"ДИАЛОГ АРКЫЛЫ ОКЫТУ"
Оценка 4.7

"ДИАЛОГ АРКЫЛЫ ОКЫТУ"

Оценка 4.7
Руководства для учителя
docx
математика
Взрослым
16.06.2017
"ДИАЛОГ АРКЫЛЫ ОКЫТУ"
Диалогтік әдіс, сұраққа жауап алу, өз ойларын білдіретін тапсырмалар сабақ үстінде керек. Мұндай тапсырмалар әр оқушыдан шығармашылық тұлға қалыптастыруда көмекші құрал болатыны сөзсіз. Жалпы сабақта диалогті пайдалану өте пайдалы, оқушылардың сөйлеу мәдениетін, бір бірімен тіл табыса білуін қалыптастырады. Оқушылардың сөздік қорларын дамытып, оларды өз ойын анық жеткізе білуге үйрету үшін сабақ үрдісінде диалогтық әдістің тиімділігін байқадым. Сұрақ қоюдың бұл әдістерін қолдану оқушылардың білімінің артуына және олардың бір-бірінің идеяларын құрметтеуге үйренуіне, айтатын жауабын ой елегінен өткізіп барып айтуға үйренуіне себеп болады.
диалог.docx
Талдықорған   қаласындағы   М.Ломоносов атындағы №5 орта  мектеп –лицейі  математика пән  мұғалімі   Нугербекова Алия Исаиновна ДИАЛОГ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ Оқушылардың   көбірек   білетін   басқа   адамдармен,   әрине,   бұл   рөлдерде сыныптастары   мен   мұғалімдері   болуы   мүмкін,   диалог   жүргізу   мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру жеңіл болмақ.  Диалог негізінде білім беру мен білім алушылардың өзара сұхбаттасуы және   мұғалім   мен   оқушы   арасындағы   диалогтің   шәкірттердің   өзіндік   ой­ пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектеседі.Әр  сабағымда диалогтік оқыту әдіс­тәсіліне көп көңіл бөліп отырамын.  Диалогтік оқытудағы мақсатым: ­ Оқушылардың сөздік қорын молайту; ­ Өз ойын ашық, анық айтуға дағдыландыру; ­ Қарым­қатынас жасай білу; Күтілетін нәтиже: ­ Оқушы өз ойын ашық айта алады; ­ Шығармашылық қабілеттері өседі; ­ Сөздік қоры молайып, қабілеттерін одан әрі ұштай түседі.            Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың   білім   алуына   қолдау   көрсетіп,   оны   жақсарта   және   кеңейте алады.   Оқушының   білім   алуын   қолдау   үшін   сұрақ   қоюдың   түрткі   болу, сынақтан   өткізу   және   қайта   бағыттау   сияқты   әртүрлі   техникаларын пайдалануға   болатыны   белгілі.  Алғашында   қарым­қатынасқа   түсуге,   сабақ үстінде   сұрақ­жауап   алу,   өз   ойларын   ашық   айтқызу   қиындық   туғызды. Сабағымда оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың сынақтан өткізу және   қайта   бағыттау   сияқты     техникаларын   пайдаланамын.     7­сыныпта өткізілген     «Екі   өрнектің   квадраттарының   айырмасы»   тақырыбындағы сабағымда  диалог болуына назар аудардым. Есеп шығаруда Е. есімді оқушы формуланы қолдануда  аздап  қиналды, осы жерде оқушылар арасында қайта бағыттау сұрақтары арқылы мысалы, «Көмектесе  алатындар бар ма?» басқа оқушыларға   қайта   бағыттадым.  Сынақтан   өткізуге   арналған   сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет, сондай­ақ «Осы формула   арқылы   шығарылатын   есепке     мысал   келтіре   аласың  ба?»   деген сияқты   сұрақтар   тапсырманы   орындау   барысында   оқушыға   бағдар   беріп отырамын.   Оқушының ойлау қабілетін тәрбиелеу үшін теореманы дәлелдеу, дәлелдеу   есептерін   шығарумен   қатар,   зерттеу   элементтері   бар,   ойлау оқушылар   үшбұрыш   сызып,   оның   элементтері бар есептерді шығарудың, тапсырмалар орындаудың маңызы бар. Мұғалімнің сұрақ қоя білуінің де өзіндік алатын орны бар.7 ­сынып геометрия пәнін   оқытуда   «Үшбұрыштың   ішкі   бұрыштарының   қосындысы»   тақырыбын түсіндіру  үшін   оқушылардың   әрқайсысына     жұмыс  жасатамын.  Мұғалімнің жетекшілігімен     бұрыштарын трапнспортирмен   өлшеп,   қосындысын   есептеп   табады.   Оқушы     білім   алу жолында   өзі   еңбектенеді,   аздап   болса   да   зерттеу   жүргізеді,   қорытындыға келеді,   нәтижені   тексеру   қажеттігін,   яғни   оның   ақиқаттығына   көз   жеткізу үшін   дәлелдеудің   қажеттігін   сезінеді.   