8 сынып
Жылына – 5 диктант
Сөдер саны – 120 - 150 сөз
№ Тақырыбы Сөз саны
І тоқсан
1 Туған жер төсінде 111 сөз
ІІ тоқсан
2 Нартәуекел 143 сөз
ІІІ тоқсан
3 Ескендір 132 сөз
4 Домбыра 147 сөз
ІҮ тоқсан
5 Аңыз кейіпкері 139 сөз
ТУҒАН ЖЕР ТӨСІНДЕ
Аманайды елге жеткіземін, қайтсем де шыдаймын деген жансебіл Балзияның, соңғы дәрмені Қылкөпірдің үзілген жерін көргенде бітіп еді. Осыған дейін қан жүгірген алпыс екі тамыры осы жерде быт-шыт үзіліп кеткендей, басы зеңіп, көзі қарауытып, екі құлағы тарс бітеліп, шыңылдап қоя берген. Өлімнің жеткенін анық сезген.
Енді оның топшылауынша бір-екі сағаттық ғұмырында Аманайдьі аман сақтау. Оның жолы біреу-ақ: азулы шыңын айналып өтер қарлы жондағы ауыр да болса, төте жолды ұқтырып кету. Өлім алдындағы шөл қысқан Балзия, тандайы кебірсіп, тілі байлана бастағанын аңғарып, немересіне соңғы ақылын айтқан болды.
— Менің саған енді, масылдықтан басқа пайдам жоқ. Мені тастап, әлгі жолмен қайта орал: Шынды бетке алып, күн батысқа қарай өрлеп жүре берсең елді табасың. (111сөз).8 сынып
Жылына – 5 диктант
Сөдер саны – 120 - 150 сөз
№ Тақырыбы Сөз саны
І тоқсан
1 Туған жер төсінде 111 сөз
ІІ тоқсан
2 Нартәуекел 143 сөз
ІІІ тоқсан
3 Ескендір 132 сөз
4 Домбыра 147 сөз
ІҮ тоқсан
5 Аңыз кейіпкері 139 сөз
ТУҒАН ЖЕР ТӨСІНДЕ
Аманайды елге жеткіземін, қайтсем де шыдаймын деген жансебіл Балзияның, соңғы дәрмені Қылкөпірдің үзілген жерін көргенде бітіп еді. Осыған дейін қан жүгірген алпыс екі тамыры осы жерде быт-шыт үзіліп кеткендей, басы зеңіп, көзі қарауытып, екі құлағы тарс бітеліп, шыңылдап қоя берген. Өлімнің жеткенін анық сезген.
Енді оның топшылауынша бір-екі сағаттық ғұмырында Аманайдьі аман сақтау. Оның жолы біреу-ақ: азулы шыңын айналып өтер қарлы жондағы ауыр да болса, төте жолды ұқтырып кету. Өлім алдындағы шөл қысқан Балзия, тандайы кебірсіп, тілі байлана бастағанын аңғарып, немересіне соңғы ақылын айтқан болды.
— Менің саған енді, масылдықтан басқа пайдам жоқ. Мені тастап, әлгі жолмен қайта орал: Шынды бетке алып, күн батысқа қарай өрлеп жүре берсең елді табасың. (111сөз).
8 сынып.doc
№
1
2
3
4
Туған жер төсінде
Нартәуекел
Ескендір
Домбыра
І тоқсан
ІІ тоқсан
ІІІ тоқсан
ІҮ тоқсан
111 сөз
143 сөз
132 сөз
147 сөз
139 сөз
8 сынып
Жылына – 5 диктант
Сөдер саны – 120 150 сөз
Тақырыбы
Сөз саны
5
Аңыз кейіпкері
ТУҒАН ЖЕР ТӨСІНДЕ
Аманайды елге жеткіземін, қайтсем де шыдаймын деген жансебіл Балзияның, соңғы дәрмені
Қылкөпірдің үзілген жерін көргенде бітіп еді. Осыған дейін қан жүгірген алпыс екі тамыры осы жерде
бытшыт үзіліп кеткендей, басы зеңіп, көзі қарауытып, екі құлағы тарс бітеліп, шыңылдап қоя берген.
Өлімнің жеткенін анық сезген.
Енді оның топшылауынша бірекі сағаттық ғұмырында Аманайдьі аман сақтау. Оның жолы біреуақ:
азулы шыңын айналып өтер қарлы жондағы ауыр да болса, төте жолды ұқтырып кету. Өлім алдындағы
шөл қысқан Балзия, тандайы кебірсіп, тілі байлана бастағанын аңғарып, немересіне соңғы ақылын
айтқан болды.
— Менің саған енді, масылдықтан басқа пайдам жоқ. Мені тастап, әлгі жолмен қайта орал:
Шынды бетке алып, күн батысқа қарай өрлеп жүре берсең елді табасың. (111сөз).
НАРТӘУЕКЕЛ
Көшпелі өмір тауқыметі, өзі қоныстанған ұланғайыр кеңістікте толастап көрмеген жаугершілік,
әлділердің озбырлығы, қашанда жазықсыздарды сергелдең ететін бақталастык, өмірбақи кедейдің
соңынан қалмайтын аштық пен жалаңаштық қазақтың бойына көнбістік, жазмышқа, тағдырға бой ұсыну
пиғылымен бірге төніп келген қатерге "Нартәуекел!" деп қарсы тұра білу қабілетін қалыптастырған.
