"Денсаулыгым-байлыгым"
Оценка 4.8

"Денсаулыгым-байлыгым"

Оценка 4.8
Семинары
jpeg
классное руководство
3 кл
20.01.2018
"Денсаулыгым-байлыгым"
Тақырыбы: «Денсаулығым-байлығым» Мақсаты: «Бірінші байлық-денсаулық» «Қазақстан-2030» бағдарламасында көрсетілгендей, өркениетті елдің әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болу үшін зиянды әрекеттерден-ішімдік, нашақорлық, шылым шегушіліктің денсаулыққа, болашақ ұрпаққа жау екендгін түсіндіру. Салауатты өмір салтына қалыптастыру. Көрнекілігі: Денсаулық жөніндегі даналық сөздер , жағдаяттық сұрақтар, мақал-мәтелдер, слаидтар. Кіріспе: Мұғалім: «Денсаулық-зор байлық» деген сөздің астарында үлкен мағына жатыр. Адам баласы үшін денсаулықтан асқан байлық жоқ. Ол ақшаға сатылмайтын, ешбір бағалы затпен тең келмейтін байлығымыз. Сондықтан ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздегеніміз абзал. Еліміздің қай азаматын болсада өз елінің болашағы алаңдатары сөзсіз. Еліміздің болашағы- бүгінгі бүлдіршіндер. Сондықтан олардың болашақта дені сау азамат болып өсуі еліміз үшін маңызды. Денсаулық туралы сөз қозғағанда адам жанының арашашысы, ақ халатты абзал жан дәрігерлердің еңбегін атап өткеніміз жөн болар, Олар бар күш жігерін адам денсаулығын сақтап қалуға жұмсап, күн-түні аянбай еңбек етуде. Мінеки, осы мектебіміздің дәрігері Сәуле апайымыз келіп отыр. Ой қозғау: Денсаулық дегенді қалай түсінеміз? Жауабы: Спортпен шұғылдану, күн тәртібін жеке бас гигиенасын сақтау, жаман қылықтардан аулақ болу (маскүнемдік, шылым шегуден, нашақорлықтан). Жоспары: Денсаулыққа зиян келтіретін қандай заттарды білісіңдер. Денсаулыққа байланысты мақал-мәтелдің жалғасын табу. Салауаттылық, денсаулыққа викториналық сұрақтар. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде. Жұмбақтардың шешуін тап. Денсаулық тақырыбында пікірталас. І-топ. Шынықсаң шымыр боласың, Сауғып айдай толасың. Спортты серік ете біл Салауатты сен боласың. ІІ-топ. Денсалық ол- күлуің Көңіл- күйің жадырай Денсаулық ол- жүруің Ешбір жерің ауырмай. ІІІ-топ. Спорт-біздің досымыз Күш, қайраты сыналған Спорт-біздің досымыз Бала кезден шыңдалған. 1. Денсаулығыңды ойласаң Темекі-адам ағзасына зиянды заттардың бірі. Алғашқы кезде темекі тіс ауруына қарсы қолданылатын дәрі ретінде пайдаланып жүрген.Темекі шегуші адамдар тек өзінің ғана улап қоймай , қасындағы басқа адамдарды да уланатыны белгілі.Темекінің басты зияндылықтарын айтар болсақ, олар төмендегідей болады. 1. Ерін,тіл және өңеш қатерлі ісігіне душар болады. 2.Асқазанда жара пайда болады. 3. Жүрек ауруларына шалдығады. 4.Тез қартаяды теріде әжім пайда бола бастайды. 5. Өкпе мен көмекей қатерлі ісігіне ұшырайды. Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4млн адам қайтыс болады екен.Өлімге алып баратынын бірден-бір зиянды зат екенін айтып , әрбір тал темекі адам өмірін 12 минутқа қысқартқанын анықтаған. Темекі тарту адам денсаулығына көп зиян келтіреді. Адамның дене мүшесіне ең ауыр әсер беретіні – никотин. Ол темекі жапырағының алкалоиды майлы түссіз немесе жағымсыз иісі және күйдіргі дәмі бар ақшыл сары сұйықтық. Никотинге адам денесінің тез үйреніп кететіндігінен оған уланып жатқанын сезбейді. Алқаголь - адамның денсаулығына қауіпті жау. Ғалымдардың айтуына қарағанда ішімдік ішетін адамдардың ағызасына зақымданбаған ағыза болмайды екен. Арақ ішетін адамдардың өмірі ағызаның әлсіреуіне, ерте қартаюға, өмірінің қысқа болуына себеп болады. Арақ ішетін адамдардың өмірі арақ ішпейтін адамдардың өмірінен 15-20 жылға қысқа болады екен. Ол адамның мина орталық жүйке жүйесіне зақым келтіреді. Ми жасушаларын өлтіреді. Тіл, бауыр, кеңірдек, бүйрек қатерлі ісігімен көп жағыдайда маскүнемдер ауырады. Ішімдік ішетін адамның есту, есте сақтау қабілеті