Дүние жүзі тарихы пәнінен сабақ жоспары: 10 - сынып Халықаралық қатынастар
Оценка 4.9

Дүние жүзі тарихы пәнінен сабақ жоспары: 10 - сынып Халықаралық қатынастар

Оценка 4.9
Разработки уроков
docx
история
Взрослым
27.04.2017
Дүние жүзі тарихы пәнінен сабақ жоспары: 10 - сынып     Халықаралық қатынастар
Халықаралық қатынас -XX ғacыр соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980-ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама-қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі өзара байланысты процесcтердің елеулі әсеріне үшырады - капиталистік сипаттағы әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану проңесінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр.
сабақ жоспары халықаралық қатынастар.docx
10­сынып. Дүние жүзі тарихы Сабақтың тақырыбы: § 28. Халықаралық қатынастар Сабақтың мақсаты:  ХІХ ғасырдың соңында капитализмнің империализм сатысына өтуіне байланысты  аса ірі капиталистік мемлекеттердің сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен  мақсаттарын баяндап, оның басқыншылық сипатын ашып көрсету. Империалистік  державалардың дүние жүзін қайта бөлу жолындағы соғыстарын нақты деректермен  түсіндіру.  Үштік одақ пен Антантаны құруға жеткізген келісімдердің сипатын ашып, екі  одақтың арасындағы қайшылықтардың шиеленісуі. 1914 жылы Бірінші дүниежүзілік  соғысқа әкеп тірегеніне оқушылардың назарын аудару. Сабақтың түрі:аралас Әдісі: баяндау, сұрақ – жауап,жұптық және топтық  жұмыс Көрнекілігі:кітап,дәптер,тақта,карточка Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі  Оқу құралын тексеріп түгелдеу  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: Маңызды оқиғалар:  ХҮІІІ ғ.­ Түркі империясында саяси –экономикалық дағдарыс басталды.  ХҮІғ.­ХҮІІ ғ. басы­империяның әр аймақтарына халық қозғалыстары таралды, Араб феллахтары Сирия мен Иракта феодалдық қанауға қарсы қарулы көтеріліс жасап, Бағдатты алды.  ХҮІІІ ғ.­ бірінші ширегінде Иран Ресей қысымына түсті.  1730­1735 жж.­Түрік империясы Иранға көпжылдық соғыс ашты.  ХҮІІІ ғ. екінші жартысы­мысырдағы мәмлүктер патшасы Әли­бей сұлтанға қарсы шығады, 17820 ж. ағылшындардың Ост­Үнді компаниясы зорлығына арабтар қарсы шықты.  ХҮІІІ ғ. ортасы­Арабия түбегінде Мұхаммед ибн Абд әл­Уаххаб бастаған қозғалыс басталды.  1671 ж. –мәмлүктер ел билеушісін сайлады.  1795 ж.­ АҚШ­пен бейбітшілік, достық туралы шартқа қол қойылды.  1798­1801 жж.­Франция мен соғысқан Түркия парижбен байланысын үзді  1830 ж.­ Франция Алжирге 37 мың әскермен басып кірді.  1834 ж.­ француздар бейбіт бітім жасады.  1835 жылы­бітімді қайта бұзып соғыс ашты.  1844 ж.­ Франция жаңа соғыс бастады.  1845 ж.­ Абд әл Қадыр елге қайта оралып, күресті жалғастырды.  1849­1851, 1854­1857 жж. – Алжир көтерілістері   1798 ж., 1 шілде­Францияның Мысырға жорығы 1801 ж.­ француздар толық жеңіліске ұшырады  Англия мен Францияның Амьен келісімі бойынша ағылшын әскерлері елден шығарылды.  1804 ж. – түріктер мысырдан қуылды  1807 ж.­ Мұхаммед Әли ағылшындарды Мысырдан қуды.  1808 ж.­ жер реформасын жүргізіп, феодалдар мен мәмлүк жерлерін тартып алды. ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары: 1. Дүние жүзін аймақтық тұрғыдан бөлуді аяқтау.  Англияның және Францияның дүние жүзін бөлісуді аяқтауы  Германияның отарлар басып алуы, итальяндық отарлау  Жапонияның басып алу соғысы 2. Әскери саяси блоктардың құрылуы  Үштік одақтың құрылуы және оның міндеті  Антанта одағының құрылуы және оның міндеті 3. ХІХ ғасырдың соңы және ХХ ғасырдың басындағы империалистік соғыстар Халықаралық қатынас ­XX ғacыр соңғы он жылдығында халықаралық қатынастардағы жағдай түбегейлі өзгерді. 1980­ші жылдардың соңына дейін олардың басты сипатына әлемдік қауымдастықтың екі қарама­қарсы одаққа жіктелуі тән болды. Халықаралық қатынастар эволюциясы екі өзара байланысты процесcтердің елеулі әсеріне үшырады ­ капиталистік сипаттағы әлеуметтік қатынастарға негізделген әлемдік нарықтың бірлігін қалпына келтіру және жаһандану проңесінің қарқынды дамуы. Нәтижесінде елдер мен халықтардың өзара тәуелділігі артуда, шешімін табу үшін халықаралық әріптестікті дамытуды талап ететін жалпы әлемдік, ғаламдық сипаттағы мәселелердің көбеюі орын алып отыр.  Үштік одақ — 1882 ж. құрылған Германия, Австро­Венгрия және Италиямемлекеттерінің әскери­саяси одағы. 