Диктанттар жинағы
Оценка 4.8

Диктанттар жинағы

Оценка 4.8
Контроль знаний
doc
русский язык
11 кл
18.02.2018
Диктанттар жинағы
5 сынып Жылына – 8 диктант Сөдер саны – 90-100 сөз № Тақырыбы Сөз саны І тоқсан 1 Ана тілі 102 сөз 2 Қос қыран 104 сөз ІІ тоқсан 3 Ұлпан ауылы 99 сөз 4 Жас қала – Астана 100 сөз ІІІ тоқсан 5 Домбыра 103 сөз 6 Жарастық 92 сөз ІҮ тоқсан 7 Наурыз – тазару күні 90 сөз 8 Айғанша 108 сөз АНА ТІЛІ Ана тілі – бұл атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізге, әжеміз бен атамызға, айналамыздағы ересектерге еліктеп жүріп біле бастаймыз. Ананың ақ сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өзіміз өскен сайын, ержеткен сайын, халықтан, мектептен, кітаптан үйреніп, ана тілін тереңірек біле береміз. Ол – біздің өзгелермен ұғысатын қатынас құралымыз. Әр халық тың жер бетінде жасағаннан бері басынан кешкен өмірі, ерлік істері, аңыз – ертегілері, шығаратын өлең-жырлары, жазған кітаптары, көргені, білгені, жалпы дүние жайындағы ойы, сезімі, бәрі-бәрі де ана тілінде сақталады. Ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады. (90 сөз)5 сынып Жылына – 8 диктант Сөдер саны – 90-100 сөз № Тақырыбы Сөз саны І тоқсан 1 Ана тілі 102 сөз 2 Қос қыран 104 сөз ІІ тоқсан 3 Ұлпан ауылы 99 сөз 4 Жас қала – Астана 100 сөз ІІІ тоқсан 5 Домбыра 103 сөз 6 Жарастық 92 сөз ІҮ тоқсан 7 Наурыз – тазару күні 90 сөз 8 Айғанша 108 сөз АНА ТІЛІ Ана тілі – бұл атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке-шешемізге, әжеміз бен атамызға, айналамыздағы ересектерге еліктеп жүріп біле бастаймыз. Ананың ақ сүтіндей бойымызға біртіндеп сіңіреміз. Өзіміз өскен сайын, ержеткен сайын, халықтан, мектептен, кітаптан үйреніп, ана тілін тереңірек біле береміз. Ол – біздің өзгелермен ұғысатын қатынас құралымыз. Әр халық тың жер бетінде жасағаннан бері басынан кешкен өмірі, ерлік істері, аңыз – ертегілері, шығаратын өлең-жырлары, жазған кітаптары, көргені, білгені, жалпы дүние жайындағы ойы, сезімі, бәрі-бәрі де ана тілінде сақталады. Ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады. (90 сөз)
5 сынып.doc
5 сынып Жылына – 8 диктант Сөдер саны – 90­100 сөз Тақырыбы І тоқсан № 1 2 Ана тілі Қос қыран 3 4 5 6 Ұлпан ауылы Жас қала – Астана Домбыра Жарастық ІІ тоқсан ІІІ тоқсан ІҮ тоқсан 7 8 Наурыз – тазару күні Айғанша Сөз саны 102 сөз 104 сөз 99 сөз 100 сөз 103 сөз 92 сөз 90 сөз 108 сөз АНА ТІЛІ Ана тілі – бұл атаңның, анаңның тілі, туған халқыңның тілі. Ана тілін біз кішкентай кезімізден әке­ шешемізге, әжеміз бен атамызға, айналамыздағы ересектерге еліктеп жүріп біле бастаймыз. Ананың ақ   сүтіндей   бойымызға   біртіндеп   сіңіреміз.   