Балабақшамен қоштасу "Қош бол, балабақшам"
Құрметті ата - аналар, ұстаздар бүгінгі "Жидек" ересек тобының "Қош бол, балабақшам" атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңізде есен – аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманың
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын
2Жүргізуші:
Қоштасу кеші!
Біз бәрін шақырдық па мерекеге?
1бастаушы:
Ешкімді ұмытқан жоқпыз ба?
2Жүргізуші:
Жоқ
1Жүргізуші
Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
Жүздерінен көркем шаттық арайлы
Болсын солай әрбір күнің, әр айын
Біздін түлектерімізді қарсалыңыздар!
Білімдіде жан-жақты Орал Санжар мен Жазира.
Ержүрек Жанарыс,көз тартар биші Әйгерім.
Тамаша жақсы бала Ерсұлтан,Сүйкімді қыз Шынар.
Салмақты бала Арыстан,Биязы қыз Аружан.
Әр нәрсенің мәні бар Алихан мен Сабинаның өз орны бар.Балабақшамен қоштасу "Қош бол, балабақшам"
Құрметті ата - аналар, ұстаздар бүгінгі "Жидек" ересек тобының "Қош бол, балабақшам" атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңізде есен – аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманың
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын
сценарий Балабақша.docx
Балабақшамен қоштасу "Қош бол, балабақшам"
Құрметті ата аналар, ұстаздар бүгінгі "Жидек" ересек
тобының "Қош бол, балабақшам" атты ертеңгілігіне қош
келдіңіздер!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңізде есен – аман бармысыздар?
Таусылмайтын ағытып ой арманың
Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын
2Жүргізуші:
Қоштасу кеші!
Біз бәрін шақырдық па мерекеге?
1бастаушы:
Ешкімді ұмытқан жоқпыз ба?
2Жүргізуші:
Жоқ
1Жүргізуші
Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын кешімізді біз бастайық
Жүздерінен көркем шаттық арайлы
Болсын солай әрбір күнің, әр айын
Біздін түлектерімізді қарсалыңыздар!
Білімдіде жанжақты Орал Санжар мен Жазира.
Ержүрек Жанарыс,көз тартар биші Әйгерім.
Тамаша жақсы бала Ерсұлтан,Сүйкімді қыз Шынар.
Салмақты бала Арыстан,Биязы қыз Аружан.
Әр нәрсенің мәні бар Алихан мен Сабинаның өз орны бар.
Сұңғақ бойлы Мақсат,биші қызымыз Мадина.
Білімді де жанжақты Алибек пен Наргиз.
Топтың сабырлы да ұяңы Тимур мен Юлиана.
Сұңғақ бойлы Санжар,Бота көзді Аяна.
Жақсы бала Нұрали мен нәзік қызымыз Амина.
Қайсар жігіт Давид,ерек қызымыз Диляра.
Спортшы Жан мен сабырлы да ұяңы Инара.
Ержүрек Алан мен тақпақ айтып тамсандырған
Амира Құрметті қонақтар армысыздар
Бәріңізде есесенсау бармысыздар?!
Қоштасатын күн келді бақшаменен
Апайларға айтатын алғсымыз бар.
Тақпақтар:
Томирис.
1.Бақшадағы күндері есімізге сақтаймыз
Тәрбиеші еңбегін, бәріміз де ақтаймыз
Айдос
2.Бақшамызды ұмытпай, келіпкетіп тұрайық
Сондай кезде апайлар, қалады ғой қуанып.
Айгүл.
3.Үлкендердей таптаза, жазамыз бормен тақтада
үлгілі бала боламыз жүретіндей мақтана.
4: Мансур. Ақ тілекті ағытып бір тастайық
Қоштасатын әнімізді бастайық
Әдеп пенен өнегені үйреткен
Бақшамызды есімізде сақтайық
Ән «Мектепке енді барамыз»
Амира.
Кане биге басайық,салтанатты көңілді
Би «Танец с игрушками »
Таң тамаша жасайық, шалқытып шат өмірді! Ән: «Әже мен мектепке барамын»
(есік жақтан жылаған дауыс шығады) «Мен бәрібір
мектепке барамын»
Күтушілермен патша шығады
Ой, ой, ой не істесем екен? барлық патшалықты аяғынан
тұрғызды
Отырыңыз патшам, демалыңыз
Оқығысы келеді оның. Жоқ дедім! Демек жоқ! Оқу –
бұл патшалықтың ісі емес! Ешкім де тыңдата алмады.
Аққу, қаздарды шақырдым. Бәрі ештеңе істей алмады.
Бәлкім сіздер айтарсыздар не істеуге болатынын? Мүмкін
ұзатармыз! Ал сіздер қыздарыңызды ұзаттыңыздар ма?
(жылаған дыбыс естіледі)
Патша:
Ақ саусағынан ұстап аққуымды әкеліңдер
Күтушілер:
Қазір бір минут патшам!
Патша:
Мектепке жібермеймін! Осыны біл!
