас. Біреу малыңа жолдас. III.Үй тапсырмасы: 1.Үш қатардан бір­бір оқушыны тұрғызып оқыту 2.Шыққан оқушыларға сұрақ қою.IV.Сабақтың мақсат­міндеті: Балалар! Бүгінгі сабағымыз алдыңғы сабақтарымыздан ерекшелеу.  Сабағымыздың тапсырмаларын бізге ертегі кейіпкерлері әкеліп бермек және  бүгінгі сабақта әр оқушы өз­өзін бағалап отырмақ.Яғни әр тапсырма  орындалғаннан кейін тапсырманың жауаптары тақтаға шығарылады. Сіздер  тақтамен өз жауаптарыңызды тексеріп өздеріңізді бағалайсыздар. Бағалау реті былай болмақ: Кез келген тапсырмада: 0 – 1 – «5» 2 – «4» 3 – «3» деп бағаланады. ­Барлығымызға түсінікті ме? V.Жаңа сабақ ­Балалар біз қандай сөз таптарын білеміз? ­Жарайсыңдар! ­Тақтада не бейнеленген? ­Сөз таптары дегеніміз не? ­Ағашта қандай сөз таптары тұр? ­Сөздер қай сөз таптарына жатады? ­Жарайсыңдар, балалар! ­Әрине бұның ішіндегі сан есімдер жетпіс, он, сегіз. ­Сан есімнің ережесін кім айтады? ­Енді мына “көңілді шумаққа” қарайықшы. Қалай оқылу керек екенін кім  айтады? ­ 1 – бір       Же1 екен 1қазан: Ке1 жемді 1қазан 1 – ақ сәтте қойды жеп. Кү1 етті, «Тойдым», ­ деп. Естіп 1 кез дү1ді,  Жағадағы тү1ді Паналауға жүгірді. ­Өте тамаша! ­Балалар! Мына ағашқа қарайықшы. Не бейнеленген? ­Жарайсыңдар! ­Бұл ағашты «сөз табы» ағашы деп алсақ, оның бұтақтары зат есім, сан есім, сын  есім және етістік. Бүгінгі тақырыбыз сан есім. Сан есім бұтағына қарайықшы.  Онда неше жеміс бейнеленген? ­Жарайсыңдар! Әрине екі. Бұл екі жеміс не білдіретінін кім айтады? ­Бұл екі жемісі, яғни сын есім екіге бөлінеді деген сөзді білдіреді. Дара және  күрделі. Бұдан шығатын қорытынды бүгінгі тақырыбымыз «Дара және күрделі  сан есім» деп аталады. ­Енді барлығымыз ережені іштей екі рет оқып шығайық. Сан есім Дара Күрделі Бір сөзден тұрады екі немесе одан да көп сөзден құралады. Күрделі сан есімдердің құрамындағы Сөздер бөлек­бөлек жазылады. ­Ережені түсіндік пе? ­Дара сан есім дегеніміз не? ­Күрделі сан есім дегенміз не?­Егер ережені түсінген болсақ мына жұмбақты шешелік. ­ Алтын терек , он екі бұтақ, Үш жүз алпыс бес   . ( 1 жыл, 12 ай, 365 күн) ­Әрине, жауаптарың дұрыс! ­Жауаптарыңдағы сандар сан есімнің қай түріне жатқызасыңдар? ­Жарайсыңдар! ­Балалар қараңдаршы бізге хат келіпті. Кімнен екен? Кім оқиды? ­ Құрметті 4 “Б” сынып оқушылары!Менің атым – Оқымысты бала. Мен Алматы қаласында тұрамын. Сабақты өте жақсы оқимын. Мен  сендерге қоян, қонжық, түлкі, шымшық, жолбарыс достарымды  жібердім. Олардың бірнеше кедергілерден өтуіне көмек берсеңіздер екен.  Сәлеммен достарың ­ Оқымысты бала! *Дәптермен жұмыс: ­Балалар! Көмектесеміз бе? Олай болса бірінші қоянның тапсырмасы. № 7 – жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқы. Мен – баласы даланың Бес жасынан ат жолында ойнаған,Ақ шабақша Ертіс бойын бойлаған, Жеті түнде бес жүз қойдың түс­кейпін, Бес саусақтай түгендейтін, түстейтін, Мен – баласы даланың, Кең далама тартып туған баламын (Мұзафар Әлімбай) *Сан есімдерді тап. Бес, бес жүз сан есімдерін салыстыр. Әрқайсысындағы сөз  саны бірдей ме? *Жеті түнде және бес саусақтай дегенді қалай түсінесің? Келесі қонжықтың тапсырмасы: №8 – жаттығу.Сөйлемдердегі сандарды сөзге айналдырып көшіріп жаз. 1.Кит­ең ірі жануар.Оның ұзындығы 30 метр, салмағы 120 тоннадай  болады.2.Түйеқұс сағатына 120 километр жүгіреді.3.Айдың көлемі Жерден 50  есеге жуық кіші.4.Емен өте ұзақ, яғни 1000 жылға дейін жасайды.5.Жусанның  Қазақстанда 81 түрі белгілі. *Сан есімдердің астын сыз.Олардың дара немесе күрделі екенін айт. *Сергіту сәті     Біздер әлі баламыз Өсіп алға барамыз. 2030­ жылдары Біз де осындай боламыз *Тақтамен жұмыс Ендігі кезек түлкіде: №9­жаттығу.Берілген сан есімдерді қатыстырып сөйлем құра. Он бес, қырық жеті, жүз алпыс бес, бір мың тоғыз жүз алпыс бес. *Дәптермен жұмыс Шымшықтың тапсырмасы: №10­жаттығу.Берілген сан есімдерді сөзбен жаз.Олардың дара немесе күрделі  екенін дәлелде. 9, 11, 27, 189, 640.Келесі кезек жолбарыстың да тапсырмасына келді: №11­жаттығу.Ребусты дұрыс шеш. 7  2    *Ауызша тапсырма: №12­жаттығу.Мақалды оқып, жатқа айт. Білгенің – бір тоғыз, білмегенің – тоқсан тоғыз. *Сан есімдерді тап *Мақалдың мәнін түсіндір. VI.Жаңа сабақты бекіту Сан есім түрлері 10 75 108 658 3245 0 365 8 Дара + Күрделі + ­Балалар! Егер біз әр сөйлемге мән беретін болсақ жаңылтпаштардың да, мақал­ мәтелдердің ішінен де сан есімдерді табуға болатынын байқаймыз.Оның бір  дәлелі: 1.Піл к3­ті Піл к3­ті емесТіл к3­ті. 2. 6­н балдақ қол сәні, Әшекей т10 сәні. 3. 4­еу түгел болса, төбедегі келер, 6­ау ала болса, ауыздағы кетер. VII.Үйге тапсырма «Қазақстанның көрікті жерлері» әңгіме жазып келу. VIII.Қорытындылау, бағалау

Скачивание материала доступно только для авторизованных пользователей.