Өзіміз   өскен   сайын,   ержеткен   сайын,   халықтан, мектептен, кітаптан үйреніп, ана тілін тереңірек біле береміз. Ол – біздің өзгелермен ұғысатын қатынас құралымыз. Әр халық тың жер бетінде жасағаннан бері басынан кешкен өмірі, ерлік істері, аңыз – ертегілері, шығаратын өлең­жырлары, жазған кітаптары, көргені, білгені, жалпы дүние жайындағы ойы, сезімі, бәрі­бәрі де ана тілінде сақталады. Ана тілі арқылы атадан балаға ауысып отырады. (90 сөз) ҚОС ҚЫРАН Әкем қыс түскенде анда­санда аңға шығып қоюды ұнататын. Сондықтан біздің үйде күшігінен асыраған екі иті болатын. Бір сары, бір ақ күшікті әкем бір жақтан екеуі де тазының күшігі деп әкеліп еді. Қарашеке күшік дөрегей де, сары күшік құлағы пілдің құлағындай үлкен қара ауыз тазы болып шықты. Оны біз Лашын деп атадық. Лашын күніне жетпей түлкі ұстады. Қарашекенің де өзіндік өнері болып шықты. Келесі бір аңға шыққанда әкем Қарашекені жер­суға сыйғызбай мақтап келді. Таңертең әкем Лашынды қосып, бір түлкі алады. Түлкіні ол темір жолдың ар жағындағы Ақшоқы дейтін таудан аулайтын. Түске таман тағы бір түлкі көріп, Лашын қосылған екен, түлкі інге кіріп ұстатпай кетеді.  (104 сөз) ҰЛПАН АУЫЛЫ Ертеңіне бүкіл Сибан ауылдары Ұлпанның көшіне ілесе, жайлауға тұтас көшті. Бұлары Ұлпанға көрсеткен қошемет еді. Жазғытұры жайлауға бел алған бірінші көш мал ұстаған елдің жыл сайын болып тұратын табиғи көрмесі. Әр ауыл қыстан қалай шықты, жұрттың айдаған малы бытырғыдан көбейген бе, азайған ба? Жастар жағы қалай, ажарлы ма, жас балаларға тай­құтан тиген бе, жоқ па? Осының бәрі төрт – бес күнге созылатын көш­жөнекей түгел көзге түседі. Биыл Сибанның көңілі көтеріңкі еді. Көш тізбектер де үзілмей­бұзылмай ағылып кете барады. Егін­шөп тасуға үйренген жұрт қазақ арбаны азайтып, қос қалқанды бришкеге ауыса бастаған. Анда­санда әр ауыл үйір­үйір жылқыларын айдап өтеді. (99 сөз) ЖАС ҚАЛА ­ АСТАНА Республика даңғылымен жүріп келеміз. Бас көпірден қаланың тура орталығына апаратын жол бұл. Сол қанатта – түріктердің «Ахсел» компаниясы салған «Самал» ықшамауданы жайласқан. Тұрғын үй кешенінде 16 қабатты 64 пәтерлі мұнара үйлер сап түзепр тұр. Қала тұсаукесерінің рәмізі – жас ақ қа йың. Даңғылдың екі шетінде самал желмен баяу тербелген ақ қайыңдардың жас жапырағы үлбірейді. Астананың қай бұрышына ат басын тіресеңіз, бір жақсысы, телефон – автоматпен тегін сөйлесесіз. Таяуда Франциядан телефон­автоматтардың мүлдем жаңасы әкелінеді деген сөз бар. Зәулім   де   сәулетті   үйлердің   төбесі   мен   маңдайшасындағы   жазулардан   көз   сүрінеді.   Тура Алматыдағыдай – «Шапағат», «Мобил ­ цесна», «Бұлақ»... Төңірек мұнтаздай, қисық түскен бір тал шөп таппайсың. (100 сөз) ДОМБЫРА Қазақ музыка мәдениеті тарихында домбыра ел ішіне кең таралған екі, кейде үш ішекті, шертіп немесе   қағып   ойнайтын   музыкалық   аспап   ретінде   ертеден   белгілі   болған.   Қазақ   жерінің   әр өлкелерінде тұратын халық шеберлері домбыраның   өз қалауынша әр түрлі үлгіде жасады. Оған қиын,   қарағай,   жөке,   шырша,   үйеңкі   сияқты   ағаштар   пайдаланылған.   