Диктант
Оценка 4.8

Диктант

Оценка 4.8
Контроль знаний
docx
воспитательная работа
6 кл
29.01.2019
Диктант
Сабақтың тақырыбы: Диктант ( жазбаша бақылау жұмысы ) Сабақтың мақсаты : А) Оқушылардың етістік тарауы бойынша алған білімдерін пысықтау мақсатында жазбаша бақылау диктантын ала отырып, сауатты әрі көркем жазуға үйрету. Ә) Емле ережелерін және орфографиялық заңдылықтарды сақтай білуге дағдыландыру. Б) Ізденімпаздыққа , білімділікке, сауаттылыққа баулу.
диктант 6-сынып.docx
Бекітемін: 18.02.16 Директордың оқу ісі  жөніндегі орынбасары:                            Қазақ тілі ( 6­сынып ) Сабақтың тақырыбы:  Диктант ( жазбаша бақылау жұмысы ) Сабақтың мақсаты: А)   Оқушылардың   етістік   тарауы   бойынша   алған   білімдерін   пысықтау мақсатында   жазбаша   бақылау   диктантын   ала   отырып,   сауатты   әрі көркем жазуға үйрету. Ә) Емле ережелерін және орфографиялық заңдылықтарды сақтай білуге дағдыландыру. Б) Ізденімпаздыққа, білімділікке, сауаттылыққа баулу. Сабақтың әдісі: баяндау әдісі, өзіндік жұмыс Сабақтың түрі: Бақылау сабағы Сабақтың типі: Білік пен дағдыны қалыптастыру Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі ІІ.Негізгі бөлімі Оқушыларға   диктант   жұмысына   алынатын   мәтінді   таныстыру. Мәтіндегі жаңа жолдарды талқылау әрі күрделі, қиын сөздерді тақтаға жазып көрсету. Бұқтырма  Бұқтырма   өзенін   жергілікті   халық   Бұқтырма   деп   атайды.   Бұл   атаудың мағынасын олар өздерінше былай түсіндіреді: ағысы қатты, асау, тау өзені болғандықтан түсіп кеткен нәрсені, мейлі ол мал болсын, мейлі адам болсын қайта тұруға шамасын келтірмей, бас көтертпей тастан­тасқа соғып бұқтырып әкетеді.   Бұқтырма   өзені   жағасында   суға   кетудің   салдарынан   адам,   мал шығыны жиі болады. Сондықтан халық оны Бұқтырма деп атайды, бұл өзен аудан   жерін   шығыстан   батысқа   қарай   аралап   өтеді.Оған   жол­жөнекей   тау­ тастан   шыққан   мыңдаған   бұлақ   келіп   құяды.   Сондықтан   ол   бірте­бірте молайып отырады. Осылай болғандықтан да, ел аузында «Бұқтырма қайдан шығады­бұлақтан шығады, өзінен­өзі шықпайды» деген нақыл айтылады.(99 сөз) «Алтайдың алтын алқасы» Қ.Назырбаев Тапсырмасы: 1. Мәтін ішінен етістіктерді теріп жаз! 2. «Бұқтырма» сөзіне фонетикалық талдау жаса! ІІІ. Сабақты қорытындылау

Диктант

Диктант
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
29.01.2019