1879 ж. Германия Австрия — Венгриямен өзара одақтасу туралы шарт жасасты. 1882 ж. бұл одаққа Италия қосылды. Германия дүниежүзілік үстемдікке ұмтылса, Италия жаңа жерлерді отарлау жолындағы күресте Франциямен бақталас болды. Үштік одақ шарты төрт рет жаңартылды: 1887, 1891, 1902 және 1912. Үштік одақ елдерінің саясаты герман империализмінің өсіп келе жатқан басқыншылығын, оның отар жерлерін кеңейтуге, тауар өткізетін жаңа рыноктар мен шикізат көздерін басып алуға ұмтылатындығын көрсетті. Осы саясатты жүзеге асыруда Германияның Ұлыбританиямен бетпе­бет келуіне тура келді, өйткені оның қолында орасан зор отар жерлер бар еді. 1904 — 1907 ж. Үштік одаққа қарсы Ұлыбритания, Франция, Ресей одағы құрылды. Сонымен Еуропа қарулы күштері екі лагерьге бөлінді, мұның өзі 1­дүниежүзілік соғыстың ашылуына себепкер болды. 1­ дүниежүзілік соғыс басталғанда, Италия өзінің бейтараптығын жариялады. 1915 ж. мамырда Италия Антанта мемлекеттерімен шарт жасасып, өзінің одақтастары Австрия — Венгрия мен Германияғақарамақарсы соғысты. Сөйтіп, Үштік одақ. жойылды. Антанта (франц. Entente, Entente cordіale – “келісім”) – Англия, Франция мен Ресеймемлекеттерінің әскери одағы. Бастапқыда “Үштік келісім” деп аталды. Негізі 1904 – 07 жылдары қалыптасып, бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Германия коалициясына қарсы 20­дан астам мемлекетті біріктірді. Антантаның құрылуы 1882 жылы Германияныңбасшылығымен құрылған “Үштік одаққа” қарсы жауап ретінде 1891 – 93 жылдары орыс­француз одағының жасалуынан басталды. 20 ғасырдың бас шиеленісуі Англияның Франция және Ресеймен қақтығысын артқа ысырды. 1904 кезіндегі ағылшын­германқайшылықтарының жылы ағылшын­француз келісімі, 1907 жылы орыс­ағылшын келісіміне қол қойылды. Антанта елдері Германияғақарсы соғысқа әзірлене отырып, Италия мен Австрия­ Венгрияны “Үштік одақтан” бөліп әкетуге әрекеттенді. 1­дүниежүзілік соғыс басталғанға дейін­ақ Италия “Үштік одақтың” құрамында қала отырып, Антанта елдерімен байланысын нығайтты. 1915 жылы мамырда Италия Антанта жағына шықты. 1914 жылы қыркүйекте Лондонда Англия, Франция, Ресейдің арасында одақтық әскери шартқа қол қойылды. Соғыс барысында Антантаға біртіндеп жаңа мемлекеттер қосыла бастады. 1915 жылы қазанда бұл келісімге Жапония қосылды. Соғыстың соңына қарай Антантаның құрамында (Қазан төңкерісінен кейін Ресей Антантаның құрамынан шығып кеткен еді): Англия, Бельгия, Италия, Қытай, Куба, Либерия, Никарагуа, Панама, Перу, Португал ия, Румыния, Сан­Доминго, Сан­Марино, Сербия, Сиам, АҚШ, Франция, Уругвай, Черного рия, Хиджаз, Экуадор, Жапония болды. Қазан төнкерісінен кейін Антанта елдері кеңес мемлекетіне қарсы қарулы интервенция ұйымдастырды. 1917 жылы 23 желтоқсанда Англия мен Франция Кеңестік Ресейге қарсы интервенция жасау жөнінде келісімге қол қойды. Интервенция 1918 жылы наурыз айында басталды, оған одаққа кіретін басқа елдер де белсене қатысты. Алайда Антантаның кеңес өкіметіне жасаған жорығы сәтсіз аяқталды. 1­дүниежүзілік соғыстан кейін көп ұзамай Антанта ыдырап кетті.  ІҮ. Сабақтың бекіту: 1. Англия мен Франция арасындағы бақталастық күрес ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қай құрлықта шиеленісе түсті? 2. Қиыр Шығысты қай ел басқыншылық саясатқа көшіп, көрші елдерге көз аларта  бастады? 3. Сан­Стефано келісімі бойынша қандай елдер өз тәуелсіздігіне қол жеткізді? 4. 1907 жылғы ағылшын­орыс келісімі бойынша қандай мәселелер шешілді? 5. Антанта одағы қашан құрылды? 6. Балқан халықтарының бірігуіне қандай оқиғалар себеп болды? 7. 1913 жылғы Балқан соғысының салдары қандай болды? Ү. Бағалау: ҮІ. Үйге тапсырма: жылдар жаттау, сұрақтарға жауапты аяқтау

Дүние жүзі тарихы пәнінен сабақ жоспары: 10 - сынып Халықаралық қатынастар

Дүние жүзі тарихы пәнінен сабақ жоспары: 10 - сынып     Халықаралық қатынастар

Дүние жүзі тарихы пәнінен сабақ жоспары: 10 - сынып Халықаралық қатынастар

Дүние жүзі тарихы пәнінен сабақ жоспары: 10 - сынып     Халықаралық қатынастар

Дүние жүзі тарихы пәнінен сабақ жоспары: 10 - сынып Халықаралық қатынастар

Дүние жүзі тарихы пәнінен сабақ жоспары: 10 - сынып     Халықаралық қатынастар

Дүние жүзі тарихы пәнінен сабақ жоспары: 10 - сынып Халықаралық қатынастар

Дүние жүзі тарихы пәнінен сабақ жоспары: 10 - сынып     Халықаралық қатынастар
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.
27.04.2017