Осы   жерде   геометриялық   дәлелдеу, оның не үшін қажет екендігін оқушы санасына жеткізу мүмкіндігін тудырады. Сабақ   барысында   оқушы   мен   оқушы   арасында   диалог   болғаны   оқушының білімінің   тереңдеуіне   көп  септігін   тигізеді.  Көбінесе   зерттеушілік   әңгімеде көрінеді.  Оқушылар арасында зерттеушілік әңгіменің болуы олардың сабаққа деген ынтасының артуына, пәнге деген қызығушылығының артуына  септігін тигізеді. Сыныпта  диалог өз дәрежесінде жүру үшін  оқушылардың рольдерін дұрыс бөліп алуы, тапсырманы, сұрақтарды дұрыс таңдау, топта зерттеушілік әңгіме   жүретіндей   жағдай   жасау   керек.  Сондықтан   әр   сабақты   өткізу барысында   оқушыға   олардың   арасында   зерттеушілік   әңгіме   өрбіп,   диалог болатындай   тапсырмалар   беру   қажет.  Оқушылар   зерттеушілік   әңгімеге тартылғанда, өз ойларын дауыстап, айтады; болжамдар ұсынып, талқылайды. Талқылау   кезінде   олар   «мүмкін»,   «егер»,   «бәлкім»   деген   сияқты   сөздерді қолданып, өз идеясын дәлелдеу үшін «сондықтан» деген сөзді пайдаланып, топ   тарапынан   қолдау   қажет   болғанда   «Солай   емес   пе?»   деген   сұраққа сүйенеді Диалогтік   әдіс,   сұраққа   жауап   алу,   өз   ойларын   білдіретін тапсырмалар   сабақ   үстінде   керек.     Мұндай   тапсырмалар   әр   оқушыдан шығармашылық   тұлға   қалыптастыруда   көмекші   құрал  болатыны   сөзсіз. Жалпы   сабақта   диалогті   пайдалану   өте   пайдалы,   оқушылардың   сөйлеу мәдениетін,   бір   бірімен   тіл   табыса   білуін   қалыптастырады.   Оқушылардың сөздік қорларын дамытып, оларды өз ойын анық  жеткізе білуге үйрету үшін сабақ үрдісінде диалогтық әдістің тиімділігін байқадым.  Сұрақ қоюдың бұл әдістерін қолдану оқушылардың білімінің артуына және олардың бір­бірінің идеяларын құрметтеуге үйренуіне, айтатын жауабын ой елегінен өткізіп барып айтуға үйренуіне себеп болады.           Сұрақ  ­  жауап сияқты әдістерді әр сабағымда қолданып, тапсырманы күрделендіріп беремін. Тек қана екі үш оқушыны қатыстырып қана қоймай барлық   сынып   бірдей   жұмыс   жасайтындай   етіп   тапсырмаларды   дайындау керек.  Топтық   жұмыс   ішіндегі     тығыз   қарым­қатынас   оқушыларды     тығыз байланыста жұмыстануға жеткізеді. Сабақ барысында оқушылардың достығы нығайып, сабаққа деген жаңа көзқарастары қалыптасып, жаңа, тың идеялармен танысып,   білімдерін   жетілдіріп,   жан­жақты   дамуына   мүмкіндік   алды. Интерактивтік тақтаның көмегімен электрондық оқулықтағы  диалогтарды өз сабағымда   жиі   пайдаланамын.   Диалогпен   жұмыс   үйде   де   жалғасын   тауып отырады. Диалог арқылы оқыту: •  оқушыларды тақырып бойынша сөйлеуге ынталандырады; •  оқушылардың шынайы қызығушылығы анықталады; •  оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді; •  оқушылардың бір­бірінен үйренуіне, басқа оқушылардың идеяларын  құрметтеуіне және бағалауына ықпал етеді; •  әңгімелесу мен ой елегінен өткізу көмегімен ойын жинақтауға көмек береді;         Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш­жігерін жұмсайды және пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады.             Қорыта келе, оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін   жақсы   қарым­қатынастық,   тілдік   дағдылар   және   түсіністікпен   қарау талап етіледі. Мұғалімдер  әдете қолданатын  оқушылар қысқа жауап беретін сұрақтармен салыстырғанда, диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс­қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады.  Пайдаланылған әдебиеттер: 1  «Математика және физика» журналы, №2, 2012 ж 2 Мұғалімге арналған нұсқаулық 3 С.Мирсеитова. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде.  Қарағанды, 2011­«Кәсіби даму мектебі» сериясы

"ДИАЛОГ АРКЫЛЫ ОКЫТУ"

"ДИАЛОГ АРКЫЛЫ ОКЫТУ"

"ДИАЛОГ АРКЫЛЫ ОКЫТУ"

"ДИАЛОГ АРКЫЛЫ ОКЫТУ"

"ДИАЛОГ АРКЫЛЫ ОКЫТУ"

"ДИАЛОГ АРКЫЛЫ ОКЫТУ"
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
16.06.2017