"Әдептілік - өз қолында"
Оценка 5

"Әдептілік - өз қолында"

Оценка 5
Занимательные материалы
docx
воспитательная работа
7 кл—9 кл
28.03.2017
"Әдептілік - өз қолында"
Бұл ұсыныоып отырылған материал тренинг болып табылады. бұл жерде біз оқушылардың психологиялық мінез-құлқын қалыптастырамыз, әр баланың бойына тәрбие үрдісін сіңіреміз. сонымен қатар, бұл трениниг бірін-бірі тыңдап үйренуге, ақ пен қараны ажырата білуіне, ең алдымен сәлем алып, сәлем берудің қаншалықты маңызды екенің ұғындырып саналарына жеткізу болып табылады.Тренинг "Әдептілік - өз қолында"
әдептілік трениниг.docx
Тренинг «ӘДЕПТІЛІК – ӨЗ ҚОЛЫНДА» Сабақтың мақсаты: Психологиялық мінез – құлықты қалыптастыру. Оқушылардың  бойына тәрбие үрдістерін сіңіру. Тәрбиелей отырып, қарым­қатынасқа қажетті  қасиеттер, яғни адамның сөзін тыңдай білуді, әдеп сақтауды қалыптастыру.  Сабақтың түрі: Тренинг сабағы.  Сабақтың көрнекілігі: Даналық сөздер жазылған плакаттар, алма ағашы, күн және  бұлт суреті, қалам, доп, суреттер, шарлар, үнтаспа. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық, оқушыларды шеңбер бойынша  отырғызу, олармен сәлемдесу.             Амандасу ретінде «Бумба – Юмба тайпасы» жаттығуы. Тәрбиеші: Біз сіздермен барлығымыз Бумба – Юмба тайпасына қоршауға түсіп қалдық. Ол тайпаның дәстүрі, салты бойынша былай амандасуымыз керек. Қолымызды,  алақаңымызды 1 рет соққанда сіздер қасыңызда отырған адаммен бір­біріңізді  мұрындарыңызбен үйкелейсіздер. Белгі беріліп, алақандарыңызды 2 рет соққанда бір – біріне арқаларын түйістіріп, үйкелесу қажет. Талдау: Сіздер қандай сезімдесіздер? Қандай әсер алдыңыздар? Тәрбиеші: Құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі сабағымыздың твқырыбы «Әдептілік – өз қолында»... Адам өміріндегі ең тамаша нәрсе – оның басқа адамдармен қарым –  қатынасы дейді. Иә, біздің бір – бірімізбен қарым – қатынасымыз әдептіліктің бір  көрінісі. Ал, әдептілік дегеніміз не? Оқушылардың жауаптары тыңдалады.  Тәрбиеші: Иә, әдептілік дегенімізде ең алдымен, ойға адамгершілік, мәдениеттілік,  басқа да адамның жағымды сапалары ойға келеді. Табиғатта жаратылыстың барлағы екі қарама­қарсы нәрседен тұрады. Мысалы: ақ­қара, күн­түн, ыстық­ суық, жақсы –  жаман. Яғни, осы екі нәрсе адамның бойында үнемі бір – бірімен күресіп жатады.  Адамның бойындағы жақсы қасиеттер рухтан туындайды. Күн адамның рухы болса, сәулелері ақыл делік. Бүгінгі сабақта әдептілік қасиеттердің біразы туралы пікірлескенді дұрыс санадым.  Ойымызды дәлірек өрбіту үшін мына ілінген күннің суретіне қарайық. Оның бетін  бұлттар жауып тұр. Күн табиғаттың анасы. Сондықтан күнді ананың жүрегі деп алсақ,  ал бұлттарды ананың жүрегіне түскен көлеңке санайық. Енді ананың жүрегіне күн сәулесін түсіру үшін  мына тұрған төрт бұлтты ашуывмыз керек. Ол үшін мвна алма  ағашындағы алмаларда берілген төрт тапсырманы орындап шығайық. Оқушы шығып,алманы алып оқиды: «Сәлем – сөздің анасы». Тәрбиеші: Әрбір күн сәлемдесуден басталады. Сәлемдесу дегеніміз достық пейіл, құрмет білдіру әрекеті. Сәлемдесудің әдептілік  сезімінің мол болуын талап етеді. «Сәлем беру де – парыз, сәлем алу да ­ парыз».  