төмендеп, күш-жігері әлсірейді. Миы уланып дұрыс жұмыс істемеген соң денесі жарақаттайды, жүрісі бұзылады. Жасөспірімдер арасында ішімдік ішуге әуестенуге себеп-өз жанұясы. Маскүнемдік жанұяға әрқашан үлкен кедергі тигізеді. Ішіп алған адам жанұясында жанжал шығарып, шырқын бұзады. Маскүнемдікті дер кезінде тоқтатпасаң, айықпас дертке ұшырап, өз өміріңе өзің балта шабасың ! Нашақорлық - бұл адамның көңіл-күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып, құмарлық желісіне ұшыратады, нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі. Нашақор адам өзін өте жеңіл сезінеді, өзге бір мәселелерді және жауапкершілікті ұмытады. Егерде нашаны ары қарай қолдана беретін болса адам денесі оған үйреніп ауыр улануға душар болады.Нашақорлар өздерінің дене мүшелерін ғана улап қоймай жандүниелерін де бұзады. Жұмыс істеу қабілеті нашарлайды, біртіндеп толық мүгедектікке айнала бастайды, соның негізінде жас кезден-ақ нашаның салдарынан адамды өлімге жетелейді. Жаман адамдар сені қорқытып, саған үстемдік көрсетіп топқа қоспаймыз деп маған билік жүргізгісі келеді. Ондай адамға еруге болмайды. Егер де топтағы балалар саған темекі берсе, спирті сенімен шықпай « Жоқ» деп айт. Олардың достығын жоғалтып аламын деп қорықпа, өйткені шын дос сені сыйлайды және сенің шешіміңді қолдайды. Сен мынаны есіңде сақта, сен бұл өмірге арақ ішуге, темекі тартуға, нашақор болуға келген жоқсың. 2. Денсаулық туралы мақал - мәтел Ару батпандап кіріп, ........ Мысқыдап шығады. Жарлының байлығы,... Деннің саулығы. Ауруын жасырған ..... өлед Демі бардың........... емі бар. Ауырып тұрдың..........Аунап тұрдың. Көзің ауырса.........қолыңды тый, Ішің ауырса..... ....аузыңды тый. Жан ауырса ... ... тән азады, Қайғы басса, ... ...жан азады. Жасырғанның жарасы... ....асқынады. Ауру қалса да ,....Әдет қалмайды. 3. Салауаттылық, денсалыққа викториналық сұрақтар. арналған Дені сау адам қандай болады? Өз денсаулықтарыңды қалай күтесіңдер? Денсаулыққа қажетті дәрумендерді қайдан алуға болады ? Дұрыс тамақтану дегенді қайдан түсінесіңдер ? Қандай спорттың түрлерімен шұғылданасыңдар ? 4.Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде. Денсаулыққа пайдалы Көңілді жүру. Спортпен шұғылдану. Дұрыс ұйықтау. Таза жүру. Тазалық. Шынығу. Денсаулықтың дұшпаны Дұрыс тамақтанбау. Зиянды әрекеттер. Салақтық. Жалқаулық. Күн тәрттібін сақтамау. Ашушаңдық. 5. Жұмбақтардың шешуін тап. 1. Сауле артында жүз ине, Десек сөзді жасырдым. Тапқыр болсаң тауып көр Қулығымды асырдым (кірпік) 1. Бір таудың алпыс екі саласы бар, Он екі жанында қаласы бар. Бау-бақша, түрлі өсімдіктер, Барлығының билеп тұрған анасы бар. (адамның 62 тамыры, 12 мүшесі) 3. Жиырма баласы бар төртеуі ана, Бірі ұзын бірі- қысқа дара-дара Қандайлық іске қоссаң ерінбейді, Білімпаз мамандығы болған сара. (2 аяқ, 2 қол , саусақтар) 4. Күбір-күбір қарағым, Қартайғанша жарадың. Осы айтқан жұмбақты, Дұрыс тапсаң жарадың. (құлақ) 5. Қызыл түлкі шықпайды Өз інінен шықпайды. (тіл) 6. Көсеуім басы ақ күміс, Тапшы кәне көрелік (саусақ пен тырнақ) 7. Оң қолым, сол қолым, Бәріде өз қолым. Тапқыр болсаң, тапшы қане? Барлығы не болады. (10 саусақ, қол) Қорытынды. Мұғалім: Ұлы ойшыл Сократқа кезінде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбат, байлық па, атақ па?» деп. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап берген екен, яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек. Алкогольдің, темекінің зардаптарынан болатын өзгерістердің ішіндегі ең елеулілері адамның ақыл-ойы мен санамыздың бұзылуынан сақтанайық, жас ұрпақ ! Адам азбасын, ұлтымыз тозбасын !
006155B8-95C7-4A93-A8D0-B10C87ED6473.jpeg

"Денсаулыгым-байлыгым"

"Денсаулыгым-байлыгым"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
20.01.2018