Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру
Оценка 4.6

Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру

Оценка 4.6
Образовательные программы
doc
физика
Взрослым
15.05.2017
Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру
Оқушылардың бойында шығармашылық бейімділіктері жоғарлай бастады. 2. Шығармашылық деңгейдің I және II деңгейлері іске асырылды. 3. Шығармашылық деңгейлік тапсырмалар жасалынды. 4. Шығармашылық жұмыстардың түрлері қолдану жиілігі артты. 5. Оқушының ізденушілік, танымдылық, өзіндік, жұмыс істеу белсенділігі артты. Оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін қалыптастыра отыра, деңгейлік шығармашылық тапсырмалар және жазба жұмыстарын орындау арқылы шығармашылық деңгейге көтерілуін анықтау.Оқушылардың бойында шығармашылық бейімділіктері жоғарлай бастады. 2. Шығармашылық деңгейдің I және II деңгейлері іске асырылды. 3. Шығармашылық деңгейлік тапсырмалар жасалынды. 4. Шығармашылық жұмыстардың түрлері қолдану жиілігі артты. 5. Оқушының ізденушілік, танымдылық, өзіндік, жұмыс істеу белсенділігі артты.
Макенова Г.К. Мақала.doc
Қарағанды қаласы, №65 жалпы білім беретін орта мектептің физика пәнінің мұғалімі Макенова Гульнур Кызыровна Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру Мақсаты:  Оқушылардың өзіне деген сенімділіктерін қалыптастыра отыра, деңгейлік   шығармашылық   тапсырмалар   және   жазба   жұмыстарын   орындау арқылы шығармашылық деңгейге көтерілуін анықтау. Қазіргі   таңда   үздіксіз   білім   беруді   дамыту,   дүниежүзілік   білім   беру кеңістігіне кіру мақсатында елімізді білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Осыған   орай   ҚР­ның   Президенті   Н.Ә.Назарбаевтың   Қазақстан   халқына Жолдауында:   «Бізге   экономикалық   қоғамдық   жаңару   қажетттіліктеріне   сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» делінген. Сол білім беруді дамыту ісі   жеке   тұлғаға   мәдени­тарихи   құндылықтарды,   нормалар   мен   дәстүрлерді, білім   берудің   арнайы   таңдап   алынған   мазмұны   мен   нысандарын   беру   болып табылады.   Сондықтан   өмірге   жан­жақты   дайындалған,   еңбексүйгіш,   ынталы, шығармашылықпен ойлайтын, интеллектуальдық және адамгершілік тұрғысынан бай,   жоғары   білімді   жеке   тұлғаны   оқытып­   тәрбиелеу   қажеттілігін   дамыту мәселесі тұр. Педагогикалық технология дегеніміз­ тәжірибеде жүзеге асырылып, нәтиже беретін   белгілі   бір   педагогикалық   жүйенің   жобасы   (В.П.Беспалько)   кеңінен қолданылып   жүрген   технологнялардын   бірі­   Ж.А.Қараевтың   «Оқытудың   үш өлшемді әдістемелік жүйесі». Бұл технология окушылардың ізденушілік, өзіндік жұмыс   істеу,   білімді   сапалы   қабылдау,   шығармашылықтарын   арттыра   түсуге бағыттайды, мәселені тиімді шешудің жаңа мүмкіндіктерін анықтайды. Сабақта осы жобаны еңгізбей тұрып­ақ келесі дайындықтар жүргізілді.  I. Дайындық кезеңі Шығармашылық негізде құрылған деңгейлік тапсырмалар өз нәтижесін бере ала ма және оқушы үшін тиімді ме деп оны өз тәжірибиемде  бастадым. Оқушының шығармашылығын арттыру үшін ұстаз ең алдымен өзі де шығармашылық туралы толық мағұлматы болуы керек. Сол себепті психологиялық және педагогикалык деректер де негізге алынды. Шығармашылықтың алғы шарты әр адамда болады, бірақ ол байқала бермейді. Сол себепті оны қабілет ретінде сипатталады. Оның іске   қосылуы   ішкі   қажеттілікті   қанағаттандырудан   туындайды.   