Сәлемдесудің түрлеріне бірнеше көріністер көрсетіледі. Көріністен кейін сиқырлы  қалам арқылы өздеріңіздің пікірлеріңізді тыңдап, талқылаймыз. Көріністер:  1. Оқушы мен қарияның  сәлемдесуі. 2. Оқушы мен мұғалімнің сәлемдесуі. 3. Ұл бала арасындағы сәлемдесу. 4. Қыздар арасындағы сәлемдесу. 5. Қыздар мен ұлдар арасындағы сәлемдесу. Оқушылар, ұстаздар пікірі талқыланады. Ол үшін оларға сиқырлы қалам ұсынылады. Тәрбиеші: «Үлкеннің ақылын тыңдау, сөзге тоқтау, үлкен – кішіні сыйлау,  инабаттылықтың көрінісі». Яғни, оқушылар осы айтылған пікірлердіөзіңіздің  бойынызға өнеге етіп алыңыздар.       Сонымен бірінші бұлтымыз ашылады. Екінші бұлтты ашу үшін екінші алманы  алып оқиды. Оқушы: Мына суретте не салынған? Суретте ақ параққа қара нүкте салынған. Тәрбиеші: Иә, балалар, өмірде ақ түсті аңғармай, қара түске көңіліміз бөлінеді.  Өмірде де әр адамның бойынан бірінші орвнда жаман қасиеттерің айтамыз да, ал  жақсы қасиеттерін айтуды кейінгі орынға қоямыз. Мысалы: бір адам ішкілікке  салынады делік, ол адам туралы сұрастырғанда  оны білетіндер бірінші ішкіш екенің  айтады да, ал оның жақсы қасиеттерін, оның қандай адам болғаның кейінгіге  қалдырады. Енді, біз адамның тек жақсы жақтарын айтуды әдет қылу үшін  «Мадақтау» ойының ойнаймыз. Мадақтау ойыны: Ортаға доп лақтырылады. Қағып алған оқушы қасындағы кез –  келген оқушының жағымды қасиеттерін айтып, сол адамға доп лақтырады. Ойын  сөйтіп жалғаса береді. Тәрбиеші: «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, ата­ анаң жақсы, құрбы­ құрдас,  жақсы ұстаздан басталады». Осы айтылған нақыл сөзден өнеге алып, өмірдің  достарыңның, ұстаздарыңның, ата­ аналардың тек жақсы жақтарын қабылдай білу  керек. Қоршаған ортаның  қасиеттерін оң белгімен қабылдау адамгершілік  қасиеттердің белгісі. Яғни, біз бір – біріміздің жақсы қасиеттерімізге көңіл  аудардық. Екінші бұлт ашылды. Оқушы алманы алып оқиды: Ең  бірінші кімді сүйесіңдер? Оқушылардың жауабы тыңдалады. Жаттығу: «Сен қандайсың, мен сені солай жақсы көрем!» Мақсаты: топтағы қатысушыларды өздерін дұрыс қабылдауларына үйрету. Нұсқау: қазір әрқайсың қолдарына айна алып, оған асықпай қараңыздар да,  өздеріңіздің есімдеріңізді атап: «Сен қандайсың, мен сені солай жақсы көрем!».  Сонымен қатар қатысушыларға өздерінің бойында ұнаған жағымды қасиеттерін де  атауға болады. Талдау: Сіз қазір не сезінеп отырсыз? Сіздердің сезімдеріңіз жаттығу жасау кезіңде өзгерді ме? Жаттығу жасау қиын болды ма? Үшінші бұлт ашылды. Оқушы шығып алманы оқиды. «Мимика пантошимо»  ойыны. Оқушылар екі топқа бөлінеді . Бірінші топ: Туған жерге деген сүйіспеншілік. Екінші топ: Анаға деген сүйіспеншілік. Кеспе қағаздарында берілген іс­ әрекеттерді мимика арқылы көрсету. Екінші топ  оның шешімін табады. Талдау:  Сіздердің сезімдеріңіз жаттығу орындаған кезде өзгерді ма?                 