Өмірдегі сәттілік пен сәтсіздіктің өзі шыдамдылыққа, оралымдылық пен шыңдалғандыққа, жас
ұрпақтың қалай өсіп, қандай тәрбие алатынына байланысты болғандықтан сахара тұрғындары осынау
қасиеттерді баланың бойына қаршадайынан сіңіре беруге баса назар аударған. Сол себептен де болуы
мүмкін, қазақтың көп әдетғұрпы адамның дүниеге келуіне, балалық шағына, есейіп, ер жетуіне
орайластырылған. Нәресте дүниеге келгенде өткізілетін шілдеханада ауқаттылар арнайы қонақ асы
беріп, ақын айтыстырып, ат шаптырып, көкпар тартқызатын болған. Сәбиге ауылдағы ең қадірмеңді
азаматтың немесе көнекөз қарттың есімі берілетін. Кейде бүлдіршінге көз тимей, тіл мен пәледен таса,
мығым азамат болып өссің деген ниетпен кез келген тіптен ынғайсыздау ат та беріле салынатын. (143
сөз). ЕСКЕНДІР
Жұртгың бәрі Ескендірдің ептілігі мен ер жүректілігіне тақ қалады, ал патша өз баласын кұшақтап
тұрып: "Ұлымай, өзіңе шақ патшалық ізде, Македония саған олқылық етер", — деген екен.
Александрдың бойына біткен алғыр ақылы, тапқырлығы, батырлығы ерекше еді. Оны ағасы төзімді,
барынша күшті, тамақ талғамайтын жауынгер етіп тәрбиеледі. Ағасының таңертеңгілік ас орнына түнгі
жорықтағыдай атқа мінгізіп шапқылатқанын, ал түскі тамақ қатаң ертең ішетіндей жұпыны асты талғамау
етіп үйреткенін Александр кейін де талай есіне алып жүріпті.
Александр күнде ойын, күнде той дегенді жанымен жек көрді. "Ерке — тотайлық пен сәнсалтанаттан
асқан құлдық, еңбектен артық патшалық жоқ" дегенді жиі айтатын.
Ежелгі дүниенің атақты ғалымы Аристотель Александрдың ұстазы болды. Ғалым ханзадаға әлем,
табиғат жайында, адам мен мемлекет хақында әңгімелер айтып беретінді.
Жігіт те ұстазына: "Өзгелерден тек күшқуатыммен ғана емес, сондайақ ең жоғары тұрған ақылмен
де асып түскім келеді" — дейтін. (132сөз)
ДОМБЫРА
Қазақ музыка мәдениеті тарихында домбыра ел ішіне кең таралған екі, кейде үш ішекті, шертіп
немесе қағып ойнайтын музыкалық аспап ретінде ертеден белгілі болған. Қазақ жерінің әр
өлкелерінде тұратын халық шеберлері домбыраны өз қалауынша әр түрлі үлгіде жасады. Оған қайың,
қарағай, жөке, шырша, үйеңкі сияқты ағаштар пайдаланылған. Домбыраның шанағын бөлшекбөлшек
ағаштардан қиыстырып немесе сом ағаштан ойып жасайды. Шанақтың кақпағына қос ішектен дыбыс
беретін тиек орнатылады. Ал ұзынша мойнына иірген ішектен екі немесе үш оралған пернелер тағылады.
Алғашкы кезде перне саны 57 болса, кейін оның саны 919ға жетті.
Домбыра халкымыздың тарихи өмір жолымен тығыз байланысты. Ол халық әндерін сүйемелдеуге
және күйлер тартуға қолданылады.
Қазақ халкының көне музыка аспабының бірінен саналатын бұл домбыра күйшікомпозиторлардың
күмбірлеген көмейі, боздаған үні мен сұңқылдаған тіліне айналып отырған.
Казақ халқынын небір әнкүйлері мен жырдастандары кейінгі ұрпаққа осы домбыра арқылы жеткен.
Қазір оркестрге лайықталып жасалған домбыраның прима, тенор, бас сиякты түрлері өмірге келді. Осы
секілді он тоғыз пернелі жетілдірілген жаңа домбырамен нотаға жазылған кез келген музыкалық
шығарманы орындауға болады. (147 сөз).
АҢЫЗ КЕЙШКЕРЛЕРІ
Қасиетті Қорқыт ата адам ғұмырының соншалық шолақтығына наразы болып мәңгілік өмір іздеп,
дүниенің төрт бұрышын шарлайды. Бармаған жері, баспаған тауы қалмайды. Қай ойпатқа түспесін, қай
қыратқа шықпасынсарғаймайтын бақшабау, шөкпейтін асқар тау, үгілмейтін тас, қартаймайтын жас
кездестіре алмайды. Қай қалаға ат басын тіресе, сол қалада көр қазып жатқандарға тап болады. Ақыр
аяғында ажалға қарсы ем таппай, өлмес өмірді өнерден іздеп, күй шығарады. "Адамның өзі өлсе де, ісі
өлмейді" деп түйеді.
Қорқьптан кейінгі әйгілі аталарымыздың бірі — Асан Қайғы. Ол желмаяға мініп, жеркөкті біраз
шарлайды. Елді жау алмайтын, малды жұт алмайтын, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған жер жаннаты
Жерұйықты іздейді. Алайда сол Жерұйығын таба алмай, Ұлытауға жеткен кезде дүние салады.
Бұл екі аңыздың кейіпкерлері өмірде болған адамдар делінеді. Алайда, халық қиялынан туған
кейіпкерлер де болуы мүмкін. (139сөз)
Диктанттар жинағы
Диктанттар жинағы
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.