Мектепте жақсы, онда бестік алады дейді ғой
Патша:
Жарайды, біз сағана қанша бестік керек сонша әкеліп
берейік. Күтуші аналар әкеліңдер бестікті
(күтуші аналар 2лік әкеледі)
Сіздер не әкелдіңіздер! Бұл деген екілік емес пе?
Жылайды
Патша:
Ой біз әбден құрыдық
1 бастаушы;
Қапаланбаңыз патшам! Біз сізге көмектесеміз. Бізде «5ті
қағып ал деген» өте қызық ойын бар! Қазір біздің
балалардың бесті қалай қағып алғанын қараңыз.
(Ханшайым қағып алады, қуанады.)
Ханшайым: Ура! Мектепке барғым келеді!
Патша: Не істейсің мектепке барып?
Ханшайым: Мен ештеме істей білмеймін онда мені
билеуге үйретеді.
2 бастаушы: Ханшайым қараңыз біздің балалар қалай
билейді.
Би: « »
Патша: Айналайын сен осыны да білмеймісің? Сен бұдан
да күшті билейсің. Біз қазір саған музыка ойнаймыз сен
билейсің. Күтуші аналар музыкалық аспапты әкеліңдер.
(Патша, күтуші аналар музыка ойнайды. Ханшайым билей
алмайды жылайды)
Ханшайым: Әне сендер дұрыс ойнай алмайсыңдар
сондықтан мен келістіріп билей алмадым.
Патша: Міне қызық, бізді ешкім үйреткен жоқ сосын
білмейміз.
1 бастаушы: Біздің балалар әртүрлі музыкалық
аспаптардың сүйемелдеуімен ән айтып біледі. Қане
балалар өнерлеріңді көрсетіңдер.
Оркестр: Ән: «Тұлпарым» Нұрхан
Патша: ОЙ! Қандай тамаша! Жаны елжіреп әндетеді.
(Ханшайым жылайды)
Патша: Бұл не деген жылау. Әкесіне бір минут та тынығу
жоқ.
Ханшайым: Мектепте мені өлең айтуға да үйретер еді.
2 бастаушы: ханшайым сен ән айтқанды жақсы көресің бе,
ендеше тыңда. Ән: « Қош бол, балабақшамыз»
Патша: Қызым, тәттім, біз саған ән үйрететін мұғалімнің
ең жақсысын табамыз.
Ханшайым: Мен ән сабағын жалғыз емес балалармен бірге
оқығым келеді. Жалғыз болғаннан жалықтым қызық емес.
Күтуші аналар: Балмұздақ жегің келіп тұр ма?
Жоқ.
Әлде тоқаш жейсің бе?
Жоқ.
Марс немесе сникерс?
Жегім келмейді.
Патша: құлпынайым менің, жемісім. Әр түрлі қонақтарды
шақырайын сенің көңіліңді көтерсін. Күтуші аналар
қонақтарды шақырыңдар.
Күтуші аналар: тыңдап тұрмыз, патшам.
(Қонақтар келеді)
Ән: ағылшынша.
Патша: Ой, қандай тамаша!
Ханшайым: Мен бұлай айта алмаймын, бұл ән тіпті қиын.
Патша: Мен айттым ғой саған мектепте бәрі қиын деп.
Оқу, білім алу – қиын жұмыс.
Күтуші аналар: ҰБТ тапсыру керек. Тапсырмаларды
орында қиын.
Патша: Сен оны істей алмайсың.
Күтуші аналар: Басың қатады.
1 бастаушы: Ханшайымды қорқытпаңдар. Мектепте бәрін
үйретеді. Тапсырмаларды орындау тіпті қиын емес. Аздап
ойлансаң жауабы дайын.
Тапсырмалар: 4 баланың неше құлағы бар?
5 әтеште неше құйрық бар?
Көгалда 7 қоян отыр. Аңшы атқанда олар қашып кетті.
Көгалда неше қоян қалды?
Қақпаның арғы жағында 8 құлақ көрініп тұр. Неше мысық
тығылған?
Ханшайым: Ура! Мен таптым мектепке барғым келеді.
Патша: Баяғы әдеті. Сен білесің бе мектепке ерте тұру
керек. Таңғы асыңды тез ішіп портфель жинау керек.
Ханшайым: Портфель! Портфель керек!
Патша: күтуші аналар тез портфельді әкеліңдер.
(Чемодан әкелінеді)
Ханшайым: Бұл деген чемодан ғой.
Күтуші аналар: Біздің патшалықта бұдан басқасы жоқ.
Ханшайым: маған кәдімгі балалардың портфелі керек.
2 бастаушы: міне саған нағыз портфель. Жинап көр.
(Жинайды. Келістіре алмайды)
1 бастаушы. Сен ренжіме алғашқы уақытта саған күтуші
аналар көмектеседі. Сосын өзің де үйреніп аласың. Қара
біздің балалар портфельді қалай жинайды. Ал аналары
мектепке тамақ әзірлейді.
Ойын: "Портфельді жина".
Ханшайым: Менің қолымнан ештеме келмейді.
Патша: Сенің көңіліңді қалай тапсам екен?
(Музыкамен Емеля кіреді)
Емеля: Сәлем халайық. Сәлем патшам.
Патша: Сәлем, Емеля.