Жаттығуды қандай жерінде жасау қиын болды? Жаттығу: «МЕН – БҰЛ МЕН! және БҰЛ – КЕРЕМЕТ» Мақсаты: топтағы қатысушыларды оңтайлы деңгейге шығару, ішкі күштерді  жинақтау, өз – өзіне сенімділіктерін арттыру. Нұсқау: «Қазір қолайлы отырыңдар да, өзіңізден бүкіл қажуды және теріс  ойларды алып тастаңыз. Көздеріңізді жауып үш рет терең тыңыс алыңыз...   Денедегі күш ақырын, бірте – бірте кетеді, сіз босаңсу қалпына жетесіз Сіздің  денеңіз демалуда. Көзіңізді жабыңыз... тек қана мені тыңдаңыз. Бүкіл зейінді менің даусыма  аударыңыз. Терең 3 рет тыныс алыңыз және тыныс шығарыңыз. Мұрнымен  тыныс алып,аузымен тыныс шығарыңыздар. Сіз тек қана менің дауысымды  естіп отырсыз. Барлық ойлар кетіп отыр... Міне, сіз кең далада. Айнала жып – жылы, көбелектер ұшып жатыр. Құстар  ән айтып, сайрап ұшады. Сіздің олардың кең даласында болғанына қуанып отыр. Гүлдердің және шөптің тамаша хош иісін сезініңіздер. Анау таяу жерде күннің көзі күліп,жарқырап тұр. Ауамен бірге сіздің денеңіздің ішіне «ақ көңіл» энергияның өтіп жатқаның  елестетіңіз. Ол таза, мейірімді, жағымды... әр тыныс алуымен ол  көбейеді.энергияның жылулығын,тазалығын сезініңіздер. Тыныс алыңыз –  тыныс шығарыңыз.  Ал қазір денеңіздің ішінде жарқырап тұрған түсті елестетіңіздер. Бұл түс  бүкіл дене бойы таралып, жарқырап тұр. Ол сіздің денеңізді  таза энергиямен,  ішкі күштерімен, өзіне – өзі сенумен толықтырады. Дененің ішінде жылулықты сезініңіздер. Осы сезімді есте сақтаңыздар.... Сіз ең сұлу, ең әдемі, ең сенімі жоғары адам!!! Сіз басқа адамдардан өзінің  өзгешелігімен, өзіне – өзі жоғары сенуімен, ақкөңілділігімен, ақылымен  ерекшеленесіз! Өйткені сіз ақ –көңіліне, мейірімділігіне, қайырымдылыққа және  өзіне – өзі деген сенуіне толысыз! Сіз өміріңіздің патшасысыз!  Бүкіл жақсылықты дененің әр мүшесімен сезініңіздер... бұл сезімдерді есте  сақтаңыздар. Ал енді терең тыныс алыңыз, кейін тыныс шығарыңыз...қолдарыңызды жоғары  көтеріп, «Мяу» деңіз де көздеріңізді ашыңыз». Талдау: Бұл жаттығу сіздерге ұнады ма? Жаттығуды орындаған кезде қандай сезімдер пайда болды? Өткізілген жаттығу бойынша не айта аласыз?  Төртінші бұлт ашылды. Күннің нұры ашылды. Қорытынды: Тәрбиеші оқушылармен бірге шеңбер бойымен  тұрады. Бір – біріне жақсы сөздер  айтып, қолдарын ұстайды. Бір – бірінің қолдарын біріктіріп, жағары көтеріп: «Біз  әдептілікке қол жеткіздік, күннің нұры төгілді». Жаттығу: «Келесі кездескенше» Тәрбиеші: Біздің жаттығуларымыз аяқталуға жақын қалды. Мен сіздердің  барлығыңызға қатысқандарыңыз үшін ризамын.  Ал қазір майшамды жағамын. Барлығымыз бір – бірімізбенбірігіп жұмыс  жасағанымыз үшінбір – бір жылы сөз айтып майшамды беріп отырамыз. Қоштасуда майшамды алған себебім, жарық деген әрқашанда жақсы нәрсе,  сондықтан да алдарыңыз ашық, жарқын болсын деген тілек. Талдау:  Бүгінгі күн сіздерге не берді? Қандай жаңалық болды? Келешекте нені пайдаланасыздар?

"Әдептілік - өз қолында"

"Әдептілік - өз қолында"

"Әдептілік - өз қолында"

"Әдептілік - өз қолында"

"Әдептілік - өз қолында"

"Әдептілік - өз қолында"

"Әдептілік - өз қолында"

"Әдептілік - өз қолында"

"Әдептілік - өз қолында"

"Әдептілік - өз қолында"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
28.03.2017