Домбыраның   шанағын бөлшек­бөлшек ағаштардан қиыстырыап немесе сом ағаштан ойып жасайды. Шанақтың қақпағына қос ішектен дыбыс беретін тиек орнатылады. Ал ұзынша мойнына иірген ішектен екі немесе үш оралған пернелер тағылады. АВлғашқы кезде перне саны 5­7 болса, кейін оның саны 9­19 жетті. Домбыра халқымыздың тарихи өмір жолымен тығыз байланысты. Ол халық әндерінің сүйемелеуге және күйлерге тартуға қолданылады. (103 сөз) ЖАРАСТЫҚ Абайдың Мағауия есімді сүйікті ұлы ерте үйленген. Соның сұңғақ бойлы, сәмбі талдай майысқан, аққұба, бұрымы тірсегіне түскен Кәмила есімді кейде еркелетіп, Кәмаш дейтін қызы болған. Ол заманда қызды оқуға беру үрдіс емес. Мағауия сүйікті қызын Семейдегі үш класстық мұғалімдер семинариясында оқуға береді. Сол семинарияның жоғарғы тобында оқып жүрген Мұхтар әлгі аса сұлу, бір бет орысша сөйлеп жаза алатын, періштедей сұңғыла қызды көріп, ғашық боп қалады. Алғашында Кәмила рай бермейді, жүре сөйлеседі. Мұхтар енді шын өртенеді. Мағауияның үйіне ағаларын ел жуандарын елші ғып салып жүріп, ақыры, Кәмиланы айттырады. Қыздың келесімін алады. (92 сөз) НАУРЫЗ – ТАЗАРУ КҮНІ Шығыс халықтарының ежелгі мейрамы наурыз – ұлыстың ұлы күні келеді. Қазақ Республикасының ерікті ел ретінде азаттық туын тіккен кезінде бұл күннің қадір­қасиеті арта түскендей. Күні кешеге дейін   Наурыз   қазақтың   ұлттық   мейремы   деп   айтуға   қорқып   келдік.   Бүгінгі   ккүкөріс қиыншылықтарын айтып, шетімізден жылап жүрміз. Бірақ шүкіршілікті ұмытпауымыз керек.  Адам   баласы   жақсылыққа   тоймайды,   болған   сайын   бола   түссе   екен   дейді.   Дүние   жақсылыққа толуы үшін әр адам өзі жақсылық жасауы мейірімді, кешірімді болуы шарт. Бүгінгі ұлыстың ұлы күні бір жағынан тазару күні. Адамның денесі ғана емес жандүниесі де таза болса дүние жаңарады, жаңғырады. (90 сөз) АЙҒАНША Төлеудің үйі кәдімгідей қонданып қалды. Төлеудің өзінен гөрі қазір Тәңірбергеннің құлшылығында жүрген інісі – Қалау табыскер. Жаз бойы ол ағасының үйіне азық­түлікпен киім­кешекті науадай құйып жатыр. Мырзаға еріп қалаға барған сайын қолы құр қайтпайды. Таққа құрғанда қоржынның екі басын шай, бекерге сидалып әкеледі. Кейбіреулері мұнша мол табысты жаман Қалаудың бойына сыйымсыз көреді. Келер жері кең екенін сезетін.  Бұл өңірдің халқы емге таба алмайтын қара азықты да кейінгі күндері ақалай пыттап – сандап әкеп тастап жүр. Орамал шаршыда есеп жоқ. Екі жеңгесі мен бөпелері қос­қостан көйлек киді. Ал Төлеу білте мақпалдан бешпент шалбар киіп, азғана уақыттың ішінде үй ішінің иығы бүтінделіп қалды. (108 сөз)

Диктанттар жинағы

Диктанттар жинағы

Диктанттар жинағы

Диктанттар жинағы

Диктанттар жинағы

Диктанттар жинағы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
18.02.2018