Өмір   сүру барысында   қабілет   әр   түрлі   деңгейде,   әртүрлі   деңгейлік   пен   жылдамдықта көрініс береді. Сол себепті ол «жасырын» жағдайдан актуальді жағдайға ауысып отырады. Психология ғылымында шығармашылық  жалпы тұлғалык категория, оның мазмұны әртүрлі түсінік деңгейінде көрініс береді, сапасы биологиялық және   әлеуметтік   факторлармен   байланысты,   байқалып   өріс   алу   дәрежесі әлеуметтік   жағдайлар   мен   тұлғаның   өзіндік   белсенділігіне   тәуелді.   Ғылымда шығармашылық   туралы   ұғым   ХІХ­ХХ   ғасырларда   пайда   болып,   зерттеле бастаған.  Отандық   белгілі   психолог   Қ.Жарықбаев   шығармашыл   тұлға   туралы былай дейді: «Баскалардан көмек күтпей, мәселені шешуде басқа біреудің әдісін қайталамай,   қалайда   өзі   шешуге   тырысатын   адам­шығармашыл   ойдың   иесі». Шығармашылық   туралы   көптеген   пікірлер   бар.   Психолог   А.Лернер «Шығармашылык әрекет ­білім, білік,дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуі, нысанның жаңа жағдайды көре білуі, жаңа шешімді таба білуі»­деп баға береді. II. Бақылау кезеңі Алға қойылған мақсат пен міндетті жүзеге асыруда 8 А және 8 Ә сынып оқушыларынан бәріне бірдей тапсырмалар беру арқылы деңгейлері анықталды.                       № Шығармашылық сабақ Күнделікті дәстүрлі сабақ 1 2 3 4 Оқушы өзі ізденеді, өзі оқып, өзі  үйренеді. Мұғалім оқушыға дұрыс, дайын  ақпаратты береді Оқушы ақпаратты іздеуші, жазып  алушы Оқушы ақпаратты қабылдаушы,  таңдаушы Проблеммалық оқыту іске  асырылады Репродуктивті әдістер қолданады Оқушы белсенді қызмет атқарады Мұғалім басыңқы қызмет атқарады 5 Жаңа нысанды зерттейді Жаңа материалды тыңдайды, есте  сақтайды 6 Шығармашылық «өнім» ойлап  Жаңа білімді меңгереді табады Шығармашылықтың   I   деңгей­   ұстаз   бен   оқушылардың   қарапайым, жайлы, ынтымақтаса қарым­қатынас жасау шығармашылыққа бейімдеу. Оқушы бұл деңгейде күрделі емес сұрақтарға жауап сияқты тапсырмаларды орындайды. II   деңгейі­   сабақ   барысында   жоспарлаудан   бастап   іс­әрекетті   тиімді ұйымдастыру. Бұл деңгейде оқу­тәрбие жұмыстарының мазмұны мен әдістері, түрлері таңдалып, іріктеледі.Оқушыға қиынырақ, ойланып, өз пікірін айта алатын тапсырмалар беріле бастады. III   деңгей  –   айқындалу  –ұстаз   бен   оқушы   шығармашылық   жұмыстың жетекші   түрін   анықтап,   күрделі     жұмыстармен   айналысады:   күрделі   есептер шығарып, шағын ғылыми жоба жазу. Менің тәжірибемде шығармашылықтың I және II деңгейлері іске асырылады. Бұл деңгейлер тәжірибеде қалай іске асырылады? Ол үшін не жасалды? 1. Әр сабақтың тақырыбына лайықтап деңгейлік тапсырмалар дайындалды. Мен бір сабағымды мысалға алсам. Сабақтын тақырыбы: Тоқтың жұмысы мен қуаты.    Джоуль –Ленц заңы Сабақтың  мақсаты:  Білімділік: Тізбекте жүретін құбылыстарды зерттеу.  Тәрбиелік: Іскерлік, ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа тәрбиелеу.  Дамытушылық:  Оқушылардың   ой­өрісін   дамытуға   пікір таластыруға   өз   бетімен   ізденуге,   шығармашылықты   дамытуға өзіндік қор жинауға дағдыландыру Сабақтың түрі: аралас, жаңа білімді қалыптастыру. Пән –аралық байланыс: математика, химия. Пайдаланылатын көрнекіліктер.  реостат, амперметр, вольтметр, ток көзі, кілт. Сабақтың жоспары: Ұйымдастыру   кезеңі:  Сыныппен   амандасу,   түгендеу,   назарларын сабаққа аудару. Ал   балалар   сонымен   сабағымызды   бастайық.   Бастамас   бұрын   өткен сабақта өткенімізді қайталап жіберейік. Төменгі деңгей 1. Электр   зарядтарының   электр   өрістерінің   ықпалымен   реттелген қозғалысын қалай деп атайды? 2. Тоқ күшінің формуласы?          Орташа деңгей 1. Кедергінің өлшемдеріне байланысты өрнегі. 2.Өткізгіштің кедергісін арттырғанда тоқ күші қалай өзгереді.          