Теңайнымалы қозғалыс
1. 20 м/с бастапқы жылдамдықпен түзусызықты қозғалып келе жатқан дене, 4 м/с2 үдеумен тежеле бастады. 4 с-тан кейінгі дененің жылдамдығы.
2. Бірқалыпты үдемелі қозғалыс кезінде дене тыныштық күйінен бастағанда 5 - ші секундта 90 см жүреді. 7 - ші секундтағы дененің жүрген жолы
3. Суретте берілген
жылдамдық графигі бойынша алғашқы 5 с
аралығындағы дененің орташа жылдамдығы
4. Тежелу басталғанда, локоматив бағдаршамнан 500 м қашықтықта еді. Және осы мезетте оның жылдамдығы 72 км/сағ болатын. Егер локоматив 0,1 м/с2 үдеумен тежелсе, 40 с өткенде оның бағдаршаммен салыстырғандағы орны
5. 18 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан велосипедші таудан түсе бастайды. Егер оның үдеуі 0,8 м/с2 болса, 6 с-тан кейін велосипедшінің жылдамдығы
6. Тең үдемелі қозғалған автомобильдің жылдамдығы 4 с уақытта 45 -тен 5 м/с-ке дейін кемиді. Автомобиль үдеуінің модулі
7. Автомобильдің жылдамдығы 10 с уақытта 10-нан 6 м/с-ке дейін кемиді. Жылдамдықтың уақытқа тәуелділік формуласы және 20 с кейінгі жылдамдығы
8. Дене кемімелі жылдамдықпен түзусызықты қозғалады. Үдеуі 4 м/с2 .-қа тең. Уақыттың кейбір кезінде дененің жылдамдық модулі υ0=20 м/с-ке тең. Дененің 4 с-тан кейінгі жылдамдығы және дененің тоқтаған кездегі уақыты.
9. Ұшақ 216 км/сағ. жылдамдықпен ұшып,сосын 20 с уақыт бойы 9 м/с2 үдеумен қозғалады. Ұшақтың осы уақытта ұшып өтетін ара қашықтықтығы.
10. Поезд 20 м/с жылдамдықпен қозғалады. Тежелгеннен соң,толық тоқтағанға дейін ол 200 м ара қашықтықты жүріп өтті. Тежелудің жүрген уақыты.
Материалы на данной страницы взяты из открытых источников либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.