Емеля: Ханшайым неге жылап отыр.
Ханшайым: Мені мектепке жібермейді.
Емеля: Жылама. Одан да мектеп туралы көңілді ән тыңда.
Ән сабағында ән айтып би билейді.
Ән:"Домбырасыз ән қайда" Гүлназ Би:"Атамекен"
Ханшайым: Емеля сен мектепке барғың келеді ме?
Емеля: Әрине.
Ханшайым: Менің де барғым келеді.
Емеля: Жүр менімен.
Патша: Әй, Емеля, тоқта! Тағы не ойлап таптың?
Ешқандай да мектеп жоқ.
Емеля: Онда барлығы дым білмес болады ғой.
Патша: Ал, менің қызыма оқу не үшін керек? Бізде
сандық толы алтын бар, күміс бар.
Емеля: Ол ақшаны да санай алмайды ғой.
Патша: Қалайша! Сенікі де шындық.
Емеля: Жазып қол қоя да білмейді.
Патша: Иә, бұл да дұрыс.
Емеля: Барлығы оны кішкентай деп мазақтауы да мүмкін.
Бала деген осы.
(2 кіншкентайлар тобының балалары тәрбиешімен бірге
кіріп, шеңбер жасап шығып кетеді).
Емеля: Патшам көрдіңіз бе?
Патша: Мені сендірдің, Емеля. Қанша айналдырсаң да
оқымысты болған жақсы. Әйтпесе барлығы алдап кетеді.
Қалайша біз соны түсінбедік. Емеля мектеп алыс па?
Емеля: Жоқ. Жүріңдер мен сіздерге көрсетейін.
(Шығып кетеді)
1 бастаушы: Міне қандай керемет.
Тәрбиеші: Оқимыз білім аламыз
Болашақ жолын саламыз
Бақшаменен қоштасып
Біріншіге барамыз деп енді баларымыз балабақшадағы
апайларына өз ризашылықтарын білдірмек
Біздер үшін еңбек еткен шаршамай
Тақпақтар
Жанель:Орын берген бақшадан,
Меңгерушіжақсы адам
Сондықтан да біз үшін,
Артық өзі басқадан
Жеткіземіз біз ертен,
Болашаққа даңқынды
Меңгеруші апайым
Ирина Александроваға
Бар баланың алғысы.
Ясмин:Жақсылыққа құштармыз,
Жақсы адам боп шығармыз
Қабылданыз мың алғыс.
Әдіскер Оксана Валентинова мен Надежда
Васильевна тәтеміз.
Жайна:Әрқашан өзі тынбайтын
Мейірлене қарайтын
Жарқын жүзді жақсы адам,
Біздің Қаракөз тәтеміз.
Біздің сәби жүректен
Сізге де көп алғыс айтамыз.
Мирас:Көрсе егер баланы
Мейірлене күледі,
Сондықтан Жания тәтені
Балалар жақсы көреді.
Хаят:Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып,билеткен, Таныстырған ең алғаш
Әріптермен,суретпен
Тәрбиеші тәтеміз,
Жақсылыққа құмармыз
Жақсы адам боп шығармыз.
Таза сәби жүректен,
Қабылдаңыз мың алғыс.
Тәрбиеші тәтеміз.
Талғат:Тамылжытып ән салдыртып үйреткен,
Жүгіріп,жүріп талай билер үйреткен
Анета апай, сізге алғыс айтамыз
Мың қайтара сәби бала жүректен.
Қ.Мансур:Шынығамыз, ойнаймыз
Бір сәт барсақ тынбаймыз
Өйткені Ардақ тәтеміз,
Сабақты қызықты өткізді
Сізге де біз айтамыз,
Шын жүректен мың алғыс!
Әмір:Есепқисап жүргізетін,
Бақшаға кіріс кіргізетін
Есепші Любовь Николаевна тәтеге
Айтамыз мың алғыс!
Асанәлі:Тәтті тамақ пісірген,
Айран,сүтті ішкізген
Аспазшы апай сізге де,
Айтамыз біздер мың алғыс.
1тәрбиеші:Қуаныш бүгін біздерде апайлар,
Боламыз енді біз сыныптастар
Күтеді бізді ұлы жол,
Шаттыққа толы армандар.
Ән: « »
1 тәрбиеші:Жаңа өмір басталсын
Үміт сенім ақталсын
Ұмытылмай балабақша вальсі,
Көңілде мәңгі сақталсынбалалардың
« » әні.
Жүргізуші: Міне, балаларымыздың жүректері лүпілдеп
мектепке қадам басқалы тұр. Бойларындағы бар
өнерлерін сіздерден аямай барынша тырысып көрсетті.
Сіздерге ақ жол тілеймін, бөбектер. Сапарларың оң
болсын бүлдіршіндер! Ендігі сөз кезегін
балабақшамыздың меңгерушісі Ирина Александроваға
береміз.
Меңгеруші апай балаларды құттықтап, алғыс хат,
мадақтамаларын тапсырады.
«До свидания, детский сад»
«До свидания, детский сад»
«До свидания, детский сад»
«До свидания, детский сад»
«До свидания, детский сад»
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.