Жоғарғы деңгей 1. Тізбектей жалғанған 4 шамның кернеулері 2В, 3В, 4В, 12В. Осы тізбектің жалпы кернеуін тап. 2. Өзара параллель жалғанған екі шамның тоқ күштері 4А, 5А . Осы тізбектің жалпы тоқ күшін анықтау керек.          Жаңа сабақ Тоқтың жұмысы мен қуаты. Джоуль­Ленц заңы.  U=А/g  А= g U  А=UIt   Электр тогының жұмысы­ ток күші шамасына, кернеуге және осы жұмыс атқарылған уақыт аралығының көбейтіндісіне тең болады  А= IU формуласымен анықталады.Электр тоғының қуаты. P=IU  Тоқтың жылулык әрекетін тәжірибе жүзінде ағылшын ғалымы Дж.Джоуль және орыс ғалымы Э.Ленц зерттеді.Олар бір­бірін тәуелсіз заң ашты. Осы заңды Джоуль­Ленц заңы деп атады. Өткізгішпен   тоқ   өткснде   онда   бөлінетін   жылу   тоқ   күшінің   квадратына өткізгіш кедергісіне және тоқтың өту уақытына тура прапорционал. Q=І2Rt Есептер шығару. Жоғарғы деңгей 1 .Тізбектегі  ток   күші  0,50А,  двигатель   клеммаларындағы  кернеу  12В  болса, электр   тогы   30   мин   ішінде   электродвигательде   қандай   жұмыс   атқарады. 2.Кернеуі 127В тізбекке  қосылған электр шамадғы тоқтың күші 0,60А. Шамдағы тоқтың куатын анықта. Орташа деңгей 1.Тоқ күші 5А болғанда кедергісі 20 Ом сым спиральды 30мин қыздырғанда үшін   оқушы   қателесіп,   вольтметрдің   орнына қанша  жылу бөлініп шығады. 2.Шамнын   кернеуін   өлшеу   ампермет жалғағанда не болатынын түсіндіріңдер Төменгі деңгей 1.Неге электроқозғалтқыштың спиралінің жіңішкелеу жері күштірек қызады?  2.Электрқыздырғышына  қток жеткізетін ымдар спираль сияқты неге қызбайды? Бағалау кезеңі. Сабаққа қатысуына байланысты, әрбір оқушыны бағалау. Үй жұмысы:21­жаттығу Шығармашылық деңгейлік тапсырмалар арқылы қол жеткізілді: 1. Оқушылардың бойында шығармашылық  бейімділіктері жоғарлай бастады. 2. Шығармашылық деңгейдің I және II деңгейлері іске асырылды. 3. Шығармашылық деңгейлік тапсырмалар жасалынды. 4. Шығармашылық жұмыстардың түрлері қолдану жиілігі артты. 5. Оқушының   ізденушілік,   танымдылық,   өзіндік,   жұмыс   істеу   белсенділігі артты. Қолданылған әдебиеттер тізімі: 1.Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Л.М. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде оқыған «Инновациялар мен оқу­білімді жетілдіру арқылы  білім экономикасына» ­ атты лексиясы // Егемен Қазақстан 27.05.06ж №115 2.Л. И. Резников, Э.Е. Эвенчик « Методика проведения физики в средней школе 3. К.Н. Елизаров « Вопросы методики преподавания в средней школе» 4. Б.М. Дүйсембаев, Г.З. Байжасарова , А.А. Медетбекова (8 сынып)     5.Мақамбаев   М.   Педагогикалық   технологияны   оқу   процесінде   қолдану   /М. Мақамбаев// Математика және физика. ­2004. ­№1. 6.Ақтанова А. Оқутыдың жаңа технологиясын пайдалану – сапалы білім негізі /А. Ақтанова// Математика және физика. ­2005. ­№1. 7.Баенова Д. Жаңа технология физика сабағында /Д. Баенова// Математика және физика. ­2005. ­№1.

Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру

Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру

Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру

Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру

Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру

Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру

Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру

Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру

Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру

Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру

Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру

Деңгейлеп оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
15.05.2017