"Достық" сауда орталығы сюжеттік-рольдік ойын (балабақша)
Оценка 4.8
Занимательные материалы +1
docx
воспитательная работа
Все классы
15.01.2017
Балаларды ертегідегі берілген жануарлардың мінез – құлқын, іс - әрекетін түсінуге, соның ішінде түлкінің жағымсыз қылықтарын көре білуге үйрету. Ауызекі сөйлей білуге дағдыландыру, сұраққа толық жауап беру қабілеттерін дамыту, Балаларды батырлыққа, бір біріне жақсы тілек айта білуге тәрбиелеу.
Ембі қаласы, «Достық» балабақшасы
Тәрбиеші Жұмашева Кенжегүл Құралқызы
«Достық» шағын сауда орталығы сюжеттіролдік ойыны
Мақсаты: Балаларды ойын барысында бірнеше әрекеттерді логикалық
бірізділікте байланыстыру, ойын жағдайына кіру, өзіне рөл алып, ойын аяғына
дейін ролге сәйкес әрекет ету. Сауда саласында еңбек ететін адамдардың
мамандықтарына деген қызығушылығын арттыру түсініктерін молайтып, тіл
байлықтарын дамыту.
Көрнекі құралдар: Сатушылар киімі, касса, ойыншықтар, кітептар, теңгелер,
бейджиктер.
Тәрбиеші: Құрметті қала тұрғындары, қонақтар бүгін «Достық» шағын сауда
орталығына хош келдіңіздер!
Сіздерге қызмет көрсетуге әрқашан дайынбыз!
Біздің сауда орталығымызда ойыншықтар, кітаптар және қазақша ертегі
дискілер бөлімдері бар.
Жаңадан ашылуымызға байланысты акция жүріп жатыр, бір зат сатып алсаңыз
екіншісі сыйға беріледі. Келіңіздер, сатып алыңыздар!
Ал енді «Достық» сауда орталығының меңгерушісі Ұлпан Талғатқызын
қарсы алыңыздар!
Меңгеруші: Сәлеметсіздер ме! Мен сіздерді өзімнің сауда орталығымның
ашылу салтанатының қонағы болуға шақырамын.
Бүгінгі мерекеде Астана жұлдыздары өз өнерлерін көрсетеді.
Ән, Би: «Балапан»
Тәрбиеші: Енді салтанатты «ленте кесу» рәсімі меңгеруші Ұлпан
Талғатқызына беріледі.
Кіре берсте күзет Әмірхан тұрады.
Амандасады.
Меңгеруші: Біздің күзет Әмірхан
Меңгеруші:Мына жерде касса, кассирДинара
Кассир: Сәлеметсіздер ме, хош келдіңіздер!
Меңгеруші: Мынау кітаптар бөлімі.
Сатушы: Қайырлы күн, келіңіздер!
Қандай кітаптар қызықтырады?
Сатып алушы: Үй жануарлары туралы кітап бар ма?
Сатушы: Ия бар, міне.
Сатып алушы: қанша тұрады?
Сатушы: 100 теңге, сатып алғаныңыз үшін рахмет, сізге бір кітап сыйға
беріледі.
Меңгеруші: Мына жерде ертегілер дисксі сатылады. Сатушы: Сәлеметсіздер ме! Келіңіздер!
Сатып алушы: Қандай қазақ ертегілері бар?
Сатушы: Міне барлығы қазақша ертегілер.
Сатып алушы: маған мына батырлар ертегісін беріңізші
Сатушы: алыңыз рахмет, 200 теңге кассаға өтіп төлеңіз.
Тәрбиеші: Енді ойыншық бөліміне барайық.
Сатушы: Сәлеметсіздер ме, келіңіздер!
Сатып алушы: Мынау әдемі қуыршақты көрсетіңізші
Сатушы: Сіз өте жақсы таңдау жасадыңыз, бұл қуыршақтың ерекшеліктері
бар. Бұл қуыршақ сөйлей алады.
Сатып алушы: мен бұл керемет қуыршақты сатып аламын.
Сатушы: кассаға барып төлеңіз, сатып алғаныңызға рахмет.
Бірінші сатып алушыға сыйлық беріледі.
Тәрбиеші: Келгендеріңіз үшін көп рахмет!
Біздің есігіміз әрдайым ашық!
Сатушылар әні:
Бекіту:
Ал балалар орнымызға отырайық, Біз сендермен қандай рөлді ойын
ойнадық?
Ойын ұнады ма?
Сауда орталығында кімдер жұмыс жасайды?
Олар өз қызметтерін атқарады солай ма?
Балалар сауда орталығында өзімізді қалай ұстайды білдік солай ма?
"Достық" сауда орталығы сюжеттік-рольдік ойын (балабақша)
"Достық" сауда орталығы сюжеттік-рольдік ойын (балабақша)
Материалы на данной страницы взяты из открытых истончиков либо размещены пользователем в соответствии с договором-офертой сайта. Вы можете сообщить о нарушении.